Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Семей мемлекеттік педагогикалық институты



бет6/18
Дата08.06.2018
өлшемі1,42 Mb.
#41867
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Бекіту сұрақтары:

1“ Әскер коммунизм саясаты ”– бұл қанадай саясат?

2.ЖЭС-экономикалық бағыты либерализациялау Қорытындылар, Қазақстандағы индустриализацияның маңызы неде?.

3.Ауылдарда әлеуметтік – экономикалық жаңартулар қалай жүрді?

4.Қазақстан экономикасының лагерлік секторы дегенді қалай түсіндіресің?
24-25 лекция Қазақстан экономикасы соғыс жылдарында және соғыстан кейінгі кезең

Негізгі ұғымдар:Майдан,тыл,

Жоспар:

1.Тылдағылардың ерен еңбегі.

2.Қазақстанға соғыс жылдары көшіріп әкелінген өндіріс орындары.

3 Қостанайлықтардың майданға көмегі



Лекция

1.Биыл миллиондаған адамдар өз өмірлерін құрбан еткен Ұлы Жеңіске 65жыл толғалы отыр. Соғыс жылдарында Қазақстан экономикасы өте маңызды экономикалық және саяси маңызға ие болды оның себебі. КСРО-ның батыс аймақтарын гитлерлік армияның оккупациялауына байланысты Сібір мен Қазақстанның сол кездегі еліміздің маңыздылығын күрт көтеріп жіберген болатын.

Соғыс жылдарында армия мен халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде Қазақстанның ауыл шаруашылығы аса маңызды роль атқарды. 1941-1942 жылдары жаудың қоластында қалған аудандардан 1.2 млн. бас ірі-қара мал айдап әкелініп республикамыздың жер-жеріне орналастырылды, 1943 жылдан бастап осы малдар жаудан босатылған аудандарға кері қайтарыла бастаған. 1943-1944 жылдары 500 мың бас малды әкелген жерлеріне қайта жеткізіп берген.

Соғыстың алғашқы айларында Қазақстанға өндірістік маңызы бар мекемелер көшірілу ұйымдастырылды. Қазақстан территориясына қысқа мерзім ішінде 142 мекеме еліміздің батыс аймағынан 532.506 адам көшіріліп әкелінді.

Республикаға көшіріліп әкелінген кәсіпорындардың 107-ші қысқа мерзімде жұмысқа кірісті. Көшіріліп әкелінген басқа да кәсіпорындардың, әсіресе жеңіл және тамақ өнеркәсібі мекемелерінің жабдықтары жаңадан құрылып жатқан немесе Республиканың әр жерлерінде жұмыс істеп жатқан мекемелерге берілді. КСРОның жау қолында қалған аудандарының көшішіріліп әкелінген кәсіпорындарды орналастырумен қатар Қазақстан өзінің машина жасау кәсіпорындарын құрып, ауыр өнеркәсібін одан әрі дамыту міндеттерін де шеше бастады.

Бір ғана мысал: Мемлекеттік маңызы бар мекемелердің бірі. Біздің Қостанай аймағында да болды, ол Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанға, соның ішінде біздің облысымызға көптеген кәсіпорындар көшірілгені баршамызға мәлім. Сол көшірілген кәсіпорындардың қатарына, жасырын түрде, майданды арнайы қорғаныс бұйымдарымен жабдықтаған №507 және №222 зауыттары да кірді. Эвакуация жөніндегі кеңес пен Қорғаныс комитетінің 1941 жылдың 29 қазанында қабылдаған шешіміне сәйкес, Клин және Каменск қалаларынан көшірілген жасанды талшықтар зауыттарының негізінде Қостанай қаласында №507 зауыты қалпына келтіріле бастады.

Барлық келген адамдар құрал – саймандарды жөнге келтіру, түгелдеу және жинақтау жұмыстарына тартылған.

Соғыс жағдайына байланысты зауыт өте қысқа мерзімде, дәлірек айтқанда, 1942 жылдың бірінші жарты жылдығында пайдалануға берілуі тиіс болған. Осы себептен көшірілген зауытты қолданылып жүрген ғимаратта орналастыру ұйғарылады. Бұндай орын ретінде НКВД мен мұғалімдер пединститутның ғимараттары таңдап алынады.

№507 зауыты майданды әртүрлі оқ – дәрілермен, жасанды жібекпен қамтамасыз етіп, вискоза дәнінен минометке арналған оқ – дәрі жасау мақсатын алға қойады.
1941 жылдың 15 қарашасынан бастап көшіріле бастаған Егорьевск қаласының « Комсомолец » станок жинау зауыты мен Ухтомский атындағы ауыл шаруашылығы машиналарының Люберецкий зауытының бір цехы №222 зауытының негізін қалады. Бұл зауыт Қостанай облысының Қарабалық ауданында, Тоғызақ темір жол станциясынан 12 км қашықтықта орналасқан астық совхозында орналастырылып, 1942 жылдың мамырында іске қосылады

КСРО Танк өнеркәсібінің жүйесіне қарасты №222 зауыты соғыс машиналарына арнап №41, №50, №10 бұйымдарын шығарумен айналысқан. Арнайы бұйымдарды жасау оңай жұмыс болмағандықтан, зауытпен бірге білікті мамандар да келді. Алайда көп кешікпей бұл мамандардың біреулері Қызыл әскер қатарына шақырылса, енді біреулері бұрынғы жұмыс орындарына оралды. Бұл жағдайды ескере отырып, зауыт жас жұмыскерлерді өндіріске оқыту жұмысына кіріседі. 1942 жылдың өзінде зауытта өндірістік жұмысқа оқытылған жастар саны 273 жетті. Зауытта ерлермен қатар әйелдер де тапжылмай еңбек етті. Ұлы Отан соғысы жылдары зауыт ұжымына қосылған әйелдер 30% құрады. Ұзақ уақыт бойы бір ғана әріппен аталып, көпшіліктен жасырын болған бұл зауыттар Ұлы Отан соғысының қиында, қаһарлы жылдары майдан тапсырысын орындау үшін жұмысшылардың бар күш – жігерін жұмылдырып, солардың қажырлы еңбегімен қатыгез ата жауымызды жеңіп, бейбіт өмір орнатуға ат салысты. Ұлы Отан соғысы жылдарында экономиканы соғыс талабына сай лайықтап қайта құру қажет болды. Экономиканы қайта құруды майдандағы қолайсыз жағдай қиындата түсті.

Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті Гурьев мұнай өңдеу заводын, Каспий-Орск мұнай құбырын салу үшін. Мұнай өнеркәсібі Халық комиссариатының қуатты құрылыс ұйымын жіберді.

Мақат – Қосшағыл темір жолы салынды, Петровский атындағы машина жасау заводының екінші кезегі, Пешной көлі – Ширина труба құбыры, Гурьев мұнай өңдеу заводы, “ Комсомольский ” кәсіпшілігі іске қосылды. Ембі мұнайшыларына жұмысшы тобының еңбегінің символы мемлекеттік қорғаныс комитетінің туы бір жыл ішінде 12 рет тапсырылды.

Сол кездегі Гурьев облысының жайылым участкелерінің аудан орталықтарынан жүздеген километр қашық екенін ескере отырып, шаруашылық және бұқаралық – саяси жұмысты жақсы ұйымдастыру үшін колхозаралық тірек пункттерін құрды. Бұл пункттерде мектептер, қызыл отаулар медициналық және мал дәрігерлік учаскілер, моншалар сельпо бөлімшелері жұмыс істеді.

Республика мал шаруашылығын дамытудың мемлекеттік жоспарын орындап шықты.атырау облысының малшылары Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің туын алтыншы рет жеңіп алды. Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің шешімімен ту атыраулықтардың мәңгі сақтауына қалдырылды.

Құлсары кәсіпшілігімен сол кездегі Гурьев машина жасаушыларының ұжымы 1943ж. июньде ВЦСПС пен мұнай өнеркәсібі халық комиссариатының ауыспалы Қызыл туларын жеңіп алды. Атырау облысының еңбекшілері соғыс жылдарында өндірістің қай саласында болмасын күш жігерін майданға көмек көрсетуге жұмсады. Атыраулықтарда Отан қорғаушыларды жауды жеңу үшін не қажеттінің бәрімен қамтамасыз етуге ұмтылды.

Атыраулықтар майданға қажет өнімдерді үздік жіберіп отырды. 1942-1943 жылдары Мақат – Орск және Ақмола – Магнитогорск темір жолдары құрылыстары жүйесі жалғастырылып аяқталады. Соғыстың алғашқы жылдарынан бастап Қазақстанда танкі самолет жасауға ақша жинау қозғалысы басталды.

Қазақстандықтар бұл қозғалысқа атсалысты. Қостанай жерінен де соғысқа өз қаражатына әскери истребитель ұшағын жібергендердің бірі академик М. Қозыбаевтың әкесі Қабаш Қозыбаев. Ұлы Отан соғысы басталғанда Қазақстандық алғашқылардың бірі болып өз қаражатына әскери истребитель – ұшағын жіберген.

Әріптесіміз Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Институтының тарих факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Бекмағамбетова Раиса Бекмағамбетқызының атасы Бекмағамбет Сұлтанғазыұлы деген ақсақал 1899 жылы туған 4 кластық білімі болған азамат.

Көп жылдар колхоз басқармасы болып қызмет атқарған. Әріптесіміз Раиса Бекмағамбетқызының айтуынша атасы 1943 жылы бір миллион сом жеке қаражатынан самолетке ақша жіберген. Бар жиған-тергенін сатып қаржы жинақтаған екен. Зайыбы Балшекер апай екеуі сол кезде 7 бала тәрбиелеп, өсіріп отырған отбасы екен. Апай енді жеті баланы қалай асыраймыз деп реніш білдіргенде Бекмағамбет Сұлтанғазыұлы Балшекер апайға алдымен соғыста жеңіске жетейік, сонан соң қалғанын көрерміз, алла пендесін ырыздықсыз қалдырмас деп жауап берген екен. Кейіннен самолетке жіберген қаржысы үшін Сталиннің атынан қолы қойылған Жамбыл облысының Сарысу ауданының Жайылма ауылына Бекмағамбет Сұлтанғазыұлының атына алғыс хат келген екен. Ауыл болып қуаныпты дейді. Кейін Бекмағамбет Сұлтанғазыұлы 1945 жылы посылкамен Қаратаудың фосфоритін Бүркітті жерінен алып Алматыға жіберген. Кейін бұл жерге Жаңатас қаласы салынған.

Геолог Машкара келіп экспедициямен растаған. Осындай елгезек елдің қамын жеген абзал азамат Бекең 1950 жылы дүниеден озған. Қазақ жерінен соғыс кезіндегі жасаған жомарттық пен елдік мысалдарын көптеп келтіруге болады.

Соғыстың доноры іспеттес болған қазақ даласының экономикасымен жомарт жанды кеңпейіл қазақстандық халықтардың ерен еңбегі мен жеңіске жету үшін қолдан келгендерінен аяндаған қарапайым қазақ халқының ізгілікті істерінің бір-екі мысалдарына ғана қамтыдық, осының өзі көп жайдан хабар берері сөзсіз.

Қорытындылай келе айтпағымыз: Кеңестік дәуірде он бес одақтас республиканың бірі болып, Орталық басшылық нұсқауларын Мәскеуден алып жүзеге асырып отырған Қазақстанды Мәскеуді қорғауда қаһарман жауынгерлер қан төксе, тылдағы қазақстандықтар неміс фашизімін талқандауға елеулі еңбектегі үлестерін қосу арқылы екінші дүниежүзілік соғыстың жоспарының жүзеге асуына тосқауыл болды.

“Елу жылда ел жаңа, қырық жылда қазан” деп халқымыз айтпақшы, бүгінде бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдер Ұлы Отан соғысының 65 жылдығын тойлағалы отыр. Бүгінде сол кездегі одақтас елдердің көпшілігі дербес тәуелсіз республикалар. Соның бірі – Қазақстан. Қазақстандықтардың бүгінгі экономикасы шүкір, нығайып келеді. Шетелдер компаниялары мен инвестициялары тартылып жатыр. Мұның бәрі де қазақтардың жақсы пиғылы, ниетіне берген табиғат сыйы деп ойлаймыз. Тәңір жарылқап, Қазақстан халқының ынтымақ бірлігі нығайып, болашағы баянды болып, экономикасы арта берсін.

Бекіту сұрақтары:

1)Тыл дегенді қалай түсінесің?

2)Қостанайға соғыс жылдары қандай өндіріс орындары көшіріп әкелінді?

3) Қостанайлықтар майданға қандай көмек берді?


Әдебиеттер:

1.Күзембайұлы А. Абиль Е.А. История Казахстана. Учебник для Вузов.7-е изд. Перераб. и доп.- СПб, “Соларт”. 2004

2..А.Қошанов., К.Алдажұманов, академик М.Қ.Қозыбаев. // Мерейтойлық жинақ Алматы “Атамұра” 2001

3.Ж. Балтабаева Зауыттар неге жасырын ұсталды // Қостанай таңы 04.02.2005.



VI. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.

26-27 лекция Тәуелсіздіктің жариялануы және 90-жылдардағы саяси-экономикалық өзгерістер.



Негізгі ұғымдар:КСРОның ыдрауы, референдум,сайлау,

Жоспар:
1) КСРОның ыдрауы.

2) 90-жылдардағы саяси-экономикалық өзгерістер.

3) 90-жылдардағы ауыл шаруашылығындағы саяси-экономикалық өзгерістер.

4) 1993 – 1995 жылдардағы халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайы.


Мақсаты: КСРОның ыдрауынан кейінгі кеңестік саясаттанған экономиканың дағдарысымен 90-жылдардағы саяси-экономикалық өзгерістердің ел экономикасын қиын жағдайға ұрындыруының саяси және экономикалық заңдылықтарынан туындайтын себеперін ашу.

Қазақстан өзінің тәуслсіздігіи алғаннан кейін, егемен мемлекет ретінде халықаралық байланыс жасауға, озінің сыртқы саясатына айырықша көңіл бөледі. Бұрын КСРО-ның құрамында болғанда Қазақстанның ондай мүмкіндігі, жеке саясат жүргізу кұқы болмағаи-ды.

Қазақстан өзінің сыртқы саясатында, әсіресе, басты үш мәселеге ерекше назар аударады. Біріншіден, басқа елдер-мен, соның ішінде бұрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері және Америка Құрама Штаттарымен халықаралық байланысты өркендету. Екіншіден, шет елдермен тек дип-ломатиялық байланыс қаиа орнатып қоймай, сонымен қатар олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы оркениетті елдердің қатарына Қосылу. Үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты болғызбау, ядролық қаруды қолда-нуды болдырмау.

Міне, осы бағытта 1991 жылдан бастап тәуелсіз Қазақ-стан көптеген игі шараларды іске асыруда. Бұл уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. 2002 жылдың басында Қазақстан 130-дам астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Қазақ-станды алғашқылардың бірі болып Түркия, АҚШ, Фран-ция және т. б. мемлекеттер мойындады. Қазірде Қазақстан шет елдерде 50-ден астам дипломатиялық және консулдық екілдіктер ашты. Ал Алматыда және Астанада 60-тан ас-там шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және үлта-ралық үйымдардың ондаған өкілдігі жүмыс істейді.



Қазақстанның экономикалық саясатында ерекше назар ауда-рып отыратын мәселе, ол - өзінің ең жақын және ірі көрші мемлекеттерімен, соның ішінде солтүстікте Ресеймен, ал шығыста Қытай Халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату. Осы саясаттың нәтижесінде Қазақстан Рес-публикасының егемен ел ретіндегі алдағы болашағы да бай-ланысты. Сондықтан қалай дегенде де, солтүстігімізді жай-лаған ¥лы елмен әрқашан жақын болу керек. Өйткені Қазақстан үш ғасырға жуық уақыт Ресеймен тарихи сабақ-тас, тағдырлас, көршілес қонып, шекаралас болып қатар өмір сүрді. Осы уақыт ішінде Қазақстан мен Ресейдің шежіресінде талай күнгей де, күңгірт беттері болған. Олар-ды адамдар ауыздан-ауызға жеткізіп, үрпақтан-үрпаққа беріп отырған. Ресеймен, орыстармен қарым-қатынастың қандай болуы, оны қалай қүру жөнінде қазақтың ғүламала-ры, дана билері өз заманында-ақ айқын да анық айтып кет-кен. Ал егемендік алғанға дейін жетпіс төрт жыл бойы Қазақстан мен Ресей Кеңестер Одағы қүрамында ез тәуелсіздігін қойып, өз мүдделерін үмытып, ортақ шаруа атқарып, ортақ қазанға қызмет етті. Барлық шаруашылык, бар тіршілік осыған бейімделіп, Кеңес өкіметінің талабын орындады. Енді Кеңес Одағы тарағаннан кейін, бүл екі елдің арасында тең қүқық негізінде саяси және экономикалык қатынастар орнады.

Осы жағдайларды ескере отырып Қазақстан мен Ресей 1991 ж. КСРО тарап, тәуелсіздікке қол жеткеннен кейін өздерінің сыртқы саясатында халықаралық қүқык пинциптері егізіндебірбірімен стратегиялық байланыс,остык, тату-тәтті көршілік және өзара тиімді ынтымақтатык катынастарды дамытуға айрықша көңіл бөліп келеді.Оған Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы достык, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа кол коюдың зор тарихи маңызы бар. Ал 1995 ж. 20-шы кантардағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту және тереңдету туралы бірлескен декларацияда екі ел жоғарыдағы қол қойған шарттарды одан ары бүлжытпай орьтндап отыратындығы женінде мәлімдеді.


Бекіту сұрақтары:

1) КСРОның ыдрауының себебі?

2) 90-жылдардағы саяси-экономикалық өзгерістер туралы неайтасыз?

3) 90-жылдардағы ауыл шаруашылығындағы саяси-экономикалық жағдай қандай болды?

28-29 лекция Қазақстан жеріндегі экономиқалық реформалар және оның алғашқы нәтижелері.

Негізгі ұғымдар:Жекешелендіру, Ұлттық валюта, қаржылық жүйе.

Жоспар:

1) Жекешелендіру және оның нәтижелері.

2) Ұлттық валютаның айналымға енуі және еліміздің қаржылық жүйесі.

3) Өнеркәсіптің дамуының алғашқы нәтижелері.

4) Тұрғын үй құрылысы.
Мақсаты: Қазақстан жеріндегі экономиқалық реформалар және оның алғашқы нәтижелері туралы білімдерін дамыту.
Бауырлас халықтардың достығы мен ынтымақтастығын нығайтуда 1996 ж. 27-ші сәуірде Рссей Федерациясының Президенті Б. Ельцин мен Қазақстан Президенті Н. Ә. На-зарбаев Алматыда кездесіп, Қазақстан мен Ресей бірлескен Декларациясына қол қоюының маңызы өте зор болды. Онда Қазақстан мен Ресейде жүргізіліп жатқан демок-ратиялық қайта қүрулар мен экономикалық рефор-малардың екі ел халықтарының болашағы үшін үлкен мәні бар екендігі атап керсетілді. Мемлекеттің басшы-лары бүдан былай да екі ел арасындағы егемендікті, тәуелсіздікті қүрметтеу, аумақтық түтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау принциптерін сақтау негізінде дами беретінін қуаттады.

Ресей Федерациясымен Қазақстан арасында ынтымақ-тастыктың одан ары тереңдеп дамуында 1998 жылы 6-шы шілдеде Мәскеуде қол қойылған XXI ғасырға бағдарланғ-ан мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы Деклара-цияның тарихи маңызы ерекше. Оның негізінде Қазақстан мен Ресей Каспий теңізінің қүқықтық мәртебесі мәселесін шешуді тоқтап қалған жерінен алға қарай жылжытты. Екі мемлекет арасындағы қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеу және Байқоңыр космодромын бірлесіп пайдалану мәселелері шешілді.

2000 жылдың 25 каңтарында Қазақстан Елбасы Н. На-зарбаев пен Ресей Президенті В. Путинмен кездесуі болды. Онда екі жақты қарым-қатынасты одан ары жетілдіре түсуге жете мән берілді.

Ал 2002 жылы желтоксан айында Қазақстан Президенті Н- Ә. Назарбаевтьщ Мәскеуге ресми сапары барысында Қазақстан мен Ресей арасында қалыптасқан достық байланыстарды барынша тереңдетуге күш салынатыны баса ай-тылды. Олардың ішінде Байқоңыр ғарыш кешенін одан әрі бірлесіп пайдалану мәселесі тағыда сөз болды. Сондай-ақ аймақтық және халықаралық көкейкесті проблемалар төңірегінде жан-жақты пікір алмасылды. Екі жақтьі деңгейдегі, ТМД, ЕурАзЭҚ, Үжымдық қауіпсіздік, ШЫҰ шеңберлеріндегі ынтымақтастық қарым-қатынастар аймақ-тағы елдер қауіпсіздігінің, интеграциялануының басты кепілі болып табылатыны атап көрсетілді.



Қазақстан мен Ресей арасындағы саяси байланыстар 2003-2004 жылдары одан ары дами түсті. Оған 2003 жылы Ресейде Қазақстан жылының жариялануы үлкен әсерін тигізді. 2003 жылы Ресей орталығы мен облыстарында 150-ден астам түрлі деңгейдегі іскерлік кездесулер, мәдени ша-ралар мен отандьтқ өнімдер көрмелері өткізіліп, екі жақты тиімді келісім шарттарға қол қойылды. Қазіргі кездерде екі жақты қарым-қатынастардың шартты қүқықтық негізі 350-ден астам келісімдер мен шарттардан түрады. Солар-дың ішінде екі ел, әсіресе Евразия кеңістігіндегі түрақты-льтқты нығайтуға, үлттық, аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті күшейтуге ерекше назар аударады.Қазақстан мен Ресей Еуразия аймағының, Каспий теңізінің түрақтылығы мен қауіпсіздігіне де аса зор мән береді.

Ресей мен Қазақстан арасындағы і бірлескен жүмыстарда экономикалық байланыстар негізінде. 2004 жылы жалпы 7,5 мың шақырым шекаралық қашықтықтың 7356 шақырымы немесе 98 пайызы бедерленіп, бейнелеу жүмыстары аяқталған, соның нәтижесінде шаруашылық байланыстар нығая түсті.

Қазақстан үшін Оңтүстік-Шығыстағы үлкен көрші Қытайсыз әлдебір үлкен саясат жүргізу қиын екенін ерекше атап айту керек. Сондықтан тәуелсіздік тізгіні қолға тигеннен бері Республиканың ішкі және сыртқы саясатында темірқазыққа айналған бағдарлама Қытай Халық Респуб-ликасымен қарым-қатынастарды айқындау. Міне, осы ба-ғытта Қазақстан бірқатар шараларды іске асырып, Қытаймен достық байланысты орнатуда едәуір табыстарға қол жеткізеді.
.

Бекіту сұрақтары:

1) Жекешелендіру неше кезеңнен тұрды?

2) Ұлттық валюта айналымғақашан енді?

3) Тұрғын үй құрылысы қандай жүйе ьойынша қаржыландырылды?


30 лекция Қазіргі Қазақстанның ауыл шаруашылығы.

Негізгі ұғымдар:әлеуметтік құрылым, зейнет ақы қоры.

Жоспар:
1) Еліміздегі ауыл шаруашылығының жағдайы.

2) Қазақ мемлекетінің әлеуметтік –экономикалық даму жолы.


Мақсаты: Қазіргі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық қурылымының жүйесі мен қызметі туралы мәліметтер беру арқылы әлеуметтік –экономикалық жағдайын айқындау.
Бекіту сұрақтары:

1) Елімізде ауыл шаруашылығының жағдайы қандай?

2) Қазақ мемлекетінің әлеуметтік –экономикалық даму жолы қандай атаңыз?

Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихы пәнінің семинар сабақтарының тақырыптық жоспары.



Тақырыптар


Семинар


сағаты

Апта


1

Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихы пәні


1

1 апта

2

Қазақстандағы аграрлық қатынастар

тарихының деректемесі мен тарихнамасы.


1

2апта

3

Тас ғасыры: экономикалық аспект.


1

3 апта

4

Қола дәуіріндегі Қазақстан тұрғындарының шаруашылығы мен қоғамдық қатынстары

1

4 апта

5

Темір дәуіріндегі Қазақстан тұрғындарының шаруашылығы.


1

5 апта

6

Қазақстан жеріндегі отырықшы-егіншілік шаруашылығы.


1

6 апта

7

Ұлы Жібек жолы және Қазақстан аумағындағы ортағасырлық мемлекеттердің экономикасы.


1

7 апта

8

Қазақ хандығы: ХV-ХVII ғғ. халқы және шаруашылығы


1

8 апта

9

VI-ХVIIғ.Қазақстан экономикасының дамуы.

1

9 апта

10

ХV-ХVIII ғғ. Қазақ хандығының әлеуметтік – экономикалық жағдайы.


1

10 апта

11

ХІХ ғ. 2-жарт: - ХХ ғ. басы Қазақстанның шаруашылығындағы өзгерістер.

1

11 апта

12

ХХ ғ. 20-40ж.ж. экономикалық жаңартулар.


1

12 апта

13

Тәуелсіздіктің жариялануы және 90-жылдардағы саяси-экономикалық өзгерістер.

1

13 апта

14

Қазақстан жеріндегі экономиқалық реформалар және оның алғашқы нәтижелері.


1

14 апта

15

Қазіргі Қазақстанның ауыл шаруашылығы.


1

15 апта




Барлығы

15





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет