Байланысты: Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жағдайды талдау
1.2. Инвестициялық жобаның қаржы жоспары. Қаржы – кәсіпорынның ақша жиынтығы және оларды қалыптастыру, бөлу және қолдану жүйесі.
Қаржы көздері: жеке жинақтар, акционерлі капитал, пайлық салымдар, ұзақмерзімді несие, инвестициялар, бюджеттік ақша.
Баланс бойынша келесі көрсеткіштер анықталады:
айналым қаржының ликвидтілігі – кәсіпорынның қажет уақытта қарыз қайтаруға қабілетін көрсетеді.
Абсолютты ликвидтілік коэффициенті: Кал = Ақша/қысқа мерзімді міндеттемелер >=0.5
Ликвидтілік коэффициенті: Кл = (Ликвидті активтер - өндірістік қорлар)/қысқа мерзімді міндеттемелер >=1,0
Ағымдағы ликвидтілік коэффициенті: Кағл = Ликвидті активте/қысқа мерзімді міндеттемелер >=2
Автономия коэффициенті – кәсіпорынның қаржылы дербестігін сипаттайды. Ка = Өзіндік капитал/Баланс сомасы >=0.5
Қарызды және өзіндік капиталдың ара-қатыс коэффициенті К =Ұзақ және қысқа мерзімді қарыз/Өзіндік капитал <=1
Капитал рентабельділігі: Қаржының жаңа түрі ретінде лизингты айтуға болады – жалдың ерекше түрі.