Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет51/55
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#88658
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Байланысты:
Ерғалиева Г.А. Өзін-өзі тану пәні (1)

рухани-адамгершілік 
құндылықтар 
негізінде 
студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуі дегеніміз - тұлғаның өзін-өзі 
жетілдіруі, өз мүмкіндіктерін толығымен пайдалана алуы,
рухани 
тазаруы, 
өркениеттің 
мыңдаған 
жылдар 
бойы 
жинақтаған адамгершілік құндылықтарына өздігінен тартылуы
.
2. Жан-жақты жетілген студент тұлғасы өзіне деген жоғары 
талаптарымен, оның ішкі өзін-өзі бақылауымен ерекшелінеді. 
Тұлғаның өзін-өзі бақылай, бағалай, түзей және өзін-өзі ұстай алуы – 
биік мәдениет пен жетік парасатылықтың көөрсеткіші өзін-өзі 


134
бақылаудың көмегімен нақтылы мінез-құлықтың, қарым-қатынастың, 
іс-әрекеттің өз мақсаттарына сәйкестігі әркез сарапталып отырды. 
Тұтастай алғанда көптеген авторлардың пікірі бойынша, 
тұлғаның өзін-өзі тануы – студенттің өзін-өзі тәрбиелеуінің, өз 
білімін жетілдіру мен өз тұлғасының өсіп-жетілуінің қажетті шарты 
Декарттың дәлелдеуіне сүйенсек, өзін-өзі танудан өткен жемісті 
жұмыс жоқ, бірақ бұл үшін көрегендік пен ержүректік қажет,. “Өзін-
өзі адам ретінде зерттеп – білмеген адам өзге адамдарды да терең 
зерттей алмақ емес”. 
Студенттердің педагогикалық қызметінің табыстылығы әркез 
олардың өзін-өзі көтеріңкі бағалауымен, өзі туралы ұғымдарындағы 
бұлыңғырлықтың, түсініксіздіктің жоқтығымен және олардың 
бейімделуге деген жоғарғы қабілеттілігімен ұштасып, сабақтасып 
жатады. Бұл тұлғаның өзін-өзі бағалау қызыметінің қажеттілігін 
дәлелдеді. Өзін-өзі бағалау әрбір тұлғаға өз тиімді стилін тауып, оны 
дамытуға мүмкіндік береді.
Д. Доуэрти және К.Паркер студенттердің өзін-өзі бағалауы 
олардың экстраверттілігі мен нейротизміне тәуелді екендігін 
анықтады. Студенттердің өздерін қоршаған ортасы олардың көбінесе 
интроверттікке бейімделуіне ықпал етеді, ал интраверттердің 
экстраверттерге қарағанда өзін-өзі бағалау шамасы төмендеу, 
қалыпты эмоциялық деңгейдегі студенттен нейротизмнің жоғары 
деңгейіндегі студенттің өзін-өзі бағалауы жоғарырақ. 
Болашақ педагог өміріндегі өзін-өзі көтеріңкі бағалаудың маңызы 
туралы А. Комбс, М. Розенберг, Р. Бернс және т.б. еңбектінде 
келтіріледі. 
Тұлғаның өзін позитивтік тұрғыдан қабылдауы оның қызметінің 
тиімділігінің маңызды факторларының бірі ретінде тұлғаның 
көтеріңкі “Менінің” дамуына әсер етеді. Өзіндік “Менмен” мен 
тиімді оқыту арасында айқын байланыс бар. Тиімді оқытудың 
қажетті шарттарының бірі- тұлғаның өзінің жеке және өз біліктілігіне 
деген сенімділік деңгейі. Сынып ішінде өзін сенімді сезіне отырып 
студент өз кемшіліктері мен оқушылардың кемшіліктерін оңай, тез 
ұғынады. “Өзінің бойында әділдік, шынайылық, өз тұлғасының 
құндылығы сезімі бар және оқушыларға позитивтік көзқараспен 
қарауға әзір тұлға оқушылардың өзін-өзі түсінуі мен олардың 
тұлғалық қалыптасуына тиімді ықпал ете алады, оларды өзіне сенуге 
үйретеді, құндықтарды жеңіп, оқудағы өз мүмкіндіктерін толықтай 
қолдауға үйретеді. Алайда түрлі зерттеулердің нәтижелері /Бернс/” 


135
тұлғаның мұндай маңызды қасиеттерінің даму деңгейі төмендігін 
көрсетті. 
Адам өзін-өзі тануға талаптанбаса, оның қолынан өзге адамдарды 
танып түсіну және оларға нақты көмектесе алу келмейді. Қоғадық 
дамудың өзге адамдармен қарым-қатынасқа түсетін әрбір адам өзін-
өзі тануын тереңдетуі шарт, бірақ Джерсиидтің байқауынша, бұған
жеткілікті мөлшердегі жүректілік қажет, өз рефлексиясының 
нәтижелері қандай болса да, оларды әділ түрде қабылдауға мүмкіндік 
берерлік белгілі мөлшердегі объективтілік қажет.
Студент тұлғасының өзін-өзі тануы білім беру жүйесінде жетекші 
мақсаттардың бірі дәрежесін алуы қажет. Студенттің “Менін” 
позитивтік өзгерту қазіргі таңда педагогика мен психологияға деген 
гуманистік көзқарастың бірден-бір маңызды саласы, оқыту мен 
тәрбиелеу ісіне қатысы бар әр адамның өзін-өзі адамгершілік рухани 
дамытуын қамтамасыз ететін басты құралы. Болашақ маманның өзін-
өзі дамыту қағидаларын меңгеруі қажет, әйтпесе ол өзгелерге бұл 
процесте қажетті көмек бере алмайды.
Оқытудың тиімділігі тұлғаның психикалық дүниесінің жалпы 
үйлесімділігіне, 
әсіресе 
оның 
“Менінің” 
көтеріңкілігіне, 
позитивтілігіне тәуелді. Сондықтан студенттің тұлғалық дамуының 
сипаты мен өз бойындағы адамгершілік рухани құндылықтарының 
мән-маңызы оның академиялық жетістіктерінің маңызынан кем емес. 
Сөйтіп, 
педагогикалық 
жоғары 
оқу 
орындарының 
бағдарламаларындағы өзін-өзі тану мен өзгелерді түсінудің алар 
орнын, маңызын айтып жеткізу мүмкін емес, себебі “болашақ маман 
алдымен біреуді, сонан-соң бір нәрсеге оқытады”. 
Өзін-өзі дамыту тұлғаны өзгеден дараландыратын басты 
ерекшелік. Дүниені өзінше түсіну, сезіну адамдарды өзгелерден 
ерекшелендіреді. Осыдан туындайтын тәрбиенің мақсаты – студент 
өзінің даралық сипатын дамытып, бойындағы ерекшелігін өзгеге 
көрсетуі және оны басқаға үйрете білуі керек. Болашақ ұстаздарды өз 
бойындағы өз даралығына сенуге баулу, олардың қайталанбас 
даралық сипатына құрмет білдіру, осы қасиеттерді студенттің 
санасында орнықтыруы оқытушының бірден-бір мақсаты болуы тиіс. 
Сонда ғана оқытушы өз міндетін біршама орындап шығады. Студент 
өзінің даралық сипатын түсінуі арқылы өзін-өзі танып білуге, өзін-өзі 
дамытуға, шығармашылыққа, жағымды қарым-қатынас орнатуға жол 
ашады. Болашақ ұстаздар әрдайым өз қабілеті, жетістігі туралы 
ойлауы тиіс. 


136


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет