Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі оңТҮстік қазақстан облыстық білім басқармасы


Білім мазмұнының компоненттерінің сипаттама



бет14/20
Дата22.11.2019
өлшемі1,15 Mb.
#52271
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Байланысты:
1 лекция Педагогика


Білім мазмұнының компоненттерінің сипаттама. Қазіргі демократиялық қоғамда еркін, шығармашылықпен ойлай білетін адамды қалыптастыру міндетіне сәйкес қазіргі білім беру мазмұнында тұжырымдаманың кеңінен танымал үш түрі бар. Сол білім мазмұнының тұжырымдамасының бірінде ғылымдардың негізіне педагогикалық, бейімделуіне мектепте оқыта отырып жеке тұлғаның шығармашылыққа деген қабілеттілігі еркін таңдауды іске асыра білуге, адамдарға деген әділ қарым-қатынас сияқты жеке тұлғаның қасиеттері. Қазіргі демократиялық қоғамда адамның өз еркімен толық өмір сүруіне емес бұл әдіс оқушыларды ғылыммен және өндіріспен араластыруға бағытталған. Бұл жерде адамға әсер ететін өндірістік фактор ретінде қарастырылады.

Білім беру мазмұнының тұжырымдамасындағы мақсат-гумандық ойлауға, әлеуметтік тәжірибенің барлық құрылымдық бөліктерінде педагогикалық бейімделуіне сәйкес келеді. Одан басқа білім мен тәжірибені іске асыру барысында бұл тұжырымдама шығармашылық іс-әрекеттік және құндылық эмоционалдық қатынас тәжірибесін енгізеді. Әрбір осы аталған тәжірибелер білім беру мазмұнының өзіндік түрі.

-табиғат, қоғам, техника туралы білім, ойлау және оны іске асыру қабілеті. Осы білімдерді меңгере отырып оқушы дүниенің шынайы бейнесін қалыптастыру, танымдық және іс-әрекетінде дұрыс әдіспен қамтамасыз етеді.

-белгілі іс-әрекет тәсілдерінің ішінде тұлғаның дағды, іскерлік білімді игеру бұл тәжірибені кеңейте түседі анық. Өсіп келе жатқан жастар істерді меңгеру нәтижесінде әлеуметтік мәдениетін сақтауға қол жеткізеді.

-шығармашылық ізденушілік әрекет қоғамда пайда болған жаңа проблемаларды шешуде іске асады. Бұрыннан белгілі іс-әрекеттерді қалыптастырудың жаңа әдістері алған білімін-іскерлігін қазіргі жағдайда іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін өздігінен іске асыруды талап етеді. Бұл тәжірибе жас ұрпақтың қабілетінің дамуын және ары қарай мәдениетінің дамуына да өз әсерін тигізеді. Әрбір адамның қалыптасуының көрсеткіші ретінде белсенділігі және өзіндік дамуы кішкентай бала кезінен шығармашылықпен жұмыс істеу барысында қалыптасады, бірақ білім беру мазмұнында оны бағдарламаға енгізу қажет. Объектіге адамның іс-әрекетіне оның айналадағы қоршаған дүниеге деген басқа адамдардың талаптарына, тұлғаның белгілі бір объектіге байланысты сезімдік қабылдауына сәйкес құндылық қатынас тәжірибесі.

Халықтың білім алуға құштарлығы білім беру қызметі, қосымша білім беру, дифференсацияланған оқыту. Біліммен қамтамасыз ету, мемлекеттік стандартқа сай міндетті түрде бағдарламаға сәйкес деңгейде білім беру мемлекеттің құзырына кіреді. Мектептегі білім мазмұнының принципі мен өлшемі оқу материалының мазмұны пәнге байланысты.


27-28 лекция. Оқытуды ұйымдастырудың формалары

Жоспары:

1.Оқытуды ұйымдастырудың түрлері жайлы түсінік.

2.Сабақтардың жіктемесі.

3.Сабақта оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.



Қолданылатын әдебиеттер:

1.Педагогика АМУ, Педагогика кафедрасы авторлар ұжымы. –Алматы, Нұрлы әлем, 2003

2.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Алматы, 2000

3. Педагогика С.ШӘбенбаев, А.М.ҚҰдиярова, Ж.Әбиев Астана, 2003

4.Педагогика Т.Б.Бегалиев Тараз, ТарМу,2002

Оқытуды ұйымдаструдың түрлері жайлы түсінік. Оқытуды жүзеге асыруда білім мен оқытуды ұйымдастыруда оны модернизациялау көзделеді. «Түрлері» деген ұғым латын тілінен аударғанда «forma» сыртқы көрініс дегенді білдіреді, сыртқы сызық – белгілі орныққан тәртіп. Философия пәнінде «түрлері» ішкі мазмұнды ұйымдастыруды деген ұғыммен анықталады. Яғни, «түрлері» ішкі байланысты білдіреді және ұйымдастыру тәсілдері, өзара құбылыс, сыртқы жағдайлармен де сабақтастықта. Былайша айтқанда, оқытудың түрі – оқу материалын меңгерудегі оқушылардың өзара әрекеті. Оқыту түрі: әдіспен, амалдарға, құралдарға, оқушылардың іс-әрекетіне тәуелді болады. Педагогтік іс-әрекет бір-бірімен өзара байланысты ықпалдастық, әсер етушілік, белгілі бір тапсырманы орындау кезіндегі оқушылар мен мұғалімнің қарым-қатынасы (И.М.Чередов). Оқытудың түрі оқыту үрдісінің құрылымы – мұғалім қызметі: белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу іс-әрекетін басқару және оқу тәсілдерін меңгерумен сабақтас. Сабақтың сыртқы көрінісі оқу материалының ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және дидиактикалық категория ретінде оқу үрдісін ұйымдастырудың сыртқы пішінін белгілейді, мұның өзі оқушылардың білім сапасының көрсеткіші мен өтетін уақыты және орны, оның жүзеге асырылуы тәртібі секілді жағдайлармен байланысты.

Оқыту түрлерінің сыныптық сабақ жүйесі XVII ғасырда туысқан тәуелсіз мемлекеттердің Богемия, Украина, Белоруссия елдерінің мектептерінде ең көп тараған және үш жүзжылдық уақыт бойы әлі дамып келе жатыр. Сынып дегеніміз – жас ерекшелігіне қарай тұрақты, бірге оқитын оқушылардың құрамы, бұл жүйеде оқушылар мұғалімнің тапсырмасын сабақ барысында және үйге берілген тапсырманы орындайды. Оқытудың бұл жүйесінің теориялық тағылымын XVII ғасырда атақты чех педагогі Я.А.Коменский жасаған.

Сыныптық сабақ жүйесін оқытуды ұйымдастырудың ең қайнар көзі болып табылады. Оқытудың бұл түрі жас мөлшері біркелкі топтан құрылған және тұрақты құрамы бар, сабақ үнемі оқу кестесімен өтілетін және оқытудың бірдей бағдарламасы құрылған жағдайда іс-тәжірибеде қолданылады. Сондықтан ол оқу-тәрбие үрдісінің барлық компоненттерін қамтиды: мақсат, мазмұн, құрал, әдістер, ұйымдастыру мен басқару қызметі, оның дидактикалық элементтері. Сабақтың маңызы мен берілу мәні сабақ үрдісінде біртұтастық динамикалық жүйеге саяды, сөйтіп, ұжымдықтан-жеке, яғни мұғалімнің оқушыға, нәтижесінде оқушының білім меңгеруі оның икемі мен қабілетіне сәйкестеніп, өзіндік іс-әрекетінде тәжірибе сұрыпталып, бір жағынан қарым-қатынас мәдениеті дамыса; екінші жағынан, оқушылардың қабілеттілігі шындалады. Нәтижесінде, сабақ түрлері сапасында оқыту үрдісін алға жылжытады, ал екінші жағынан оқытуды ұйымдастыру түрі ретінде рөл атқарады, мұғалімнің сабақты ұйымдастырудың негізгі талаптарын айқындайды., мұның бәрі дерлік оқытудың заңдары мен принциптерінен туындайды. Сабақ – педагогтік шығармашылықта құрылады және сондықтан да ол біртұтастық жүйемен оқшаулануға тиіс. Кіші бөліктердің өзара іштей байланысы бірігіп, оқушылар мен мұғалімнің іс-әрекеті дамуының бір тектес логикаға бейімделуіне бағыт жасайды.

Сабақтвң талабын орындау мен оны түсінуге байланысты, мұның өзі әлеуметтік сұранымға қатысты анықталып, оқушылардың жеке басының қажетсінуіне орай құрылады, оқыту мақсаты, міндеттері, заңдары мен принциптері басшылыққа алынып, жоғарыдағы іс-әрекеттің мазмұнын айқындайды. Жалпы талаптардың ішінде, бүгінгі сабаққа сәйкес келетін, бөліп қарауға болатын жіктеме төмендегідей:

-Ғылым жетістіктерінің жаңа түрін, озық тәжірибені, оқу-тәрбие үрдісінің негізгі заңдарына құрылған сабақты;

-Сабақты өту үрдісінде барлық дидактикалық принциптер мен ережелер;

-Оқушылардың санасын қалыптастыруға әсер етерлік пәнаралық байланысты;

-Бұрынғы білімін байланыстыруға, оны меңгеруде икем-қабілетін және оқушылардың білім сапасын арттыру барысындағы тіректік ұғымдарға сілтеме жасау;

-Тұлғаны жан-жақты дамытудың белсенді түрінің қажеттілігі;

-Педагог оқу құралдарын ұтымды қолдану;

-Алған білімін, өндірістік қызметпен, оқушының жеке іс-тәжірибесімен байланысты жүзеге асыруы;

-Білімін, икемін, қабілетін тәжірибеде қалыптастыру, оны ойлау – амалы мен іс-әрекетке тиімді қолдануы;

-Сабақты диагностикалау, жоспарлау, жобалау және болжай алуы.

Әрбір сабақ тұтас педагогтік процестің функциясын жүзеге асыруға бағытталған; оқыту,дамыту, тәрбиелеу. Соның нәтижесінде сабақ – көпжоспарлы, құрылымы әртүрлі болып келуі мүмкін. Сабақ құрылымының ерекше көп тараған түрі барлық дидиктикалық міндеттерді шешуге: білімді енгізу, жаңа материалды зерделеу, өткен материалды бекіту, бақылау, оқушылардың білімін бағалау, үйге тапсырма берумен байланысты.



Сабақтардың жіктемесі. Сабақты жіктеудің бір-біріне ұқсамайтын бірнеше жолдары бар. Сабақты дидактикалық мақсатына қарай жіктеу (И.Т.Огородников, И.Н.Казанцев), сабақ үрдісінің негізгі кезеңдеріне қарай (С.В.Иванов), дидактикалық міндеттеріне, оның сабақта шешілуіне орай, оқытудың әдістері мен оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру тәсілдеріне қатысты. М.И.Махмутов сабақты мақсатына қарай, меңгеруге тиісті материал мазмұнына байланысты және оқушының қабылдауына орай жіктейді. Ол сабақтың төмендегідей бес түріне тоқталады:

1)Жаңа оқу материалын өту сабағы.

2)Білім, дағды, қабілетті жетілдіру сабағы.

3)Жинақтау және жүйелеу сабағы.

4)Аралас сабақ.

5)Бақылау, білімге, дағды, қабілетке түзету енгізу сабағы.

Сабақ жіктемесінің әр түрлілігі: дидактика пайым мен тұжырымдардың болуы, тәжірибеде тұрақталған сабақ түрлерінің негізгі дидактикалық міндеттері мен оның кешендеріне байланысты.

Атап айтқанда:

1)Кіріспе сабақ;

2)Жаңа сабақты өту;

3)Білімді бекіту сабағы;

4)Жинақтау сабағы;

5)Есепті-бақылау, аралас сабақ;

6)Диспут, КВН сабақтары.

Кіріспе сабақ оқушыларды тақырып, тарауларды оқуға дайындау міндетін атқарады. Бұл сабақтың міндеті оқушылардың алдағы материалды меңгеруіне қажетті жағдай жасап, тақырып бойынша сұрақтарға жауап табуға және олардың танымдық қызметінің тәсілдеріне көңіл бөлу.Жаңа сабақты меңгерудің мақсаты оқушылардың жаңа материалды меңгеруі. Ол үшін оқушылар мынадай дидактикалық міндеттерді шешуге тиісті: жаңа ұғымдарды білу, әрекет тәсілін іріктеу, өздігінен ізденіс әрекетін табу, құндылықты жүйе ретінде қалыптастыру. Оқытудың мұндай түрлері әрқырлы болып келеді: дәріс, мұғалім мен оқушы арасындағы сұхбат, ережелер, эвристикалық әңгіме, оқулықпен өздік жұмыс, эксперимент және оны өткізу тәжірибелер және т.б. Сол себепті сабақтың түрлері, осы бағыттың көлемінде әр қилы болып келеді: дәріс сабағы, семинар сабағы, кино сабағы, теориялық және тәжірибелік сабақтар, өздік сабақтар.

Қорыту мен пысықтау сабақтары негізгі екі дидактикалық міндетті шешуге бағытталған:

1)Оқушылардың теориялық білім деңгейлерін көрсетеді.

2)Бағдарламаның өзекті мәселелерін меңгеруде танымдық қызметке қатысты әдістерді қолдауын бұрынғы меңгерген білімнің маңызын ашу амалдарын, барлық бағдарлама бойынша өткен материалдарды оқушылардың игерудегі біліктілік, икем және қабілеттілігін тексеру. Мұның өзі тоқсандық, жарты жылдық және оқу жылында жүргізіледі.

Қорыту мен пысықтау сабақтарында барлық негізгі сабақтар жүйесі қарастырылады. Арнаулы өтілетін сабақ сайын мұғалім сабақтарды белгілеп, қайталау мәселесін айқындап, алдын ала оқу көздерін көрсетіп, қажетті тұстарын дәрісте келтіріп, оқушылардың білімін толықтыру үшін сыныптан тыс жұмстар беріп, топтық жеке кеңестер жүргізіп, өздігінен жұмыс жүргізуге мүмкіндік жасайды. Аралас сабақ – мектеп тәжірибесінде кең таралған түрі. Мұнда жоғарыда берілген барлық сабақтың түрлерінде кездесетін дидиктикалық міндеттер шешіледі.

Сабақта оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру. Сабақта оқушының оқу қызметін ұйымдастыру бұл оқушы мен мұғалімнің сырттай үйлесімді қызметі, оның өзі белгілі бір рет пен тәртіп талабынан болады. Мынадай бағыттарға бөледі: фронтальды – мұғалімнің барлық оқушылардың жеке және өздік жұмысын басқаруы, жеке - өздік жұмыс әр оқушының және топтың іс-әрекеті, оқушылардың топтық және жұптық қызметі. Мұғалімнің оқу қызметін фронтальді ұйымдастыруы барлық оқушылардың іс-әрекетінің бірлікте болуын басқару, яғни барлық оқушылар бірдей тапсырманы орындайды, жұмыс бәріне ортақ, барлық сынып талқылайды, нәтижені салыстырады, жинақтайды. Бұл тәсіл оқушылар мен ұстаз арасындағы сенімді нығайтып, ұжымдық сезімді тәрбиелейді, пікірлерді талқылауы ширайды, басқаның ойын, өзінің ой-түйіндерімен салыстырады, қателерін табуға жаттығады. Мұғалімге қойылатын басты талап оқушылардың ішінен ең тиімді ой-тұжырымды дәл таба білуі, оны алдын-ала болжауы, оқу ситуациясын туғызуы, сабақтың міндеттеріне жауап іздеуі; барлық айтқысы келген ынталы оқушыны ықыласпен тыңдауы, оны мәдени тұрғыда қолдауы, мұнымен бірге қажетті сәттерде түзетулер енгізуі, әр оқушының мүмкіндігіне жол ашу.

Фронтальды оқытуды ұйымдастыру проблемалық, ақпараттық және түсіндірмелі иллюстративті мазмұнда және репродуктивті және шығармашылық тапсырмалармен келуі мүмкін. Мұнда шығармашылық негізге құрылған тапсырма бірнеше шағын тапсырмаларға бөлінеді, жұмыстың бұл түрі барлық оқушылардың белсенділікпен іс-әрекетте болуына жағдай туғызады. Бірақ, сабақтың бұл түрінде көптеген кемшіліктер бар, жұмыс барысында оқушылар әр түрлі деңгейде өз мүмкіндігіне қарай білімін арттыра алмайды, бәрінің білімі бір мөлшеде оқшауланбайды, әсіресе, нашар үлгеретін оқушыға мұғалімнің көмегі үнемі қажет болса, ал қабілеті өте жоғары оқушыда уақыт артық қалады.

Сол себепті сабақтың тиімділігін арттыру үшін сабақтан басқа түрлерін де пайдалану керек.

Жеке жұмысты ұйымдастыру сабағында әр оқушының өздік іс-әрекеті ескеріліп, оған арнаулы әзірліктер жасалып, оқу мүмкіндіктері алдын-ала есепке алынады: әдебиеттермен, анықтамалармен, энциклопедиямен жұмыс міндетін шешу, шығарма әзірлеу, реферат жазу.

Жеке жұмысты ұйымдастыру барысында екі түрлі тапсырма орындалады: жеке және жекелендіру. Біріншісінің ерекшелігі ол: оқушы алдымен барлық сыныпқа берілген тапсырманы орындайды, басқа оқушымен қарым-қатынасқа түспейді, бірақ жұмыс қарқыны бәріне бірдей. Екіншісінің ерекшелігі, ол оқушы арнаулы тапсырманы орындауда өзінің танымдық оқу іс-әрекетін мөлшерлейді, атап айтсақ, әр оқушы өзінің оқу қызметінің режиміне орай жұмыс қарқынын белгілейді.
29 лекция. Қазіргі сабақ

Жоспары:

1. Сабақ-оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы.

2.Мұғалімнің сабаққа дайындығы.

3. Тақырыптық және жеке сабақтардың жоспары.



Қолданылатын әдебиеттер:

1.Педагогика АМУ, Педагогика кафедрасы авторлар ұжымы. –Алматы, Нұрлы әлем, 2003

2.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Алматы, 2000

3.Харламов И.С. Педагогика. –М. , 2000

4.Ильин Т.А. Педагогика. –Алматы: Мектеп, 1977

Сабақ-оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы. ХХ ғасырдың бас кезінде аметика философы – идеалист АҚШ педагогикасына зор ықпал жасаған Джон Дьюи (1859-1952) келешекте мектеп болмайды деген болжау айтқан. Олай болса мектептерде оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы сабақта жойылады. Бірақ оның жорамал ойы орындалмады, керісінше сабақ бүкіл дүниежүзі елдеріндегі мектептерде бірте-бірте дамуда және заман тілектеріне сәйкес өзгеруде.

Сабақты мақсатқа бағытталған мұғалім мен оқушылардың ұжымдық шығармашылық еңбегі деп қарастыру керек. Сабақта оқыту мен тәрбиенің мақсаттары, міндеттері, жүзеге асырылады, оқушылардың ой-өрісі кеңиді, қабілеті дамиды, көзқарасы, адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Сабақтың шын мақсаты – тұлғаны оның қабілеті мен дарындылығына сүйеніп дамыту. Әрбір сабақ логикалық, психологиялық және ұйымдастыру бірлігі болуы тиіс.

Сабақта осы сияқты талаптараға сәйкес өткізу үшін кейбір ғалымдар, жаңашыл мұғалімдер (М.Н.Скаткин, М.И.Махмутов, В.Ф.Шаталов, Е.И.Ильин т.б.) белгілі жағдайлар керек дейді. Біріншіден, әлеуметтік-педагогикалық жағдай, бұл мұғалімнің шығармашылық жұмысы, білімнің белгілі көлемі мен сапасының шындығы, ынтымақтастық, яғни мұғалім мен оқушылардың бірлескен шығармашылық еңбегі, лабораториялар мен кабинеттердің қазіргі заманға лайық жабдықталуы. Екіншіден, дидактикалық жағдай – бұл оқыту процесінің принциптерінің және әдістерінің заңдылықтарын сақтау және тиімді етіп пайдалануды қамтамасыз ету, сонымен бірге жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін терең зерттеп, пайдалана білу, өйткені, олар оқыту әдісіне бірсыпыра жаңалықтар енгізеді.

Сабақтың міндеттері білім, даму және тәрбие мақсаттарымен анықталады. Осы тұрғыдан сабаққа қойылатын кейбір талаптарды қарастырайық.

1.Сабақтың дидактикалық мақсатының айқындығы. Әрбір сабақта оқыту және тәрбие мақсаты дәл қойылуы тиіс. Оқыту мақсаты дегеніміз жаңа білімді меңгеру, іскерліктің, дағдының қалыптасуы, тәрбие мақсаты – жеке адамгершілік қасиеттері қасиеттері қалыптастыру (белсенділік, ұқыптылық, жинақылық, орындағыштық, өзін-өзі билеушілік т.б.). Бұл мақсаттар оқыту және тәрбие процесі функцияларының іске асырылуына байланысты.

2.Оқу материалдарының көлемін анықтау. Сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкес, яғни балалардың білім деңгейін, жас және дербес ерекшелігін еске алып, сабақтың әрбір құрылым бөлігіне оқу материалын таңдау алу.

3.Оқыту мен тәрбиенің бірлігі. Оқыта отырып, тәрбиелеудің мәні – тұлғаның өмірге, білімге қатынасын, қабілетін, адамгершілік қасиетін қалыптастыру. Білім беру мен тәрбие міндеттерін оқыту процесінде шешу мұғалім мен оқушылардың іздену іс-әрекетінің нәтижесіне байланысты.

4.Оқытудың ұтымды әдістерін таңдап алудың сабақ типтеріне, сабақтың әрбір кезеңіндегі оқу материалының мазмұнына сәйкестігі.

Сабақ құрылымындағы басты элементтердің бірі – жалпы дидактикалық мақсат. Оны үшке бөлуге болады:

а)білім (білім, іскерлік, дағды) жүйесін қалыптастыру;

ә)даму-оқушылардың өз бетімен танымын ынталандыру, олардың дидактикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін дамыту;

б)тәрбие-ғылыми дүниетанымын, құнды құлықтық қасиеттерін, өмірге орайлық көзқарасын қалыптастыру.

Сонымен сабақ оқушыларды білім жүйесімен қаруландырып қоймайды, ол тәрбиелеуші міндеттерін де атқарады.

Мұғалімнің сабаққа дайындығы. Мектептің аса жауапты міндеті – оқушыларды ғылым негіздерімен терең және берік қаруландыру, табанды және жемісті білім алуға оқушылардың ынтасын арттыру, оларды өздерінің алған білімдерін практикада қолдана білуге үйрету және дағдыландыру болса, осы орайда мұғалімнің жауапкершілігі, оның сабақтар жүйесіне даярлануы оқу жұмысын ұйымдастыру үшін аса зор мәні бар. Жақсы жоспарланған, мұғілімнің нәтижелі даярлығын бейнелейтін сабақ сыныптағы оқу жұмысын ойдағыдай өткізудің ең жақсы кепілі болады.

Сабаққа мұқият дайындалу, оның мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесін ойластыру жұмысын әрбір мұғалім өзімнің ең басты міндетім деп сезінуі тиіс.

Егер сабақ көңілсіз өтсе, мұғалімдер сабақты босаң және енжарлықпен өткізсе, онда, сөз жоқ, бұл мұғалімдердің сабаққа дайындалу ісіне немқұрайлылықпен қарауы, сабаққа деп бөлінген 45 минут уақыты толық әрі жан-жақты пайдалануға деген оның ұмтылысының жоқ екендігінде деп қарауға болады. (Осы орайда айта кетуге болады: 40 жыл мұғалім болып істесеңде 45 минут сабағыңа әзірленуді ұмыта!).

Мұғалімнің сабаққа дайындалуы – аса жауапты іс. Мұғалім өзі оқытатын пәнді қанша жақсы білгенімен, егер ол сабақтар жүйесі жөнінде тыңғылықты жұмыс істемпесе және әр сабаққа жеке даярланып отырмаса, оның сабақ оқытуында ірі кемшіліктері болмақ. Бұл – педагогтік стажы бар көп мұғалімдерге қатысты.

Әрбір мұғалімнің сабаққа дайындалуы жөніндегі талап, педагогикалық процестің күрделігінен туады. Соған сәйкес мұғалімнің сабаққа әзірленуі барысында төмендегідей сұраққа жауап беруі керек:

1.Сабақтың мақсаты қандай?

2.Оқушылар қандай жаңа білімдер алуы қажет және олар практика жүзінде нені үйренеді?

3.Сабақта айтылатын ойдың бастысы қандай?

4.Бұл ойлар қандай жүйемен баяндалмақ?

5.Олар қандай жолмен негізделмек?

6.Қандай қорытындылар керек.

7.Сабақта қандай әдістер және көрнекті құралдар пайдаланылмақ?

8.Оқушылардың білімін тексеру үшін оларға қандай бақылау сұрақтарын беру керек?

9.Оқушылар алған білімдерін пысықтау және практикада қолнуда мақсатында қандай жаттығулар беру керек?

10.Үй тапсырмасына нені беруге болады және оны қалай тапсыру керек.

Озық тәжірбиелі мұғалімдер сабаққа белгілі бір таянақты жүйемен даярланады дедік. Ол төмендегідей кезеңдерден құралады:

а)Алдағы оқу тоқсанына оқу материалын жоспарлау.

б)Өтілген сабақтың табыстары мен кемшіліктерін есепке ала отырып, келесі тақырыпты белгілеу.

в)Кезекті сабақтың жоспарын жасау.

Мұғалім жұмысындағы мұндай жүйелік оқу процесін үздіксіз жетілдіре беруге, әрбір жеке алынған сабақты сабақтар жүйесіндегі буын ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.



Тақырыптық және жеке сабақтардың жоспары. Оқу жұмысындағы мазмұнын ойластырып алу – сыныпта оқу материалын өтедің бірізділігі жөнінде айқын да анық түсінік құрып алу деген сөз. Сондықтан мұғалімнің оқу бағдарламасымен жүргізетін жұмысы оларға оқу тоқсанына белгіленген материалдың өтілуін қысқаша жоспарлап алу болып табылады. Бұлай ету оларға әр тақырып не болмаса тақырыпша шеңберінде сабақтарды неғұрлым айқын жоспарлауға мүмкіндік береді.

Мектепе оқу материалы әрбір жарты жыл бойынша жоспарланады. Мұндай жоспардың түрін күнтізбелік жоспар жүйесіне белгілі бір тоқсан ішінде өтетін тақырыптар енгізіледі.

Тақырыптық жоспарлау – белгілі бір пәнге қатысты оқытудың барлық формасының бірлігі мен байланысының көрінісі (Ильина, 363).

Ол мұғалімге бір сабақтан келесі сабаққа өту барысында дидактикалық мақсаттарды анықтауда бірізділік пен жүйелілікті анықтауға септігін тигізеді, оқу материалның мазмұнындағы негізгі ойды бөліп қарауға, оқушылар мен мұғалімдердің негізгі оқу әрекеттерін белгілеуге, пәнаралық байланысты орнықтыруға, оның барысында пайдаланылатын көрнекі және техникалық құралдарын ойластыру, сонымен бірге нақтылы тақырыптарды оқыту нәтижелерін алдын-ала болжауға мүмкіндік береді.

Тәжірибелі мұғалім тақырыпты зерттегенде, оқу материалын оқып біледі, осы тақырып бойынша өткен оқу жылында жүргізген сабақтардың тәжірибесін ескереді, жеке сабақтарға арналған тақырыптың мазмұнын жоспарлайды және сабақта тек білімдік міндеттерін ғана емес, сол сияқты тәрбие міндеттерінң шешілуін де белгілейді.

Сабаққа осындай жүйемен даярлануда мұғалімдер оқушылардың оқу еңбегін жақсы ұйымдастырады, әрбір жеке оқушыға зейін қойып, сезімталдықпен қарайтын болады, соның арқасында оларға жоғары сапада білім беріп, жеке басын нәтижелі тәрбиелеуге қол жеткізеді. Себебі, сабаққа тұтас тақырып бойынша даярлану белгілі бір оқу материалын мектепте өту үшін жақсылап жоспарлау ғана емес, сол сияқты оқушылардың ұжымдық және дара жүргізетін оқу жұмысын, сабақ үстінде оқушылардан сабақ сұрауды және артта қалушыларға көмек көрсетуді күні бұрын ескеруге мүмкіндік береді.

Оқу бағдарламасының тараулары бойынша сабақтардың тақырыптарын жасап болғаннан кейін,іле-шала мұғалім алдағы әрбір сабақтың мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесін толық ойластырып алады.

Жеке сабақтардың жоспары - әрбір мұғалімнің жеке сабақ құжаты. Ол мұғалімнің тақырып жөнінде алдын-ала қандай жұмыс жүргізетіндігімен анықталады. Сондықтан тиімді жасалған жоспар – тиімді өткен сабақ болып табылады.

Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде қалыптасқан мұғалімнің жеке жоспаоының үлгісі төмендегідей:

1.Оқу бағдарламасының берілген тарауы бойынша сабақтың күні мен реттік саны анықталады.

2.Сабақтың тақырыбы.

3.Сабақтың мақсаты.

4.Сабақтың құрылымы немесе дидактикалық кезеңдері.

5.Сабақтың мазмұны.

6.Оқыту әдіс-тәсілдері.

7.Сабақ құралдары.

8.Үй тапсырмасы.

9.Қорытынды, сабақтың аяқталуы.

Сабақтың анағұрлым негізгі бөлігі – оның төртінші және бесінші кезеңі болып табылады.

Сабақтың әрбір құрамды буынына немесе дидактикалық элементтеріне мұғалімнің жұмсайтын уақытын көрсетудің мәні зор. Содан кейін барып оның қалған буындары мен мазмұны ашып көрсетіледі. Сабақты бұлай жоспарлау мұғалімге сабақ барысынг нәтижелі ұйымдастыруға қолайлы жағдай туғызады.

Одан әрі қарай оқушылардың тәжірибелік жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдері қарастырылады. Оқыту әдістерін қолдану нақты атап көрсетіледі.

Содан кейін сабақта қолданылатын әртүрлі оқу құралдары (карта, глобус, приборлар, оқу-әдістемелік кітаптары, көмекші оқу құралдары т.б.) және оны пайдалану әдістемесі көрсетіледі. Сабақтың соңғы буыны – үй тапсырмасын беру.

Н.К.Крупская мұғалімдердің назарын тапсырманы орындау жөнінде оқушыларға мұқият түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруға, оның мақсаты түсінікті болуына, бұл мақсат оларды рухтандыратындай дәрежеде болуына аударады. «Ең қызық тапсырма – дейді ол, - баланың өз бетінше жұмыс істей алуын барынша дамытып, оның ойын оятатын тапсырма екендігі мәлім» - деген тұжырымдама жасайды.

Сонымен бірге Н.К.Крупская мұғалімдердің сабакққа әзірлену барысында оқушылардың үй тапсырмасында теңестірушілікке жол берілуге болмайтындығына олардың назарын баса аударады. «Тапсырманы дараландыру керек, оқушының олқы жерлерін, оның білімі мен дағдыларының жиынтығын есепке алу қажет, сабаққа күштірек оқушыларға берілетін тапсырмалар оларды тым алға сүйреп әкетпей, олардың алған білімін тереңдете, оның сапсын жақсарта түсетін болсын» - дейді ол (Таңдамалы шығармалары, 202-203 беттер орыс тілінде).

Сабақ жоспарлары мұғалімнің дайындығы мен тәжірибесіне байланысты өзгеруі мүмкін, бірақ негізінен жоғарыда көрсетілген кезеңдерді қамтуы тиіс.

Тәжірибелі мұғалімдер жоспарды жасап, сол жоспар бойынша сабақты өткізгеннен кейін, оған қысқаша талдау жасайды: жоспар қаншалықты сәтті орындалды және мақсатқа қалай қол жеткізілді т.с.с. Бұл мәліметтер мұғалімге келесі сабақты нәтижелі даярлауға септігін тигізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет