Білім беру басқармасының деректер қорын жабу
Білім беру басқармасының базасын жабу алдында, пайдаланушы барлық қосылған білім беру ұйымдарының базалары жабылғандығына көз жеткізуі қажет. Ол үшін «Мектептер» бетіндегі «базаны ашу/жабу» ұяшығында барлық мектептерде «Ашу» батырмасы болуы қажет. Бұл мектептің базасы жабық екендігін дәлелдейді.
Деректер базасын жабу үшін, «Пайдаланушы» батырмасын (14-сурет) басып, оның ішінен «Баптау» пунктін таңдау қажет.
14- сурет – «Пайдаланушы» батырмасы
Бұдан кейін «Профиль деректері» беті ашылады. Пайдаланушы білім басқармасы туралы мәліметке өзгертулер енгізе алады.
Деректер қорын жабу үшін, «Деректер базасын жабу» батырмасын (15-сурет) басу қажет.
15- сурет – Білім басқармасының деректер базасын жабу
Егер деректер базасы кездейсоқ жабылса, ҰТО филиалының қызметкеріне хабарласу қажет.
БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОПЕРАТОРЫ
Достарыңызбен бөлісу: |