Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық Академиясы



бет1/4
Дата01.02.2022
өлшемі59,5 Kb.
#130328
  1   2   3   4
Байланысты:
stud.kz-21066


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық Академиясы

Фтизиатрия, сәулемен анықтау және сәулемен емдеу кафедрасы



Тақырыбы: Онкологиялық ауруларды сәулемен емдеу әдістері.

Орындаған:

Тобы:

Қабылдаған:

Шымкент 2013жыл

ЖОСПАР:

І КІРІСПЕ

ІІ. Негізгі бөлім

Сәулемен емдеу түрін және тәсілін таңдау.

Сәулемен емдеуді жоспарлау және жүргізу.

Сәулемен емдеудің тәсілдері.

Радиобиология жетістіктеріне байланысты сәулелік терапия келешегі.

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Онкология (грек. oncos – өскін, ісік және logos – ілім) – медицина ғылымының ісік ауруларының пайда болу себептерін, даму жолдарын, клиникалық белгілерін анықтап, емдеу, олардан сақтану жолдарын зерттейтін саласы.Соңғы кездерде қатерлі ісіктерді сәуле арқылы емдеу тәсілдеріне көптеген өзгерістер енді, яғни сәулемен емдеуге лайықты сырқат көрсеткіштері кеңейіп, оның нәтижелері жақсарады. Бұл көрсеткіштердің жақсаруы онкологиялық ғылыми зерттеу институттарында, сол сияқты онкологиялық диспансерлерде қолданып жүрген жоғарғы энергиялы сызықты жеделдеткіш сәулелі және қуыс ішілік гамма терапиялық аппараттардың дамуына және де медициналық дозиметрияда сәуле емін жоспарлауда пайданылатын электронды автоматтық есептегіштер мен копьютерлерге және ультрадыбысты зерттеулердің өмірге енуіне байланысты болып отыр. Сәулемен емдеудің нәтижесінің жоғарлауы – радиобиология ғылымының жетістіктеріне, қатерлі ісікпен сау тіндерге сәуле емінің әсерін ғылыми тұрғыда зерттеу барысында және сәулемен бөлшектеп емдеу тәсілдерінің ырғағын дұрыс таңдауға байланысты. Бір сөзбен айтқанда, техникалық және ғылыми дамудың арқасында қатерлі ісіктерді сәуле арқылы емдеу өте жоғары деңгейге көтерілді.

Қатерлі ісіктерді сәулемен емдеу радикалды, паллиативті, симптомды болуы мүмкін.

Радикалды емдеу элементтері ісікті бастапқы ошағында метастаздалынуы мүмкін аймақтарды толық жоюды көздейді.

Паллиативті емдеу науқастың өмірін ұзартуға және жағдайын жақсартуға бағытталған. Ісіктің өсуімен оның таралуын қандай болмасын мерзімге дейін кідіртуді көздейді. Сонымен бірге онкологияда симптомдық сәулемен емдеу кеңінен қолданылады. Ол бастапқы және метастатистикалық жаңа өскіндердің жайылуына және таралуына негізделген ауыр клиникалық белгілерді болдырмау мақсатын көздейді. Ісіктердің барлық элементтерін жою және организмнің бұзылған функцияларын қалпына келтіруге емдеудің бір тәсілін қолдану нәтиже бере бермейді. Сондықтан қатерлі ісіктерді осы заманғы емдеу, әдетте жинақтық тәсіл болып табылады.

Күнделікті тәжірибеде қолданылып жүрген сәулелік ем екі түрлі әдіспен жүргізіледі.

  1. Қашықтық әдіс. Бұл ретте сәуле энериясы белгілі бір аралық қашықтықтан беріледі. Ол әдіс статикалық және жылжымалы тәртіппен жүргізіледі.

  2. Жанасу әдісі. Мұнда сәуле шығаратын радиоактивті элементтерден жасалған ине, моншақ тәрізді препараттар ісік тіннің ішіне ендіріледі немесе ісікке қапталас орналастырылады. Ол үшін радиоактивті Со-60, цезий -137, иридий – 192,күміс – 198 т.б пайдаланылады.



  3. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет