№2 Дәріс
Тақырыбы: Өзін-өзі тану адам тану туралы ғылымдар жүйесінде.
Мақсаты:
өзін-өзі тану пәнінің ұғымдық аппараты туралы ұғым
беру; өзін-өзі тану пәнінің басқа ғылымдалмен байланысын көрсету.
Тірек
ұғымдар:
өзін-өзі
тану
пәнінің
категориялары,
категориялық аппарат, ұғым, адамгершілік тәрбие, адами қасиеттерге
тәрбиелеу, оқыту, жүйе.
Жоспар.
1. Өзін-өзі тану пәнінің ұғымдық аппараты.
2. Өзін-өзі тану адам тану туралы ғылымдар жүйесінде.
1. Өзін-өзі тану пәнін және оның зерттейтін салаларын толық
түсіну үшін ең алдымен негізгі өзін-өзі тану ұғымдарын
қарастырайық:
Өзін-өзі тану пәнінің болмыс ұғымдарына тәрбие, үйрету, оқыту
жатады.
Ұғымдар
- объективтік құбылыстарды, қасиеттерді және
қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы. Өзін-өзі тану арқылы
тұлғаның өзіндік дамуына, білімдік және танымдық әрекеттеріне
ықпал ету, өзара адамгершілік құндылықтары мен өзіндік бағдарын
таңдауға мүмкіндік жасалу идеялары алынатындығы белгілі болды.
Өзін-өзі тану ұғымдары: Елімізде 2002 жылы шыққан
«Педагогика және психология» саласының түсіндірме сөздігінде
«Өзін-өзі тану» ұғымына төмендегідей түсінік берілген: «Өзін-өзі
тану» - өзін-өзі бағалау секілді интероспекциядан маңызды
өзекшелігі
бар
/өзін-өзі
бақылау
әдісі
секілді,
психиканы
субъективтілік тұрғыдан танып білу/: 1/ интроспекцияның әдеттегі
актілеріне қарағанда бұл процестер әлдеқайда күрделі және ұзағырақ,
14
жинақталған және өңделген өзін-өзі бақылау мәліметтері бұларға тек
бастапқы материал ретінде ғана енеді; 2/ адам өзі жайлы мәліметтерді
өзін-өзі бақылау арқылы ғана емес, сондай-ақ сыртқы бастау-көздер -
өз әрекеттерінің объективті нәтижелері, өзге адамдармен қарым-
қатынасы арқылы да алады» .
Өзін-өзі тану ұғымдары арқылы адамның ішкі дүние
танымындағы құбылыстарды, олардың өзара байланысын көреміз.
Өзін-өзі тануда «өзін-өзі тану», «өзін-өзі өзектілеу», «өзін-өзі
жетілдіру», «өзін-өзі тәрбиелеу» «өзін-өзі басқару», «даму» және
«қалыптасу» «саналы пайымдау», «өзінді талдау» сияқты ұғымдар да
кездеседі. Педагогика ұғымдарының бірі - өзін-өзі тәрбиелеу. Өзін-өзі
тәрбиелеу – жеке тұлға болып қалыптасудың негізгі маңызды бөлігі.
Оның нәтижесі қоғамдық талаптарға адамның өзіндік жауап
қайтаруы, яғни реакциясы арқылы көрінеді. Өзін-өзі тәрбиелеу – ол
моральдық және этикалық нормалардың қалыптасуы және олардың
әдетке айналуы.
Өзін-өзі тәрбиелеу – адамды дамытуға арналған тәрбие үрдісі.
Кез-келген тәрбие жүйесінде адам өзін әлеуметтік тұлға ретінде
сезініп, қоғаммен және табиғатпен біртұтас тіршілік етеді. Өзін-өзі
тәрбиелемей жеке тұлға қалыптаспайды. Өзін-өзі тәрбиелеу
барысында адам өз білімін дамытады. Өздігінен білім алу – мәдени
мұраны игерудің өзіндік жүйесін жасау, өзін дамытушы жүйе құру.
Өздігінен білім алу білімді дамытушы қозғаушы күш болып
табылады. Өздігінен оқу- адамзат тәжірибесін өзінің ынтасымен, өзі
таңдаған әдіспен игеру үрдісі. Осы өздігінен білім, тәрбие алу, оқу
адамның ішкі жан-дүниесінің қажеттілігінен туындап, өздігінен
дамуға өзін-өзі жетілдіруге тұлғаны бағыттайды.
Өзін-өзі оқытуды оқу орындарының оқу бағдарламасы мен оқу
жоспарынан тыс қоғамдық және өзіндік қажеттіліктер негізінде
жүйелі және белгілі бір мақсатқа құрылған жеке тұлғаның танымдық
іс-әрекеті деп тануға болады. Өзін-өзі оқыту – жалпы және кәсіби
білімнің үздіксіз жалғасы, өйткені білімнің жан-жақты болып
кеңеюіне және адамның рухани баюының жетілуіне септігін тигізеді.
Сонымен қатар интеллектуальдық арсеналының үнемі жаңалануына,
кәсіби шеберлігінің шыңдалуына әсер етеді.
Өзін-өзі тануды өзін-өзі тәрбиелеуден ажыратып қарауға
болмайды. Ол педагогиканың негізігі бөлігі ретінде қарастырылады
және ол берілген тәрбиенің қорытындысы. Ол жалпы жеке тұлғаның
рухани даму үрдісінде де байқалады. Өзін-өзі тану түсінігінен жалпы
мәдени дамуды да бөліп қарастырмаймыз. Өзін-өзі оқыту мәселесінде
15
теориялық материалдарға анализ жасау және өзін-өзі тәрбиелеу
барысында анықталғаны жоғары курс студенттерінің көбінесе өзін-
өзі басқару тәртібі сәйкес келсе, ал қалған пайызы өз-өзімен жалпы
жүйесіз жұмыс жасайды. Сонымен бірге өз-өзімен жүйелі жұмыс
жасау қатары университет ішіндегі студенттердің бойында күннен
күнге сиреп барады. Оның себебі, студенттер өзін-өзі басқару
үрдісіне даярланғанымен, оның әдіс-тәсілдері үйретілмейді. Егер
мұғалім мектеп оқушыларының өзін-өзі тәрбиелеуіне басшылық
жасауда қиындықтар сезінсе, онда оның өзі де өзін-өзі дамытуды
дұрыс біле бермейді. Мұның себебі, педагогикалық курстарда өзін-
өзі тәрбиелеу мәселесі бойынша дәріс өте аз оқылады, ал
практикалық-тәжірибелік
сабақтар
дұрыс
жүргізілмейді.
Осы
тұрғыдан студенттердің өзіне өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі тануға
қатысты тәжірибе аз екенін ескерген жөн.
Тәрбие - қоғамның негізгі жеке адамды мақсатты жүйелі
қалыптастыру принципі болып табылады. Тәрбие жайында осы
уақытқа дейін әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді.
Тәрбиені ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы деп
түсіңдірушілерде бар. Бұл жағдайда бала пассивті обьект түріңде
қарастырылады. Ол субъекті бола алмайды, яғни, өздігінен ойланып,
белсенді іс - әрекет жасау рөлін атқармайды.
Студенттердің өзін-өзі тану және өздігінен оқу, өзін-өзі
тәрбиелеуді қалыптастыру өзінің жеке даму жолында пайдалану үшін
мыналарды білуі қажет:
1)
Осы үрдісті басқару принциптерін;
2)
Оның негізгі салаларын;
3)
Өзін-өзі тану мен өзін-өзі тәрбиелеудің әдістері мен
тәсілдерін.
Студенттерді өз таңдаған жолында даярлауда өзін-өзі оқыту мен
өзін-өзі тәрбиелеу, оқытудың ролі мен мәнін студенттерге жеткізу;
ақпараттандыру (педагогикалық-психологиялық білім беру); Оларды
өзін-өзі жетілдіруде бағытталған іскерлікпен және дағдымен
қаруландыру;
өзін-өзі
тану
мен
тәрбиелеудің
жолдарын
қалыптастыру;
студенттердің
өзін-өзі
тану
мен
тәрбиелеу
барысындағы жұмыстарын ынталандыру, қанағаттандыру.
2. Студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтарын өзін-өзі
тану негізінде қалыптастыруда «тұлға» ұғымына тоқталмай айналып
кету мүмкін емес. Себебі, рухани-адамгершілік құндылықтарды,
тұлғаның өзін-өзі тануы арқылы қарастырғалы отырмыз. Сол
себептен «Тұлға» ұғымына тоқталуымыз керек.
16
Бүгінгі күнге дейін тұлға теориясының ортақ пікірі жасалған жоқ.
Тұлға қоғамда өз орны мен ролін жеткілікті мойындайтын саналы
әрекетпен айналысатын даралық қасиеттерге ие жеке адам.
Бостандық, ақыл-парасат, қозғалысты өмір салты, индивидуализм
және кәсіпкерлік рух – қалыптасу үстіндегі тұлғаның басты
көрсеткіштері. Тарихшылардың пікірінше, “индивидуальдық” сөзінің
өзі “тұлға” ұғымы ретінде бұдан 200-300 жыл бұрын, яғни
ағартушылық дәуірінде пайда болған.
Адамдардың мінез-құлқы, ішкі жандүниесі, бар нәрсені
қабылдауы, түсінігі әртүрлі болады. Бірақ бұл қасиеттерінің өзін
адамгершілік тұрғысында, қоғамдық қатынастарда өз ерекшеліктерін
басқалардың бойындағы қасиеттерімен салыстырып, өзгелерді тани
білуінде, өзінің артықшылығын сана-сезім өлшемімен бағалай білуде
тұлғаға тән болмысты аңғарамыз. Қазақстанның өркениетті елдер
қатарында болып, өсіп-өркендеуі үшін жан-жақты, үйлесімді білім
беретін мектептің болуы сонымен қатар бұл мектептерде өзін-өзі
тани білетін табанды тұлға тәрбиелейтін ұстаздар қауымын даярлауда
қазіргі таңда үлкен жауапкершілікпен қараудың қажеттілігіне
байланысты қазіргі уақытта көптеген ғалымдар тың құнды пікірлерді
жиі айтып отыр.
“Қазір қоғам адам болмысындағы мейірім, шапағат, төзім,
махаббат… сияқты құндылықтардың жаңғыруына зәру болып отыр”.
Адамдарға сенім арту және оларды сүйе білу, олардың сыртынан
ғайбат сөйлемеу, олар туралы жағымсыз танымына, тұлға мен
ортаның
дамуы
көзқарасы
мен
қарым-қатынасына
тікелей
байланысты болып отыр. Адам өз бойындағы қараулықты,
жалқаулықты, масаттануды, ашкөздікті, үрейді, екіжүзділікті,
менмендікті жеңе білудің жолы ол адамның өзін-өзі тануы болып
табылады.
Тұлғалық өзін-өзі тану бағыттарын саралау оның ішкі дүниесіне
өзінің үңіліп, болашаққа берік сеніммен, биік адамгершілік тұрғыдан
дайындалуына негіз болады. Бұл тұрғыда Ә.Мұқанбетжанова
“Тұлғаны дамыту-өзекті мәселе” – атты, Қазақстан мектебі
журналында жарық көрген мақаласында Ш. Амонашвилидің тұлға
туралы айтқан ой пікірін келтіреді: “… тұлға өз-өзімен күресте
болады, өзін-өзі тану және өзін-өзі анықтау үрдісінде туады, тәрбие
және оқыту тұлғаның тұрақтану жолына бағытталады, сол жолда
жеңіске жету үшін көмек беруге тиіс…” – деп келтіреді. Сөйтіп,
студент тұлғасының бойында рухани-адамгершілік құндылықтардың
17
қалыптасуы тұлғаның өзін-өзі тануына бағытталуы оның ең тиімді
құрылымы бар өзіндік даму жүйесінің болуын қажет етеді.
Осы орайда студенттің өзін-өзі тануы мен өзін-өзі түсінуінің
қалыптасуын зерттейтін салалар тұлғаның біліктілігін көтеру мен
оларды өмірге даярлау сапасын көтерудің тың көкжиектерін ашады.
Себебі психикалық өмірдің бұл жағын қалыптастыру тұлғаның еңбек,
қарым-қатынас және таным субъектісі ретіндегі адамгершілік
тұрғыдан жетілуінің алғы шарты болып саналады. Өзін-өзі танудың
тағы бір қырын жеке тұлғаның белгілі бір іс-әрекетке бағыттаушы,
бағдарлаушы ролін арнайы зерттеу ісін Ю.Н. Кулюткин, Г.С.
Сухобская, В.Д. Шадринов және т.б. бастады. Болашақ маман ретінде
өзін-өзі осы жолға бағыттап отырған студенттердің өзін-өзі тану
дегеніміз нақты осы жолдағы оқу түрінің шарттары мен талаптарын,
сонымен қатар болашақ мамандық иесінің мінез–құлық пен
қатынастарының белгілі үлгісін қабылдау мен ұғынуды ғана емес,
таңдап алынған әлеуметтік қарым-қатынастар саласындағы тұлғаның
өзінің ролін, міндеттері мен мүмкіндіктерін тану мен пайымдауды
білдіреді. Бұл процесс тұлғаның өзін іс-әрекет субъектісі ретіндегі
тану үрдісіне негізделген. Қазіргі заманғы психология ғылымында
өзін-өзі тану мәселесі одан ауқымы кеңірек ұғым-тұлғаның өзіндік
сана /өзін-өзі түсіну, самосознание/ ұғымымен берік байланыста
қарастырылады.
Өзіндік сана мәселесін зерттеудің педагогикалық-психологиялық
аспектісі өзіндік сананың /өзін-өзі түсінудің/ адам психикасының
ерекше бір процесі ретіндегі табиғатын анықтау болып табылады.
Бұл процесс жеке тұлғаның өзін-өзі тану мен өзіне деген
эмоционалдық құндылық қатынасы негізінде іс-әрекет пен тіршілік
әрекеттері санасындағы өзін-өзі ұйымдастыруына бағытталады.
Өзін-өзі түсінуді меңгерген тұлғаның өзінің не істеп, не қойғанын
түсінуге, саналы түрде өндірістік міндеттерді алға қойып, оларды
шешуге, өз іс-әрекеттерін жоспарлап, міндеттемелерді орындауға, өз
сәтсіздіктерінің себептерін саралауға, өз іс-әрекеттеріне түзетулер
енгізуге қабілетті.
Өзін-өзі түсіну – тұлғаның өзін-өзі билеп, өз тағдырын өзі
шешудің белгілі деңгейі. Өз өмір сүріп отырған ортада өз жүрер
жолын анықтаған тұлға - өзінің өмірлік мақсаттарын, өз потенциалын
толық пайдаланумен байланысты жоспарларын, өз қалауларын, өзінің
тұлғалық және физикалық қасиеттерін, өз мүмкіншіліктерін,
қабілеттерін, таланттарын, сондай-ақ, өзі таңдаған осы оқу орнының
18
ортасында өзінің білім игеруіндегі әзірлік шама – шарқын ұғынатын
тұлғаны қалыптастыру.
Осы студент тұлғасы ретінде ішкі өсумен қатар, өзін-өзі түсіну де
өзгереді. Ол игеруге талпынған мамандық түрінің жаңа белгілерінің
іске қосылуының арқасында кеңейеді. Студенттердің өзін-өзі
түсінудің құрамындағы маңызды компоненттерінің бірі-сол тұрғыда
өзін-өзі тану. Ол белсенді танымдық іс-әрекеттің нәтижесі, танушы
сана. Алайда танушы сананың дүниеге келуі сана дамуының белгілі
деңгейін талап етеді, сонымен қатар ол өзінің мақсатын қамтамасыз
ететін нақты жағдайларды талап етеді. Ең алдымен, тұлға өзін таным
объектісі ретінде бөліп қарастыруы қажет, сонымен қатар осы
мақсатта өзінің бар ішкі мүмкішіліктерін пайдалана білуі шарт.
Қалыпты психикалық денсаулығы өз деңгейіндегі адам өзі мен өз іс-
әрекеттерін танып-ұға алады, бірақ бұл таным процесі сыртқы
сабақтаса жүретін ықпалдарға да тәуелді болады. Жалпы,
авторлардың көпшілігі өзін-өзі түсінудің дамуы мен қалыптасуы
арнайы зерттеуді қажет ететіндігін атап көрсетеді, алайда көп
жағдайда ол стихиялы түрде өрбиді. Өмірдің жан-жақты, алуан түрлі
құбылыстарының кез-келген тұрмыс-тіршілік ортада өзі туралы
ұғымдарының өсу процесін толықтай белгілі бір қалыпқа келтіруге
жол бермеуі-табиғи нәрсе. Бірақ бұл процестің тиімділігін арттыруға
деген қажеттілік әркез студенттің бойынан сезіледі. Сондықтан
тұлғаның танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру оны дамытудың
педагогикалық қағидаларын бұлжытпай орындау ұтымды нәтижелер
беруі мүмкін.
Қазіргі өзін-өзі тану мәселелері тұлғаның перцевтивтік-
коммуникативтік қабілеттерін
В.К.
Елманованың
психология
ғылымдарының
кандидаттық
диссертациясиялық
зерттеу
еңбектеріндет.б. көруге болады. Бұл бағыттағы еңбектерде өзі мен
өзгелер туралы білімге адам дамуына ортаның белгілі ықпалы бар
екендігі туралы идея нақтыланады. /А.А. Бодалев, О.Г. Кукосян, И.А.
Вишняков, Л.Н. Суетова/. Өзін-өзі тану деңгейі ортаға кері әсер етуі
мүмкін екендігі жөнінде де айтылады, яғни тұлға іс-әрекеттердің
бағыт-бағдары мен табыстылығына әсер етеді. Дегенмен мәселенің
бұл жағы жеткілікті түрде зерттелмеген.
Студент
тұлғасының
өзін-өзі
тану
мәселесіне
деген
көзқарастарды саралап көрелік. Алғаш рет студенттің тұлғалық
тұрғыдан өзін-өзі тану мәселесі Г.И. Метельскийдің еңбектерінде
орын алды.
19
Ол тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін зерттеген болатын.
Өзінің тәжірибелік зерттеуінде тұлғаның өзін-өзі тану процесінде
жинақталатын білімдер, қабілеттер және дағдылар жүйесі алуан түрлі
педагогикалық міндеттерді шығармашылық тұрғыдан шешудің
маңызды шарттарының бірі екендігі туралы болжамды негіздейді.
Педагогикалық шеберліктің алуан түрлі деңгейлеріндегі тұлғаның
қомақты тобын зерттей келе, Г.И. Метельский олардың өзін-өзі
тануындағы, өзінің даму үрдісі мен нәтижесінің, оның жетістіктері
мен
кемшіліктерінің
ерекшеліктерін
танудағы
да
өзекті
айырмашылықтарды көрсетіп берді.
Г.И. Метельскийдің зерттеуі студенттің болашақ педагог тұлғасы
ретінде өзін-өзі тануы – оның өз тұлғасы мен іс-әрекетінің алуан
жақтарын объективті, шынайы қабылдау мен түсінуге түрткі болар
рефлексиялық гностикалық міндеттердің белгілі бір жиынтығын
шешу процесі екендігін көрсетті. Г.И. Метельский тұлға бойындағы
рефлексияға, өзін-өзі тануға қабілеттіліктің дамуының үш сатысын
жіктеп көрсетті. Тұлға өз іс-әрекеттерінің ішкі бір бөлігін көріп-біліп,
пайымдап, тек жекелеген жақтарына ғана түзетулер енгізу-төменгі
деңгейге тән құбылыс. Адам тұлғасы туралы мағлұматтардың көбірек
болып, оның ерекшеліктерін шынайырақ тануы-орташа деңгейдің
сипатында жатады. Жоғарғы деңгей - болашақ педагог тұлғасының
өзін-өзі тану кезінде көрінетін мағұлматтық және бағдарлау
қызметтерінің бірлігінің көрнекті үлгісі.
Г.И. Метельскийдің зерттеуі тұлғаның өзін-өзі тану процесінде
қалыптасатын мағлұматтар мен қабілеттер жүйесі педагогикалық
мәселелерді
шығармашылық
тұрғыдан
шешудің
маңызды
шарттарының бірі болып табылып, тұлғаның еңбек, таным және
қарым-қатынас субъектісі ретіндегі өсіп-жетілуіне ықпал ететіндігі
туралы болжамды дәлелдеп берді.
Достарыңызбен бөлісу: |