Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы абиева г. С., Молдаш ы.Ә., Мауленова б. Т



Pdf көрінісі
бет110/131
Дата19.05.2022
өлшемі12,6 Mb.
#143902
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   131
Байланысты:
143. kz 1403000 слесарь сантехник

 
 
Таратушы газ құбырлар газды тармақтардан жеке ғимараттар мен 
енгізулерге дейін жеткізеді. Салқындату кезінде ылғалды газдан бөлінетін 
сұйықтықты (конденсатты) жинау үшін оның құбырдың астынан 
дәнекерленетін цилиндрлік корпус (құмыра) тәрізді конденсат жинағыштар 
құрастырылады. Жиналған конденсат бұру құбыры арқылы сорғымен 
сорылады. Конденсат жинағыштар газ құбырының төменгі учаскелерінде 
мұздату тереңдігінен төмен орнатылады. Құбырды конденсат жинағышқа 
қарай еңіспен төсейді. 
Ішкі газ құбырларына газ беруге арналған енгізулер таратушы газ 
құбырына қосылады. Енгізу құбыры жылу оқшаулағышпен толтырылған 
гильзадан қабырға арқылы өтеді. Кейде ғимараттың ортасында немесе 
шетінде орналасқан енгізуден оны бірнеше ішкі газ құбырларымен қосатын 
кіріспе газ құбыры салынады. 


256
Ғимарат ішінде тұтынушылар арасында газ тарататын ішкі газ 
құбырлары таратушы құбырлардан, бағандардан және қабаттық 
жеткізулерден тұрады. 
 
5.1.2. Ғимараттарды газбен жабдықтау 
 
Ғимараттағы газ аспаптарына газды төмен қысымды немесе газ реттеу 
пунктін (ГРП) орнату арқылы орташа және жоғары қысымды желілерінен 
тармақтар, енгізулер бойымен беріледі. Табиғи газбен жабдықтау желісі 
болмаған жағдайда ғимаратағы аспаптарға сұйытылған (баллондағы, 
газдолдердегі) газ беріледі. Баллондағы сұйытылған газдың жоғарғы 
қысымнан (1...1,6 МПа) төменгі (0,003 МПа) қысымға дейін түсіру үшін 
реттегіштер қолданылады.
1-ершік, 2-бұранда, 3-серіппе, 4-мембрана, 5-корпус, 6-клапан 
Сурет 176 – Газ қысымының реттегіші 
Реттегіш келесідей жұмыс істейді. Газ баллоннан 
1
ершік арқылы 
келеді, ол 
6
клапанымен жабылады, ол иінтректер жүйесі арқылы 
4
мембранасымен байланысқан. Газ аспабында кран ашылғанда және газ 
мембранадан шыққан кезде, ол 
3
серіппесінің әсерінен түсіп, 
6
клапаны 
иінтіректер арқылы 
1
-ершігін ашады-газ 
4
мембранасының астына түседі 
және одан әрі газ аспабына жөнеледі. Газ қысымы мембрананы қолдайды, 
демек, 
6
клапаны да сол жағдайда болады аспаптың қысымын белгіленген 
күйде сақтау үшін. Қысым азайғанда 
4
мембранасы төмен түседі, 
6
клапаны 
ершіктен жылжиды және газдың көп мөлшері мембрана астына түседі, бұл 
қысымның берілген мәнге дейін жоғарылауына әкеледі. Қысым жоғарылаған 
кезде реттегіш кері тәртіпте жұмыс істейді. 
Тамақты дайындауға, суды қыздыруға, жылытуға арналған газ 
аспаптарында 
инжекциялық 
немесе 
диффузиялық 
жанарғылар 
пайдаланылады. 


257
Инжекциялық
 
жанарғылар
(Сур. 177 а) ауаны газ ағынымен сору 
(инжекция) принципі бойынша жұмыс істейді.
1
- тұтқаны бұрған кезде 
2

тығын краны ашылады және газ 
3
- түтігі бойынша жанарғыға беріледі. Газ 
жанарғы форсункасы арқылы қозғалғанда ауаны сору (бастапқы ауа) 
4
- ауа 
беру реттегіш тесіктері арқылы және оны газбен араластыру арқылы 
жүргізіледі. Газ-ауа қоспасы шырақтың пішіні мен мөлшерін анықтайтын 
және ауамен (екінші ауа) араласып, жанатын бөлгішке түседі. 
Жалынды (алаулы) инжекциялық жанарғылардан басқа, 
жалынсыз
 
(
қысқа
 
алаулы

жанарғылар
пайдаланылады (Сур. 177 б) оларда, ауа қоспасы 
отқа төзімді кеуекті плиткалардың бетінде жанады, бұл сенімді күйдіруді 
және жанудың тұрақты процесін қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет