Операторлардың қызметі – өтініштерді базаға енгізу.
«Операторлар» беті төмендегідей көрсетіледі (13-сурет):
13- сурет – «Операторлар» беті
Операторды қосу үшін, оның аты-жөнін «Оператордың аты-жөні» өрісіне (13-сурет, 1), оның құпия сөзін «Оператордың паролі» өрісіне (13-сурет,2) енгізіп, «Қосу» батырмасын басу қажет. (13-сурет, 3)
Қосылған операторлар тізімі кесте түрінде көрсетіледі (13-сурет, 4).
Оператор туралы мәліметтерге түзетулер енгізу қажет болса, «Өзгерту» батырмасын (13-сурет, 5) басып, пайда болған нысанға өзгертулер енгізілгеннен кейін, «Сақтау» батырмасы басылады.
Операторды тізімнен өшіру үшін, «Жою» батырмасын (13-сурет, 6) басу қажет
Достарыңызбен бөлісу: |