шикізат пен аралық өнімдерді ұсақтау үдерісінің қажеттілігі
ұнды ұсақтағыштар мен қосымша жеделдеткіштердің міндеттері, жұмыс істеу принциптері мен құрылғысы
соғу, қысу, ұнтақтау, кесу арқылы ұсақтау тәсілдерінің ерекшеліктері
білікті білдек/уатқыш құрылғылары мен жұмыс істеу принциптері
ұн өнімдері, олардың қасиеттері мен қайта өңдеу ерекшеліктері
сапасы мен қажетті зертханалық жабдықтарды өзгеше зерттеу
Икемділігі:
ғаламтор мен оқулықтар көмегімен өздігінен білім алу
ұнды қосымша жеделдеткіштердің түрлі тәсілдеріне қысқаша шолу
жұмысты ұжымда орындау
түрлі презентативтік техникаларды қолдана отырып, жұмыстың нәтижелерін көрсету
өндірістік және құқықтық нормаларды сақтай отырып, ақпараттық және коммуникацияылқ жүйелердің көмегімен амалдарды шешу
Өндірістік оқу
Икемділігі:
компанияда қолданылатын ұсақтағыш машиналарын білу
талап етілетін ұсақтағыш техниканың есебінен ұн өнімдерін таңдау
түрлі машиналарды жөндеудің тәсілдеріне ие болу, олардың өнімге әсерін білу
өндірілетін өнімге қатысты құқықтық нормаларды, әсіресе, тамақ туралы заң нормаларын білу
сапасын қамтамасыз ету үшін кәсіпорында қолданылатын микробиологиялық, физикалық және химиялық зерттеулер әдістерін игеру
Дағдылары:
мақсаттық параметрлеріне сәйкес ұсақтау машиналарын дұрыс дайындау
ұсақтау машиналарының жұмысын бақылау және мониторинг жүргізу, өндіріс үдерісінде кемшіліктерді анықтау, оларды жою бойынша шараларды қолдану, осы барлық үдерістерге құжаттамалық есеп жүргізу
ұн және аршылған өнімдердің сынамаларын алу, құрамын анықтау, микробиологиялық құрылымын тексеру, өнімді одан әрі қолдану мақсатында физикалық қасиеттерін анықтау
електі талдау жүргізу, мәліметтерді жинау және талдау
құқықтық нормаларды, әсіресе, тамақ және жарма туралы заңын қолданып, ақпараттық және коммуникациялық жүйелердің көмегімен амалдарды шешу,арнайы және стандартты бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану
Кәсіптік практика
Икемділігі:
ұсақтау тәсілдерін анықтау қойылған мақсатқа тиісті ұсақтағыштар/жабдықтарды таңдау
таңдалынған жабдықта өнімдерді ұсақтауды жоспарлау, ұсақталған өнімдерді бағалау және өңдеудің кейінгі кезеңдерін анықтау
білікті білдек/уатқышта дәнді ұсақтау үдерісінде рифли санын/бұрыштарын/, диаметрін, ауытқу мен қаттылығының әсерін зерттеу
түрлі ұсақталған өнімдердің сапасын тексерудің тәсілдерін түйістіру/жинау
Дағдылары:
електі талдау арқылы ұсақтау тиімділігін бақылау, дән мөлшерін таратудың нәтижелерін хаттамаға жазу
ұсақтау тәсілдері/ұсақтау технологияларын диаграммаларда көрсету
ұсақтағыштардың машиналық параметрлерін есептеу
түрлі біліктердің әсерін бағалау және біліктің түрлі беттері мен қиыстыруының суретін дайындау
електі талдау жүргізу және ұсақтау нәтижелерін бағалау
8:
Шикізат, аралық және соңғы өнімдерді бөлу және араластыру
білімі:
Шикізат, аралық және соңғы өнімдерді бөлу және араластырудың түрлі принциптері
елеу машиналары мен бұлғауыштардың жұмыс істеу принципі және құрылғысы
отырғызу және елек машиналардағы өнім
бұлғауыштардың міндеттер, құрылғысы және жұмыс істеу принципі және оларды қолдану аясы
факторлар шамасы, бөлшектердің тығыздығы мен булануының шикізат, аралық және соңғы өнімдерді бөлу және араластырудың үдерісіне әсері
қоспа құрамдастарының қатынасын есептеу
терминология: араластыру және и гомогенизациялау
тағам қоспалары саласына қойылатын құқықтық талаптар
икемділігі:
елеу машиналары мен бұлғауыштардағы өнімнің графикалық суретін суреттеу
формулалар анықтамалығымен және калькулятормен жұмыс істеу
заңнамалық нормаларды түсіну және қолдану
коммуникативтік дағдыларды дамыту және кәсіптік мәнмәтінді түсіну
тәжірибелердің нәтижелерін көрсету
ынтымақтастық дағдылары, өздігінен және мақсатты жұмыстарды дамыту/үйрену
Өндірістік оқу
икемділігі:
кәсіпорында қолданылатын отырғызу және сұрыптайтын машиналарды білу
таңдалынған мысалда жұмыс істеу принципін түсіндіру
қолданылатын електің түрлерін, материалын, өлшемі мен шектерін білу, анықтау
шикізат, аралық және соңғы өнімдерді пропорцияларына және сапасының параметрлерін сақтауына сәйкес араластыру
сұйықтықтарды ұн/сусымалы және түйіршіктелген құрамдастармен араластыру, араластыру үдерісін түсіндіру
дағдылары:
нақты бөлу міндетіне сәйкес отырғызукөлігін таңдау
араластыру және бөлу үдерістерін басқару, бақылау, өндірістік ақауларды анықтау, жою және құжаттандыру
електі тазалау
електі талдаулар жүргізу, нәтижелерін талдау және қорытынды жасау
аралық өнімдердің құрылымын анықтау және ауытқуларды түзету
Кәсіптік практика
икемділігі:
түрлі шикізаттардың бөліну қасиеттерін зерттеу және бақылау нәтижелерін түсіндіру
факторлар шамасы, бөлшектердің тығыздығы мен булануының шикізат, аралық және соңғы өнімдерді бөлу және араластыру үдерістеріне әсерін зерттеу
жеке құрамдастардың талдау көрсеткіштерін анықтау, сапа параметрлерін ескере отырып, қоспаға қажетті пропорцияны есептеу
бұлғауыштардың жұмыс істеу принципін бақылау және сипаттау
бұлғауыштардың түрлі құрылғыларын салыстыру және бағалау, араластыру үшін қажетті уақытты анықтау
тағам қоспаларының әсерін анықтау мақсатында тәжірибелер жүргізу және алынған нәтижелерді бағалау
дағдылары:
бөлшектердің шамасы, тығыздығы мен булануының мәндері негізінде шикізат, аралық және соңғы өнімдерді бөлу және араластыру қасиеттері туралықорытынды жасау
елеу машиналары мен бұлғауыштардағы өнімнің графикалық суреттеуі
шикізат құрамдастары, аралық және соңғы өнімдерді араластырудың есептерін сапасының параметрлерін есепке алып жүргізу
араластыру бойынша нақты міндеттерге сәйкес бұлғауыштарқұрылғысын таңдау
тағам қоспасының әсерін түсіндіру және олардың қолдану қажеттілігін бағалау
9:
Ұн өнімдері мен жармалардың өндірісі
білімі:
ұн тарту үдерісінің жабдықтар мен қондырғыларының дұмыс істеу принципі және құрылғысы
ұн және ұн өнімдері өндірісінің технологиялары
драной, тегістеу жәнееркін жүйелер
бидай және арпа ұн тартудың ерекшеліктері
өнімдік диаграммаларды құру және бағалау
ұнның түрлі сұрыптарының сипатты қасиеттері, тамақтану физиологиясы тұрғысынан, қайта өңдеу және құндылық ерекшеліктері
ұн тартудың градусын/дәрежесінанықтау
ұн тасқынының құрамы/біріктіруі
сапа зерттеуінің әдістері және қажетті зертханалық жабдықтар
(өнімдердің) шығуын есептеу
гигиена және тағам өнімдерінің қауіпсіздігі саласында өндірістік және құқықтық нормалар
икемділігі:
кестелер және оқулықтармен жұмыс жасау
Mind-Maps қолдану арқылы амалдарды шешу
диаграммаларды талдау және қорытынды шығару
оқудың түрлі әдістерін қолдану (карточкалар)
командада ұн және басқа ұн өнімдері өндірісін жоспарлау
ынтымақтастық, мақсаттылық және дербестік дағдыларын жұмыста дамыту
кәсіптік терминологияны қолданып, жұмыстың нәтижелерін көрсету
Өндірістік оқу
икемділігі:
кәсіпорында қолданылатын ұн және аршылған өнімдер өндірісінің технологиялары білу
шикізат пен өндіріс және өлшеп орау технологиялары саласында алынған білімдерін қолдана отырып, ұн өндірісі мен өлшеп орауды білу
өндіріс үдерісінде қауіпсіздік, гигиена шараларын сақтау, өнімнің клиентке бағытталған сапасын қамтамасыз ету
қондырғылардың жұмыс істеу принципі мен құрылғысын сипаттау, басқару және реттеу әдістер саласында білімін қолдану
ұн өндірісінің қосымша өнімдерін кейін қолдануын анықтау
кәсіпорында қолданылатын зертханалық зерттеулер мен зертханалық жабдықтарды білу
сақтау кезінде қамба зиянкестерінің басымдылығын алдын алудың кешенді қажетті шараларын білу
өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін білу, өрт кезінде тәртібі пен қажетті шаралар қолдануын сипаттау
дағдылары:
қолданылатын ұн технологиялары негізінде ұн өнімдерінің құрылымын сипаттау/анықтау
тапсырыс берушінің талаптарына сай ұн тасқынының құрамын/бірігуін таңдау
ұн тасқынын талдау мәндері мен сұрыптың бөлінуін анықтау
өндірістік бақылау жүргізу, өлшеу көрсеткіштерін жазу, құжаттама жасау
өнімнің шығу көрсеткішін жазып алу және оны арттыру шараларын білу
өнімдерді сақтау,сақтауды бақылау және басқару, тауарларды жіберуге дайындау
өртке қарсы қауіпсіздік шараларын қолдану, өрт кезінде тәртіп ережелерін білу
Кәсіптік практика
икемділігі:
ұнның түрлі технологияларын ерекшеліктерін салыстыру және талдау
ұнтақтауыш градусы мен минералды заттардың құрамы және ұн сұрпының өзара байланысын пысықтау
минералды заттар мен олардың қисығын кестеде түсіндіру
ұнның түрлі сұрыптарынан жасалған қамырдың реологиялық ерекшеліктерін зерттеу және алынған мәндер негізінде қолдану аясын анықтау
ұнның түрлі дәрежелерін сақтау жарамдылығына талдау жүргізу, талдау нәтижелерін негіздеу.
дағдылары:
қолданылған ұн технологиясы/тәсілі негізінде өнімнің қасиеттері жайлы қорытынды жасау
осы немесе басқа ұн сұрпына сәйкес ең қолайлы ұн тарту тәсілін таңдау
ұн тарту градусының сапасына әсерінің факторларын түсіндіру
реологиялық зерттеулер жүргізу, ұн сұрыптарын қолдану бойынша кеңестер
ұн және ұн өнімдерін сақтау жарамдылығына әсер ететін параметрлерді білу, бақылау және сақтау үдерістерін басқару саласындағы білімін қолдану
10:
Құрама жем өндірісі
білімі:
шикізаттың алуан түрлері мен оның құрамы, қорек құндылығын анықтау
түрлі жануарлардың тамақтану үдерісі және ас қорыту үдерісі
құрама жем өндірісі мен өлшеп орау технологиясы
құрама жем өндірісі бойынша жабдықтары мен қондырғыларының жұмыс істеу принципі мен құрылғысы
өндірістік диаграммаларды өңдеу және бағалау
сапаны бағалау талдау әдісі, қажетті зертханалық жабдықты білу
жем туралы заңның нормаларын білу
икемділігі:
сұрақтар кезінде білімдерді қолдану, жұмысты орындау трансфері
кестелер мен оқу құралдарын қолдану
нәтижелерді командада көрсету
ынтымақтастық дағдылары, өздігінен және мақсатты жұмыстарды дамыту/үйрену
диаграммаларды салу және қорытынды жасау
түрлі оқу техникасын қолдану (мысалы, ғылыми оқу)
командада ұн және басқа ұсақталған өнімдердің (ұн тарту өнімдері) өндірісін жоспарлау
Өндірістік оқу
икемділігі:
клиентке бағытталған құрама жем өндіретін кәсіпорынға қажетті шикізат түрін анықтау
құрама жем өндірісі үшін кәсіпорында қолданылатынжабдықтар мен қондырғылардың жұмыс істеу принципін және құрылғысын түсіндіру
түрлі өнімдер өндірісінің жабдықтарының параметрлерін білу, рецепттермен және өнімдік диаграммалармен жұмыс істеу
кәсіпорында өтетін сапасын бағалауын талдау және қажетті зертханалық жабдықты сипаттау
сапасын қамтамасыз етудің өндірістік жүйесінің мақсатын, міндеттерін және құрылымын көрсету
дағдылары:
құрама жем өндірісінің кәсіпорында қолданылатын қондырғыларының жұмыс істеу принципін және құрылғысын түсіндіру
құрама жем өндірісінің жабдығы мен құрылғысын қолдану, еңбек және апатқа қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып басқару
рецепттері мен өнімдік диаграммалармен жұмыс істеу
өндірістік зертханалық жабдықты қолдана отырып, жем туралы заңның нормаларымен сапасын бағалауға талдау жүргізу
аралық өнімдердің құрылымын анықтау және нормадан ауытқуын түзету
Кәсіптік практика
икемділігі:
құрама жемді дайындауға қажет шикізаттың құрамын талдау және оның жарамдылығын бағалау
жануарлардың түрлі ас қорыту үдерістерін зерттеу және қорытынды негізінде жемдердің компоненттердің құрамын оңтайландыру
түйіршіктелу және ажырату тәсілдерін тестілеу, оңтайлы өнімдік параметрлерін әзірлеу
құрама жемді бақылау кезінде арнайы зерттеу әдістерін білу
дағдылары:
ақпараттық және коммуникативтік жүйелердің көмегімен жұмыс амалдарын шешу, арнайы және стандартты бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану
құрама жемді оның компоненттік құрамы бойынша бағалау
түрлі жануарларға арналған құрама жемнің жарамдылығын, олардың ас қорыту ерекшеліктерін ескере отырып бағалау
құрама жем өндірісінің тұжырымын әзірлеу және тиісті өнімдік диаграммаларды құру
түйіршіктердің өндірісін білу, түйіршіктердің қаттылығы мен ылғалдылығын анықтау және оларды бағалау
жем туралы заң нормаларына сәйкес сапасына тексеруді жүргізу
11:
Арнайы өнімдердің өндірісі
білімі:
дән негізіндегі ұлттық және аймақтық өнімдері
ұлттық/аймақтық мәнмәтінде ингредиенттердің құрамын бағалау және олардың мәнін түсіндіру
арнайы өнімдердің өндірісі мен өлшеп орау технологиясы
арнайы өнімдердің өндірісінің жабдықтары мен қондырғыларының жұмыс істеу принциптері мен құрылғысы
өндірістік диаграммаларды құру және бағалау
сапасын бағалауға талдау жасау, қажетті зертханалық жабдықтар
тағам және жем туралы заң нормаларын білу
икемділігі:
аймақтық өнімнің ерекшеліктерін түсіну
ғаламторда ақпарат іздеу, жұмыста дербестік пен мақсаттылық көрсету
құжаттама жүргізу
презентация жасау және нәтижелерді талқылау
Өндірістік оқу
икемділігі:
кәсіпорында өндірілетін арнайы өнімдер мен оларды технологиялық ерекшеліктерін білу
арнайы өнімдер өндірісі үшін кәсіпорында қолданылатын жабдықтардың жұмыс істеу принципі мен құрылымын түсіндіру
түрлі өнімдерге арналған жабдықтардың параметрлерін білу, рецепттермен және өндірістік диаграммалармен жұмыс жасау
ішкі өндіріс және құқықтық талаптарға сәйкес арнайы өнімдердің өндірісі, өлшеу орауы және таңбалануын білу
сапасын бағалауға жүргізілген талдауды және қолданылатын зертханалық жабдықты сипаттау, сапасын басқарудың өндірістік жүйесін қолдану
арнайы өнімдер саласында тағам және жем туралы заңның нормаларын білу
дағдылары:
арнайы өнімдер өндірісі үшін кәсіпорында қолданылатын жабдықтардың жұмыс істеу принципі мен құрылымын түсіндіру
арнайы өнімдер өндірісі үшін кәсіпорында жабдықтар мен қондырғыларды қолдану, ретке келтіру, басқару, реттеу және өлшеу әдістері туралы білімін қолдану
сынамалар алу және арнайы өнімге зерттеу жүргізу,нәтижелерін бағалау және құжаттандыру, заттардың құрамын анықтау және микробиологиялық құрылымын тексеру
тиісті сақтау мен қаптауды қамтамасыз ету бойынша кеңестер өткізу
құқықтық нормаларға сай тауарларды таңбалау
Кәсіптік практика
икемділігі:
дәнді егу негізінде ұлттық және аймақтық арнайы өнімдердің компоненттерін зерттеу және тамақтану физиологиясы тұрғысынан олардың мәндерін анықтау
арнайы өнімдердің өндірісі мен өлшеп орау технологиясыбілу, жабдықтар мен қондырғылар саласында білімін қолдану
командада арнайы өнімдердің өндірісін жоспарлау
сапасын бағалауды зерттеудің арнайы әдістерін және өнімнің шығуын білу
арнайы өнімдер саласында тағам және жем туралы заңның нормаларын білу
дағдылары:
жұмыс тапсырыстарын қабылдау, технологиялық және экономикалық аспектілерді ескере отырып, олардың жүзеге асуын тексеру
арнайы өнімдердің өндірісі мен өлшеп орау технологиясыбілу, арнайы өнімдердің өндірісі технологиясымен шикізат саласында білімін қолдану
командалық жұмыста үдерістердің өндірістік диаграммасын құру
өндірістік жабдықдық қолдана отырып, тағам және жем туралы заңның нормаларымен сапасын бағалауға талдау
жұмыс нәтижелерін бақылау және бағалау
арнайы өнімдер саласында ерекше
12:
Сапа параметрлерін қолдану және сақтау
білімі:
сапасын басқару мақсаттары мен міндеттері
тағам және жем туралы заңның нормалары
гигена және тағам өнімдерінің қауіпсіздік стандарттарының қажетті талаптарын сақтау
микробиология негіздері
АТҚБ (азық-түліктің қауіпсіздігін бақылау) тұжырымы қауіпті бағалау мақсатымен
Шикізат, аралық және соңғы өнімдердің аналитикалық және сенсорлы зерттеу әдістері
Қосымша есептер жүргізу
икемділігі:
теориялық білімді практикада қолдану
формулалар анықтамалығы мен калькулятормен жұмыс жасау
заңнамалық мәтінді түсіну және қолдану
коммуникативті дағдыларды дамыту және кәсіптік мәнмәтінді түсіну
жұмыста ынтымақтастық, мақсаттылық және дербестікті үйрену
Өндірістік оқу
икемділігі:
сапаны бақылаудың өндірісітк жүйесін білу
сапалы өнімнің өндірісінің негізгі шарттарының бірі ретінде тағам қауіпсіздігі мен гигиена ережелерін білу және саналы түсіну
өндірістеқолданылатын шикізат, аралық және соңғы өнімдерді зерттеудің аналитикалық және сенсорлы әдістері мен қажетті зертханалық жабдықты білу
нәтижелер құжаттамасын жүргізу және өндірістік мақсаттар мен гигиена ережелерін ескере отырып бағалау
экономикалық тиімділік саласында зерттеулер жүргізу
дағдылары :
сапаны басқарудың ішкі өндірістік жүйесін жәнесертификаттауға дайындығын қолдану
ішкі өндірістікжәне құқықтық нормалардың ерекшеліктері/кемшіліктерін білу
өнімнің өндірісін қамтамасыз ету тұрғысынан, жұмысты саналы және сапалы түрде орындау
критикалық бақылау нүктелерін қадағалау
гигиена ережелерін дәйекті түрде сақтау
шикізат, аралық және соңғы өнімдері сапасын қамтамасыз ету мақсатында, тиісті зертханалық жабдықты пайдаланып, аналитикалық және сенсорлы зерттеулер жүргізу
ақпаратты үздіксіз бақылауды қамтамасыз ету үшін резервті/мұрағаттық үлгілерді айқастыру
Кәсіптік практика
икемділігі:
микроскоп арқылы микроағзаларға зерттеу жүргізу, жасушалық құрылымы мен тұратын орнының шарттарын сипаттау
жеке, тағам және өндірістік кешенді гигиенаны құру
таңдалынған өнімдер үшін тағам және жем туралы заңнамасының нормаларын анықтау
өндірістік үдерістердің бірінің қауіптігін талдау
шикізат, аралық және соңғы өнімдерді аналитикалық және сенсорлы зерттеу жүргізу, зертханалық жабдық параметрлерін білу
дағдылары:
түрлі сенсорлы, химиялық, физикалық, микробиологиялық зерттеудің әдістерін білу және қолдану
жеке, тағам және өндірістік кешенді гигиенаны сақтау
АТҚБ (азық-түліктің қауіпсіздігін бақылау) тұжырымын әзірлеу, бақылау және жандандыру
шикізат, аралық және соңғы өнімдердің саласында құқықтық нормаларды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында аналитикалық және сенсорлы әдістерді қолдану
ақпаратты үздіксіз бақылауды қамтамасыз ету мақсатында құжаттама жасау (жедел бақылау)