Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет30/55
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#88658
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   55
Байланысты:
Ерғалиева Г.А. Өзін-өзі тану пәні (1)

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар 
1. Патриотизм ұғымына түсінік беріңіз.
2. Отансүйгіштік сезімдерді қалыптастыруға сіздің көзқарасыңыз?.
3. Жалпыадамзаттық құндылықтар негіздері деп нені айтамыз? 
4.
 
Қазақстандық патриотизм ұғымын қалай түсінесіз? 
5. «Қазақстан ортақ мекенім» тақырыбына өзбетімен жұмыс 
жасау.
 
 
№9 Дәріс 
Тақырыбы: Рухани құндылықтар
 
Мақсаты:
жан мен тән тазалығы, жан, рух, тән құмарлығын 
ажырата білу, рухани қазынаны байыту мен сақтау. 
 
Тірек ұғымдар:
“рух”, “жан”, “тән” “руханилық”, т.б. 
 
 
Жоспар. 
1. Рухани құндылықтар ұғымына түсінік.
2. Рухани келісім. Үйлесімділік әлем тұғыры.
3. Дін және оның даму тарихы.
1. Рухани даму дегеніміз-өзінің өмірдегі орнын, атқаратын 
міндетін, қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін, 
дүниенің күрделі құрылымын түсіну және өзін-өзі үздіксіз, 
бірқалыпты жетілдіру.
Жастарға рухани тәрбие, білім беру адам дамуының тәндік,
жандық, рухани үйлесімділігін, өмірді құндылық деп түсінуін өзін 
Жаратқанмен, табиғатпен үйлесімділікте ұстай білуін, жердегі 
тіршілікті сақтау үшін өзінің қажеттігін түсінуді қамтамасыз етеді. 
Рухани 
тәрбие 
адамның 
ізгілік, 
имандылық 
ұстанымдарын 
тәрбиелейді, адамның ақыл-ойы мен іс-әрекеттерін жүрек арқылы 
ізгілік мұраттарға бағыттап, өмірдің күрделілігін түсінуге рухани 
көзқарас қалыптастырады. Әр адам өзін-өзі рухани жетілдіру үшін 
өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өздігінен оқуға ұмтылуы 
тиіс. 
Рухани-адамгершілік құндылық тәрбиесіндегі басты нысана - 
студент тұлғасын құрметтеу. Оның рух иесі, бойында Жаратқанның 
ұлы қуаты бар-Кіші ғарыштық әлем, ғарыштың тіршілік иесі екенін 
және дүние мен, әлем мен біртұтастығын саналы түрде түсініп, оған 
бой ұсынуы, оны мұғалім солай қабылдауы шарт.


77


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет