Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет37/55
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#88658
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   55
Байланысты:
Ерғалиева Г.А. Өзін-өзі тану пәні (1)

 
– 
баланың 
ата-анасынан 
немесе 
ата-
бабаларынан қалған биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Ол екі 
түрге бөлінеді: жалпы адамзаттық (тік жүру, сана, ақыл, сезім 
мүшелерінің даму бейімділігі, шартсыз рефлекстер, нәсілдік және 
ұлттық белгілер) және даралық (жүйке жүйесінің түрі, анатомиялық-
физиологиялық бейімділіктер).
Жеке тұлғаның қалыптасуына қоршаған орта да әсер етеді, яғни 
адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи 
қалыптасқан жағдайлар. Оның екі түрі бар: макро және микро. 
Макроорта – адамға әлеуметтік-экономикалық ықпалдардың мол 
жиынтығы (өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар деңгейі, 
өмірдің қаржы жағдайлары, мәдениеттің даму деңгейі, бұқаралық 
ақпарат құралдары). Микроорта – адамның ең жақын қарым-қатынас 
ортасы. 
2. Тұлға деген түсінікті жеке адам деген түсінікпен шатастырмау 
керек. Жеке адам дегенімізді - ол әлеуметтік немесе биологиялық 
бірліктің жеке өкілі деп түсінеміз.
Тұлға дегеніміз ғылыми термин сөз. Жеке адамның қоғамның 
мүшесі ретінде саналы ісі мен қатынасының субъектісін тұлға деп 
түсінеміз. 
Педагог-ғалымдар бүгінгі таңдағы ілім жетістіктеріне сүйене 
отырып, қоғамның материалдық өмірі мен санасын дамытуда 
адамның атқаратын қызметінің рөлін анықтау үшін тұлғаны 
қалыптастыру объективті және заңды үрдіс екендігін көрсетеді.
Адамның тұлғасы оны қоршаған ортада белсенді ету үрдісінде 
қалыптасып, ашылатындығы ғылымда дәлелденген.
Психологиялық 
анықтама 
бойынша 
тұлға-қоғамдық 
қатынастардың жиынтығы делінген. Соңғы зерттеулерде тұлға 
ұғымына әр түрлі анықтамалар берілген. Белгілі психолог –ғалым 
Қ.Б. Жарықбаевтың еңбегінде: “”Жеке адам – тарихи әлеуметтік 
жағдайдың жемісі, ол әлеуметтік ортада /белгілі қоғамда, 
коллективте/ ғана қалыптасады. Орыс тіліндегі “личность” терминін 
соңғы кезде “кісі”, “Жеке тұлға” деп те алып жүр. Бұл анықтамаларда 
жаңа туған нәрестені адам деп атауға болады, бірақ ол әлі де болса 


87
жеке адам тұлға емес, себебі онда тәжірибе білім, іс-әрекет жоқ- 
ғалым өзінің ой-тұжырымын осылай деп пайымдаған.
Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз - ол өзіне тән мінез –
құлқындағы, 
іс 
әрекетіндегі, 
көзқарасындағы 
ерекшелігімен 
даралануы-деп көрсетеді профессор С.Қалиев. 
Жеке тұлғаның жан-жүйесі мен сана сезімінің дамуы, айналасы 
мен қоғамдық өмірге тәуелді. Осындай жағдайда оның дүниетанымы 
мен сенімі, арманы мен талғамы, кісілігі қалыптасады. Адам тұлға, 
кісі болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен шектелмей жалпы 
адамзатты сүю шарт”. 
Жеке тұлғаны қалыптастыру барысында оның өзіне тән 
ерекшелігін ескере отырып, көзқарасындағы даралықты анықтап, 
өмірде болып жатқан өзгерістерге, қоғамның дамуына немқұрайлы 
қарамайтын шын мәнінде өмірдегі өзін қоршаған адамдарға 
жанашырлықпен, сүйіспеншілікпен, жауапкершілікпен қарау рухани-
адамгершілік сезімін бойына сіңіру үлкен абыройлы іс. Осы орайда 
педагогика ғылымдарының докторы Ә. 
Мұқанбетжанова 
өзінің 
«Дүниенің 
ғылыми 
бейнесін 
қалыптастырудың 
теориялық-әдіснамалық 
негіздері» 

атты 
монографиясында: «… дүниені қабылдау, тану, сезіну адамның тек 
тұлға 
ретіндегі 
сана 
мүмкіндігі 
болып 
табылады»- 
деп 
тұжырымдайды. 
Әрі қарай өзінің монографиясында Ә.Мұқанбетжанова …”тұлға ” 
ұғымы тек қоғамдық қатынастар жүйесінде, адамның әлеуметтік рөлі 
туралы ғана айтуға болатын жағдайда емес, әрі оның даралығын 
сақтауда да мағынаға ие болады- деп тұлғаның өз бойындағы 
даралық қасиеттерінің өмірдегі маңызына тоқталады. Тұлға тек жай –
жеке тұлға ретінде ғана емес, ол - өзін-өзі тану арқылы рухани ішкі 
дүниесін байыту арқасында жан-жақты жетілгенде ғана дара, шын 
мәніне ие болатындығын көруге болады.
Тұлғаның негізгі даму ерекшеліктерін толықтай қарастыра келе,
А.В. Петровскийдің “Тұлға” ұғымына жасаған көзқарасын зерттеу 
негізіне алып бөліп көрсетуге болады:
1.
Тұлға - оның “жеке” дүниесінің мазмұнын құрайтын өзінің 
мотивтері мен ұмтылыстары жағынан, яғни тұлғалық 
мағыналарының ерекше жүйесімен, сыртқы әсерленуі мен ішкі 
толғаныстарын тәртіпке келтірудің жеке өзіндік тәсілдерімен 
сипатталуы мүмкін. 
2.
Тұлға – салыстырмалы тұрақты, сырттай байқалатын даралық, 
сипаттамалар, яғни субъектінің өзі туралы пікірлерінде , сол 


88
сияқты ол туралы басқа адамдар пікірінде сақталатын белгілер 
жүйесі ретінде қарастырылады. 
3.
Тұлға- субъектінің қайраткерлік -әрекеттік “мені” ретінде 
бастапқы жоспарынан тыс оның мінез-құлқын тәртіпке 
келтіретін жоспарлар, бағыттар, мағыналық құрылымдар 
жүйесі ретінде сипатталады. 
4.
Тұлға- даралану субъектісі, яғни индивидтің басқа адамдарда 
өзгеріс тудыратын қасиеттері мен қабілеттері ретінде 
қарастырылады.
Тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарының қалыптасу 
жолын өзін-өзі түсіну мен өзін-өзі тану үрдістерінен бөліп-жарып 
қарауға болмайды. “Адам жаны өзін-өзі тек өз іс-әрекеттері үстінде 
ғана тани алады, оның өзі туралы білімі, сыртқы табиғат 
құбылыстары туралы білік секілді, қадағалаудан құралады”, - деп 
жазды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет