Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет35/55
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#88658
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   55
Байланысты:
Ерғалиева Г.А. Өзін-өзі тану пәні (1)

 
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар 
1. Рухани құндылықтар ұғымына түсінік беріңіз?.
2. Рухани келісім. Үйлесімділік әлем тұғырын қалай түсінесіз?.
3. Дін және оның даму тарихын сипаттаңыз?. 
4.
 
Әлемдік діндерге сипаттама беріңіз олардың ерекшеліктері неде? 
5. Секталар ұғымын қалай түсінесіз? 
 
 
 
 
 


84
№10 Дәріс 
 
Тақырыбы: Тұлға қалыптасуындағы өзін-өзі танудың ролі.
 
Мақсаты:
Тұлға бойындағы биік сезім, адами қасиеттердің 
қалыптасуына негіз салу.
 
Тірек ұғымдар:
“тұлға”, “даму”, “өсу” “тұлғалық қасиет”, 
“сапа”, т.б. 
 
 
Жоспар. 
1. Тұлға ұғымына түсінік.
2. Тұлға дамуы мен қалыптасуына өзін-өзі танудың ролі.
1. Тұлға

1) дербес әрекет жасайтын субъект ретіндегі нақты 
жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның 
қоғамдық өмірінің дара нысаны. тұлғаның мәні нақты индивидтің 
өзіндік ерекшелігінде, оның әлеуметтік жүйе шеңберіндегі өзімен-өзі 
болу қабілетінде ашылады; 
2) адамдар арасындағы өзінің ұстаным-орнын еркін және 
жауапкершілікпен анықтайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам. 
Қоршаған ортамен, қоғамдық және адами қарым-қатынастар 
жүйесімен, мәдениетпен өзара әрекеттестікте қалыптасады. Адам 
әлеуметтену процесінде тұлғаға айналады. 
Индивид (лат. individuum – бөлінбейтін) – 1) жекелей табиғи 
тіршілік иесі. Homo sapiens түрінің өкілі филогенездік және 
онтогенездік 
дамудың, 
туа 
біткен 
және 
жүре 
біткеннің 
біртұтастығының өнімі, тән сипатты даралық белгілердің иесі 
ретіндегі адам; 2) адамзат қауымдастығының жеке бір өкілі; табиғи 
шектелу 
шеңберінен 
асып 
шыққан, 
құралдарды, 
белгілерді 
пайдаланатын және осылар арқылы өзінің мінез-құлқы мен 
психикалық процестерді меңгеретін әлеуметтік тіршілік иесі. 
Индивидтің сипаттамалары: 
-
психофизиологиялық ұйымдасуының тұтастығы; 
-
қоршаған 
ортамен 
өзара 
әрекетестіктегі 
орнықты 
тұрақтылығы; 
-
белсенділігі. 
Тұтастық белгісі индивидтің өмірлік қатынастарын жүзеге 
асыратын сан алуан функциялар мен механизмдер арасындағы 
байланыстардың жүйелі сипатын көрсетеді. Тұрақтылық индивидтің 


85
шындық болмысқа деген негізгі қатынастарының сақталуын 
анықтайды. сонымен қатар, икемділік, вариативтілік жайттарының 
болуын көздейді. Белсенділігі оның өзін өзгертуге қабілеттілігін 
қамтамасыз етеді. 
Жеке тұлғалық (индивидуальность)
 
– 1) жеке адамның 
қайталанбас, өзіндік ерекшелігі, тек соған тән ерекшеліктердің 
жиынтығы; 
2) 
басқа 
адамдардан 
өзінің 
әлеуметтік 
мәнді 
ерекшеліктері тарапынан сипатталатын адам; индивидтің психикасы 
мен тұлғасының өзіндік ерекшелігі, оның қайталанбастығы. Жеке 
тұлғалық темперамент, мінез белгілерінде, мүдделер сипатында, 
перцептивтік процестер мен зият санасында, қажеттіліктері мен 
қабілеттерінде көрінеді. 
Тәрбиенің негізгі мақсаты – қалыптасып келе жатқан жеке 
тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан-жақты үйлесімді 
дамуы. Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп 
ғасырлық тарихы бар. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның 
дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік факторлар да 
әсер етеді деп есептеген.
Адам - өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі, 
сондықтан да табиғат заңдары оның дамуына әсер етеді. Адам 
табиғатының өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының 
әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық жағынан емес
сонымен қатар, тарихи даму нәтижесінде де пайда болады. Адамның 
жалпы дамуында, осылайша, негізгі екі бағыт байқалады: 
биологиялық және әлеуметтік. Адам биологиялық тіршілік иесі 
болып туады, алайда өз дамуы барысында ол әлеуметтік тіршілік 
иесіне айналады. 
2. Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасатын 
болғандықтан, жеке тұлғаның «дамуы» мен «қалыптасуы» ұғымдары 
қолданылады. Даму табиғатқа, қоғамға, жеке тұлғаға тән жалпы 
қасиет болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет