Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


: Шикізат пен аралық өнімдерді ұсақтау



бет4/9
Дата28.06.2017
өлшемі1,25 Mb.
#20309
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

7:

Шикізат пен аралық өнімдерді ұсақтау

Білімі:

  • ұсақтау принциптері және жабдықтар/ұсақтағыштар

  • шикізат пен аралық өнімдерді ұсақтау үдерісінің қажеттілігі

  • ұнды ұсақтағыштар мен қосымша жеделдеткіштердің міндеттері, жұмыс істеу принциптері мен құрылғысы

  • соғу, қысу, ұнтақтау, кесу арқылы ұсақтау тәсілдерінің ерекшеліктері

  • білікті білдек/уатқыш құрылғылары мен жұмыс істеу принциптері

  • ұн өнімдері, олардың қасиеттері мен қайта өңдеу ерекшеліктері

  • сапасы мен қажетті зертханалық жабдықтарды өзгеше зерттеу


Икемділігі:

  • ғаламтор мен оқулықтар көмегімен өздігінен білім алу

  • ұнды қосымша жеделдеткіштердің түрлі тәсілдеріне қысқаша шолу

  • жұмысты ұжымда орындау

  • түрлі презентативтік техникаларды қолдана отырып, жұмыстың нәтижелерін көрсету

  • өндірістік және құқықтық нормаларды сақтай отырып, ақпараттық және коммуникацияылқ жүйелердің көмегімен амалдарды шешу

Өндірістік оқу

Икемділігі:

  • компанияда қолданылатын ұсақтағыш машиналарын білу

  • талап етілетін ұсақтағыш техниканың есебінен ұн өнімдерін таңдау

  • түрлі машиналарды жөндеудің тәсілдеріне ие болу, олардың өнімге әсерін білу

  • өндірілетін өнімге қатысты құқықтық нормаларды, әсіресе, тамақ туралы заң нормаларын білу

  • сапасын қамтамасыз ету үшін кәсіпорында қолданылатын микробиологиялық, физикалық және химиялық зерттеулер әдістерін игеру


Дағдылары:

  • мақсаттық параметрлеріне сәйкес ұсақтау машиналарын дұрыс дайындау

  • ұсақтау машиналарының жұмысын бақылау және мониторинг жүргізу, өндіріс үдерісінде кемшіліктерді анықтау, оларды жою бойынша шараларды қолдану, осы барлық үдерістерге құжаттамалық есеп жүргізу

  • ұн және аршылған өнімдердің сынамаларын алу, құрамын анықтау, микробиологиялық құрылымын тексеру, өнімді одан әрі қолдану мақсатында физикалық қасиеттерін анықтау

  • електі талдау жүргізу, мәліметтерді жинау және талдау

  • құқықтық нормаларды, әсіресе, тамақ және жарма туралы заңын қолданып, ақпараттық және коммуникациялық жүйелердің көмегімен амалдарды шешу,арнайы және стандартты бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану

Кәсіптік практика

Икемділігі:

  • ұсақтау тәсілдерін анықтау қойылған мақсатқа тиісті ұсақтағыштар/жабдықтарды таңдау

  • таңдалынған жабдықта өнімдерді ұсақтауды жоспарлау, ұсақталған өнімдерді бағалау және өңдеудің кейінгі кезеңдерін анықтау

  • білікті білдек/уатқышта дәнді ұсақтау үдерісінде рифли санын/бұрыштарын/, диаметрін, ауытқу мен қаттылығының әсерін зерттеу

  • түрлі ұсақталған өнімдердің сапасын тексерудің тәсілдерін түйістіру/жинау


Дағдылары:

  • електі талдау арқылы ұсақтау тиімділігін бақылау, дән мөлшерін таратудың нәтижелерін хаттамаға жазу

  • ұсақтау тәсілдері/ұсақтау технологияларын диаграммаларда көрсету

  • ұсақтағыштардың машиналық параметрлерін есептеу

  • түрлі біліктердің әсерін бағалау және біліктің түрлі беттері мен қиыстыруының суретін дайындау

  • електі талдау жүргізу және ұсақтау нәтижелерін бағалау

8:

Шикізат, аралық және соңғы өнімдерді бөлу және араластыру

білімі:

  • Шикізат, аралық және соңғы өнімдерді бөлу және араластырудың түрлі принциптері

  • елеу машиналары мен бұлғауыштардың жұмыс істеу принципі және құрылғысы

  • отырғызу және елек машиналардағы өнім

  • бұлғауыштардың міндеттер, құрылғысы және жұмыс істеу принципі және оларды қолдану аясы

  • факторлар шамасы, бөлшектердің тығыздығы мен булануының шикізат, аралық және соңғы өнімдерді бөлу және араластырудың үдерісіне әсері

  • қоспа құрамдастарының қатынасын есептеу

  • терминология: араластыру және и гомогенизациялау

  • тағам қоспалары саласына қойылатын құқықтық талаптар


икемділігі:

  • елеу машиналары мен бұлғауыштардағы өнімнің графикалық суретін суреттеу

  • формулалар анықтамалығымен және калькулятормен жұмыс істеу

  • заңнамалық нормаларды түсіну және қолдану

  • коммуникативтік дағдыларды дамыту және кәсіптік мәнмәтінді түсіну

  • тәжірибелердің нәтижелерін көрсету

  • ынтымақтастық дағдылары, өздігінен және мақсатты жұмыстарды дамыту/үйрену

Өндірістік оқу

икемділігі:

  • кәсіпорында қолданылатын отырғызу және сұрыптайтын машиналарды білу

  • таңдалынған мысалда жұмыс істеу принципін түсіндіру

  • қолданылатын електің түрлерін, материалын, өлшемі мен шектерін білу, анықтау

  • шикізат, аралық және соңғы өнімдерді пропорцияларына және сапасының параметрлерін сақтауына сәйкес араластыру

  • сұйықтықтарды ұн/сусымалы және түйіршіктелген құрамдастармен араластыру, араластыру үдерісін түсіндіру

дағдылары:

  • нақты бөлу міндетіне сәйкес отырғызукөлігін таңдау

  • араластыру және бөлу үдерістерін басқару, бақылау, өндірістік ақауларды анықтау, жою және құжаттандыру

  • електі тазалау

  • електі талдаулар жүргізу, нәтижелерін талдау және қорытынды жасау

  • аралық өнімдердің құрылымын анықтау және ауытқуларды түзету

Кәсіптік практика

икемділігі:

  • түрлі шикізаттардың бөліну қасиеттерін зерттеу және бақылау нәтижелерін түсіндіру

  • факторлар шамасы, бөлшектердің тығыздығы мен булануының шикізат, аралық және соңғы өнімдерді бөлу және араластыру үдерістеріне әсерін зерттеу

  • жеке құрамдастардың талдау көрсеткіштерін анықтау, сапа параметрлерін ескере отырып, қоспаға қажетті пропорцияны есептеу

  • бұлғауыштардың жұмыс істеу принципін бақылау және сипаттау

  • бұлғауыштардың түрлі құрылғыларын салыстыру және бағалау, араластыру үшін қажетті уақытты анықтау

  • тағам қоспаларының әсерін анықтау мақсатында тәжірибелер жүргізу және алынған нәтижелерді бағалау


дағдылары:

  • бөлшектердің шамасы, тығыздығы мен булануының мәндері негізінде шикізат, аралық және соңғы өнімдерді бөлу және араластыру қасиеттері туралықорытынды жасау

  • елеу машиналары мен бұлғауыштардағы өнімнің графикалық суреттеуі

  • шикізат құрамдастары, аралық және соңғы өнімдерді араластырудың есептерін сапасының параметрлерін есепке алып жүргізу

  • араластыру бойынша нақты міндеттерге сәйкес бұлғауыштарқұрылғысын таңдау

  • тағам қоспасының әсерін түсіндіру және олардың қолдану қажеттілігін бағалау

9:

Ұн өнімдері мен жармалардың өндірісі

білімі:

  • ұн тарту үдерісінің жабдықтар мен қондырғыларының дұмыс істеу принципі және құрылғысы

  • ұн және ұн өнімдері өндірісінің технологиялары

  • драной, тегістеу жәнееркін жүйелер

  • бидай және арпа ұн тартудың ерекшеліктері

  • өнімдік диаграммаларды құру және бағалау

  • ұнның түрлі сұрыптарының сипатты қасиеттері, тамақтану физиологиясы тұрғысынан, қайта өңдеу және құндылық ерекшеліктері

  • ұн тартудың градусын/дәрежесінанықтау

  • ұн тасқынының құрамы/біріктіруі

  • сапа зерттеуінің әдістері және қажетті зертханалық жабдықтар

  • (өнімдердің) шығуын есептеу

  • гигиена және тағам өнімдерінің қауіпсіздігі саласында өндірістік және құқықтық нормалар



икемділігі:

  • кестелер және оқулықтармен жұмыс жасау

  • Mind-Maps қолдану арқылы амалдарды шешу

  • диаграммаларды талдау және қорытынды шығару

  • оқудың түрлі әдістерін қолдану (карточкалар)

  • командада ұн және басқа ұн өнімдері өндірісін жоспарлау

  • ынтымақтастық, мақсаттылық және дербестік дағдыларын жұмыста дамыту

  • кәсіптік терминологияны қолданып, жұмыстың нәтижелерін көрсету

Өндірістік оқу

икемділігі:

  • кәсіпорында қолданылатын ұн және аршылған өнімдер өндірісінің технологиялары білу

  • шикізат пен өндіріс және өлшеп орау технологиялары саласында алынған білімдерін қолдана отырып, ұн өндірісі мен өлшеп орауды білу

  • өндіріс үдерісінде қауіпсіздік, гигиена шараларын сақтау, өнімнің клиентке бағытталған сапасын қамтамасыз ету

  • қондырғылардың жұмыс істеу принципі мен құрылғысын сипаттау, басқару және реттеу әдістер саласында білімін қолдану

  • ұн өндірісінің қосымша өнімдерін кейін қолдануын анықтау

  • кәсіпорында қолданылатын зертханалық зерттеулер мен зертханалық жабдықтарды білу

  • сақтау кезінде қамба зиянкестерінің басымдылығын алдын алудың кешенді қажетті шараларын білу

  • өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін білу, өрт кезінде тәртібі пен қажетті шаралар қолдануын сипаттау


дағдылары:

  • қолданылатын ұн технологиялары негізінде ұн өнімдерінің құрылымын сипаттау/анықтау

  • тапсырыс берушінің талаптарына сай ұн тасқынының құрамын/бірігуін таңдау

  • ұн тасқынын талдау мәндері мен сұрыптың бөлінуін анықтау

  • өндірістік бақылау жүргізу, өлшеу көрсеткіштерін жазу, құжаттама жасау

  • өнімнің шығу көрсеткішін жазып алу және оны арттыру шараларын білу

  • өнімдерді сақтау,сақтауды бақылау және басқару, тауарларды жіберуге дайындау

  • өртке қарсы қауіпсіздік шараларын қолдану, өрт кезінде тәртіп ережелерін білу

Кәсіптік практика

икемділігі:

  • ұнның түрлі технологияларын ерекшеліктерін салыстыру және талдау

  • ұнтақтауыш градусы мен минералды заттардың құрамы және ұн сұрпының өзара байланысын пысықтау

  • минералды заттар мен олардың қисығын кестеде түсіндіру

  • ұнның түрлі сұрыптарынан жасалған қамырдың реологиялық ерекшеліктерін зерттеу және алынған мәндер негізінде қолдану аясын анықтау

  • ұнның түрлі дәрежелерін сақтау жарамдылығына талдау жүргізу, талдау нәтижелерін негіздеу.


дағдылары:

  • қолданылған ұн технологиясы/тәсілі негізінде өнімнің қасиеттері жайлы қорытынды жасау

  • осы немесе басқа ұн сұрпына сәйкес ең қолайлы ұн тарту тәсілін таңдау

  • ұн тарту градусының сапасына әсерінің факторларын түсіндіру

  • реологиялық зерттеулер жүргізу, ұн сұрыптарын қолдану бойынша кеңестер

  • ұн және ұн өнімдерін сақтау жарамдылығына әсер ететін параметрлерді білу, бақылау және сақтау үдерістерін басқару саласындағы білімін қолдану

10:

Құрама жем өндірісі

білімі:

  • шикізаттың алуан түрлері мен оның құрамы, қорек құндылығын анықтау

  • түрлі жануарлардың тамақтану үдерісі және ас қорыту үдерісі

  • құрама жем өндірісі мен өлшеп орау технологиясы

  • құрама жем өндірісі бойынша жабдықтары мен қондырғыларының жұмыс істеу принципі мен құрылғысы

  • өндірістік диаграммаларды өңдеу және бағалау

  • сапаны бағалау талдау әдісі, қажетті зертханалық жабдықты білу

  • жем туралы заңның нормаларын білу


икемділігі:

  • сұрақтар кезінде білімдерді қолдану, жұмысты орындау трансфері

  • кестелер мен оқу құралдарын қолдану

  • нәтижелерді командада көрсету

  • ынтымақтастық дағдылары, өздігінен және мақсатты жұмыстарды дамыту/үйрену

  • диаграммаларды салу және қорытынды жасау

  • түрлі оқу техникасын қолдану (мысалы, ғылыми оқу)

  • командада ұн және басқа ұсақталған өнімдердің (ұн тарту өнімдері) өндірісін жоспарлау

Өндірістік оқу

икемділігі:

  • клиентке бағытталған құрама жем өндіретін кәсіпорынға қажетті шикізат түрін анықтау

  • құрама жем өндірісі үшін кәсіпорында қолданылатынжабдықтар мен қондырғылардың жұмыс істеу принципін және құрылғысын түсіндіру

  • түрлі өнімдер өндірісінің жабдықтарының параметрлерін білу, рецепттермен және өнімдік диаграммалармен жұмыс істеу

  • кәсіпорында өтетін сапасын бағалауын талдау және қажетті зертханалық жабдықты сипаттау

  • сапасын қамтамасыз етудің өндірістік жүйесінің мақсатын, міндеттерін және құрылымын көрсету

дағдылары:

  • құрама жем өндірісінің кәсіпорында қолданылатын қондырғыларының жұмыс істеу принципін және құрылғысын түсіндіру

  • құрама жем өндірісінің жабдығы мен құрылғысын қолдану, еңбек және апатқа қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып басқару

  • рецепттері мен өнімдік диаграммалармен жұмыс істеу

  • өндірістік зертханалық жабдықты қолдана отырып, жем туралы заңның нормаларымен сапасын бағалауға талдау жүргізу

  • аралық өнімдердің құрылымын анықтау және нормадан ауытқуын түзету




Кәсіптік практика

икемділігі:

  • құрама жемді дайындауға қажет шикізаттың құрамын талдау және оның жарамдылығын бағалау

  • жануарлардың түрлі ас қорыту үдерістерін зерттеу және қорытынды негізінде жемдердің компоненттердің құрамын оңтайландыру

  • түйіршіктелу және ажырату тәсілдерін тестілеу, оңтайлы өнімдік параметрлерін әзірлеу

  • құрама жемді бақылау кезінде арнайы зерттеу әдістерін білу


дағдылары:

  • ақпараттық және коммуникативтік жүйелердің көмегімен жұмыс амалдарын шешу, арнайы және стандартты бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану

  • құрама жемді оның компоненттік құрамы бойынша бағалау

  • түрлі жануарларға арналған құрама жемнің жарамдылығын, олардың ас қорыту ерекшеліктерін ескере отырып бағалау

  • құрама жем өндірісінің тұжырымын әзірлеу және тиісті өнімдік диаграммаларды құру

  • түйіршіктердің өндірісін білу, түйіршіктердің қаттылығы мен ылғалдылығын анықтау және оларды бағалау

  • жем туралы заң нормаларына сәйкес сапасына тексеруді жүргізу

11:

Арнайы өнімдердің өндірісі

білімі:

  • дән негізіндегі ұлттық және аймақтық өнімдері

  • ұлттық/аймақтық мәнмәтінде ингредиенттердің құрамын бағалау және олардың мәнін түсіндіру

  • арнайы өнімдердің өндірісі мен өлшеп орау технологиясы

  • арнайы өнімдердің өндірісінің жабдықтары мен қондырғыларының жұмыс істеу принциптері мен құрылғысы

  • өндірістік диаграммаларды құру және бағалау

  • сапасын бағалауға талдау жасау, қажетті зертханалық жабдықтар

  • тағам және жем туралы заң нормаларын білу

икемділігі:

  • аймақтық өнімнің ерекшеліктерін түсіну

  • ғаламторда ақпарат іздеу, жұмыста дербестік пен мақсаттылық көрсету

  • құжаттама жүргізу

  • презентация жасау және нәтижелерді талқылау

Өндірістік оқу

икемділігі:

  • кәсіпорында өндірілетін арнайы өнімдер мен оларды технологиялық ерекшеліктерін білу

  • арнайы өнімдер өндірісі үшін кәсіпорында қолданылатын жабдықтардың жұмыс істеу принципі мен құрылымын түсіндіру

  • түрлі өнімдерге арналған жабдықтардың параметрлерін білу, рецепттермен және өндірістік диаграммалармен жұмыс жасау

  • ішкі өндіріс және құқықтық талаптарға сәйкес арнайы өнімдердің өндірісі, өлшеу орауы және таңбалануын білу

  • сапасын бағалауға жүргізілген талдауды және қолданылатын зертханалық жабдықты сипаттау, сапасын басқарудың өндірістік жүйесін қолдану

  • арнайы өнімдер саласында тағам және жем туралы заңның нормаларын білу

дағдылары:

  • арнайы өнімдер өндірісі үшін кәсіпорында қолданылатын жабдықтардың жұмыс істеу принципі мен құрылымын түсіндіру

  • арнайы өнімдер өндірісі үшін кәсіпорында жабдықтар мен қондырғыларды қолдану, ретке келтіру, басқару, реттеу және өлшеу әдістері туралы білімін қолдану

  • сынамалар алу және арнайы өнімге зерттеу жүргізу,нәтижелерін бағалау және құжаттандыру, заттардың құрамын анықтау және микробиологиялық құрылымын тексеру

  • тиісті сақтау мен қаптауды қамтамасыз ету бойынша кеңестер өткізу

  • құқықтық нормаларға сай тауарларды таңбалау

Кәсіптік практика

икемділігі:

  • дәнді егу негізінде ұлттық және аймақтық арнайы өнімдердің компоненттерін зерттеу және тамақтану физиологиясы тұрғысынан олардың мәндерін анықтау

  • арнайы өнімдердің өндірісі мен өлшеп орау технологиясыбілу, жабдықтар мен қондырғылар саласында білімін қолдану

  • командада арнайы өнімдердің өндірісін жоспарлау

  • сапасын бағалауды зерттеудің арнайы әдістерін және өнімнің шығуын білу

  • арнайы өнімдер саласында тағам және жем туралы заңның нормаларын білу

дағдылары:

  • жұмыс тапсырыстарын қабылдау, технологиялық және экономикалық аспектілерді ескере отырып, олардың жүзеге асуын тексеру

  • арнайы өнімдердің өндірісі мен өлшеп орау технологиясыбілу, арнайы өнімдердің өндірісі технологиясымен шикізат саласында білімін қолдану

  • командалық жұмыста үдерістердің өндірістік диаграммасын құру

  • өндірістік жабдықдық қолдана отырып, тағам және жем туралы заңның нормаларымен сапасын бағалауға талдау

  • жұмыс нәтижелерін бақылау және бағалау

  • арнайы өнімдер саласында ерекше

12:

Сапа параметрлерін қолдану және сақтау

білімі:

  • сапасын басқару мақсаттары мен міндеттері

  • тағам және жем туралы заңның нормалары

  • гигена және тағам өнімдерінің қауіпсіздік стандарттарының қажетті талаптарын сақтау

  • микробиология негіздері

  • АТҚБ (азық-түліктің қауіпсіздігін бақылау) тұжырымы қауіпті бағалау мақсатымен

  • Шикізат, аралық және соңғы өнімдердің аналитикалық және сенсорлы зерттеу әдістері

  • Қосымша есептер жүргізу


икемділігі:

  • теориялық білімді практикада қолдану

  • формулалар анықтамалығы мен калькулятормен жұмыс жасау

  • заңнамалық мәтінді түсіну және қолдану

  • коммуникативті дағдыларды дамыту және кәсіптік мәнмәтінді түсіну

  • жұмыста ынтымақтастық, мақсаттылық және дербестікті үйрену

Өндірістік оқу

икемділігі:

  • сапаны бақылаудың өндірісітк жүйесін білу

  • сапалы өнімнің өндірісінің негізгі шарттарының бірі ретінде тағам қауіпсіздігі мен гигиена ережелерін білу және саналы түсіну

  • өндірістеқолданылатын шикізат, аралық және соңғы өнімдерді зерттеудің аналитикалық және сенсорлы әдістері мен қажетті зертханалық жабдықты білу

  • нәтижелер құжаттамасын жүргізу және өндірістік мақсаттар мен гигиена ережелерін ескере отырып бағалау

  • экономикалық тиімділік саласында зерттеулер жүргізу


дағдылары :

  • сапаны басқарудың ішкі өндірістік жүйесін жәнесертификаттауға дайындығын қолдану

  • ішкі өндірістікжәне құқықтық нормалардың ерекшеліктері/кемшіліктерін білу

  • өнімнің өндірісін қамтамасыз ету тұрғысынан, жұмысты саналы және сапалы түрде орындау

  • критикалық бақылау нүктелерін қадағалау

  • гигиена ережелерін дәйекті түрде сақтау

  • шикізат, аралық және соңғы өнімдері сапасын қамтамасыз ету мақсатында, тиісті зертханалық жабдықты пайдаланып, аналитикалық және сенсорлы зерттеулер жүргізу

  • ақпаратты үздіксіз бақылауды қамтамасыз ету үшін резервті/мұрағаттық үлгілерді айқастыру

Кәсіптік практика

икемділігі:

  • микроскоп арқылы микроағзаларға зерттеу жүргізу, жасушалық құрылымы мен тұратын орнының шарттарын сипаттау

  • жеке, тағам және өндірістік кешенді гигиенаны құру

  • таңдалынған өнімдер үшін тағам және жем туралы заңнамасының нормаларын анықтау

  • өндірістік үдерістердің бірінің қауіптігін талдау

  • шикізат, аралық және соңғы өнімдерді аналитикалық және сенсорлы зерттеу жүргізу, зертханалық жабдық параметрлерін білу


дағдылары:

  • түрлі сенсорлы, химиялық, физикалық, микробиологиялық зерттеудің әдістерін білу және қолдану

  • жеке, тағам және өндірістік кешенді гигиенаны сақтау

  • АТҚБ (азық-түліктің қауіпсіздігін бақылау) тұжырымын әзірлеу, бақылау және жандандыру

  • шикізат, аралық және соңғы өнімдердің саласында құқықтық нормаларды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында аналитикалық және сенсорлы әдістерді қолдану

  • ақпаратты үздіксіз бақылауды қамтамасыз ету мақсатында құжаттама жасау (жедел бақылау)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет