2. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПОРЫН МЫСАЛЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ТАЛДАУ
2.1. ЖШС “Итеко Полюс” қызметінің жалпы сипаттамасы
Бұл жобаны “Итеко Плюс”ЖШС Қазақстан Республикасы Алматы қаласында полипропиленді қаптар өндіру үшін 1500000 АҚШ доллары мөлшерінде несие ресурстарын тарту мақсатымен ұсынып отыр.
Қазақстанда орау материалы- полипропиленді (ПП) қаптарға сұраныс жоғары болса да, өзіміздің ірі өндірісіміз жоқ.
Қант, жарма, құрылыс материалдарын, ұн және басқа да сусымалық материалдар өндіруде орау материалдарына туып отырған қажеттілікті өз зауытымызды соғу арқылы қанағаттандыруға болады. Қазіргі қаптардың 100% шамасындағы мөлшері Қытайдан импортталады. Статистика мәліметтері бойынша өткен жылы Қазақстанға ауылшаруашылық өнімдерін орау үшін 10 млн. АҚШ долларына 55 млн. ПП қаптар сатылып алынды. Қазіргі кезде сол қаптарға қажеттілік жылына 58 млн. құрайды. Болашақта ПП тоқылған қаптарға сұраныс жылына 100 млн. астам қапты құрайды.
Ауылшаруашылық және өндірістік өнеркәсіп өнімдерін ораудың әйгілі әдісі 50 кг қаптарға орау болып табылады және көптеген сусымалық материалдар осы әдіспен оралады.
”Итеко” ААҚ-да қап өндіретін құрал-жабдықты орналастыруға болатын барлық коммуникация түрлерімен жабдықталған өндіріс орыны бар. Осы факторларды ескере отырып “Итеко”ААҚ несие ресурстарының және меншік құралдары арқылы өз ПП қаптарын өндіру туралы шешім қабылдады.
Осы мақсат үшін жобаны жүзеге асыратын ЖШС”Итеко Плюс” еншілес компаниясы құрылды. ПП қаптар өндіру бойынша қуаттылығы жылына 25 млн.дана болатын құрал-жабдық сатып алу жөнінде шешім қабылданды. Өндірісті жібергеннен кейін, жыл сайынғы 5-8 млн.данаға рынок өсімін ескергендегі жоба өнімі алатын рынок үлесі 25-30% құрайды. Бұл жаңа рынокты меңгеру мен өндірістің дамуы үшін тиімді мөлшер болып табылады (1 – кесте).
Достарыңызбен бөлісу: |