Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі м. Тынышбаев атындағЫ Қазақ КӨлік және коммуникациялар академиясының



бет28/39
Дата07.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#97209
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39
Байланысты:
Кітап қажетті

10-Дәріс.


Тақырып : ІЖҚ қуатын жоғарлату тәсілдері.
Мазмұны: Үлеу. Үрлеу жүйелері және сұлбасы. Жұмыстық үрдіс көрсеткіштеріне үстеме үрлеудің әсері. Үрлеу жүйесін есптеу.

Піспекті қозғалтқыштың тиімді қуатының теңдеу келесідей жазылады:




, кВт


бұл теңдеуде:


, м3 - цилиндрдің жұмыстық көлемі,
D, S - цилиндр диаметрі және жолы, м;
i - цилиндрлер саны;
п – минутыа иінді біліктің айналым саны, ай/мин;
Ре – орташа тиімді қысым, Па.

( ) теңдеуді талдау көрсеткендей, қозғалтқыштың қуатын - Ne цилиндрдің сәйкес көлемін-Vh, цилиндр санын-i, піспек жүрісінің шамасымен – S піспектің орташа жылдамдығын - анықтайтын иінді біліктің минутына айналым санын- п, орташа индикаторлық қысым және механикалық пайдалы әсер коэффициентінің - ηм функциясы болып табылатын орташа тиімді қысымды -Ре көбейтумен және ырғақтылық коэффициентін - τ төмендету арқылы жоғарлатуға болады.


Қуатты жоғарлататын қозғалтқыштың геометриялық көрсеткіштері қазіргі уақытташекті мәндеоге жетті:
Цилиндр диаметрі D = 900 мм, S = 1700 мм, ал цилиндрлер саны - i жай жүрісті қатарлы дизельдерде -12, V- түрдегі тез жүрісті - 16 және жұлдыз трдегі - 32. Екі ырғақты жай жүрісті дизельдердің цилинд­рлік қуаты иінді біліктің п =115÷120 айн/мин айналым санында 1800 кВт дейін жетеді. Цилиндр диаметрін және піспек жүрісін, сонымен бірге цилиндрлер санын одан ары жоғарлату технологиялық қиындықтармен және жұмыстық үрдісті ұйымдастырудың күрделігімен байланысты. Қатарлы құрылымды бір агрегатта цилиндрлер санының көп болуында қозғалтқыштың ұзындығы біршама үлкейеді және оған қызмет көрсету қиындайды. Қазіргі заманғы қозғалтқыштарда піспектің орташа жылдамдығы Сm = 12÷18 м/сек. дейін жетеді, ал тез жүрісті қозғалтқыштардың айналым саны 8000 айн./мин және жоғары. Піспектің орташа жылдамдығын және айналым санын көбейту қозғалтқыштың қызмет ету мерзімін азайтады, себебі оның тетіктерінің тез желінуі жүреді, динамикалық және жылулық жүктеме жоғарлайды. Қозғалтқыштың қуатын біршама жоғарлатуды орташа тиімді қысым шамасын жоғарлату есебінен жүргізуге болады, яғни цилиндрге түсетін жанармаймен ауа мөлшерін (таза ауа зарядының тығыздығы - ρв кг/м3) көбейту.
Бір уақытта цилиндрге түсетін салмақты ауа заряды және жанармай мөлшерін көбейту есебінен қозғалтқыштың қуатын жоғарлату үрлеу деп аталады.
Үрлеуде қозғалтқыштың қуатының өсу дәрежесі үрлеу дәрежесімен –λн бағаланады, бұл үрлемелі қозғалтқыштың номинальдық қуатының немесе орташа тиімді қысымының сол үрлеусіз қозғалтқыштың номинальдық қуатына немесе орташа тиімді қысымына қатынасы.



Үрлеудің дәрежесін жуықтап үрлеу қысымының - Рк қоршаған орта қысымына -Ро қатынасы секілді көрсетуге болады.





мұнда: п — ауа айдағыштың сығылу политроптық көрсеткіші.


Қазіргі уақытта біріккен қозғалтқыштарда үрлеу дәрежесі шамасына жеткен. Екі ырғақты қозғалтқыштарда λн шартты шама, себебі берілетін ауа қысымы Рк, қанша болсада қоршаған орта қысымынан барлық уақытта үлкен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет