Екі ырғақты қозғалтқыштың жұмыстық циклі иінді біліктің бір айналымында жүзеге асады, яғни 3600 .и.б.а. немесе піспектің екі жүрісінде(ырғақта). Егер төрт ырғақты қозғалтқыш циклге жұмсалған уақыттың тек жартысын ғана жылулық қозғалтқыш (сығымдау және кеңею ырғақтары) есебінде, ал қалған уақытын сорғы есебінде жұмыс істесе, екі ырғақты барлық уақытта жылулық қозғалтқыш есебінде жұмыс істейді.
Екі ырғақты қозғалтқышта цилиндрді жану өнімдерінен тазарту және таза ауа зарядымен толтыру (газ алмасу үрдісі) піспектің тек қана т.ө.н. жуық қозғалысында жүреді. Мұнда цилиндр өңделген газдардан алдын ала сығымдалған ауамен мәжбүрлеу жолымен тазартылады. Ауа бөлек агрегат болып табылатын жартылай қозғалтқыштың иінді білігінен, жартылай шығатын газдармен жұмыс істейтін газ шығырынан тартым алатын, бөлек агрегат болып табылатын компрессорда сығымдалады