Байланысты: аза стан республикасыны білім ж не ылым министрлігі семей ал
Кеселі барометр құрылысы.(2-сурет) Бір жақ түбі бітеу шыңы ішінде сынабы бар барометрлік түтік (1) ішінде сынабы бар кесе қақпақшасына (2) бекітілген және футляр қызметін атқаратын металл түтікке (3) салынған. Түтіктің (3) жоғарғы жағына терезешелер жасалынған, сол арқылы сынаптың деңгейін тексеруге болады. Латунды түтікке миллиметрлік бөлінулер көрсетілген. Соған қарап барометр биіктігін тексеруге болады. Бөлінулер көлемі кеседегі сынаптың өзгеруін ескереді. Оныншы бөлшектің ең кіші бөліну шкаласын санау үшін жылжымалы нониус (4) бар, оны кремальера (5) көмегімен араластыруға болады. Латун түтігінің төменгі жағында сынап температурасын өлшеуге арналған термометр бар. Барометр кесесінде винт (6) бар. Егер де оны 2-3 рет бұраса, онда кекнің ішкі бөлігі сыртқы ауамен байланыста болады. Сонымен қатар винт кесеге шаңдар мен сыртқы ластанудан қорғайды.