Байланысты: аза стан республикасыны білім ж не ылым министрлігі семей ал
Барометр көрсеткішін есептеу.Барометрге жақындағаннан кейін, ең алдымен термометр көрсеткіштерін дәлдікпен 0,1° дейін есептеп алып, бақылау кітапшасына көрсеткішті есептеп, жазып қою қажет. Содан кейін сынаптың шыңыға жабысып қалмауы үшін барометрді бір-екі рет саусақпен қағып қою қажет және нониустың төмеңгі бөлігі және ползунканың төмеңгі бөлігінен өтетін көлденең беткей сынап менискінің жоғарғы нүктесіне тиетіндей етіп кремальердің көмегімен нониусты орнатады. Көздің ешқандай деңгейінде нониус пен менисктің жоғарғы нүктесінің арасында жарық болмауы керек.