78
Буддизм –
ең ежелгі әлемдік дін. Б.з.б 1 мыңжылдықтың
ортасында Үндістанда пайда болды. Бірақ Үндістанда гүлденіп,
өркендеу
дәуірінен соң, Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс, Орталық Азия,
Қиыр Шығыс аймақтарын мекендеген халықтардың санасы мен
тұрмысында орнығып қалды. Қазір әлемде буддизимді 800
млн-ға
жуық адам ұстанады.
Буддизм тарихына терең үңілсек, оның негізін салуға аңыздық
кейіпкердің артында нақты өмір сүрген адам тұрған тәрізді. Аңызға
сай, Шакья тайпа бірлестігінің ауқатты мүшесі – «ханзада»
Сидхартха Гаутама (Гатама руынан)
уайым-қайғысыз, бақытты
жастық шағынан соң өмірдің өткіншілігі мен шарасыздығын сезінеді,
үндінің өзіндік санасы үшін әмбебапты болған жанның мәңгілік
көшіп-қонуы идеясы оның бойына үрей мен қорқынышты ұялатады.
Гаутамаға түскен аян оны Будда («Буддха» –
көзі ашылған,
нұрланған) етті. Будда Шакьямуни (шакья тайпасынан шыққан
данышпан) қоғам үмітін түсінікті де нанымды түрде жеткізе алды.
Өмір сүру азап, азаптан құтылуға болады. Будда осы жолды тауып,
басқаларға көрсетті.
Ұстаз –
Будда
Ілім –
Дхарма
Достарыңызбен бөлісу: