44-45 лекция. Мектеп жұмысын жоспарлау
Жоспары:
1.Жоспарлау басқару қызметінің бірі ретінде.
2.Жоспардың сараптамалық бөлімін дайындау.
3.Мектептің жылдық жұмыс жоспарының мазмұны.
4.Мектептің жылдық жұмыс жоспарының сыртқы көрінісі.
5.Мектеп құжаттамасының басқа түрлері.
Қолданылатын әдебиеттер:
1.Педагогика АМУ, Педагогика кафедрасы авторлар ұжымы. –Алматы, Нұрлы әлем, 2003
2.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Алматы, 2000
3.Харламов И.С. Педагогика. –М. , 2000
4.Ильин Т.А. Педагогика. –Алматы: Мектеп, 1977
Жоспарлау басқару қызметінің бірі ретінде. Басқару еңбегінің өрінісде іс-әрекет жағдайына талдау жасау, жоспарлау, іс-әрекетті ұйымдастыру, қабылданған шешімдірдің орындау барысын бақылау мен реттеу сияқты қызметтер бар. Тиімді де нәтижелі басқару үшін аталған қызметтердің барлығының үйлесімді өз ара әрекеттестігін қамтамасыз ету қажет, олардың біреуін орындамау тұтастай ұжым іс-әрекетінің нәтижелеріне әсер етеді. Барлық басқару қызметтерінің үйлесімді өзара байланысы жоспарлауға негізделеді. Жоспарлау (іс-әрекет жоспарын құру) дегеніміз іс-әрекеттің негізгі түрлері мен тұтас іс-әрекеттің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды анықтау. Тиімді жоспарлау дегеніміз:
-жұмыс жай-күйін жан-жақты және мақсатты есепке алу және іс-әрекеттің қол жеткіқзген нәтижелеріне объективті баға беру;
-алдағы уақыттағы іс-әрееттің негізгі мақсаттары мен міндеттерін анықтау;
-алға қойылған міндеттерді шешетін тиімді жолдар мен тәсілдерді, құралдарды айқындау, оларды шешудің қолайлы жолдары мен құралдарын таңдау.
Мектептің жылдық жұмыс жоспары мына принциптер негізінде құрастырылады:
а)Жоспарлаудың ғылымилығы. Жоспар іс-әрекеттің әлеуметтік және экономикалық шарттарын, педагогикалық процестің психологиялық-педагогикадық заңдылықтарын, жалпы білім беру жүйесі мен жекелеп алғанда мектептің дамуының тенденциялары мен болашағын ескерсе отырып құрастырылуы қажет. Жоспар педагогикалық жағынан мақсатты болуы қажет.
ә)Үйлесімді де қолайлы жоспардың құрамында алға қойылған мақсаттарға жету үшін іс-әрекеттің, нақты шаралардың қажетті және жеткілікті мөлшері болуы қажет. Бұл принцип жоспардың шынайы болуына, мектеп ұжымының іс-әрекетінің қолайлы жолдары мен құралдарын таңдауға, жоспардың құрамды бөліктерінің мақсатты түрде өзара қатынасын қамтамасыз етуге бағытталған.
б)Жоспардың нақтылығы. Жоспарда қандай шараларды жүргізу қажет, орындаушыларға берілетін тапсырмалар, шараларды өткізуге кім жауап беру керек, оның мерзімі, орны мен уақыты нақты көрсетілуі қажет. Белгілі бір міндеттерді табысты шешуге жағдай жасайтын нақтылы шарттар есепке алынуы қажет. Нақтылық принципін жүзеге асыра отырып жоспардың қажетті нақтылығын қамтамасыз етеді.
в)Жоспардың перспективтілігі. Жоспарда жуық аралығы мақсаттар мен міндеттерге қоса, мектеп іс-әрекеттінің болашағы да көрініс табуы қажет. Жоспарда мектеп жұмысының келер жылдары да алдына қойылатын оқу-тәрбие міндеттері ескерілуі қажет.
г)Ұжымдық принципі мұғалімдердің, тәрбиешілердің, мектептің басқа да қызметкерлерінің жоспарды талдау мен құруға белсенді түрде қатысуын қарастырады. Мектеп жоспары ұжымдық шығармашылықтың жемісі болуы қажет, алайда ол ұжымның әрбір мүшесінің жеке дара жауапкершілігін талап етеді.
Мектеп жұмысының жылдық жоспарын дайындаудың бағдар жолы:
1.Нормативті құжаттамаларды, жоспарлау мәселелері бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиетті мен жаңа педагогикалық технологияларға раналған арнайы әдебиеттерді оқып зерттеу.
2.Мектептің өткен уақыттағы оқу-тәрбие процесі туралы жинақталған ақпаратқа жан-жақты талдау жасау, негізгі кемшіліктер мен жіберілген қателерді айқындап, мектеп ұжымының іс-әрекетіндегі маңызды жетістіктерін анықтау.
3.Мектеп дамуының болашақ жоспарларын, сондай-ақ келер жылғы іс-әрекеттің маңызды мақсаттары мен міндеттерін анықтау.
4.Жұмыстағы кемшіліктерді жоюға арналған тиімді жолдар мен құралдарды анықтап, оң нәтижелерді ары қарай дамыту. Мақсатқа жетудің қолайлы жолдары мен құралдарын таңдау.
5.Негізгі, жалпы мектептік маңызы бар шаралар мен сыныптар бойынша, сынып топтары бойынша өткізілуге міндетті шараларды анықтау. Жоспардың жұмыс нұсқасын жасау.
6.Жоспардың жұмыс нұсқасына ұжымдық талдау жасау. Ұсыныстарға сәйкес жоспарға қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
7.Мектептің жұмыс жсопарының соңғы нұсқасын жасау мен оны қабылдау.
Бұл бағдар жолдың тармақтары бір-бірімен тығыз байланысты, олар бірінен соң бірі орындалуы тиіс. Жоспарды дұрыс жасау үшін қажетті әдебиеттерді оқып зерттеу қажет. Мақсат пен міндеттерді, жолдар мен құралдарды таңдап, бекіту де осылайша жүзеге асады.
Жоспардың сараптамалық бөлімін дайындау. Мектептің оқу-тәрбие процесі туралы, оның тиімділігінің деңгейі туралы ақпарат талдауы (мектеп жұмысының талдауы) жоспар құрудың маңызды кезеңі болып табылады. В.А.Сухомлинский: «Мектептің өткен жылғы жұмысына терең талдау жасамай келер жылға жоспар құру мүмкін емес. Кемшіліктерді түзету өткен жылғы жұмысқа байланысты»,-деп санаған. Жұмыстың талдауы мектеп ұжымының алдағы іс-әрекетіндегі себеп-салдарлық және қызметтік байланыстар мен өзара тәуелділікті айқындауы қажет. Талдау оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің нақты нәтижелері қандай, педагогикалық мақсаттарға жетудің жолдары мен құралдары қаншалықты мақсатты болғанын, қандай жалпы кемшіліктер болғанын анықтау қажет, қысқаша айтқанда, мектеп жұмысын талдауы «мұғалімдер ұжымын оқушылардың мықты білімі мен өте жақсы үлгерімі үшін, кемшіліктерді тез және дер кезінде жою үшін күреске жұмылдыру сияқты мақсат енгізінде» (Ю.А.Конаржевский) жүргізілуі қажет.
Мектептің өткен оқу жылындағы жұмысына талдау жасаудың көптеген әдістері бар. Ю.А.Конаржевскийдің әдісі бойынша талдауда мектеп іс-әрекетінің мынандай тауарлары туралы қажетті ақпараттар болуы қажет:
-мектепті басқару бойынша әкімшіліктің іс-әрекеті;
-мектептегі әдістемелік жұмыстың жай-күйі;
-ілім берудің жай-күйі, білім беру деңгейін көтеру бойынша мұғалімдер ұжымының жұмысы;
-мұғалімдер ұжымының оқушылар ата-аналарымен жұмысының жай-күйі;
-қоғамдық оқушылар ұйымдары жұмысының нәтижесін жақсарту үшін мұғалімдердің көмегі;
-оқушылардың тәрбиелілік деңгейі;
-оқушылардың сабақтарға қатысуының жай-күйі;
-оқушылардың білім, білік және дағдыларының жай-күйі;
-жалпыға міндетті оқуды жүзеге асырудағы ұжымның іс-әрекеті.
Мектеп міндеттерінің шешімі мұғалімдер мен тәрбиешілердің жеке дара және ұжымдық шығармашылық іс-әрекетін ынталандырып, өз еңбегінің нәтижесіне деген қызығушылығын арттыру қажет, олардың бар күшін жалпы мектептің мақсатын жемісті жүзеге асыруға бағыттап, тәрбие мен оқытудың негізгі мәселелерін шешудің ортақ әдісін қалыптастырып, педагогикалық процестегі оқушының белсенділігін, ынта-ықыласын арттыруға жағдай жасауы қажет.
Мектептің жылдық жұмыс жоспарының мазмұны. Мектеп жоспары мазмұнының негізгі бөлігін мектепте жүргізілуге тиіс шаралар құрастырады. Бұл шараларды бірнеше тарауларға бөледі. Тараулардың бірі ұжымның міндетті жалпы орта білімді жүзеге асыру бойынша іс-әрекетіне арналған. Онда мектеп маңайында тұратын мектеп жасына жеткен балаларды толық тіркеу шаралары көрсетіледі. Балаларды мектептің бастауыш, негізгі және жоғары сатыларына қабылдау бойынша, сырқат балаларды үйде және емдеу мекемелерінде оқыту бойынша шаралар белгіленеді. Егер мектептерде интернаттар болса, дайындық сабақтары ұйымдастырылса оларда оқу-тәрбие жұмыстарын өткізу шаралары қарастырылады. Жағдайы нашар және толық емес жанұялардың балаларын және қамқорлыққа алынған балаларды мектепке қабылдау мәселесіне баса көңіл бөлінеді. Ата-аналар қоғамы мен оқушылар ұжымдарын мектеп жасындағы барлық балаларды оқуға қабылдау бойынша жұмыстарға араластыруға бағытталған шараларды да қарастыру қажет.
Дене шынықтыру-спорттық жұмыстарды өткізу жоспарланады: спорттық секциялар құру, туристік саяхаттар, жарыстар, спорттық кештер мен мерекелер, сондай-ақ дене шынықтыру бойынша қоғамдық-пайдалы іс-әрекетті (спорттық құрал-жабдықтар мен бұйымдарды жөндеу, спорттық алаңдарды жабдықтау бойынша жұмыстар) ұйымдастыру. Сауықтыру жұмыстары, соның ішінде оқушылардың жынысы мен жасын ескере отырып жалпы мектептік деңгейде және сыныптар бойынша санитарлық-гигиеналық тәрбие шаралары, оқушылардың ауруларының алдын-алу шаралары, салауатты өмір салтын насихаттау шаралары қарастырылады.
Мұғалімдер мен тәрбиешілердің міндеті жалпы орта білім беруді қамтамасыз ету бойынша іс-әрекетін бақылау жоспарланады: мектеп жасындағы балаларды тіркеудің жай-күйі, оқытудың арнайы жағдайларын қажет ететін балаларға жағдай жасау, оқушылардың сабаққа қатысулары. Бұл тарауда мектеп ішіндегі құжаттамалардың жай-күйін, оларды әрбір құжатқа қатысты талаптарға сай дер кезінде әрі дұрыс тіркелуін бақылау.
Мектеп жұмысының жылдық жоспарының мазмұны, міне, осындай.
Мектептің жылдық жұмыс жоспарының сыртқы көрінісі.
Мектеп жоспарының сыртқы көрінісі түсіндірме мәтін түрінде (жоспардың мәндік түрі) болуы мүмкін. Бұл мәтінде жоспардың негізгі бөлігін құрайтын барлық шаралар суреттелінеді. Жоспардың бұл түрі жоспар-графикпен толықтырылуы мүмкін (жылдық жоспарды жоспар-график түрінде де қарастырады). Жоспар графиктің ең қарапайым түрі үш графадан тұратын кесте түрінде болады, бірінші графа-шаралар тізімі, екінші графа-осы шараларды ұйымдастыру мен өткізуге жауапты адамдар тізімі, үшінші графада осы шараларды өткізу уақыты жазылады. Жоспар-графиктік басқа түрлерінде, сондай-ақ, мақсат графасы (мақсат бағыты), жоспардың осы тарауының орындалу барысын бақылау графасы, тараудың орындалғаны туралы графа (немесе өткізілген шараның қысқаша талдауы мен бағасы) болады.
Кез келген жұмыс (немесе тіл) екі оқиғаны- бұрынғы (бастапқы) және соңғы оқиғаларды байланыстырады. Сондықтан жүйелі жоспардың сыртқы көрінісі өзара тілдермен қосылған нөмірленген шеңберлердің (оқиғалардың орындалу реті бойынша) жиынтығынан тұрады. Егер қандай да бір шеңберге бірнеше тілдер жүргізілген болса, бұл тілдердің басында орналасқан барлық бастапқы оқиғалардың нәтижесі деген сөз. Сондықтан мектеп жұмысының жүйелі жоспары зерттеушілер мен практик мұғалімдердің жоғары бағасына ие болып отыр.
Мектеп құжаттамасының басқа түрлері. Тұтас мектеп ұжымы мен жеке мұғалімдердің жұмысы мен іс-әрекеті мектептің жылдық жоспарынан басқа да жоспарлармен белгіленеді. Олардың ішінен мектептің стратегиялық мақсаттары мен оларға жетудің жолдары белгіленген перспективалық жоспарды бөліп қарауға болады. Онда оқушылардың жылдағы мөлшерін жоспарлау үшін өте маңызды демографиялық сипаттағы болжамдарды қамтылып, педагогикалық ұжымның құрамы жаңаруы қарастырылады. Бұл жоспардың мектептегі оқу-тәрбие процесін жетілдіру бойынша жүргізілуі тиіс міндеттер көрсетілген сараптамалық бөлімі бар. Перспективті жоспардағы алдыға қойылған міндеттер, оларды жүзеге асыру деңгейі жылдық жоспарды құру кезінде ескеріледі. Мұғалімнің сыныптар арасындағы оқу пәнәнің мазмұнын оқып зерттеудің күнтізбелік жоспары мен әрбір сабақтың жеке жоспары болуы қажет. Тәрбиешілер мен сынып жетекшілері тәрбие жұмысының жоспарын құрайды. Факултативтер, үйірмелер мен секциялар жұмысының жоспарлары құрылады.
Жоспардан басқа мектепте басқа да құжаттама жүргізіледі, оны шартты түрде үшке бөліп қарауға болады: оқыту-педагогикалық құжаттама, мектеп ішіндегі ақпарат және қаржы-шаруашылық құжаттамалар. Оқыту-педагогикалық құжаттама:
-журналдар: сынып журналдары, факультатив сабақтарының журналдары, дайындық сабақтарының журналдары, қалдырылып кеткен және орны ауысқан сабақтарды есепке алу журналы;
-кітаптар: оқушылар тізімінің алфавитті кітабы бланктер мен беруді есепке алу кітабы (орта білім туралы аттестаттар мен негізгі сатыны бітіргені туралы куәліктерге арналған жеке кітаптар). «Алтын белгі» белгісін есепке алу кітабы, мақтау грамоталары мен мақтау қағаздарын есепке алу кітаптары, мектеп мұғалімдерінің жекелік құрамын есепке алу кітабы, мектептен шыққан және мектепке келген хаттарды тіркеу кітабы, тексерушілердің ескертулері мен ұсыныстарының кітабы;
-оқушылардың жеке құжаттары;
-оқушыларға белгілі бір мамандық алғашқы туралы анықтамаларды беру ведомості (бастапқы кәсіби оқыту ұйымдастырылған мектептерде);
-жоғары мекемелерден келіп түскен бұйрықтар, жарлықтары мен басқа да бұйрықтық-ақпараттық құжаттама;
-мектеп аттестациясының материалдары, мектептің оқыту іс-әрекеті лицензиясы;
-мектепті тексеру нәтижелері туралы актілер, анықтамалар, баяндама хаттарының көшірмелері;
-білім беруді басқаратын жоғары мекемелермен және басқа да ұйымдармен хат алысу.
Мектеп ішіндегі ақпарат ауызша және жазбаша болады. Уақытына қарай ақпарат күнделікті, апталық, айлық, тоқсандық, жылдық болып бөлінеді.
Қаржы шаруашылық құжаттаманың құрамында мектептің техникалық құжаты, мұғалімдердің көрсеткіштік тізімі, негізгі құралдардың тізімі, материалдардың қоймалық есебінің кітабы, құндылығы төмен тез тозатын заттар қозғалысын қолма-қол есепке алу ведомості, мектеп кітапханасы қорының инвентарлы кітабы, материалдық құндылықтарды қолданыстан шығару актілері бар.
Мектеп құжаттамасын нақты және дұрыс жүргізуді ұйымдастыру мектеп ішіндегі тиімді басқарудың маңызды шарттары болып табылады. Аталған құжаттарды дер кезінде және оларды жүргізудің нұсқауларына сәйкес толтыру қажет. Сонда ғана мектеп ұжымы іс-әрекетінің барлық бағыты бойынша қажетті нақты ақпарат алуға болады. Ал бұл істің жай-күйіне объективті баға беріп, басқаруда тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |