Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Семей мемлекеттік педагогикалық институты



бет15/18
Дата08.06.2018
өлшемі1,42 Mb.
#41867
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Бекіту сұрақтары
1.Алғашқы қазақ хандары.

2.Қазақ хандығының нығаюы (ХҮ ғ. соңы – ХҮІ ғ. басы).

3.Қазақ хандығының өрлеуі. Қасым хан (1511-1521 жж.)

Әдебиеттер

1. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (очерк). Алматы., + 1994.

2. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. І том. А., 1996.

3. Қ. Салғарин. Қазақтың қилы тарихы. А., 1982.

4. Н. Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарих


  1. ХҮІ ғ. 20-70 жж. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ

Дәріс мақсаты. ХҮІ-ғ.20-жылдары Қасым қайтыс болған соң Жошы ұрпағының өзара талас-тартысы Қазақ хандығын біраз әлсіретті.Өзбектер мен монғол билеушілері қазақтарға қарсы одақ құруы және қазақ хандығы жерінің тұтастығы үшін жүргізгенқазақ хандарының саясаты.

Қазақ ханы Тақыр (1523-1533) Ноғай Ордасымен қақтығысып жеңіліс тапты, Сырдариялық қалаларды қайтарып алу әрекеті де сәтсіз болды. Ішкі талас-тартыста жеңіліс тапқан Тақыр Жетісуға қашып барып, Моғолстан ханы Сұлтан Саидке қарсы қырғыздармен одақ жасасты.

ХҮІ-ғ.екінші ширегінде қазақ хандарының саяси әрекеті негізінен қырғыздармен одақтасып, Моғолдар мен Ойраттарға қарсы жүргізіп жатқан Оңтүстік Шығысына және Ноғайлармен, башқұрттармен, татарлармен ара-қатынасы қиын күрмеуге айналған батысы мен солтүстігіне ауысқан еді.

Бұл бағыттарда көрнекті қазақ ханы Хақназар (1538-1580жж.) табысты саясат жүргізді.Ол ойраттар мен Моғолстан ханы Әбдірашитке қарсы шығып, Жетісудың Шығысы мен Оңтүстігіндегі жерлерді қорғап қалды.

Хақназар Оңтүстіктегі иелігін кеңейтіп, сауда, өнеркәсіп және егіншілік орталықтарына жол ашуға ұмтылды. Бірақ Хақназар хан көп ұзамай қаза тапты.Қазақ билеушілерінің қарамағында Ұлытаудан Оңтүстікке қарайғы Сарысу бойы, Солтүстік Арал маңы, Қаратау, Батыс Жетісу аумағы ғана қалған кезде болды.

Бекіту сұрақтар

1.Хақназар хандығы жері, саяси тарихы

2.ХҮІ ғ. 30-40 жж. Қазақ хандығы

3.ХҮІ ғ. екінші жартысындағы Қазақ хандығы



Әдебиеттер

1. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (очерк). Алматы., + 1994.

2. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. І том. А., 1996.

3. Қ. Салғарин. Қазақтың қилы тарихы. А., 1982.

4. Н. Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарих

5. Қ. Салғарин. Қазақтың қилы тарихы. А., 1982.

6. Асфендияров С. История Казахстана А., 1993

7.Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетий А.,1992.




  1. ХҮІ ғ. СОҢЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ


Дәріс мақсаты. Қазақ ханы болып, Жәнібектің ұрпағы Шығай сайланды.Ол екі-ақ жыл билік құрды. Шығай Өзбек ханы Абдаллахтың жүргізген саясаты қаралады. Абдаллах Сырдария қалаларын бағындаруы, қазақ билеушілерінің қазақ жерінің тұтастығын сақтаудағы қызметін талдау.

Қазақ хандығына Сырдария қалаларын өз қолдарына алып, сол арқылы хандықты күшейту қажет болды.

1586-жылы Шығайдың ұлы Тәуекел Түркістанның біраз қалаларын өзіне бағындырып, Ташкентке қол созды.1586-1594жж. аралығында ол өзге сұлтандармен хан тағына таласып, біраз уақытын соған жұмсады, ақыры хандыққа қол жеткізген еді. Өзбек ханына қарсы күресте әскери одақтас ету үшін ол Мәскеумен қарым – қатынасын оң жолға қойды. Сөйтіп 1598-жылы Орта Азияға жаңа жорық жасады. Сырдария бойындағы қалаларды қайтарып алу жолында сәтті ұрыстар жүргізген Тәуекел бір ұрыста ауыр жараланып, Тәшкентте қайтыс болды.

Шығайдың тағы бір ұлы Есімнің билігі тұсында (1598-1628) Қазақ хандығы барлық қалаларымен қоса Түркістанды, Ташкентті қайтарып алды және біраз уақытқа дейін Ферғананы да қарамағында ұстады.



Бекіту сұрақтары
1.Қазақ хандығы және Ноғай Ордасы

2.ХҮІІ ғ. алғашқы отызындағы Қазақ хандығы.

3. Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығы

Әдебиеттер

1. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (очерк). Алматы., + 1994.

2. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. І том. А., 1996.

3. Қ. Салғарин. Қазақтың қилы тарихы. А., 1982.

4. Н. Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарих

5. Қ. Салғарин. Қазақтың қилы тарихы. А., 1982.

6. Асфендияров С. История Казахстана А., 1993


  1. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетий А.,1992.




  1. ХҮІІ ғ.БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ


Дәріс мақсаты. ХҮІІ ғ. бірінші жартысындағы Қазақ хандығын Есім ханның есімімен байланыстырамыз.Осы кезеңде негізінен Қазақ хандығының территориялық кеңею кезеңі деп те атауға болады. Есім хан тұсында ескі қайшылық тұтанып қазақ-ойрат қатынастары шиеленісе түседі.

Қазақ хандарының Оңтүстік Қазақстандағы отырықшы-егіншілік аймақтар қазақ мемлекетінің жері болып есептелді.

Ұзаққа созылған соғыстан жергілікті халық көп зардап шекті, қала шаруашылығ құлдырап , суландыру жүйесі істен шықты.Егіншілік жерлер өте тарылған еді. Әскери қимыл мен жаудың тонаушылық жорықтары сауданы күзелтіп, даладағы малшы аудандардың да экономикалық жағдайын ауырлатты. XVII ғасырдың біріғіші жартысында ойраттар мен қазақ-тардың арасындағы әскери қактығыстар жиілей түсті. Ой-рат феодалдарының Шығыс Моңғолияға қарсы ойдағыдай жүргізген соғыстары олардың күшін нығайтты. XVI ғасыр-ДЬ'Ң аяқ шенінде ойраттар басты-басты төрт тайпалық оірлестіктен қүралды. Олар: Тарбағатайдан Шығысқа карай өҢ'Рді алып жатқан торғауыттар, Ертістің жоғарғы ағысын "оилай қоныстанған дербеттер, қазіргі Дихуа қаласының ТөҢірегіндегі хошоуыттар және Іле өзенінің жоғарғы жа-ғыңдағы шоростар еді.

Қазақ және ойрат әміршілерінің арасында жайылымдык ерлер үшін ірі қақтығыстар XV ғасырдың езінде басталған болатын. XVI ғасырдың аяғында ойраттардың шағьің бір бөлігі сәтсіз шабуылдан кейін қазақ ханы Тәуекелге бағынышты болып шықты. 1635 жылы қоңтайшы Батур. дың бастауымен Жоңғар хандығы құрылды. Осыдан соң, егер XVI ғасырдың аяғында XVII ғасырдың басында қазақ хандығына бытыраңқы ойрат тайпалары қарсы болса, XVII ғасырдың екінші ширегінде күштердің ара салмағы жоңғ-ар тайпаларының пайдасына өзгере бастады.
Бекіту сұрақтар
1.ХҮІ-ХҮІІ ғғ. қазақ-ойрат қарым-қатынастары.

2.ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы қазақ-орыс қарым-қатынастары.

3.ХҮІІ ғ. соңындағы Қазақ хандығыХҮІ-ХҮІІ ғғ.

Әдебиеттер

1. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (очерк). Алматы., + 1994.

2. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. І том. А., 1996.

3. Қ. Салғарин. Қазақтың қилы тарихы. А., 1982.

4. Н. Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарих

5. Қ. Салғарин. Қазақтың қилы тарихы. А., 1982.

6. Асфендияров С. История Казахстана А., 1993


  1. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетий А.,1992.



15. ХҮ – ХҮІІғ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Дәріс мақсаты. ХҮ ғ. ортасы – ХҮІІғ. Қазақстанның шаруашылығы көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды.Негізінен қой, сиыр, түйе өсірді.Ғасырлар бойы қалыптасқан мал шаруашылығын жетілдіру үстінде болды. Қазақтардың киіз үиімен құрал жабдықтары көшпелі тұрмысқа , мал өнімдерін өңдеуге бейімделген. ХҮ ғ. ортасы – ХҮІІғ. Бұрынғыға қарағанда қолдан суару өріс алып, дами түсті.Бұл ғасырларда қазақ халқының өзіндік мәдениеті қалыптасты.

Сығанақ пен Саурандағы, Иасы мен Отырардағы , Сарайшықтағы Жәнібек пен Қасым хан кесенелері , Ұлытаудағы Қазанғап, т.б. мазарлар сияқты сәулет өнері кешендері қайталанбас ерекшелігімен, мәнерлерімен бір – біріне ұқсамайды.Осы ғасырларда қазақтардың халық ауыз әдебиеті кеңінен өркендеді. «Қобыланды батыр» т.б. сынды әр-түрлі батырлық эпостар дүниеге келді. Қазақ ауыз әдебиетінің өкілдері : Шалкиіз жырау, Доспамбет жырау т.б. есімдері де халық аузында сақталып қалды.

Бұл кезеңдерде қазақ даласында ислам кеңінен қанат жайды.
Бекіту сұрақтары
1.ХҮ-ХҮІІ ғғ. қала мәдениеті, сауда және ақша айналымы.

2.ХҮ-ХҮ11 ғғ. қалалар, сауда және ақша айналымы.

3.ХҮ-ХҮ11 ғғ. Қазақстан мәдениеті.

Әдебиеттер

1. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (очерк). Алматы., + 1994.

2. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. І том. А., 1996.

3. Қ. Салғарин. Қазақтың қилы тарихы. А., 1982.

4. Н. Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарих

5. Байпаков. К.М, Нуржанов А.Ұлы Жібек жолы және Ортағасырлық Қазақстан. А., 1992.

6. Қ. Салғарин. Қазақтың қилы тарихы. А., 1982.

7. Асфендияров С. История Казахстана А., 1993



  1. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетий А.,1992.


Семинар сабақтарының мазмұны және әдістемелік кеңестер.
1 -2 тақырып. Түркі тайпалары туралы тарихи деректер.

Мақсаты:

Жоспары:1. Түркі тайпалары туралы алғашқы тарихи мәліметтер.

2. Көне түркі жазаба деректерінің маңызы

3.Түркі державасының құрылуы, территориясы туралы тарихи деректер.

4. Түркі тайпаларының қоғамдық-саяси құрылысы, шаруашылығы және мәдениеті, діні, әскери iсі және өнepi туралы тарихи деректер.

.

Тапсырмалар:

1. Кітапханасының катологімен танысыңдар.

2. оқыған материал бойынша терминологиялық сөздік пен хронологиялық кесте құрыңдар.

Әдістемелік нұсқау:

Ұсынылған әдебиеттердегі материалдарды конспектілей отырып, терминдерге назар аударыңдар, олардың мағынасын түсіндіріңдер. Сабаққа дайындалу барысында өзіндік жұмысқа арналған әдістемелік жалпы нұсқауды жақсылап оқыңыздар.



Негізгі әдебиеттер: 9, 15, 17, 42, 43, 71.

Қосымша әдебиеттер: 4, 5, 6, 8, 17.
3-4 тақырып. Түpкі қағанаты.

Мақсаты:

Жоспары

1. Tүpiк тайпалық одағының нығаюы.

2. Түркі қағанатының құрылуы.

3. Түркі қағанатының ішкі және сыртқы саясаты.

4. Түркі қағанатының Батыс және Шығыс түрік қағанатына бөлену.

Тапсырмалар:

1. Бумын қаған. Муған-қағанның билігіне кезеңіне сипаттама беру.

2. оқыған материал бойынша терминологиялық сөздік пен хронологиялық кесте құрыңдар.

Әдістемелік нұсқау:

Шаруашылық, салық, мемлекеттік құрылым, мәдениет принцип бойынша материалдарды жинақтандар. Деректердегі материалдың сенімділігіне назар аударыңдар.



Негізгі әдебиеттер: 10, 17, 38, 39, 40, 44, 45.

Қосымша әдебиеттер: 35, 58, 62, 63, 69.
5-6 тақырып. Батыс түpiк қағанаты.

Мақсаты:

Жоспары 1. Батыс түрік қағанатының қалыптасуы.

2. Мем лекеттік құрылысы.

3. Түріктердің шаруашылығы, тұрмысы, діні.

4. Түрік жазба ескерткіштері.

5. Күлтегін, Білге-қаған, Тоныкөк ескерткіштері.

Тапсырмалар:

1. Көрсетілген әдебиеттер бойынша тақ мұрагерлігі және мемлекеттік биліктің тұжырымдарын қарастырыңдар.

2. Деректердегі тақырыпқа қатысты материалдың салыстыру.

Әдістемелік нұсқау:

Берілген сұрақтарды қарастыру барысында ұсынылған әдебиеттер бойынша берілген материалды конспектілеңдер. Іскерлік ойындар үшін бірнеше тақырыптарды жазбаша дайындау және негіздеу.



Негізгі әдебиеттер: 10, 17, 38, 39, 40, 44, 45.

Қосымша әдебиеттер: 9, 35, 58, 62, 63, 69, 87.
7 тақырып. Eкiншi Шығыс түpiк қағанаты.

Мақсаты:

Жоспары 1. Саяси тарихы.

2. Жаулап алушылық жорықтары.

3. Шығыс түрік қағанатының әлсіреуі.

4. Түркілердің тілі, жазуы, жазба ерекшеліктері.

5. Түріктердің қол астындағы басмылдар, ұйғырлар және қарлұқтардың көтерілуі.

Тапсырмалар:

1. Ұсынылған әдебиеттер бойынша тақ мұрагерлігі және мемлекеттік биліктің тұжырымдарының негізгі тұстарын қарастырыңдар:

2. қарастырылған құжаттардың ерекшеліктерін салыстырыңдар.

Әдістемелік нұсқау:

Тақырып бойынша ұсынылған материалдар мен деректерді оқу барысында олардың ақпараттылығын, объективтілігін айқындаңыздар.



Негізгі әдебиеттер: 10, 17, 38, 39, 40, 44, 45.

Қосымша әдебиеттер: 9, 35, 58, 62, 63, 69, 87.
8 тақырып. Түргеш қағанаты.

Мақсаты:

Жоспары 1. Түргеш қағанатының құрылуы.

2. Түргеш қағанатының ішкі және сыртқы саясаты.

3. «Қара» және «сары» түргештердің күpeci.

4. Қағанаттың әлсіреуі.

5. түргештер «тухси» деген атаумен қарлұқ мемлекеттінің құрамында

Тапсырмалар:

1. Ұсынылған әдебиеттер бойынша материалды конспектілеу.

2. Терминдерді түсіндіру, оның пайда болған тарихын анықтау.

Әдістемелік нұсқау:

СӨЖ-ге арналған ұсыныстар бойынша барлық материалдарды конспектілеу.



Негізгі әдебиеттер: 10, 12, 17, 38, 39, 40, 44, 45, 51, 80.

Қосымша әдебиеттер: 9, 35, 58, 62, 63, 69, 87.
9 тақырып . Орта Азия мен Қазақстанды моңғолдардың жаулап алуы.

Мақсаты:

Жоспары 1. Орта Азия мен Қазақстан моңғол шапқыншылығы қарсаңында.

2. Шыңғыс ханның моңғол империясын құруы.

3. Оңтүстік-Шығыс Қазақстан және Дешті-Қыпшақ жері Шыңғысхан ұлдары ұлысының құрамында.

4. Жошы ұлысының нығаюы және Алтын Орданың құрылуы.

5. Алтын Орданың территориясы мен этникалық құрамы. Саяси құрылысы.

6. Экономикасы және мәдениеті.



Тапсырмалар:

1. Ұсынылған деректердің сипатын анықтау.

2. Деректердегі ақпараттардың сипаты туралы кесте жасау (шаруашылығы, мемлекеттік басқару, тұрмыс, мәдениет).

Әдістемелік нұсқау:

Тақырып материалдарын қарастыру барысында, материалдарды пайдалана отырып реферат дайындау және моңғол шапқыншылығы үрдісіне аударыңдар, тақырыпқа қатысты деректердің жазылу мақсатын айқындау.



Негізгі әдебиеттер: 8, 16, 18, 29, 37, 47, 58, 66, 93.

Қосымша әдебиеттер: 4, 7, 9, 13, 16, 18.
10 тақырып. Алтын Орда мен Моғолстанның ыдырауы.

Мақсаты:

Жоспары 1. «Өзбек», «ноғайлы» және «моғол» суперэтностары.

2. Алтын Орда және Моғолстан территориясындағы этникалық процестер.

3. Алтын Орданың ыдырауы.

4. Моғолстанның ыдырауы.



Тапсырмалар:

1. Этностық атаулардың деректердегі көрінісін салыстыру.

2. Алтын Орда мен Моғолстанның шаруашылығы, мемлекеттік басқару, тұрмыс, мәдениетін салыстыра талдау.

Әдістемелік нұсқау:

Тақырып материалдарын қарастыру барысында, материалды баяндаған тілге назар аударыңдар, деректердің жазылу мақсатын айқындау және бұл мақсат мазмұнына әсері бар екендігін анықтау.



Негізгі әдебиеттер: 8, 16, 17, 18, 25, 29, 47, 51, 57.

Қосымша әдебиеттер: 4, 7, 9, 13, 16.
11-12 тақырып. Әбілқайыр, Ноғай және Қазан, Сібір хандықтары

Мақсаты:

Жоспары 1. Әбілқайыр хандығы және оның ішкі сыртқы саясаты.

2. Ноғай хандығы және оның ішкі сыртқы саясаты.

3.Қазан, Сібір хандықтары және оның ішкі сыртқы саясаты.

Тапсырмалар:

1. Аталған хандықтардың саяси құрылымын салыстыру арқылы ұқсастықтар мен ерекшеліктерді айұқындаңыздар.

2. шаруашылығы, мемлекеттік басқару, тұрмыс, мәдениетін қарастырыңыз.

3. Тақырып бойынша терминологиялық сөздік құрау және хронологиялық кесте жасау.



Әдістемелік нұсқау:

Ұсынылған сұрақтарды қарастыру барысында материалдардан билік мәселесі, этникалық құрамы және территориялық аумағына назар аудару.



Негізгі әдебиеттер: 6, 18, 45, 47, 48, 66, 72.

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 4.
Тапсырмалар:

1. оқытылған деректердің сипатын анықтау.

2. деректердегі ақпараттардың сипаты туралы кесте жасау (шаруашылығы, мемлекеттік басқару, тұрмыс, мәдениет).

Әдістемелік нұсқау:

Тақырып материалдарын қарастыру барысында, материалды баяндаған тілге назар аударыңдар, деректердің жазылу мақсатын айқындау және бұл мақсат мазмұнына әсері бар екендігін анықтау.



Негізгі әдебиеттер: 10, 12, 17, 39, 40, 44, 45, 51, 57, 80, 104.

Қосымша әдебиеттер: 9, 35, 58, 62, 63, 69, 87.

13-14 тақырып. XV-XVII ғғ. Қазақ хандығы.



Мақсаты:

Жоспары 1. Қазақ хандығының құрылуы.

2. Қазақ хандығы туралы жазба деректер.

2. Қазақ жерлерінің этникалық шекарасының бeкiтiлyi.

3. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты.

4. Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығы.

5. Шығай, Тәекел хан тұсындағы қазақ хандықтары



Тапсырмалар:

1. Қазақ хандары династиясының шығуы туралы материалдарды топтастыру.

2. Бұрындық, Қасым, Хақ-Назар, Шығай, Тәуекел хандардың билігін салыстыру.

3. Қазақ хандығының Өзбек хандығымен, Моғолстанмен, қырғыздармен, жоңғарлармен ара қатынасын қарастыру.



Әдістемелік нұсқау:

Қазақтар мен қазақ хандары туралы Фазлаллах ибн Рузбихан, Мирза Махмуд Хайдар, Қадырғали бидің еңбектерінің маңызына баға беріңіздер. XVI-XVIІ ғғ. басындағы қазақ хандығы билігін міндетті түрде оқыңып талдау жасаңыздар.



Негізгі әдебиеттер: 10, 11, 13, 16, 17, 18, 22, 25, 27, 39, 40.

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 4, 5, 9.
15 тақырып. XV11-XVIII ғғ. Қазақ хандығы.

Мақсаты:

Жоспары

1. Есім хан тұсындағы қазақ хандығы. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты.

2. .Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты

3. Қазақстанның Ресейге қосылуы.



Тапсырмалар:

1. Қазақ хандары династиясының шығуы туралы материалдарды топтастыру.

2. . Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты.

2. Қазақ хандарының билігін салыстыру.

3. Қазақ хандығыныңРесей мемлекетімен, Жоңғарлармен ара қатынасын қарастыру.

Әдістемелік нұсқау:

Қазақтар мен қазақ хандары туралы Фазлаллах ибн Рузбихан, Мирза Махмуд Хайдар, Қадырғали бидің еңбектерінің маңызына баға беріңіздер. XVII-XVIІI ғғ. басындағы қазақ хандығы және Eciм хан, Жәңгір хан, Тәуке ханның билігін міндетті түрде оқыңып талдау жасаңыздар.



Негізгі әдебиеттер: 10, 11, 13, 16, 17, 18, 22, 25, 27, 39, 40.

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 4, 5, 9.

Оқытушының жетекшілігімен игеретін студенттердің жұмыс жоспары
Өзіндік жұмыс аудиторлық сабақ ретінде өткізіледі және студенттердің оқу жұмысының бір түрі болып табылады. Оқытушының жетекшілігімен игерілетін жұмыстардың жоспары өзара байланысты логикалы екі міндетті шешеді.

Деректер қоры мен арнайы әдебиеттер институт кітапханасында бар.Көптеген қосымша әдебиеттер де жеткілікті. Оқытушы аудиторлық сабақтарда студенттің пәннің өте қиын тақырыптарын игеруіне көмектеседі. Екіншіден, оқытушы жеткілікті мөлшерде әдебиеттер бар тақырыптарды лекция сабақтарынан әдейі алып тастайды. СОӨЖ-дің екінші функциясы бақылаушылық. Оқытушы артта қалған, лекциялық және семинарлық сабақтарға қатыспаған студенттермен белсенді жұмыс істейді.


1-2 тақырып. Көне түркі жазуы ескерткіштері.

Тапсырмалар:

1. Түркі тайпалары туралы алғашқы тарихи мәліметтер.

2. Түркі державасының құрылуы, территориясы..

3. Түркілердің қоғамдық-саяси құрылысы, шаруашылығы және мәдениеті, діні, әскери iсі және өнepi.

4. Мемлекеттік құрылысы.

5. Қазақ халқының этногенезіндегі түркі тайпаларының ролі.



ОСӨЖ өткізу түрі:

Конспектілерді тексеру. Тақырып бойынша студенттермен жеке әңгімелесу.



Әдістемелік нұсқау:

Ұсынылған тақырыптарды берілген әдебиеттер бойынша реферат дайындау барысында ғұндардың қоғамдық-саяси құрылысы, шаруашылығы және мәдениеті, діні, әскери iсі және өнepi баса назар аудару қажет. Тақырыпқа сәйкес презинтация жасау.



Негізгі әдебиеттер: 9, 15, 17, 42, 43, 71.

Қосымша әдебиеттер: 4, 5, 6, 8, 17.
3 тақырып. Түpкі қағанаты.

Тапсырмалар:

1. Түркілер туралы алғашқы мәліметтер, мекендеген территориясы.

2. Tүpiк тайпалық одағының нығаюы.

3. Түркі қағанатының құрылуы.

4. Түркі қағанатының ішкі және сыртқы саясаты.

5. Түркі қағанатының Батыс және Шығыс түрік қағанатына бөлену.



ОСӨЖ өткізу түрі:

Оқыған материал бойынша әңгімелесу.



Әдістемелік нұсқау:

Сұрақтарды қарастыру барысында түркілердің саяси құрылымына, ішкі және сыртқы саясаты басына назар аудару, берілген ақпараттардың объективтілігіне назар аудару.



Негізгі әдебиеттер: 10, 17, 38, 39, 40, 44, 45.

Қосымша әдебиеттер: 35, 58, 62, 63, 69.
4 тақырып. Батыс түpiк қағанаты.

Тапсырмалар:

1. Батыс түрік қағанатының қалыптасуы.

2. Мем лекеттік құрылысы.

3. Түріктердің шаруашылығы, тұрмысы, діні.

4. Түрік жазба ескерткіштері.

5. Күлтегін, Білге-қаған, Тоныкөк ескерткіштері.



ОСӨЖ өткізу түрі:

Көрсетілген монографияларды талқылау.


Әдістемелік нұсқау:

Өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқауды басшылыққа ала отырып, аннотация жазу. Аннотоциялар аудиторияда талқыланып, таныстырылады. Талаптар: аннотоция жазылған монографиялардағы проблемалық мәселелерін айқындау.



Негізгі әдебиеттер: 10, 17, 38, 39, 40, 44, 45.

Қосымша әдебиеттер: 9, 35, 58, 62, 63, 69, 87.
5 тақырып. Eкiншi Шығыс түpiк қағанаты.

Тапсырмалар:.

1. Саяси тарихы.

2. Жаулап алушылық жорықтары.

3. Шығыс түрік қағанатының әлсіреуі.

4. Түркілердің тілі, жазуы, жазба ерекшеліктері.

5. Түріктердің қол астындағы басмылдар, ұйғырлар және қарлұқтардың көтерілуі.


ОСӨЖ өткізу түрі:

Студентпен жеке әңгімелесе отырып, орындалған тапсырманы тексеру.


Әдістемелік нұсқау:

Сұрақтарды дайындағанда пайдаланған деректерге мінездеме беру (автор, шыққан жылы, жазу мақсаты, дерек қандай хабар береді).



Негізгі әдебиеттер: 10, 17, 38, 39, 40, 44, 45.

Қосымша әдебиеттер: 9, 35, 58, 62, 63, 69, 87.
6 тақырып. Түргеш қағанаты.

Тапсырма:

1. Түргеш қағанатының құрылуы.

2. Түргеш қағанатының ішкі және сыртқы саясаты.

3. «Қара» және «сары» түргештердің күpeci.

4. Қағанаттың әлсіреуі.

5. түргештер «тухси» деген атаумен қарлұқ мемлекеттінің құрамында


ОСӨЖ өткізу түрі:

Тақырыпты ұсынылған әдебиеттер бойынша қарастырып, реферат дайындау барысында ғұндардың қоғамдық-саяси құрылысы, шаруашылығы және мәдениеті, діні, әскери iсі және өнepi баса назар аудару қажет.


Әдістемелік нұсқау:

СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар бойынша.



Негізгі әдебиеттер: 10, 12, 17, 38, 39, 40, 44, 45, 51, 80.

Қосымша әдебиеттер: 9, 35, 58, 62, 63, 69, 87.

7 тақырып. Ұйғыр қағанаты.



Тапсырма:

1. Ұйғырлар үстемдігінің орнауы.

2. Сыртқы саясаты.

3. Манихейлік - қағанаттың мемлекеттік діні.

4. Шаруашылығы, тұрмысы және мәдениеті.

5. Ұйғыр қағанаты қырғыздар шабуылдары нәтижесінде құлауы.


ОСӨЖ өткізу түрі:

Конспектлерді тексеру және студеттермен әңгіме жүргізу.


Әдістемелік нұсқау:

Ұсынылған әдебиеттерді алдыңғы әдістемелік нұсқауларға сәйкес конспектілеу. Ұйғыр қағанатының кезіндегі діни наным сенімдеріне мән беріңіз.



Негізгі әдебиеттер: 10, 12, 17, 38, 40, 44, 45, 51, 57, 80, 104.

Қосымша әдебиеттер: 9, 35, 58, 62, 63, 69, 87.
8 тақырып. Оғыз мемлекеті.

Тапсырма:

1. Оғыздар мемлекетінің құрылуы.

2. Оғыздар мемлекетінің күш-қуатының артуы.

3. Хорезм, Селжұқтармен қақтығысы.

4. Оғыздардың бip бөлігінің оңтүстік-шығыс Еуропаға ығысуы.

5. Оғыздар мемлекетінің әлсіреуі.


ОСӨЖ өткізу түрі:

Конспектлерді тексеру, студенттермен тақырыпқа байланысты әңгімелесу.


Әдістемелік нұсқау:

Тапсырмаларды орындау барысында Оғыздар туралы Ибн Фадлан, ал-Масуди, Рашид ад-дин, Махмуд Қашғаридің еңбектеріндегі ақпараттарған баса назар аудару. Қорқыт ата кітабы. Алихан Маликшах-хан кезінде Оғыздар мемлекетінің күш-қуатының артуына тоқталу.



Негізгі әдебиеттер: 1, 6, 17, 18, 36, 41.

Қосымша әдебиеттер: 4, 7, 99.
9 тақырып. Қарахандар мемлекеті.

Тапсырмалар:

1. Қарахандар мемлекетiнің қалыптасуы.

2. Қарахандар мемлекетi жаулап алушылық жорықтары.

3. Қарахандар мемлекеті көшпелі және отырықшы-егіншілік өркениеттері жүйесінде.

4. Қарахандар династиясының исламды ресми діни ретінде қабылдауы.

5. Мәдениеті.


ОСӨЖ өткізу түрі:

Конспектлерді тексеру. Студенттермен жеке әңгімелесу.


Әдістемелік нұсқау:

Ұсынылған әдебиеттерді талдау негізінде Қарахандар мемлекетiнің билеуші әулеттерін, билеушілерді анықтау. Олардың ішкі, сыртқы саясатын сипаттау. Махмуд Қашғари, Иусуф Баласағуни, Абул-Фадл Байхаки еңбектеріне назар аудару.



Негізгі әдебиеттер: 6, 16, 17, 18, 22, 31, 36, 41, 51.

Қосымша әдебиеттер: 4, 7, 9, 13.
10 тақырып. Хазар қағанаты.

Тапсырмалар:

1. Хазарлардың шығуы және этникалық тегі.

2. Хазар мемлекетінің құрылуы.

3. Мемлекеттік құрылымы.

4. Шаруашылығы, мәдениеті.
ОСӨЖ өткізу түрі:

Конспектлерін тексеру, әңгімелесіп, дерек жайлы ой-пікір алмасу.



Әдістемелік нұсқау:

Хазар қағанаты тарихын оқу барысында мынадай мәселелерге басты назар аударған жөн: Хазарлардың шығуы және этникалық тегі; «Хазар» этнонимі; Хазарлар Батыс Түрік қағанатының құрамында; Хазар мемлекетінің құрылуындағы Ашинаның - түркілерден шыққан патша тайпасының ролі; Хазар қағанатының территориясы; Билеуші топ; Қағанның жоғарғы билігі; Тұрақты армияның болуы.



Негізгі әдебиеттер: 4, 6, 27, 36, 40, 41, 47, 66, 107.

Қосымша әдебиеттер: 2, 4, 12, 13, 21.
11тақырып. Қимақ қағанаты.

Тапсырма:

  1. Қимақтардың шығу тeгi мен opнaлaсy аймағы.

  2. Деректер бойынша ІХ-ХІ ғғ. қимақтар мемлекеті.

  3. Шаруашылығы, әлеуметтік - саяси жағдайы.


ОСӨЖ өткізу түрі:

Конспектлерді тексеру.



Әдістемелік нұсқау:

Жалпы нұсқауларды қараңыз. Конспектілеуге және аннотация жазуға ұсыныстардың ішінде берілген.



Негізгі әдебиеттер: 6, 16, 17, 18, 22, 31, 36, 41, 51.

Қосымша әдебиеттер: 4, 7, 9, 13.
12 тақырып. Қыпшақ тайпаларының конфедерациясы.

Тапсырмалар:

1. Қыпшақтардың шығу тегі мен орналасу аймағы.

2. XI-ХІІ ғғ. шамасындағы қыпшақ тайпалар конфедрациясының құрылуы.

3. Қыпшақ мемлекеттілігі.

4. Қыпшақтардың оңтүстікке экспансиясы.

5. Қыпшақтардың шаруашылығы, әлеуметтік және ру-тайпалық құрылысы.

6. Қыпшақтар қазақ халқының этногенезінде.
ОСӨЖ өткізу түрі:

Конспектлерді тексеру және жеке әңгімелесу.


Әдістемелік нұсқау:

Материалды конспектілеу және картамен жұмыс жасау. Қыпшақ тайпаларының орналасқан жерін анықтау.



Негізігі әдебиеттер: 2, 5, 6, 12, 16, 28, 47, 71, 107.

Қосымша әдебиеттер: 4, 7, 9, 12, 13, 16.
13 тақырып. Орта Азия мен Қазақстанды моңғолдардың жаулап алуы.

Тапсырма:

1. Орта Азия мен Қазақстан моңғол шапқыншылығы қарсаңында.

2. Шыңғыс ханның моңғол империясын құруы.

3. Оңтүстік-Шығыс Қазақстан және Дешті-Қыпшақ жері Шыңғысхан ұлдары ұлысының құрамында.

4. Жошы ұлысының нығаюы және Алтын Орданың құрылуы.

5. Алтын Орданың территориясы мен этникалық құрамы. Саяси құрылысы.

6. Экономикасы және мәдениеті.
ОСӨЖ өткізу түрі:

Конспектлерді тексеру, презентацияларды көру.



Әдістемелік нұсқау:

Орта Азия мен Қазақстанға моңғол шапқыншылығы бойынша жарияланымдар мен оқу құралдар негізінде айқындалған материалдардан презентация жасап, оны топпен бірге талқылау.



Негізгі әдебиеттер: 8, 16, 18, 29, 37, 47, 58, 66, 93.

Қосымша әдебиеттер: 4, 7, 9, 13, 16, 18.
14 -15 тақырып. Алтын Орда мен Моғолстанның ыдырауы.

Тапсырмалар:

1. «Өзбек», «ноғайлы» және «моғол» суперэтностары.

2. Алтын Орда және Моғолстан территориясындағы этникалық процестер.

3. Алтын Орданың ыдырауы.

4. Моғолстанның ыдырауы.

ОСӨЖ өткізу түрі:

Конспектлерді тексеру.



Әдістемелік нұсқау:

Тақырып бойыншаа қандай оқиғалар болды, себептері, нәтижелерін жазу керек. Ұсынылған әдебиеттердегі жаңа терминдерді, ұғымдарды жазу. Этникалық процестерге баса назар аудару қажет.



Негізгі әдебиеттер: 8, 16, 17, 18, 25, 29, 47, 51, 57.

Қосымша әдебиеттер: 4, 7, 9, 13, 16.


СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
Студенттердің өз бетімен игеретін тақырыптары.

Жоғарғы оқу орнының оқу жоспарына сәйкес, әрбір студент пән бойынша бірнеше өзіндік жұмыстарды жазып өткізуі керек. Өзіндік жұмыстарға арналған тақырыптар топтастырылған.Тақырыптар саны жеткілікті мөлшерде құрастырылған.Тақырыптар тиісті деген әдебиеттердің тізімімен қамтамасыз етілген, дегенмен, соңғы уақыттарда баспадан шыққан жаңа кітаптар тақырыпты ашуға көмектессе, тізімде көрсетілмеген әдебиеттерді де пайдалануға болады.

Студенттер өзіндік жұмысты орындамас бұрын, сабақ жүргізетін ұстаздарынан тиісті кеңестер алуы қажет.Ұстаз тарапынан жасалынған ескертулер мен түзетулерді толықтырып, жұмысты көрсетілген уақытта тапсыру.

Пән бойынша студенттер мына жұмыс түрлерін жүргізеді:



- Тыңдалған және жазылған лекция тақырыптарын өңдеу;

  1. Семинар сабақтарына дайындалу;

  2. Пән бойынша емтиханға дайындалу.




№ р/с

Тақырып, тапсырма, жұмыс түрі

Сағат саны

Әдебиет

Есеп беру түрі

Тапсыру мерзімі, апта

нег.

1

VII-XIII ғғ. Түркілердің рухани мәдениеті

1

1-10

Тірек конспектісі

1

2

Тақырып бойынша реферат дайындау (берілген тізім бойынша)

2

1-5, 12-17

Реферат СӨОЖ ауд.

2

3

Түркілердің исламдануындағы мәдени-рухани алғышарттары тақырыбын оқу

1

1-10

Дәптерге конспект жасау

3

4

«Түркі эпостары (идея, образ, историзм)» тақырыбын оқу

2

4-11

Дәптерде орындау, қорғау

5

5

Реферат дайындау (берілген тізім бойынша)

2

1-10

СӨОЖ реферат

6

6

«Ертетүркі жазба ескерткіштері тарихи дерек ретінде» тақырыбына эссе-шығарма жазу

1

1-10

Дәптерде орындау

7

7

В.В.Бартольдтың ежелгі түркілерді зерттеуде қосқан үлесі.


2

1-10

Дәптерге конспектілеу

8

8

Қазақстан жері арқылы өткен Ұлы Жібек жолының тармақтары.

1

1-11

Конспект жасау

9

9

«Мұстафа Кемал: саяси портрет» тақырыбын оқу

1

4-12

Дәптерге конспектілеу

9

10

Түркі халықтарының рухани өміріндегі діннің рөлі

2

7,8-12

Дәптерде эссе жазу

10







15










СӨЖ бойынша жұмыстың басқа түрлері




Дәріс сабақтарына дайындалу

5













Практикалық сабақтарға дайындалу

1













Ағымдық бақылаушараларына даярлану

5













Кезеңдік бақылау дайындалу

5













СӨЖ бойынша жалпы сағат саны

45















СОӨЖ және СӨЖ-ге әдістемелік нұсқау.

Тақырып бойынша шолу дайындау – яғни 1-2 параққа әдебиетке қысқа шолу жасау, оған Интернеттың ақпарат ресурстары және баспасөздің қосымша материалдары кіреді.

Глоссарий – қазақ және орыс тілдеріндегі терминдердің қысқа түсіндірілуі (шетел тілге аударылуы мүмкін); тапсырылған тақырып бойынша орындалады.

Семинар – сабақ ретінде студенттердің өздік жұмысының дәстүрлі түрі болып табылады және әр түрлі формаларда да болуы мүмкін, оқытушы оны жүргізу үшін өз авторлық идеясын құрастырады.



Реферат – СӨЖ ең көп кездесетін түрі, белгілі бір тақырып бойынша баяндама ретінде болады, оның ішіне әдебиеттің міндетті тізімі, ғылыми жұмыстың, кітаптың мазмұнының талқылануы кіреді. Одан да қызықты және шығармашылық жұмыс бұл рефератқа оппозиция жасау, яғни қарама-қарсы көзқарас ұсыну, оның барысында студенттерде анализдеу және дискуссияны жүргізу іскерліктері дамиды.

Баяндама – белгілі бір тақырыпқа хабарлама жасау, көлемі рефераттан аз, бір немесе екі әдебиет қолданса жеткілікті.



Коллоквиум берілген пән бойынша білім деңгейін және дайындылық деңгейін анықтау үшін көмектеседі, ол сұхбат түрінде болады.

Өздік жұмысқа арналған сұрақтар, оларға берілетін жауаптар терең анализ негізінде болуы керек. Эссені көбінесе үлкен курстарда оқитын студенттерге береді, бұл өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерге байланысты өз ойларының айтылуы, ол әр түрлі сын жанрларда болады.



Презентация – студент өз презентациясына әр түрлі тақырыпты алуына болады және презентацияда көрсетілген аспектілерге өз көзқарасын білдіреді; презентация келесі критерийлер бойынша бағаланады: тақырыптың ашылуы, тыңдаушылардың қызығушылығын оятты ма, студент берілген мәселеге жауапкершілігімен ат салысты ма.

Нақты оқу жағдайлары – студенттерге көп жай және күрделі жағдайлар беріледі, олар бойынша студенттер сұрақтарға жауап беруі керек немесе мәселеге өз көзқарасын көрсетеді; жақсы дайындалған студенттер өз кейсін жазуы мүмкін.

Қызметтік ойындар студенттерде болашақ мамандықтың іскерліктеріне үйретеді; кейбір ойындарға үй дайындығы немесе кітапханаларда аяқталуы керек.

Топ жобасы - топта 3-5 адамнан аспауы керек, әрбір топ өз проектын дайындауы керек.

Жеке жоба – жақсы дайындалған студенттер өз еркімен жасайды; жұмыс тақырыптың өзектілігімен, зерттеушілік сипатымен көзге көрінуі керек; жоба қорытындысы студенттік конференцияда баяндалуы мүмкін.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер.

1. Назарбаев Н.А. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999. -296 б.

2. Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы: Оқулық-хрестоматия. – Астана: «Фолиант». 2000–

3. Әбілғазы. Түрік шежіресі. Алматы, Ана-тілі, 1991.208 б.

4. Бабыр Захир ад дин Мұқамед. Бабырнама. Алматы, 1993.

5. Бичурин Н.Я. (Иакинф) Собрание сведений о народах обитающих в Средней Азии в

древние времена. А. 1998

6. Геродот. История в девяти книгах. Москва, 1972.

7.Диваев А. Тарту. Алматы, 1992.

8.Дулати М.Х: Тарих-и Рашиди. Алматы, Мұхамед Хайдар Дулати қоғамдық қоры, 2003

9.Жүсіп Баласағұн. Құтты білік. Алматы, 1986.

10.Иүгенеки А. Ақиқат сыйы. Алматы, 1985.

11.Қ.Жалайыр. Шежірелер жинағы. Алматы.19 97,-128б.

12.Қорқыт ата кітабы. Алматы, 1986.

13.Махмуд Қашғари. Диуан-лұғат ат-түрік. Алматы, 1993.

14.Моңғолдың құпия шежіресі. Баян-өлгий, 1979.

15.Өтеміс Қажы. Шыңғыс наме. Алматы, 1992.
Оқулықтар.

1.АбильЕ. История государство иправа Республики Казахстан.( с древнейших времен до до 1992 года), второе издания, Астана,Фолиянт, 2001.

2.Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы.( көне дәуірден біздің заманымыздың XIV ғасырына дейінгі кезең). 1-кітап, Алматы, Білім, 2002. 292 б.

3.Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы.( XV- XVІІІ ғасырына дейінгі кезең). 2-кітап, Алматы, Білім, 2002. 272 б.

4.Кузембайулы А., Абиль Е., История Казахстана, Учебник для ВУЗов. 7-е издание. Перераб. и доп.- СПБ, Соларт, Санкт-Петербург, 2004.

5.Қазақстан тарихы. Ежелгі уақыттан қазіргі кезеңге дейін. Очерк. Бас.Ред. М.Қ.Қозыбаев. Алматы, Дәуір, 1993.

6.Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық, 1-том, Алматы, Атамұра, 1996.

7.Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық, II-том. Алматы, Атамұра,



Қосымша әдебиеттер.

Анықтама үшін пайдалынатын әдебиеттер.

8.Артыкбаев Ж.О. Атлас по истори Казахстана с древнейших времен до XVIII века. I-част. Санкт-Петербур, 2005.

9.Ералина А.Е. Қазақстан тарихы курсы бойынша тақырыптық-проблемалық терминалогиялық түсініктер жанағы. Қостанай, 2002.

10.Қазақтар: Көпшілікке арналған 9-томдық анықтамалық Алматы, Қазақстанның даму институты, Т.1. Тарихи оқиғалар.1998. 432 б.



Арнаулы зертеулер:

11.Абдиров М. Хан Кучум: известный и неизвесный. Алматы, 1996.

12.Абиль Е. Этногенез казахов. Опыт системного подхода.- Костанай, 1997.

13.Абусеитова М. Х. Казахское ханство во второй половине XIV века. - Алма-Ата, 1985.

14.Агаджанов С.Г. Государство Селдьжукидов и Средняя Азия в ХІ-ХІІ вв. М-1991-302 с.

15.Ахинжанов С.М. Кыпчаки в истории Средневекового Казахстана. - Алма-Ата, 1989.

16.Байбатша Ә. Қазақ даласының ежелгі тарихы. (көмекші оқу құралы) А, Санат, 2001. 192 б.

16.Байпақов К. Нүржанов А. Ұла жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. Алматы, Қазақстан, 1992, 208 б.

17.Восточный Туркестан в древности и раннем средневековье М-1988.450 с.

18.Гумилев Л.Н. Қиял иатшалығын іздеу. Алматы, Балауса, 1992, 428 б.

19.Гумилев Л.Н. Көне түріктер. Алматы, Білім, 1994.

20.Гумелев Л.Н. Хұндар. Алматы, 1998.

21.Дербісалиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. Алматы, Арыс, 1995.

22.Жұртбаев Т. Дулыға: Көне түркі батырлары туралы әфсаналар. А, Жалын, 1994. 2-кітап.

23.Кузембайулы А., Абиль Е. Казахская Сибирь. – Костанай, 1997.

24.Күзембайұлы А, Әбіл Е. Тарихшы және оның заманы: (историк и его эпоха). Петроваловск, 2001, 200 б.

25.Козыбаев М.К. Казахстан на рубеже веков: пойски размышления. В двух книгах. Алматы, Ғылым, 2000. 420 с.

26.Қозыбаев М. Жауды шаптым ту байлап. Алматы, 1994.

27.Қозыбаев М.Қ Өркениет және ұлт. Алматы, Арыс, 2001.

28.Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты: Алматы, Қазақ университет., 1992-272 б.

29.Қозыбаев М. Тарих зердесі. Алматы, Ғылым, 2 том, 1998.

30.Марков Г.Е. Кочевники Азии. Структура хозяйства и общественной организации. – М., 1976.

31.Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. – М., 1995.

32.Орманов Қ.Т Тұран өркениетінің ізімен. ( тарихи-этнографиялық очерктер жинағы) Қостанай,2005.

33.Султанов Т.И. Россия и Казахстан: история и пролемы взкаимодействия (XVI - начало XX веков)// Россия, Запад и мусульманский Восток в колониальную эпоху. – Спб.., 1996

Аралық бақылау жұмыстарының тапсырмалары
1 аралық бақылау жұмыстарының тапсырмалары
1. Қазақстан, Орта Азия, Шығыс Еуропа халықтарының тарихына өзгеріс әкелген ұлы қоныс аудару оқиғасының хронологиясы.

2.V ғ. өмір сүрген теле тайпасының оңтүстігіндегі көшіп-қону жайылымдары қай жерге дейін жетті?

3. Түріктердің Орта Азияны алудағы басты мақсаты Каспий теңізінен Солтүстік Үндістан мен Шығыс Түркістанға дейінгі созылып жатқан күшті мемлекетті жаулау болды. Бұл кімдердің территориясы?

4. Қай жылы Иран мен Византия өзара келісімге келіп, Византия өзінің

Кавказдағы вассалдарын түріктерге қарсы қойды?

5. Батыс Түрік қағанатын түріктің қай тайпасынан шыққан ақсүйектер биледі?

6. Жеғүй мен Тон-жабғу қағандар Батыс Түрік қағанатының территориясын

кеңейту үшін қай жерлерге жорық жасады?

7. 723 ж. түркештер кандай тайпамен бірігіп арабтарға қарсы соққы берді?

8. V ғасырда жазылған деректерде қарлұқтарды қалай атаған?

9. Қарлұқтарда бірлестіктің билеушісін қалай атады?

10. Қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғандығын дәлелдеген географ кім?

11. Оғыз мемлекеті қай ғасырда өмір сүрді?

12. Жент, Сауран, Сүткент, Фараб қалаларының халқы қандай шаруашылықпен айналысты?

13. Оғыз одағында 24 тайпа болғандығы, олардың бұзұқтар мен ұшұқтарға
бөлінгендігі туралы кімнің деректерінде кездеседі?

14. X ғасырдың екінші жартысында оғыздарда халық көтерілістері жиілеп,


оны селжұқтар пайдаланады. Бұл жағдай қай жабғу тұсында болған?

15. Қимақ қағанатының құрамына қанша тайпа кірді?

16. Қимақтар қай ғасырда Алтайдың солтүстігінен Ертіс бойына қоныс

аударды?


17. Қимақтардың туыстас тайпасы кімдер болған?

18. Әл-Идриси еңбегі бойынша қимақтардың Ертіс өзені бойында қанша қаласы болған?

19. Қарахан мемлекеті қашан екіге бөлінді?

20. 1089 ж. Қарахандар кімдердің вассалдық тәуелділігіне түсті?

21. Шығыс және Батыс Қыпшақ бірлестіктері аралығын не бөліп тұрды?

22. Қыпшақтардың Хорезм шахымен ұзаққа созылған соғысын тоқтатқан басты себеп не болды?

23. Батыс Түрік қағанатының халқының көпшілігін кімдер құрады?

24. Қарақытайлар тарихында қай тайпаның орны ерекше болды

25. Қарахан хандығында 960 ж. қандай басты оқиға болды?

26. Қарақытай мемлекетінің орталығы:

27. Найман хандығы қашан құлады?

28. Қыпшақ мемлекеті араб деректерінде қалай аталған?

29. Найман одағында қанша тайпа болған?
30. Керейттер туралы мәліметті қай деректен білеміз?

2 аралық бақылау жұмыстарының тапсырмалары

1. Ғұндар мемлекетінің құрылуы, көршілерімен қатынастары.

2. Ғұндар дунху және юечжилермен соғыстары.

3. Көшпелі Ғұн империясының дамуы және құлдырауы.

4. Орта Азия және Қазақстандағы ғұндар.

5. Еуропаға ғұндардың басып кіруі.

6. Еуропаның орта ғасырлық тарихындағы ғұндардың рөлі мен орны.

7. Батыс Түрік қағанаты.

8. Шығыс Түрік қағанаты.

9. II Шығыс Түрік қағанаты.

10. Түркі халықтарының дүниетанымы, әскери ісі, діні, әлеуметтік құрылымы.

11. Қарахандардың мәдениеті.

12. Хазарлардың шығуы және этникалық тегі.

13. Хазар мемлекетінің құрылуы.

14. Хазарлардың мемлекеттік құрылымы.

15. Хазарлардың шаруашылығы, мәдениеті.

16. Қимақтардың шығу тeгi мен opнaлaсy аймағы.

17. Деректер бойынша ІХ-ХІ ғғ. қимақтар мемлекеті.

18. Қимақтардың шаруашылығы, әлеуметтік - саяси жағдайы.

19. Қыпшақтардың шығу тегі мен орналасу аймағы.

20. XI-ХІІ ғғ. шамасындағы қыпшақ тайпалар конфедрациясының құрылуы.

21. Қыпшақ мемлекеттілігі.

22. Қыпшақтардың оңтүстікке экспансиясы.

23. Қыпшақтардың шаруашылығы, әлеуметтік және ру-тайпалық құрылысы.

24. Қыпшақтар қазақ халқының этногенезінде.

25. Өзбек хандығаның құрылуы.

26. Өзбек хандығаның ішкі және сыртқы саясаты. 31. Наймандардың салық жинаушысы қалай аталды?

27. Қыпшақтардың Мысырға құл ретінде сатылып, әскери жасақ құрғандары қалай аталды?

28. Керей мемлекеті қашан құлады?

29. Қыпшақтардың оң қанатының орталығы қалай аталды?

30. Қыпшақ мемлекеті араб деректерінде қалай аталған?


Реферат тақырыбы

Рефератты жазу әдістемесі: Рефераттар даярлау. Реферат деген белгіленген тақырып бойынша ғылыми әдебиеттердегі концепцияларды қысқаша баяндау. Негізгі мәнісі деректерден маңыздыны белгілеп алып,оны қысқаша түрде баяндау.

Рефераттың көлемі 2 интервал арқылы жазылған 8 баспа беттен кем емес және 20 баспа беттен аз емес болуы керек. Рефераттың мәтіні үш бөлімге бөлінеді: кіріспеге, негізгі бөлімге және қорытындыға. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, негізгі мәселенің қысқаша сипаттамасының түйіні, жұмыстың мақсаттары мен міндеттері, пайдаланған түп нұсқа деректердің мәнісін айқындау қажет. Негізгі бөлім бір-бірімен байланысты,тізбектелген.


Тақырыбы:

1. «Алаш» қозғалысы және азамат соғысы жылдарындағы түркі саяси ұйымдары

2. ХХ ғ. түркі мерзімдік баспасөзі

3. Мұстафа Кемаль Ататүрік: саяси портреті

4.Қазіргі кезеңдегі түркі халықтарының экономикалық және саяси өзара байланысы

5.Орталық Азия түркілерінің этногенезі

6.Кавказ аймағында түркі диаспорасының қалыптасу процесі

7.Ресей мемлекетінің дамуындағы түркілер

8.М.Аджи және оның түркі тарихына байланысты көзқарастары

9.«Түрік» этнонимінің этимологиясы

10. В.В.Бартольдтың ежелгі түркілер тарихын зерттеуге қосқан үлесі

11. Ғұндардың мемлекеттік құрылысы.

12. Ғұндар Қазақстан территориясында.

13. Қазақ халқының этногенезіндегі ғұндардың рөлі.

14. Түркілер туралы алғашқы мәліметтер, мекендеген территориясы.

15. Tүpiк тайпалық одағының нығаюы.

16. Түркі қағанатының құрылуы.

17. Түркі қағанатының Батыс және Шығыс түрік қағанатына бөлену.

18. Батыс түрік қағанатының қалыптасуы, мемлекеттік құрылысы.

19. Түріктердің шаруашылығы, тұрмысы, діні.

20. Түрік жазба ескерткіштері.

21. Күлтегін, Білге-қаған, Тоныкөк ескерткіштері.

22. Шығыс түрік қағанатының әлсіреуі.

23. Түргеш қағанатының ішкі және сыртқы саясаты.

24. «Қара» және «сары» түргештердің күpeci.

25. Түргештер «тухси» деген атаумен қарлұқ мемлекеттінің құрамында

26. Ұйғырлар үстемдігінің орнауы.

27. Ұйғырлар сыртқы саясаты.

28. Шыңғыс ханның моңғол империясын құруы.

29. Жошы ұлысының нығаюы және Алтын Орданың құрылуы.

30. Алтын Орданың территориясы мен этникалық құрамы. Саяси құрылысы.

Ортағасырлық Қазақстан тарихы

Тест сұрақтары.


  1. Темушіннің Шыңғыс-хан болып жариялануы:

А) 1155 ж.

В) 1182 ж.

С) 1199 ж.

D) 1206 ж.

Е) 1227 ж.



  1. “Отырар апаты” оқиғасының болған жылы:

А) 1206 ж.

В) 1208 ж.

С) 1210 ж.

D) 1211 ж.



Е) 1218 ж.

  1. Шыңғыс хан жорықтарын айыптап шығарма жазды:

А) Ибн Баттұт


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет