Қысқаша анықтама:
Әдістемелік нұсқаулар Шымкент көлік колледжінің күндізгі оқу бөлімінің 2-курс оқушыларына арналған. Бұл әдістемелік нұсқауларда 14 зертханалық жұмыс қамтылған. Әр жұмысқа бақылау тапсырмалары берілген және әдебиеттер көрсетілген.
1-Дәріс
Тақырып – «Кіріспе. ЭҚ көлік жүйесіндегі ролі және орны».
Мазмұны. Көлік құралының жұмысының энегнергетикалық негізі. ЭҚ түрлері. Олардың айырмашылығы, артықшылығы және кемшіліктері. Даму тарихы.
Автономдық көлік құралының жұмысының энегнергетикалық негізі.
Энергетические основы работы автономных транспортных средств.
Энергетикалық қондырғылар тартым күшін F (Н) тудыра отырып көлік құралының (автомобиль, трактор, тепловоз, самолет, теплоход және т.б.)қозғалысын қамтамасыз етеді және осы күш арқылы көлік құралын S (км)арақашықтыққа қозғайда және мұнда механикалық жұмыс Апол жасайды:
Апол = F·S (кДж). (1)
Пайдалы жұмыс жасау үшін қандай да бір энергия мөлшерін Азат шығындау қажет. Сырттан энергия берілмейтін барлық автономдық көлік құралдары үшін қозғалтқышта жанатын әртүрлі жанармайлардың ішкі химиялық энергиясы энергия көзі болып табыла алады. Жанармайдың қоры көлік құралының өзінде орналасуы мүмкін. Жанармайды жағуда оның жану өнімдері (газдар) жоғары температураға ие болады және жылулық энергияны тасмалдағыш болып табылады.
Автономдық көлік құралдарының энергетикалық қондырғылары жанармайдың ішкі химиялық энергиясын механикалық жұмысқа айналдыруға арналған.
Анық В (кг) массалы жанармай мөлшері Q (кДж/кг) жану жылуымен жанғанда патенциалды, А жылулық энергия алуға болады:
А = В·Q (кДж).
Жанармайдың жануынан алынған А энергиясы пайдалы жұмыстың орындалуына жұмсалуы мүмкін,
А = Азат
Көлік құралы үшін энергетикалық тізбек (Азат=В·Q дан Апол=F·S дейін энергия өзгеруінің тізбектелген деңгейі) қажетті тізбектелген мүшелерден тұрады:
— жылулық генератордан ЖГ — жанармайдың ішкі химиялық энергиясын жылулық энергияға өзгертетін қондырғы;
— жылулық қозғалтқыш ЖҚ — жылулық энергияны механикалық жұмысқа өзгертетін машина (рис. 1.).
Достарыңызбен бөлісу: |