Ауа қысымын ауыл шаруашылығында келесі мақсаттар үшін өлшейді: жергілікті жерді барометрлік ниверлирлеу кезінде, жоспар құрғанда, экспедициялық жағдайларда және де жергілікті жердің көрсеткіштері бойынша ауа райын болжағанда қолданылады.
Кеселі (чашечный) барометр. Егер де бір жақ түбі бітеу, ұзындығы 80см болатын түтікті алып, оны сынаппен толтырып, саусағымызбен жауып тұрып төңкеріп, ашық тұрған жағын сынап толтырылған кесеге салсақ, (1-сурет) содан кейін саусағымызды алсақ, онда сынаптың бір бөлігі түтіктен кесеге төгіледі; түтіктегі сынаптың деңгейі ауаның қысымына байланысты белгілі бір биіктікте болады. Кеседегі сынаппен түтіктегі сынаптың арсындағы ара қашықтық деңгейі барометр биіктігі деп аталады. 1-суретте барометр биіктігі AB ара қашықтығына тең.
Түтіктегі және кеседегі сынап тынышықтық күйінде тұр. Ауа қысымының кеседегі сынаптың әрбір бірлігі түтік ішіндегі сынап бірлігіне тең екенін көрсетеді. Егерде бұндай теңдік болмпған жағдайда сынап түтіктен кесеге немесе керісінше құйылатын еді. Егер ауа қысымы жоғарыласа, онда сынап біртіндеп кескден түтікке құйылып, барометр биіктігі жоғарылайды. Егер ауа қысымы төмендесе, онда сынаптың бір бөлігі түтіктен кесеге құйылып, барометр биіктігі төмендейді. Сынаптың биіктігін өлшеу арқылы біз ауа қысымының көлемін анықтаймыз. Сынап барометрінің құрылысы осыған нгізделген.