Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі м. Тынышбаев атындағЫ Қазақ КӨлік және коммуникациялар академиясының



бет12/39
Дата07.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#97209
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39
Байланысты:
Кітап қажетті

Бірінші ырғақ - беріліс – піспек ж.ө.н.‑ден т.ө.н. дейін қозғалады, мұнда цилиндр таза ауа үлесімен толтырылады. Индикаторлық диаграммада бірінші ырғаққа г-а сызығы сәйкес келеді.
Екінші ырғақсығымдау- піспек т.ө.н. ‑ден ж.ө.н. дейін қозғалады, яғни цилиндр көлемі азайып, температура мен қысым жоғарлайды. Сығымдау негізінен кіру клапандарының жабылуынан кейін жүреді. Диаграммада екінші ырғаққа а-с сызығы сәйкес келеді.
Үшінші ырғақжану және кеңею — піспек ж.ө.н.‑ден т.ө.н. дейін қозғалады. Ырғақтың басында цилиндрге түскен жанармай тұтанады және сығымдау ырғағының соңында екпінді жана бастайды. Жылудың үлкен мөлшерінің бөліну себебінен цилиндрде газдардың қысымы және температурасы тез жоғарлайды. Қысым әсерінен піспектің келесі қозғалысы және газдардың кеңеюімен пайдалы жұмыс жасалады. Сондықтан үшінші ырғақ жұмыстық жүріс деп аталады. Индикаторлық диаграммада үшінші ырғаққа с-z-b сызығы сәйкес.
Төртінші ырғақшығару — піспек т.ө.н. ‑ден ж.ө.н. дейін қозғалады және ашық шығару клапаны арқылы өңделген газдарды итеріп шығарады. Кіру клапаны секілді бөлу білігінен тартым алатын шығару клапаны т.ө.н. дейін ашылады (үшінші ырғақ соңында). Бұл жоғары қысымды газдың бір бөлігінің т.ө.н. дейін шығуына және піспек қозғалысының кедергісін азайтуға себебін тигізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет