Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет49/55
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#88658
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   55
Байланысты:
Ерғалиева Г.А. Өзін-өзі тану пәні (1)

 
 
Жоспар. 
1. Өзін-өзі тану адамгершілікті өрбітеді.
2. Биік құндылықты таңдау жолы.
3. Өзін-өзі тану моделі.


131
1. Студенттің рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде өзін-
өзі тәрбиелеу үрдісін қолдаушылар (Ш. Амонашвили, Унадзе, В.В. 
Краевский, С.Назарбаева, Х.Г. Шерьязданова, З.Б. Мадалиева, т.б.) 
олардың бойында төмендегі қасиеттер мен сапалардың пайда 
болуына ықпал ететіндігін айқындайды: 
- жаңашылдық, шығармашылық, еңбекқорлық; 
- интелектуальдық сипаты: ой биіктігі мен тіл байлығы, 
логикалық өріс-өресі, терең танымдық, өзін-өзі сыни ойлау қабілеті; 
- ашықтық, сабырлылық, табандылық, мейірбандық; 
- өз көзқарасының сипаты: ізгіліктік, сүйіспеншілік, талап қоя 
алушылық, көмек көрсетуге даярлық; 
- болашаққа көзқарас сипаттары: өз біліміне, тәжірибесіне, 
білігіне, адамгершілік қасиетіне сыни көзқарас, өзінің адами даму 
сапасына жоғары талап қоя білу, жауапкершілік, өзін-өзі дамытуға, 
өздігінен білім алуға қажеттілігінің болуы; 
- өз мамандығы бойынша студенттер өздерінен адамгершілікке 
жатпайтын олқылықтарды зерттеп, түзетудің жолын табуға 
ұмтылуы; --студенттердің моральдық жігерлік сапасы; 
- рухани-адамгершілік тәрбиені алу мақсатына талпыныс; 
- өзін-өзі бағалау және сыни тұрғыдан өзін түзетуге талпынысы; 
- өз-өзіне шынайы әділ баға беруге ұмтылысы; 
- өз қылықтарын саралап ақылға жеңдіру нәтижесінде адами 
қасиеттерді дамытуға ұмтылыс жасау. 
Адамгершілік эмоциялық сапалар: нақтылық, өзге жанын 
түсінуге ыңғайлылық, шыдымдылық, бірбеткейлік, қуатты, ізетті, 
намысшылдық. 
Әлемге деген көзқарастар сапасы: барлық дүниені сүйе білу, 
патриотизм, ізгілік.
Тұлғаның өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау, оның өзіндік “Менін” 
анықтау мәселесі А.Комбс, М.Розенберг, С. Мецер, Ф. Куолтер, К. 
Паркер, Т. Кейт, Р. Бернс, Харрис және т. б. ғалымдардың 
еңбектерінде орын алған.
Өзін-өзі тану, біздің түсінігімізше, ең алдымен адамның жалпы 
тануының бір ерекше түрі объектісі таным субъектісінің өзі болатын 
танымдық іс-әрекет. Өзін-өзі танудың 
мақсаты 
– адамның өзі туралы 
өзінің іс-әрекет субъектісі ретіндегі –шынайы мағлұмат алуы. Бұл 
жерде танымның объектісі мен субъектісі – бір ұғым, бір құбылыс, 
өзін-өзі тануды танымдық іс-әрекет ретінде қарастыра келе, біз оның 
тиімділігі көп жағдайда жеке тұлғаның өзінің белсенділігіне, оның 
белсенділігінің 
өзін-өзі 
тану 
үрдісіне 
қаншалықты 


132
бағытталғандығына тәуелділігін атап көрсеткіміз келеді. Бұдан өзге, 
қандай да болмасын іс-әрекет секілді, өзін-өзі тануда да көптеген 
танымдық іс-әрекет пен операциялар арқылы жүзеге асады. Олардың 
ішіндегі ең негізгілері- сараптау, жинақтау, салыстыру, сәйкестендіру 
және бағалау операциялары. Өзін-өзі тану, сонымен қатар, сыртқы 
ортаны тану арқылы да әсіресе, яғни, сезім, қабылдау, өзін-өзі 
қадағалау, ойлау секілді үрдістерді тану арқылы да іске асады. Өзін-
өзі танудың негізгі бастаулары – іс-әрекет және қарым-қатынас. Өзін-
өзі тану үрдісінде адамның іс-әрекет субъектісі ретіндегі өзі туралы 
бітімі қалыптасады, тұлғаның ішкі мүмкіндіктерінің шекарасы 
ашылып, оның өзін-өзі бағалауының әділдігі сарапқа түседі, 
сараланады.
Қарым-қатынас үрдісінде өзін өзге адамдармен салыстыру іске 
асады, өзіне өзге адамдардың берер бағасы пайымдалады. Бірінші 
кезекте әлеуметтік сынға жиірек түсетін және іс-әрекеттің 
табыстылығын анықтайтын қабілеттер мен қасиеттер саласына 
түседі. 
Сонымен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет