Педагогикалық процестегі тұлға аралық қатынастар. Педагогикалық процестің теориялық моделін жасау қалайша оның мәнінде тәрбиенің нәтижесіне қол жететіндігін анықтауға мүмкіндік береді. Әдеттегі қалыптасқан көзқарас бойынша, әсіресе жалпы практикада мұғалімнің екі тәуелсіз оқыту және тәрбиелеу іс-әрекеттер саласы бар деп есептелінеді. Осыған сай мұғалім екі роль атқарады: пән мұғалімі және сынып жетекшісі. Оқытудың тәрбиелік мүмкіншілігін жоспарда қарастыру әрекеті көбінесе оқылатын материалдың мазмұнымен байланыстырады, немесе оқушыларды қайсарлықта, мақсаттылықты, жауапкершілікті және т.б. қалыптастыруға ықпалын тигізеді.
Сөз оқу пәндердің мазмұндарының өзінде белгілі бір тәрбие күшті әсері салынған. Бұл екі мәселемен байланысты: біріншіден меңгерілетін пәннің мазмұны қаншалықты қоғамның даму деңгейіне, оның мүлдесіне сай келетіндігіне; екіншіден бұл мазмұнның оқушыларды қаншалықты табиғаттың, қоғамның және адам ойлауының объективтік заңдылықтарын түсінумен қаруландырады, яғни көзқарастарының қалыптасуына ықпал етумен байланысты.
Кезінде А.С.Макаренко, тұлға кемшілігін оның қоғамдағы қатынастарындағы кемшіліктерімен байланыстары деген болатын. Демек процестің негізгі тәрбиелік тетіктерін оқушылардың қалыптасқан қатынастары кеңестерінен іздестірген жөн. Жалпы білім беретін мектептің педагогикалық процесінде оқушы үшін екі маңызды қатынастың маңызы бар. Ол мұғалімдер мен оқушылар арасындағы өзара қатынастар және оқушылардың бір – бірімен өзара қарым-қатынастары. Сондықтанда жалпы білім беретін мектептің педагогикалық процесіне сәйкес екі бір – бірін өзара толықтыратын және өзара әрекетте болатын тәрбиелеуші тетіктері туралы айтуға болады.
Бірінші сыныптың өзінде бала үшін оның мектеп мұғалімдерімен, әсіресе өз мұғалімімен қатынасы тартымды және маңызды болады. Бастауыш мектептерде мұғалімнің оқушыларға қатынасының мапңыздылығының арта түсуі кездейсоқ емес: себебі кішкентай оқушы өмірінде мұғалімнің маңызы зор, ол үшін мұғалім білімінің беделінің, оның тәжірибесінің, даналығының маңызы зор, оның жетістіктеріқандай мұғаліммен кездескендігінен қатты байланысты оқушыларды бірте – бірте өзінің білім көлемі, тәжірибесі жинақталады, тұрақты қатынас өрісі қалыптасады, мұғаліммен қатынасының маңызы төмендейді. Бірақ жоғары сыныптардың өзінеде де толық жойылмайды. Бірақта зерттеулердің – (А.С.Макаренко, Т.Е.Конникова, Л.И.Новикова, М.Н.Шульц және т.б.) мұғалімнің оқушылармен іскерлік ынтымақтастығында балаларға еркіндік берумен іс-әрекет тәсілдерін оқу барысында тактикалық көмек көрсету арасында тепе-теңдіктің керектігі анықталған. Онда балалар мұғалімнің біліміне, тәжірибесіне сенеді, алдымен ақылдауға келеді, себебі олар өздерінен үлкен адамдар тарапынан шексіз сыйластықты, қадыр құрмет (тіпті олар қателесіп жақсылық жасаса да және шебер тактикалық көмегі болатындығына сенемін. Міне бұл мұғалім мен оқушылардың өзара қатынастарының тәрбиелік әсерінің ықпалының негізгі мәнін құрайды, одан оқушының мектепке сол мұғалім беретін пәнге, оның өнегесі, тәрбиеге көзқарастарға, сенімдеріне, өмір принциптеріне қалайша қарайтындығы байланысты болады.
Екінші мектеп педагогикалық процестің тәрбиелеуші тетіктің маңыздылығыда кем емес. Бұл оқушылар арсындағы өзара қарым-қатынастары Н.К.Крупская өзінің мақалаларында бірнеше рет балалар ұжымындағы қатынастардың тәрбиелік ролі туралы ойды айтқан болатын. Ал А.С.Макаренко нақтырақ, болда ол: «Ұстаздың жұмысы бастапқы ұжымға тым жақын жүру керек. Оның жұмысының мәні ұжымның жеке тұлғаларға талабын тудыруға бағытталған болуы керек» дейді.
Тәрбиеші ұжымдағы тәрбиелеушілердің арасындағы нақтылы қатынастарды ескеруі керек. Бұл қатынастардың өзінде, тіпті олар біздің еркімізден тыс қалыптасқанда олардың көпшілігі тәрбие бағытында қолдануы мүмкін.
Бұл процестің тиімділігі балалардың ұжымындағы іс-әрекеттерінің мазмұны мен құрылымының одан әрі дамытуымен, олардың арнайы ұйымдастырылған ерекше бір іс-әрекет ретіндегі коллективтік қатынастары оқушыларда мақсатты бір-біріне тұлғалық қабылдау мәдениетін тәрбиелеу, оқушылардың өзін-өзі тану процесі барысында оларға жеке дара көмек көрсету, ұжымда өзінің жүріс-тұрысын өзі реттеу және әлеуметтік тиімді өз орнын табумен байланысты.
Оқушылардың бір-бірімен өзара әрекеттерімен байланысты тәрбиелеуші миханизмінің мәні сол бұл тетік бірінші көрсетілген тетік сияқты тек қана іс-әрекет болғанда ғана пайда болады және қызмет атқарады. Сонымен қатар іс-әрекет ұжымдық және мұқият ұйымдастырылған болуы керек, сонда ғана іскерлік ынтымақтастықпен жауап керектігін қатынастарды қалыптастыру үшін алғы шарттар жасалады.
Сонымен, бірінші және екінші тәрбиелеуші тетіктері арасындағы жалпы ұқсастық (іс-әрекеттен оның ерекшеліктері) өте маңызды қортынды жасауға мүмкіндік береді. Егер негізгі тәрбие сайманы болып балалар ұжымын қалыптастыру үшін ұстаз әртүрлі іс-әрекеттер арқылы балалардың айнала қоршаған ортамен белсенді өзара әрекетін ұйымдастыра алса онда оған ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыру барысында балалардың өз арасындағы қатынасты кәсіби сауатты қолдануы керек.
Тәрбие мақсатының әлеуметтік негіздері
Жоспары:
1.Тәрбие мақсаты туралы түсінік.
2.Педагогика тарихындағы ой-тұжырымдардағы тәрбие мақсатының мәселесі.
3.Тәрбие және жеке тұлғаны әлеуметтендіру.
Қолданылатын әдебиеттер:
1.Педагогика АМУ, Педагогика кафедрасы авторлар ұжымы. –Алматы, Нұрлы әлем, 2003
2.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Алматы, 2000
3.Харламов И.С. Педагогика. –М. , 2000
4Педагогика С.Қ.Мұхамбетова Ақтөбе, 2000
Тәрбие мақсаты туралы түсінік. Тәрбие мақсаты – педагогика ғылымының өзекті категориясы. Оны нақтылау, жобалау, дайындау – нақты айқындалған мақсатсыз ақ орындаған сияқты болады. Бірақ сол бағыт бағдарсыз бастаған ісінде қаншалықты сарсаңға түсіп, оңды-солды ұрынғанын, нәижеге жете алмай шаршап-шалдыққанында бір-ақ түсінеді.Егер түсінсе!
Педагогтың кәсіби қызметі адамның барша іс-әрекетіндегідей мақсат қоюдан басталады. Педагогтың балалармен жүргізіп жатқан ісінде мақсат болмаса, ол істі кәсіпқой маманның жұмысы деп бағалауға болмайды, оны әншейін бір әрекет, тәрбиелік процеспен ешбір байланысы жоқ, жай белсенділік деп түсіну керек.
Мақсатты сезіну әрқандай іс-әрекетке қуат береді. Ұлы да шапағатты мақсат адамның бар шығармашылық күшіне қанат беріп оны өрістете түседі. Мақсатқа жету адам бағытының негізі болған терең де толық қанағаттанушылық тудырады.
Шынында да, күнделікті мектептегі педагогикалық тәрбиеде болмыс көрсеткендей, мақсат проблемасы өте нашар шешілуде, кейде ол мәселе тіпті естен шығарылады, осыдан “мақсатсыз тәрбие”, яғни жол-жөнекей тәлім етек алған құбылыс. Осының салдарынан педагогтың кәсіби қызметінің өнімі, жоқтың қасы, балалар мен ұстаздардың шығармашылық мүмкіншіліктері іске қосылмайды, ал кәсіптік іскер не істерін білмей, ақырында түңіледі, жұмысынан қанағаттанушылық рахат көрмейді.
Тәрбиелік істің мұндай келеңсіз жағдайларының обьективті себептері мақсаттың әлеуметтік –психологиялық табиғатынан туындайтынын түсіне білу қажет.
Мақсат – субьект санасында оның қоршаған орта мен өзара ықпал байланысынан туындайтын әрекеттің нәтижесі туралы ой болжамы. Демек, мақсат-жағдайлар себепті пайда болуынан, нақты болмыстан айналатындықтан – ол обьективті құбылыс. Мысалы, өмірімде домбыра ұстап, үніне зер салмаған педагог балаға музыкалық тәрбие беруі мүмкін емес т.б.
Педагогика тарихындағы ой-тұжырымдардағы тәрбие мақсатының мәселесі. Тәрбие мақсаты төңірегіндегі пікір-талас ежелгі дәуірдің өзінде-ақ басталған. Ежелгі ойшылдар тәрбиенің мақсаты ізгі, рақымшыл азаматтарды тәрбиелеу деп түсінді. Ал, «рақым» туралы пікірде олардың ойлары бір жерден шықпады. Сократтың түсінігінше, тәрбиенің мақсаты – заттардың табиғатын зерттеу емес, өз-өзіңді тану, аса құлықтылықты жетілдіру. Сократтың шәкірті Платон ақыл-ой, ерік және сезімді тәрбиелеуге көп ықылас бірдіреді. Ол тәрбиені өкіметтің өзі ұйымдастыру керек, үстемдік етуші топтар – философтар мен жауынгерлердің талп тілегіне сай жұмыс істеу деп түсінді. Платонның шәкірті Аристотель, тәрбиенің мақсаты жан рақымы – ақыл-ес пен ерік-жігерді дамыту деп білді.
Я.А.Коменский тәрбиенің күшіне сенді, оның ойынша тәрбие үш мақсатқа жетуге бағытталуы қажет: өзіңдң және қоршаған ортаны тану (ақыл-ой тәрбиесі) және құдайға сиыну (діни тәрбие). Дж.Локтың ойынша, тәрбиенің негізгі мақсаты (азаматты қалыптастыру).
-«өз істерін ақылмен және байыппен жүргізетін адам». Ж.Ж.Руссо қоғамдық құндылықтарды қалыптастыруға тәрбие мақсаттарының бағыт-ұстанымынан айныған емес.
Пестолоццидың тәрбие мақсаты, адамның табиғи күш-қуаты мен қабілеттілігін дамытуға негізделуді, сонымен қатар, бұл даму жан-жақты және үйлесімді болуының биігіне көріну қажеттілігіне тоқталса, ал И.Гербарттың ойынша, тәрбие мақсаты, рақымды адамды қалыптастыруға, қалыптасқан қарым-қатынастарға бейімделе алатын, қоғамдығы белгіленген тәртіпті силайтын, оған бой ұсынатын адамдар деген түйінге келеді. Тәрбиенің ең жоғарғы мақсатын А.Дистерверг «ақиқат, сұлулық және мейірімділікке өз ынтасымен қызмет» ету деп анықтаған.
Ерте заманнан бері тәрбие мақсаты жайлы пікір жалғасып келеді. К.Д.Ушинский жазғандай: «Егер сізге айтса, тәрбие мақсатымен адамды бақытты етуге болады деп, онда сіздің дауласуға әбден қақыңыз бар, ал тәрбиеші «бақыт» дегенде нені түсінеді; өйткені, бәрімізге белгілі, әлемде бақытқа ұмтылмайтын пенде жоқ: біреуге бақыт болып көрінетін жағдай, ал ол басқа адамға жай бір оқиға сияқты көрінеді, кейбіреуі тіпті бақытсыздық», – деп те түсінеді.
Осыған орай сұрақ туады, балаға әрқашан бақытты болу пайдалы ма, бұл әлеуметтік мәселелерді шешуде дәрменсіздікке, қайратсыздыққа әкелмей ме? Сөз тек осы күнгі тәрбие мәселесі жөнінде емес: педагогтар жастардың бүгін мен болашағын ескере отырп, өмірдің күрделі де қиын мәселесін шешуге дайындауға ынталану деп ұққан жөн.
Көп уақытқа дейін тәрбие мақсаты идсалды адам мұратына, жан-жақты үйлесімді дамыған, рухани байлығы мол, моральдық қылықтары таза және дене күші дамыған тұлға ретінде түсінеді. Әрине, бұл позиция-тәрбиенің негізгі мақсаты. Бірақ, тәрбиенің мақсаты біржақты қарастырылып, күнделікті тәжірибеде тәрбие жұмыстарының нәтижелері алға қойған мақсаттан біршама ерекшеленуіне әкеп соғады.
Ресейде, социал-демократтар тәрбие мақсаттары туралы өз көзқарастарын әлемге ұсынды. ХІХ ғ. 40-жылдарында В.Г.Белинский крепостнойлық право мен патшалық саясатта қарсы күрескерді тәрбиелеу деп жазды. А.И.Герцен тәрбие мақсаты – қоғамдағы әділетсіздікпен күресетін еркін ойлы, адамгершілігі мол, қайраткер, жан-жақты дамыған тұлғаны дайындау деп санады. «Біз ақыл-ойдың дамуына таныммен қатар адамгершілік тәрбиенің міндеті анғұрлым маңызды» - деп, К.Д.Ушинский жазды.
Сол себепті, бүгінгі тәрбиенің мақсатын әлеуметтендіру мәселелерімен бірлікте қарастыру өзекті мәселелердің бірі екендігіне ерекше мән берген орынды.
Тәрбие мақсаты – ол педагогикалық процесс пен қоғамның қажеттілігіне қарай өзгеріп отырады. Тәрбие мақсаты қоғамның әлеуметтік сұранысына қарай және оның табысты орындалуы ұстаздың кәсіби дайындығына байланысты келеді. Ұстаздың қызметі мақсаттылығынан басталады, ал оқушылар оқу іс-әрекетінің мақсатын нақты ұғына отырып, тапсырманы орындайды.
Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру. Әлеуметтік ұғым психология, философия және педагогикалық еңбектерде кеңінен қолданылады.
«Әлеуметтендіру» ұғымы адамды әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесінде әртүрлі әлеуметтік бірліктердің (топтар, институт, ұйымдар) түрлеріне интеграциялау, одақтық қауымдастыру.
Әлеуметтендіру – мәдени элементтерді түсіндіру, әлеуметтік мұраттар мен құндылықты игеру негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру.
Сөз жоқ, әлеуметтендіру жүйесінің мазмұны қоғам талабымен айқындалады, яғни оның мүшелері қоғамның маңызды салаларын білу, өндірістік қызметке қатысу, берік үйелмен, заңды басшылыққа алатын азамат болуы қажет. Адамдардың мінез-құлқы әлеуметтендірудің объектісі ретінде қалады. Бірақ, адам бұл процестің объектісі ғана емес, субъектісі болған жағдайға ғана әлеуметтенеді.
Әлеуметтендіру қоғам талаптарын жеке тұлғаның қалыптасу кезеңінде бірте-бірте игеруі, сана мен тәртіптің маңызды әлеуметтік мінездері, оның қоғаммен қарым-қатынастарын реттейді.
Ғылымға адамды «Әлеуметтендіру» термині саяси экономикадан келді, оның ең алғашқы мағынасы жерді, өндіріс құралдарын – «қоғамдастырудан» басталды. «Әлеуметтендіруді» адамға тәуелдендірген автор американдық әлеуметтанушы Ф.Г.Гилдин, (1887 ж.) өзінің «Әлеуметтендіру теориясы» кітабында бұл ұғымды қазіргі ұғымға жақындастыра қарап: адамның әлеуметтік табиғи мінезін дамыту немесе индивидтің мінезін, жалпы адамды әлеуметтік өмірге дайындау.
Тұлғаның әлеуметтік даму барысында қоғамда адам өзін тұлға ретінде сезінеді. Бұл тәрбие, білім және өзін-өзі тәрбиелеу жағдайында, адам өздігінен алдына мақсаттар белгілеп, оған жетуде өзінің бедел-сезімін түсінеді, қоғамдағы өз орнына сенімді.
Әлеуметтендіру – тұлғаның белгілі бір бейнесін дәріптейді, оның негізгі белгілері: адамның әлеуметтік қарым-қатынасы, достық, сүйіспеншілік, отбасы, өндірістік, саяси т.б. көрінеді. «Адамның адам болып қалыптасуы жалғыздықта өмір сүрмейді, бірліктердің арпқасында адам болып қалыптасады, өзін қоршаған басқа субъектілермен бірдей жағдайда тұрмайды, бірақ әркім-әрқайсысының жан-жақты ықпалынан осы жерлерге үздіксіз жауап қайтарғанынан (Наторп П.).
«Әлеуметтендіру жүйесінің алдына қойған міндеттерінің екі тобы шешімін табады: тұлғаның әлеуметтік бейімделуі мен әлеуметтік кемелденуі. Бұл міндеттерінің шешімі ішкі және сыртқы факторларға байланысты. Соның ішінде, сыртқы ортаның қайшылықтары баланың бойында дамып келе жатқан ішкі қарсыластық күшіне сай келуге тиіс. Адамның орталыққа ұмтылыс күші, сыртқы мәдениеттің жерінен әлдеқайда басым болуы қажет, сонымен қатар, оның жаңа ағымын үздіксіз сезінуі керек».
Әлеуметтік бейімделу (адаптация) индивидтің қоршаған орта жағдайларына ыңғайлануы болса, ал әлеуметтік кемелдену өзінің іс-әрекетін жүзеге асыру, тәртіптің қарым-қатынастап тұрақтылығы, тұлғаның өзі туралы пікірі, өз-өзіне баға беруі. Әлеуметтік бейімделу мен әлеуметтік кемелдену міндеттерінің шешімі: егер, ізгілікті орта болса, «барлығымен бірге болу» және «өзімен өзі болу» мотивтерімен, уәждік қажетсінумен реттеледі.
Сөз жоқ, адамды әлеуметтендіру нәтижелері әлеуметтік белсенділік, адамның әлеуметтік қарым-қатынасы байланысында көрініс беретін әрекетшілдігі. Әлеуметтендірудің көрсеткіштері: әлеуметтік ортаға бейімделу, әлеуметтік дербестік және әлеуметтік белсенділік.
Әлеуметтендірудің көптеген тұжырымдамаларын талдау, олардың барлығын осы аталған позициялардың, ұстанымның біріне жақындайды, олардың өзі адамның әлеуметтендіру жүйесіндегі орнын түсінуі. Бірінші, адамның әлеуметтендіру жүйесінде марғаулық позициясын ұстанады, ал әлеуметтендірудің өзін адамның қоғамға бейімделу кезеңі ретінде қарастырады, әрбір мүшені өзіне тән мәдениетіне қарай қалыптастырады. Мұндай көзқарасты субъект – объект деп қарауға болады (қоғам объективтік әсер, ал адам – оның объектісі). Бұл ұғым – пікірдің басында Э.Дюркгейм және Т.Парсонс тұрды.
Екінші жағынан, адам әлеуметтендіру кезінде белсенді түрде қатысып қоймай, қоғамға да бейімделеді, өзі-өзіне, өмірдегі жағдайларғада әсерін тигізе алады. Бұл көзқарасты «субъект-объект» деп атауға болады. Бұл екінші позицияны Ч.Кули және Д.Г.Мид ұстанды.
Балалар, жасөспірімдер, жастар өзара қарым-қатынаста, әлеуметтену кезінде олардың дамуларына азды-көпті әсер ететін түрлі жағдайлардан өтеді. Адамға әсер ететін түрлі жағдайларды қозғаушы күш деп атайды. Біршама зерттелген ғылыми еңбектерде әлеуметтендірудің жағдайлары мен қозғаушы күштерін төрт топқа біріктіреді.
Бірінші – мегафакторлар (мега-өте үлкен) – космос, неоофера, планета, әлем бұлар басқа қозғаушы күштер арқылы барлық жер бетінің тұрғындарын әлеуметтендіруге әсер етеді.
Екінші – макрофакторлар (макро-үлкен); -ел, мемлекет, этнос, қоғам бұлар белгілі бір елді мекенде өмір сүретін тұрғындарды әлеуметтендіру.
Үшінші – мезофакторлар (мезо-орташа): -тұрақты жерде халықтың болмыс түрі, әртүрлі субмәдениетке қатысы бойынша сараланатын адамдардың үлкен тобын әлеуметтендіру жағдайы.
Төртінші – микрофактор – белгілі бір нақты адамдарға әсер ететін қозғаушы күштер жатады - әйелмен мен отбасы, көрші, құрдастар тобы, тәрбие орындары, әртүрлі қоғамдық, діни, мемлекеттік, жеке ұйымдар, микросоциум.
Оқушылардың ғылыми дүниетамын қалыптастыру
Жоспары:
1.Дүниетанымның мәні және оның құрамды бөліктері
2.Дүниетанымның философиялық негіздері
3.Жеке тұлғаның құндылық бағдары.
4.Жеке тұлғаның дүниетанымы қалыптасуының жолдары мен тәсілдері
Қолданылатын әдебиеттер:
1.Педагогика АМУ, Педагогика кафедрасы авторлар ұжымы. –Алматы, Нұрлы әлем, 2003
2.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Алматы, 2000
3.Харламов И.С. Педагогика. –М. , 2000
4.Ильин Т.А. Педагогика. –Алматы: Мектеп, 1977
Дүниетанымның мәні және оның құрамды бөліктері. Дүниетанымның қалыптасуы – күрделі әлеуметтік-педагогикалық мәселе. Педагогика тарихы мен мектеп тәжірибесінде бұл мәселені шешудің үлкен және құнды тәжірибесі жинақталған. Жеке тұлғаның, оның ішінде оқушы жастардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы теориялық және тәжірибелік тұрғыдан көкейкесті мәселеге айналуда.
Жаңа заманның нарық қатынастарына көшу жағдайларында жастардың мемлекеттік және қоғамдық құрылыс жүйесіндегі орны түбегейлі өзгеруде. Сондықтан, қоғам мен мектеп алдында жеке тұлғкның дүниетанымын оның ең алдымен жастардың өздері үшін, сондай-ақ бүкіл қоғам үшін қажетті әлеуметтік-адамгершілік құндылықтарының жаңа жүйесін құру процесіне белсене қатыстыру арқылы қалыптастыру міндеттері жатыр.
Дүниетанымның қалыптасу процесі көп қырлы, сондықтан педагогикалық ғылымда бұл ұғымға байланысты әр түрлі көзқарастар бар. Дүниетаным – бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына, оны қоршаған болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, сонымен қатар, адамдардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таным мен қызмет принциптері, құндылық бағыттары. Әлеуметтік топ пен жеке тұлға дүниетанымның субъектісі болып есептелінеді. Дүниетаным қоғамдық және жеке адам санасының ұйытқысы болып табылады. Дүнитанымды қалыптастыру – тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен қатар белгілі бір әдеуметтік топтың, қоғамдық таптың және оның партияларының жетілуінің елеулі көрсеткіші.
Дүниетаным – дүниенің, адамның, қоғамның бейнеленуі, оны жалпы түсіну және олармен адамның әлеуметтік-саяси, философиялық, адамгершілік, эстетикалық, ғылыми-теориялық, құндылық. Дүнитаным болмысты тану әдісі бола отырып, адамдардың іс-әрекетінің ерекшелігін анықтайтын өмір принциптерінен тұрады.
Дүнитаным дегеніміз – дүниеге деген нақты-тарихи маңызы бар көзқарастың, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарына, өмірдің әлеуметтік-экономикалық құрылысына, адамның белсенді өмір көзқарастарын анықтайтын қоғамдық-саяси қатынастар жүйесіне қатысты ғылыми негізделген сенімдердің органикалық бірлігі, тұтастығы. Оқушылардың дүниетанымы ғылыми-философиялық білімдерді, заманына сай ғылыми жетістіктерді, сонымен бірге, болмысты танудың жалпы әдістерінің жүйесін жүйелі игеруі нәтижесінде қалыптасады.
Ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананың ең жалпы, ең жоғарғы формасы. Табиғат, қоғам, ой дамуының мәні мен заңдылықтапрына түсінік беретін дүниетанымдық идеялар жиынтығы оқушы санасында көзқарас, сенім, ойлау-болжам, аксиома, әр түрлі табиғи және қоғамдық процестер мен құбылыстар түсіндірмесінің ғылыми негізін құрайтын кез келген ғылымның жетекші идеялары мен негізгі ұғымдары ретінде қалыптасады.
Дүниетаным негізінде дүниеге көзқарас, яғни дүние туралы белгілі бір білімдердің жиынтығы жатыр. Дүниетаным түрлі білімдерді игеру процесінің нәтижесінде ғана емес, сонымен қатар күнделікті көзқарастарды меңгеру нәтижесінде де қалыптасады. Қоғамның жаңаруы, қоғамдық білім және жаратылыстану ғылымдарының жаңалықтары, өмірді жаңартудың жаңа қоғамдық тәжірибесі қалыптасқан көзқарастар мен ойлау стереотиптерін толықтырып, нақтылай түседі, өзгертеді.
Дүниетанымның философиялық негіздері. Философия сиқты дүниетанымның басқа да формалары бар: мифологиялық, діни, көркемдік, натуралистік, үйреншікті. Философияның дүниетанымның басқа формаларынан айырмашылығы – оның қоғамдық сананың ғылыми саласына жататындығы. Ал оның ішінде, натуралистік формадан өзгешелігі, ерекше категориялық аппараты бар , ал ол өз дамуы барысында барлық ғылымдарға, адамзат дамуының бірыңғай тұтас тәжірибесіне сүйенеді. Философияның мәні «диние-адам» мәселелері туралы ойлар. Философия екі құбылысқа негізделеді:
1.Философия – бүтін дүние және адамның осы дүниеге қатынасы туралы ақпарат;
2.Философия – таным принциптерінің комплексі, таным іс-әрекетінің жалпы әдісі.
Осыдан барып философияның көптеген қызметі екі топқа бөлінеді: дүниетанымдық, әдіснамалық.
Философияня\ың адам мәселесінің маңыздылығына орай бірінші орында гуманистік қызметі тұр. Гумандылық (лат. Humanus – адамгершілігі бар) – адамгершілік деген мағынаны білдіреді, ол – гуманизмнің түрлі бағыттарының арман-мұраты. Оның басты мақсаты: адамға тән құндылық қабілеттілігінің, сезім мен парасаттың үйлесімді дамуы, адами мәдениеттің, өнегелілік пен оған лайық адамдар мен тұтастай жаратылысқа қатысты мінез-құлықтың жорғары деңгейде дамуы. Адамгершілік – адамдармен қарым-қатынас жасағаннан пайда болатын игілік сезімі; бір жағынан, жалпы тілектестік-ниеттестіктің сезімі; ал екінші жағынан – адамдармен іштей және жалпы түрде қатынас жасау мүмкіндігі, адамзатты жануарлардан ерекшелендіретін, тек адамға ғана тән қасиеттер жиынтығы (Конт).
В.С.Солоьевтің пайымдауынша: «адам өміріне ақыл-ойдың маңызды мәселелерін, ақиқат шындығы, құбылыстардың мәні мен парасаты туралы мәселелерді шеше алатын, сонымен қатар, қалауға шартсыз мақсат қоя отырып, қызмет-әрекеттің жоғарғы қалпын анықтай отырып бүтін өмірдің ішкі мазмұнын аша отырып, ерік-жігердің жоғары талап-тілектерін қанаттандыра алатын жоғары деңгейдегі наным-сенім мен орныққан көзқарастар сөзсіз қажет...». «Қоғам үшін де, жеке индивид үшін де дүниетанымсыз өмір дегеніміз бағыт-бағдардың жоғары сенімінің патологиялық бұзылуын білдіреді» (А.Швейцер). Философияның гуманисттік қызметінің мәні, міне, осы.
Философияның келесі бір дүниетанымдық қызметі - әлеуметтік-аксиология. Оның өзі де бірнешеге бөлінеді, олардың ішіндегі ең маңыздылары: құрылымдық-құндылықтық, интерпретаторлық және сыншылдық қызметтері. Біріншісінің мазмұны Жақсылық, Әділеттілік, Шындық, Сұлулық сияқты құндылықтар туралы түсініктерді талдау болып табылады; бұған, сондай-ақ, әлеуметтік арман-мұрат туралы түсінік те жатады.
Қоғамдық арман-мұрат жеке тұлғадан басталады. Бұл арман-мұрат негізгі адамгершілікке байланысты белгіленеді, ал оған шартсыз мағынасындағы, шексіз қабілеттілігіндегі жеке тұлға ұғымы жатады. Қоғамда жеке тұлғаның өмірлік міндеттері қайталанып қана қоймайды, оның арман-мұратқа ұмтылысындағы күш-жігері де толығады. Қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның өмірі индивидуалдық өзін-өзі таныту мен шартсыздық пен жоғары даралыққа ұмтылу сияқты тербелісте болады. «Жеке тұлғаны» шартсыздық принципі қажет болған сайын бүкіл адамзаттық, ғалымдық, ынтымақтастық арман-мұратына әкеледі... Қоғамдық арман-мұратқа еркін универсализм принципі деп анықтама беруге болады» (Л.И.Новгородцев).
Жеке тұлғаның дүниетанымы жалпы білімдер дегенді және оларды құбылыстарды тану мен бағалау үшін және шешім қабылдау үшін пайдалана алу біліктері дегенді білдіреді. Ол білімдердің ақиқаттылығына және оларды қызмет-әрекеттің, құрылу ретінде пайдаланудың нәтижелілігіне деген сенімдерден тұрады.
Жеке тұлғаның дүниетанымы, сондай-ақ, дүниетанымдық білімдері мен сенімдер, дүниетанымдық көзқарастың кеңеюі мен тереңдеуі қажеттігінен тұрады. Қажеттілік дүиетаным сапасы ретінде: жеке тұлғаның дүниетанымы тек заттық-мазмұндық категогрия емес, ол, сондай-ақ, психологиялық категория, соның ішінде эмоционалды-жігерлік категория. Білім мен білікке негізделген қажеттілік пен сенімділік дүниетаным табиғатына сай, яғни тиісті, жетілген, сонымен қатар, шынайы мүмкін және қол жетерлік туралы түсінік болатын жалпы әлеуметтік, адамгершілік және эстетикалық арман-аұраттардың қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Сенім мен арман-мұрат жеке тұлғаның дүниетанымының тағы бір элементінің негізін салады, ол – қызмет-әрекеттіңі бағыты мен дүниеге деген қатынасты айқындайтын, жалпы принциптер. Ең соңғы дүниетаным элементі – дүниетанымдық сенім, принциптер мен арман-мұраттарға сәйкес қызмет-әрекет етуге деген эмоционалды-жігерлі әзірлік.
Философиялық теориялар көптеген педагогикалық тұжырымдар мен жүйелердің негізін құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |