133
адамгершілікке, ізгілікке, мейірімділікке, өзін-өзі тану, өзін-өзі
тәрбиелеу мазмұны мен өзіндік ерекшеліктері, ұйымдастыру
бағыттарын әлі де болса талдап, нақтылау қажеттілігі туындап отыр.
Өзін-өзі тәрбиелеу – қалыптасқан идеалдар мен сенімдерге
мойындалып қойылған мақсаттарға сәйкес жекелік өзгеріске
бағытталған адам әрекеті. Өзін-өзі тәрбиелеу адамның даму кезеңін,
санасын анықтайды, өз қылықтары мен өзгелердің қылықтарын
салыстыра отырып қорытынды шығара алатындығын болжайды.
Адамның
өзінің
әлеуеттік
мүмкіндігіне
қатынасы,
өзінің
кемшіліктерін көре білуі адамның есейгендігін көрсетеді және өзін-
өзі тәрбиелеу орталығының дәнекері болады.
Қазіргі қоғамдағы белсенді өмір сүрудегі жеке тұлғаның
тәрбиесін ең алдымен әрбір тұлғаның өз-өзіне деген үлкен талап қоя
білуі өз ісіне жауапкершілікпен қарауы, сонымен қатар бойындағы
ізгі қасиеттерді дамытудағы саналы іс-әрекетін Л.И. Рубинский,
А.И.Кочетков, А.К.Громцева, М.А.Донцев, М.Ш.Сагаутдинова т.б.
ғалымдардың зерттеулерінен көруге болады. Өзін-өзі тәрбиелеу
мәселесін әр түрлі қырынан қарастыра отырып Л.И. Рубинский өзін-
өзі тәрбиелеуді “адамның өзін-өзі өзгерту мақсатындағы іс-әрекеті”
деп көрсетеді. А.И. Кочетков өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін тек жеке
бастың
қызығушылығынан
емес,
қоғамдық
талаптардан
да
туындайды деп таниды.
Зерттеу өзін-өзі тәрбиелеудің өзін-өзі тану, өзін-өзі ұмтылдыру,
өзін-өзі өзектілеу әдістері арқылы жүзеге асырылды.
Тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарының қалыптасу
жолын өзін-өзі түсіну мен өзін-өзі тану үрдістерінен бөліп-жарып
қарауға болмайды. Өзін-өзі тану ұғымына психологиялық тұрғыда
“Адам жаны өзін-өзі тек өз іс-әрекеттері үстінде ғана тани алады,
оның өзі туралы білімі, сыртқы табиғат құбылыстары туралы білік
секілді, қадағалаудан құралады”- деп келесі тұрғыда түсініктеме
беріледі.
Сонымен,
Достарыңызбен бөлісу: