Үрлеу тәсілдері және сұлбасы.
Цилиндрге түсетін ауа зарядының (немесе ауаның бүркілген бензинмен немесе газбен қоспасы) салмағын жоғарлату үрлеу агрегатында алдын‑ала нығыздағыш компрессорда жүргізіледі. Нығыздағыш механикалық жетек арқылы қозғалтқыштың иінді білігінен немесе қрзғалтқыштан шығатын газдар энергиясынан жұмыс істейтін турбина арқылы қозғалысқа түеді. Қозғалтқыш жасау тәжірибесінде үрлеудің үш тәсілі қолданыс тапқан:
- механикалық үрлеу (компрессордің айналымы иінді біліктен механикалық жолмен жүзеге асады);
- газошығырлы үрлеу (шығыр қозғалтқыштың піспек бөлігінен шығатын газдар энергиясынан айналады, компрессор шығырмен бір білікте орналасқан);
- құрама үрлеу (мысалға, механикалық және газшығырлы үрлеуді қоқан).
Механикалық үрлеуде (сур.6.а), нығыздағыш жетегі (ауа компрессорі) тісті беріліс 2 арқылы қозғалтқыштың 3 иінді білігімен қосылады. Нығыздағыш және иінді білік аралығында нығыздағыштың механикалық жетегі тұрақты және айнымалы беріліс қатынасымен жасалуы мүмкін. Нығыздағыш жетегінің механизміне қосылатын гидравликалық беріліс қозғалтқыштың жұмыс тәртібімен сәйкестендіріліп нығыздағыштың айналымын бір қалыпты өзгеруге мүмкіндік береді.
Газшығырлы үрлеуде (сур.6.б), газ шығырының 4 айналымы піспекті қозғалтқыштың өңделген газдар энергиясы есебінен жүзеге асады. Газ шығыры және нығыздағыш 1 құрылымы жағынан бір үрлеу агрегатына біріктіріледі, ол турбокомпрессор деп аталады. Механикалық үрлеуге қарағанда газ шығырлы үрлеуі бар қозғалтқыштың экономикалық тиімділігі өте жақсы және үлкен меншікті жұмысы (циклдің оташа қысымы) бар.
8-Сурет.. Піспекті қозғалтқышты үрлеу тәсілдер
і.
а- механикалық үрлеу (жетектегі нығыздағыш жүйесі бар), б- газ шығырлы үрлеу (турбокомпрессорлік жүйелі), в- құрама үрлеу жүйелі (газо шығырлы және механикалық).
Бұл атмосфераға лақтырылатын газдармен мехаикалық үрлеуде шығындалатын қозғалтқыштан шығатын газдар энергиясын газды шығырдың пайдалануымен түсіндіріледі.
Құрама үрлеуде жүйеде екі үрлеу біріктіріледі. 6.в суретте құрама үрлеу тәсілі көрсетілген, мұнда тізбектелген бірінші саты механикалық үрлеу, ал екіншіде тубокомпрессор болып табылады.
Цилиндрлерге ауаны толтыру және сығымдау үшін жоғарыда берілген үрлеу жүйесінде көлемді‑роторлық (жетекші) және орта тепкіш қалақшалы компрессорлар кеңінен қолданылады. Газдық шығырлар көбіне радиальды‑өстік, сирек өстік болып келеді.
Үрлеулі қозғалтқыштардың экономикалық тиімділігіне және тиімділігне нығыздағыштың адиабаттық п.ә.к. біршама әсер етеді – ауаны адиабаттық сығымдау үшін қажетті жұмыстың, сол қысымға дейін сығымдауда нақты шығындалған жұмысқа қатынасы.
,
Нығыздағыштың адиабаттық п.ә.к. қанша төмен болса, ауаны сығымдауға кеткен қуат шығыны үлкен және оның температурасы жоғары болады. Соған байланысты цилиндрге түсетін ауа тығыздығының төмендігіне сәйкес сол қысымдағы ауа зарядының салмағы азаяды, бұл индикаторлық қуаттың төмендеуіне алып келеді. Сондықтан жұмыстық тәртіптер диапазонында, егер ол қозғалтқыштың иінді білігімен кинематикалық байланысқан болса нығыздағыштың мүмкіндігінше үлкен адиабаттық және механикалық п.ә.к. болуына тырысу қажет. Сондай‑ақ қозғалтқыш жұмысының экономикалық тиімділігіне және тиімділігіне газдық шығырдың адиабаттық п.ә.к. әсер етеді; бұл п.ә.к. жоғары болған сайын қуат, нығыздағыштың өнімділігі және Рк үрлеу қысымы жоғарлайды.
Нығыздағышта алдын‑ала ауа зарядын сығымдаудың орнына қозғалтқыш цилиндріндегі оның салмағын көбейту, цилиндрде, кіру және шығу құбырларында газодинамикалық құбылыстарды пайдалану арқылы жүзеге асыруға болады.
Мұндай қозғалтқыштың қуатын және ауа зарыдының салмағын жоғарлату тәсілі инерциалық үрлеу (төрт ырғақты қозғалтқыштарда) немесе инерциялық тазарту (екі ырғақты қозғалтқыштарда) деп аталады. Инерциялық үрлеуді қолдана отырып жанармайдың меншікті шығынының тұрақты шамасында қозғалтқыштың қуатын 25 ÷ 30% жоғарлатуға болады.
Ұшақтар мен жарыс автомобильдерінің қозғалтқыштарында цилиндрдегі ауа зарядының салмағын көбейту үшін қарсы ауа ағынының жылдамдығын пайдалануға болады. Мұндай тәсіл жылдамдықты үрлеу деп аталады.
Берілген қозғалтқыштардың қуатын жоғарлату тәсілдеріне сәйкес келесі үрлеу жүйелері бар:
1.механикалық үрлеу; 2. газ шығырлы үрлеу; 3.құрама үрлеу;
4. инерциялық үрлеу; 5. жылдамдықты үрлеу.
Көліктік техникада газ шығырлы және құрама үрлеу жүйелері кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |