Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


– Элеватор, ұн тартатын, жармалық және құрама жем өндірісі мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұны мен құрылымына



бет3/9
Дата28.06.2017
өлшемі1,25 Mb.
#20309
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9


1401000 – Элеватор, ұн тартатын, жармалық және құрама жем өндірісі мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұны мен құрылымына

ТҮСІНДІРМЕЛІК ЖАЗБА
Оқу бағдарламасы мен жоспары әртүрлі модульдерден тұрады. «Модуль» термині теориялық және тәжірибелік блоктар қатысында оқытылатын «оқу облысы» моделін түсіндіреді.

Оқу процессінде модульдік-құзыреттілік құрылымын пайдалану курсты құрудағы икемділікті, оқу процессіне деген жекешелікке студенттердің сұранысын қанағаттандыру мүмкіндігін қарастырады. Әрбір модуль сәйкес құзыреттер мен бағалау критериін қарастырады. Осыдан келе оқыту сабақтары тәжірибелік бейінді үлгіде болады.

Тапсырыс беруші – жұмысберушілердің талаптарын есепке ала отырып оқу жұмыс бағдарламасын әзірлеушілер (білім беру мекемесі) модуль құрылымы мен санын төмендетеді, яғни жақын біліктіліктер түрлері бойынша белгілі қызметтер сабақтары үшін құзыреттер қатарын топтастырады.

Осыдан келе, білім беру бағдарламасы құрылымының модульдік-құзыреттілік икемділігін есепке ала отырып, модульдердің барлық құзыреттерін қажеттілігіне байланысты біліктіліктер бойынша жеке модульдерге топтастыруға болады. Әрбір модульді жетістікті оқып біткеннен кейін және сәйкес жұмысшы біліктілігін растағаннан кейін «Техник-технолог» біліктілігі тағайындалуы мүмкін.



Қолданбалы бакалавриат бағдарламасын аяқтағаннан кейін «Кіші инженер-технолог» біліктілігін тағайындау мақсатында қорытынды аттестация өткізіледі.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ


Циклдар/модульдердің атауы

Құралатын дағдылар мен құзыреттер

1:

Дән егу негіздері

білімі:

  • дәнді дақыл мен азық шикізатының әр түрлері

  • ауа райының және топырақтың жағдайлары, арамшөптік бәсекелестігі мен күтіп-баптаудың кемшіліктері, дән дақылдарының зиянкестері мен аурулар сияқты сапаға әсер ететін факторлар,

  • қамба зиянкестері

  • қоршаған ортаны ластау

  • астық тұқымдас дәндердің құрылымы мен қайта өңдеу үшін пайда болатын салдары

  • астық тұқымдас дәндердің құрамы және адам және жануарлардың тамақтануына арналған заттардың мәндері

  • құрамында көп көмірсуы бар өнімдерді меңгеру үдерісі процесса:негізгіалмасу, қуатты қолдану, жалпы алмасу, энергобаланс

  • сапа деңгейін анықтау

  • жаңа өнімнің ұйғарынды критерийлері

икемділігі:

  • оқулықтар мен кестелермен жұмыс істеу

  • микроскоппен астық тұқымдастың суретін дайындау

  • командада нәтижелерін талқылау

  • ынтымақтастық дағдыларын, өздігінен жұмыстар және нәтижеге бағытталған жұмыстарға үйрену

  • кәсіптік терминологияны қолдану

  • осы саладағы өнім сапасына саналы қатысын дамыту

Өндірістік оқу

икемділігі:

  • шикізат кәсіпорындарында қолданғанды білу

  • шикізаттың зиянкестермен зақымдануын анықтау, олармен күресу және оларды жою бойынша шаралар қолдану

  • заттардың құрамына талдау жасау негізінде өнімнің жарамдылығын анықтау

  • дәндердің құрылымы мен құрамы негізінде технологиялылығын анықтау

  • сапа дәрежелерін ажырата білу

дағдылары :

  • талаптарға сәйкес тиісті шикізатты таңдау

  • қоршаған ортаны ластаудың қаупін ескере отырып, зиянкестермен күресудің қажетті процедураларын білу

  • шикізаттың түрі мен тиісті қайта өңдеу үдерістерін анықтау

  • сапасының деңгейі бойынша шикізатты бағалау

Кәсіптік практика

икемділігі:

  • ботаника негізінде дән түрлерін ажырата білу

  • дәннің алуан түрлерінің өсіру шарттарын, астық өнімін жинап алу және пісіп жетілу дәрежесін білу

  • адам және жануарларлың тағамдарына арналған дәндердің түрлерін ажырата білу

  • қамба зиянкестерінің түрлерін ажырата білу, зиянның потенциалдыдеңгейін сипаттау, алдын алу шаралары мензиянкестермен күресудің мүмкін тәсілдерін бағалау


дағдылары:

  • гербарий үшін дәндердің алуан түрлерін өздігінен іріктеу

  • бас дәнді дақылдарды суретке салу

  • дәнді көбейту үшін түрлі шарттарды зерттеу

  • жемдік өндірісі шикізатты мен адам тағамы өнімдерін анықтау

  • зиянкестермен күресудің профилактикалық шараларына және денсаулық пен қоршаған ортаға кері әсер етуі қаупін азайту үшін препараттарды қолдануға саналы қарау

2: Шикізат, аралық және соңғы өнімдерді бағалау, қабылдау және сақтау


білімі:

  • өтімді шикізат, аралық және соңғы өнімдердің сыртқы түрі, қасиеттер мен сақтау шарттары

  • бидай, қарабидай және арпа ұндарынан қамыр жасау

  • арамшөп қоспасы, ылғалдылық, белсенді су, төмендеу саны, өнгіштігі, мың дәндердің салмағы сияқты сапа параметрлері

  • арамшөп қоспасы алуан түрлері

  • өртке қарсы қауіпсіздігінің талаптарын ескере отырып, арамшөп қоспасымен шаңды жою тәсілдері

  • тазалау және тасымалдау үшін жабдықтар мен тасымалдайтын құралдар/конвейерлер

  • қаттап тастаудың тиісті әдістері (сүр шөпті сақтау, көлденең едені бар қоймалар)

  • қоймада орналастыру/сақтауды қорғау және бақылауды қамтамасыз ететін тиісті тәсілдер

  • қосымшаесептер (орналастырудың сыйымдылығы, сүр шөптер мен ыдыстардың тығыздығы, сыйымдылығы)


икемділігі:


  • сапасын тексеру шегінде диаграммаларды құру және оқу

  • оқу әдебиеттері көмегімен білімді өздігінен арттыру

  • кәсіптік мәнмәтінді түсіну

  • кәсіптік терминологияны қолдану

  • жүргізілген есептердің негізінде қорытындылар жасау

  • алғашқы тазалау үдерісін графикалық түрде суреттеу

Өндірістік оқу


икемділігі:

  • жеткізілген шикізат, аралық пен соңғы өнімдерді және олардың тиісті сақтау әдістерін анықтау

  • арамшөпқоспасының санына есептер жүргізу және әрекет ететін стандарттарға сәйкес нәтижелерді бағалау

  • шикізатты алғашқы тазалау үшін кәсіпорында қолданылатын тасымалдау жабдығы/конвейерлерді білу

  • кәсіпорында қолданылатын сақтау тәсілдерін сипаттау

  • қойма орналастыруларын бақылауды қамтамасыз етудің тәсілдерін сипаттау


дағдылары:

  • сынамаларды кәсіби іріктеу

  • жеткізілім салмағын анықтау мен нәтижелерді құжаттау

  • арамшөп қоспасына талдау жасау және оны жою бойынша шараларды қолдану

  • шикізатты алғашқы тазалау үшін жабдықтар мен тасымалдайтын құралдарды дайындау, еңбек қауіпсіздігі мен денсаулықты сақтау талаптарын сақтай отырып, жабдықтармен басқару және күтім жасау

  • ысырап болмауы үшін қойма орналастыруы/сақталуының температурасы мен ылғалдылығын бақылау

  • қоймадағы қорлар мен шығындарды анықтау, толтыру бойынша есептер жүргізу

Кәсіптік практика

икемділігі:

  • бидай, қарабидай және арпа ұндарынан жасалған қамырларды салыстырып, негізгі айырмашылықтарын сипаттау

  • шикізат сапасын бағалаудың әдістерін, төмендеу санын анықтау әдістерін білу

  • құрылғыны және тасымалдау жабдықтары мен құралдарының жұмыс істеу принциптерін білу

  • сүр шөпті қоймасы мен көлденең еденді қоймаларының ерекшеліктерін білу

  • бақылаумен қамтамасыз етуді бағалау әдістерін әзірлеу

  • түгендеу жүргізу, сақтау кезіндегі мүмкін шығындардың себептерін білу


дағдылары:

  • бидай, қарабидай және арпа ұндарынан жасалған қамырлардың түрін анықтау

  • сенсорлық бақылау/тексеріс жүргізу

  • арамшөп қоспасына талдау жасау, нәтижелерін бағалау және графикалық суреттер дайындау

  • ICC халықаралық стандарттарына сәйкес төмендеу санын анықтау

  • жабдықтар мен тасымалдау құралдарының жұмысында ақауларды анықтау, кемшіліктерді жоюдың тиісті шараларын қолдану

  • сүр шөпті қоймасы мен көлденең еденді қоймалардың вентиляциясы, салқындатуы және кептіру мүмкіндіктерін сипаттау

  • температура, ылғалдылығы, ауа құрамын өлшеу әдістері арқылы қойма орналастыруының параметрлері/шарттарын анықтау, сақтауға арналған өнімге сәйкес алынған нәтижелерді бағалау

  • алынған нәтижелерді негізінде қойма орналастыруының жағдайларын оңтайландыру

  • қоймадағы қорлар мен шығындарды анықтау.

3:

Шикізат, аралық және соңғы өнімдерді тасымалдау

білімі:

  • иірмекті тасымалдауыш, тартпа тізбекті тасымалдауыш, элеватор, жолақты тасымалдауыш, дірілтасымалдауыш, тербелетін шөміштері бар тасымалдауыш сияқты тасымалдау механикалық құралдары

  • жүк тасымалдауыштарының көлемі мен тасымалдау жылдамдығын есептеу

  • пневматикалық тасымалдау құралдарын сору және айдау пневмотасымалдауыштар деп бөлінуі

  • пневматикалық қондырғылардың бөлшектерінің жұмыс істеу принциптері мен құрылғылары

  • пневматикалық тасымалдау қондырғыларына арналған құбырларды салу критерийлері

  • аспирацияның қажеттілігі ментехникалық жүзеге асыруы

  • құрылғылардың, жетектер/қозғалтқыштардың алуан түрлерінің жұмыс істеу міндеттері мен принциптерінің айырмашылықтары


икемділігі:

  • иірмекті тасымалдауышмысалында қосымша есептеулер жүргізу

  • нәтижелері мен әсерін талқылау

  • пневматикалық өткізудің есептерін жүргізу (цех ішіндегі пневмотасымалдауыш)

  • есептерден қорытынды жасау

  • электрэнергиясын рационалды қолдану жайлы талқылау, электрэнергиясын үнемдеуді қарастыру бойынша ұсыныстарды енгізу

  • көліктің сипаттамасын ескере отырып жұмыс жасау

Өндірістік оқу

икемділігі:

  • кәсіпорында іске қосылған тасымалдаудың механикалық құралдары және оларды қолдану аясын білу

  • апатқа, өртке, жарылуға қарсы және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелерін

  • өндіріс ішіндегі пневматикалық тасымалдауыштар/қондырғылардың жұмыс істеу принциптері мен құрылғыларды білу

  • жұмыс кезеңдерін анықтау, жұмыс жүргізуді жоспарлау және құжаттама жүргізу

  • цех ішіндегі пневмотасымалдауыштарды сипаттау (ең кең таралған көпжылғалы қондырғы)

  • құбыр диаметрі мен тасымалдауыштың өнімділігінің арасында өзара байланысты білу

  • кәсіпорында қолданылатын жетектер/қозғалтқыштардың түрлерін сипаттау


дағдылары:

  • алынған өнімге сәйкес, барлық ережелерді сақтай отырып, тиісті тасымалдауыш/қондырғыны таңдау

  • жұмыс орнында денсаулыққа қауіпті және қауіпсіздікті сақтауға қатерді анықтау, оларды жою бойынша шаралар қолдану

  • пневматикалық жүйені тасымалдау үдерістерін түсіну

  • пневматикалық қондырғылардың бейімделуі/орнатуы бойынша жұмыстар жүргізу

  • сорғылау қондырғысын жақсарту

  • өндірістік үдерісте жетектердің алуан түрлерін білу және түсіну

  • технологиялық үдерістердің сұлбасын құру (тазалау)

Кәсіптік практика

икемділігі:

  • шикізат пен өнімге арналған тасымалдауыштың тиісті механикалық құралдарын таңдау

  • сору және айдау пневматикасын салыстыру, ерекшеліктері мен айырмашылықтарын анықтау

  • біржылғалы қондырғының сору және айдау пневматикасының жұмыс істеу принципін және құрылғысын түсіндіру

  • пневматикалық қондырғылардың бөлшектерін білу

  • түрлі қозғалтқыштардың жұмыс істеу принципін сипаттау және олардың қолдану аясын анықтау


дағдылары:

  • сүр шөп ұяшықтарды тауармен толтыруға арналған ыңғайлы тасымалдауқұралын таңдау

  • сору немесе айдау пневматикалық қондырғыларын қолданудағы пайдасын анықтау

  • еңбек қауіпсіздігі ережелерін ескере отырып, пневматикалық қондырғының бөлшектерін құрастыру және бөлшектеу

  • пневматикалық тасымалдауға арналған формулалар анықтамалығын таңдау

  • түрлі жетектерді тестілеу және кейінгі қолдану аясын анықтау

4:

Жабдықтар мен қондырғыларға күтім жасау, ұдайы техникалық қызмет көрсетуден өткізу қажеттілігі

білімі:

  • жабдық және қондырғының бөлшектері мен түйіндері

  • корпусы, қаңқасы, қаптау

  • қозғалтқыштар, тербелмелі элемент, ажыратулар

  • осьтер, қозғалтқыштың иінді білігі

  • белдікпен айналатын тегершік, белдік, белдік ұштарын байланыстыру

  • тісті жетек, тізбекті жетек

  • техникалық қызмет көрсету жоспарларының мазмұндары жәнежабдыққа күтім жасау

  • өндірістің үздіксіз үдерісі, сапасына кепілдік және құнын сақтауды қамтамасыз етуге арналған профилактикалық техникалық қызмет көрсету мәндері

  • күштік берілістің функционалдық элементтері

  • тоқтың алуан түрлерінің әрекет ету және өндіру принципі

  • терминдер: күш, жұмыс, қуат, тиімділігі дәрежесі

  • тоқпен (электрлік сақтандырғыштар, жерге тұйықтау жетегі) жұмыс кезіндегі қорғау механизмдері мен сақтандырғыш мәндері


икемділігі:

  • техбайқауды өз уақытында және тиісті орындау қажеттілігін түсіндіру

  • еңбек қауіпсіздігін, гигиена, қоршаған ортаны қорғау және экономикалық тиімділіктің принциптерін сақтау

  • жабдық бөлшектерінің техникалық суреттерін орындау

  • тоқпен және электрлік қондырғылармен қауіпсіз ұстау

  • өнеркәсіп қондырғыларының бірлігіне электр энергиясын қолдануын есептеу

Өндірістік оқу

икемділігі:

  • кәсіпорында қолданылатын жабдықтардың бөлшектері мен түйіндерін

  • күштік берілістің өндірістік қондырғысын білу

  • техникалық тозу белгілерінің пайда болуын алдын алу

  • жұмыстың нәтижелерін бақылау және бағалау

  • құралдар мен материалдарды мақсатты таңдау және қолдану, оларды қолдануға дайын етіп ұстау

  • кәсіпорынға электр энергиясын жеткізу тәсілін сипаттау


дағдылары:

  • құрылыс және майлайтын материалдар туралы білімін қолдана отырып, техбайқау және күтім жасау кестесін сақтау

  • белгіленген кесте бойынша өз уақытында қажетті жөндеу жұмыстары мен техбайқау жүргізу

  • күштік беріліс қондырғыларының бөлшектерін тозу белгілеріне тексеру, тозған бөлшектерді ауыстыру

  • өндірістік шикізатты сақтау және қалдықтарды/тасталғанды жою

  • тоқ және электрлің құралдармен қолданудың қауіпсіздік ережелерін білу және тиісті қауіпсіздік ережелерін қолдану

Кәсіптік практика

икемділігі:

  • жабдықтың көліктік бөлшектері мен түйіндерінің құрылымы мен жұмыс істеу принципін зерттеу

  • өндірістік ақаулар мен кемшіліктердің салдарын білу

  • күштік берілістің функционалдық элементтерін айыру және оларды қолдану

  • электр энергиясы өндірісінің үдерістері мен қондырғыларын білу


дағдылары:

  • тозу белгілерін анықтау, қажетті шаралар қолдану

  • белгіленген жоспарлар бойынша техбайқаудан өту

  • үздіксіз өндірістік үдеріспен қамтамасыз ету, құндылығын сақтау және сапасына кепілдік беру

  • қондырғылар үшін техбайқау жоспарын құру

  • күштік берілістің түрлі функционалдық элементтеріне эксперимент жасау және қолдану аясын анықтау

  • жабдықтыңқуатын/пәкесептеу

  • автоматтандырылған және өлшеуіш қондырғыларды және реттегіш қондырғыларды басқару

5:

Бастапқы шикізатты, аралық және соңғы өнімдерді зерттеу және мөлшерлеу

білімі:

•мөлшерлеудің түрлі принциптері


•көлемдің және гравиметриялық мөлшерлеу процедуралары
•құрама жемдер өндірісі кезінде ұнның түрлі құрамдастарының әсері мен ағындылығы

•микро-компонентердің мөлшерлеуін жүзеге асыру және әрекет ету қажеттілігі жайлы


•шикізат пен дайын өнімнің қорек құндылығын бағалау

•көмірсуға бай өнімдерді сіңіру кезінде адамдар мен жануарларда ас қорыту үдерістері


•ұнды өңдеуге арналған құрал, қолдану аясы және функциялары
•құрама жем өндірісі кезінде сұйықтықты қосу себептері, олардың оқшаулауы және өткізгіштігі

•аралас және сандық есептерді жүргізу


•зерттеу сапасы және қажетті зертханалық технологиялар
•қаптама, қаптау, түсіру үдерісі және сатуға дайындық үдерісі

•тауарлық қаптаманың құқықтық нормалары және таңбалау туралы ереже


икемділігі:

•жемнің қорек заттары мен қорек құндылығының кестесін түсіну


•тамақтану есебінің нәтижелерін бағалау және қорытынды жасау
•өнімдің оның қорек маңыздылығына сәйкес бағалау
• формула жиынтығымен жұмыс жасау

• нәтижелерін графикалық түрде көрсетіп, презентация жасау



Өндірістік оқу

икемділігі:

•компанияда қолданылатын мөлшерлеу принциптерін түсіндіру, мөлшерлеу процедураларын орындау


•компанияны сапамен қамтамасыз ету мақсаттары, міндеттері және құрылымын түсіндіру
•үлгілер алып, өнімнің ерекшелігін ескеріп зерттеу жүргізу, бағалау және барлық үдерістерді құжаттандыру
•компаниямен шығарылатын өнімдер тобының қаптау түрін анықтау
•компанияда қолданылатын қаптама көліктерін білу
•апаттар кезінде тәртіп ережелерін білу және алғашқы шаралар қолдану
•энергия мен материалдардың экономикалық және экологиялық оңтайлы қолдану мүмкіндіктерін білу
•таңбалау туралы заңның ережелерін сақтай отырып, сатуға дайын қапталған материалдар туралы құқықтық ережелерді білу

Дағдылары:

  • көлемдік және гравиметриялық мөлшерлеу жүргізуді және оны орнату нақтылығын құқықтық және технологиялық негіздерге сәйкес бақылау

  • компания сапасын бақылау жүйесін қолдану

  • шикі желімтік құрамына, минералды қамтамасыз ету талаптарын сақтау, реологиялық зерттеулер жүргізу

  • құқықтық нормаларға сәйкес клиентке ыңғайлы өнімнің қаптамасын таңдау

  • қаптама көліктерін дайындауды және оларды пайдалана білу, жабдықты жаңғырту құралдарын қолдану, жүргізуші-жөндеуші және пайдалану үдерістерін іске қосу

  • пайдалану талаптарына сәйкес өнімдерді жүктеу

  • энергия мен материалдарды экономикалық және экологиялық оңтайлы қолдану

  • өнімдерді таңбалау

Кәсіптік практика


Икемділігі:

•мөлшерлеудің түрлі принциптерін түсіндіру және олардың қолдану аясын білу


•құрама жемдер өндірісі кезінде ұнның түрлі құрамдастарының әсерлері мен ағындылығын зерттеу
•микрокомпоненттерді мөлшерлеудің қажеттілігі, тиімділігі және орындалуын сипаттау
•құрама жемдер өндірісі кезінде сұйықтықтың әсерін зерттеу
•тауардың сату алдындағы дайындығын орындау
•жүктеудің түрлі типтерінің ерекшеліктері мен кемшіліктерін түсіндіру
Дағдылары:

•өнімнің сипаттамасына байланысты гравиметриялық және көлемдік мөлшерлеуді орындау


• ағымдылықтың түрлерінің негізінде рецепттерді әзірлеу

• рецепттерді дайындау үшін шикізат пен жемнің қорек құндылығын бағалау кестесін назарға алу


•құрама жемдердің өндірісі кезінде сұйық қоспаларды қосу
•өнімдерді қаптау немесе жүктеу, қаате көздерін анықтау

6:

Шикізат пен аралық өнімдерді қайта өңдеуге дайындау

Білімі:

    • дәнді тазалауға арналған түрлі әдістер мен жабдықтар

    • тазалауға арналған түрлі көліктер мен жабдықтардың міндеттері, құрылымы және жұмыс істеуі

    • қайта өңдеуге шикізатты дайындауға арналған конвейердың жұмысы

    • ылғалдылық, температура және ақуызды, ұнның шығуын өлшеуге және дәнді дайындау минералды құрайтын әдістерін анықтауға (кондициялау) арналған өлшеуіш құралдарының өлшеу әдістерін, құрылымын және функионалды принциптерін

    • терминдер: ас қорыту,созылымдылығы жәнеқажалып тозу

    • дәннің қабыршақталуына арналған жабдықтар мен түрлі көліктердің жұмыс істеу принциптері, міндеттері мен құрылымы

    • өзекті есептерді жүргізу

Икемділігі:

    • блок-сұлбаның дайындығын құру және түсіндіру

    • байланыс және презентативтік дағдыларға үйрену

    • түрлі ақпараттарды ұйымдастыру, қолдану және бағалау, сондай-ақ, шет тілдерінде, әсіресе, өнімді пайдалану және сипаттау бойынша әдебиеттер, оқулықтар

    • бәтуаластық табу үшін командада жұмыс істеу талқылау және оқу

Өндірістік оқу

Икемділігі:

    • компанияда қолданылатын дәнді тазалау, кондициялау және қабыршақталуына арналған жабдықты, көлікті білу

    • компанияда қолданылатын дәнді кондициялау технологиясы мен олардың бұзылу режимін білу

    • жұмыс нұсқаулықтарына сәйкессапамен қамтамасыз ету бойынша шараларды орындау

    • тегістеу үдерісінде өнімге және өнімнің құрылымына ылғалдылықтың әсерін білу

Дағдылары:

  • дәнді тазалау, кондициялау және қабыршақталуына арналған жабдықты дайындау, пайдаланатын параметрлерді орнатып, олармен жұмыс кезінде басқару

  • дәнді тазалау, кондициялау және қабыршақталуына арналған көлікті пайдалану

  • дәнді тазалау, кондициялау және қабыршақталу үдерістерін бақылау және тексеру

  • өндіріс үдерісінде кемшіліктерді анықтап, оларды жою бойынша шараларды қолдану және құжаттандыру

  • ақуызды анықтау, ұн мен минералды концентрацияны шығаруға тексеріс жүргізу, нәтижелерін бағалау

  • өнімнің ылғалдылығы мен құрылымын өлшеу, оларды ұсақтау кезінде ылғалдылықты және сақтау уақытын анықтау, дымқылдану жүйесін орнату

Кәсіптік практика

Икемділігі:

  • дәнді тазалауға арналған жабдық пен түрлі көліктердің міндетін, құрылымын, әрекет ету принциптерін түсіну

  • жарманы кондициялау және қабыршақталуы факторларын анықтау, оларды өңдеу бойынша қорытынды жасау

  • өнімнің ылғалдылығын, құрылымын анықтау, дәннің қаттылығын анықтау

  • ылғалдылық, температура, ақуыздарды, ұнды шығару және минералды концентрацияны анықтауға арналған өлшеу құралдарының жұмысы мен құрылғысын сипаттау

Дағдылары:

  • технологиялық және экономикалық аспектілері тұрғысынан, жұмыстарды орындауға тапсырыс қабылдау, олардың орындалуын тексеру

  • командаға міндеттер жоспарлап, оларды орындау, нәтижелерін келісу, жұмыс кезеңдерін анықтау

  • ылғалдылық, температура, ақуыздарды, ұнды шығару және минералды концентрацияны анықтау үшін өлшеу жүргізу

  • өнімнің ылғалдылығын, құрылымын анықтау, ұсақтау кезіндегі ылғалдылықты, сақтау уақытын анықтау және дымқылдандыру жүйесін орнату

  • факторларды графикалық түрде және кесте түрінде көрсету, оларды бағалау





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет