5.2.3. Газбен жабдықтау жүйелерін сынау
Газ құбырларын тек беріктікке ғана емес, тығыздыққа да сынайды,
өйткені монтаждау жұмыстарының сапасына адамдардың қауіпсіздігі
байланысты.
Құрылыс ұйымының өндірістік базасында құбырлардың және
басқа дайындамалардың дайындалуына байланысты, газ құбырларының
оқшаулауына байланысты жұмыстардың атқарылуын қадағалау керек.
Газ шаруашылығы объектілерінің құрылысын және реконструкциясын
алдын-ала қадағалау барысында да, сондай ақ құрылыс-монтаж ұйымының
жоспарлы зерттеу жұмысы барысында жүзеге асырылады. Газ
шаруашылығандағы қауіпсіздік ережелеріне сәйкес мамандардың,
жұмысшылардың және дәнекерлеушілердің дайын болуы тиіс.
Сынау алдында газ құбырын тексереді, қабыршақтан, ылғалдан және
қоқыстанудан тазарту мақсатында құбырларды үрлейді.
Сынақ жүргізу кезінде өлшеу дәлдігін қамтамасыз ететін аспаптар
қолданылады: қысымы 0,01 МПа газ құбырында — сумен , керосинмен
немесе сынаппен толтырылған V-тәрізді манометрлер; қысымы 0,01 МПа-дан
жоғары қысым кезінде 1,5-нан төмен емес класты серіппелі манометрлер. Газ
құбырларына қысым компрессормен, сығылған ауасы бар баллонмен, қол
сорғысымен беріледі (Сур. 186).
Төмен қысымды ішкі газ құбырларын ғимаратқа енгізудегі ажыратқыш
құрылғыдан газ аспаптарына келтірілетін крандарға дейін учаскеде 0,1 МПа
қысыммен беріктікке сынайды, бұл ретте газ аспаптары ажыратылады, ал
санауыштар алынады (егер олар 0,1 МПа қысымға есептелмесе) және
жалғастырғыштармен ауыстырылады.
1 - электр қозғалтқыш; 2-қосиінді-шатунды механизм; 3-поршень; 4-
илиндр; 5-сүзгі; 6-икемді шланг; 7- арна; 8-манометр; 9-ажыратқыш; 10-
желдеткіш
Сурет 186 – Шағын габаритті компрессор КМ-70
273
Беріктікке сынақтар келесідей жүргізіледі. Ішкі газ құбырын енгізуден
ажыратады, аспаптарда тығынды крандарды жабады және бітеуіштер
орнатылады. Содан кейін компрессор мен манометр қосылады, берілген
қысымға дейін газ құбырына ауаны айдайды.
Сабын ерітіндісін дайындайды және манометрді бақылайды. Егер
манометр бойынша қысымның төмендеуі байқалмаса, жүйе сынақтан өтті
деп саналады. Қысым азайған кезде газ құбырларын тексеріп өтіп және
ауаның ағып кетуі мүмкін жерлерді сабынды ерітіндімен майлап
көпіршіктенуі арқылы анықтайды. (Сур. 187).
Ауаны шығарғаннан кейін ақауларды пісіру немесе бұрандалы
қосылыстарды қайта жинау арқылы жояды; фасонды бөліктерді ауыстырады.
Ағып кетуді бітеу немесе майлау арқылы жоюға жол берілмейді. Ақауды
жойғаннан кейін газ құбырын екінші рет сынайды, содан кейін оны
тапсырады, компрессорды ажыратады, ауаны шығарады және бітеуіштер мен
манометрді ажыратады.
Тығыздыққа сынауды беріктікке сынаудан кейін, газ аспаптары мен
есептегіштер қосылып тұрған кезінде орындайды. Тұрғын және қоғамдық
ғимараттар мен коммуналдық тұрмыстық объектілердегі төмен қысымды газ
құбырларындағы сынау қысымы есептегіші бар жүйелерде - 4 кПа (су бағаны
400 мм), ал есептегішсіз жүйелерде - 5 кПа құрайды.
Сурет 187 – Газ құбырларынан ауаның ағып кетуін тексеру
Өнеркәсіптік және коммуналдық кәсіпорындарындағы жылу және
өндірістік қазандықтардың төмен қысымды газ құбырларын 10 кПа
қысымымен сынайды. Егер 300 секунд ішінде қысымның төмендеуі 0,2 кПа-
дан аспайтын болса, газ құбыры пайдалануға жарамды болып саналады.
Төмен қысымды ГРП және ГРҚ - ның газ құбырлары мен жабдығының
беріктігі 1 сағат ішінде 0,3 МПа қысыммен тексеріледі, бұл ретте манометр
бойынша қысымның төмендеуіне жол берілмейді; 0,1 МПа қысыммен
тығыздыққа 12 сағат ішінде сынайды, бұл ретте қысымның төмендеуі
274
бастапқы қысымнан 1% аспауы тиіс. Орташа қысымды газ құбырларын
беріктікке 4,5 сағат ішінде 0,4 МПа қысыммен (бұл ретте қысымның
төмендеуіне жол берілмейді) және 12 сағат ішінде 0,3 МПа қысыммен
тығыздыққа (бұл ретте қысымның төмендеуі бастапқы қысымнан 1% аспауы
тиіс) сынайды. Коммуналдық, өнеркәсіптік кәсіпорындарда, жылыту және
өндірістік қазандықтарда орташа қысымды газ құбырларының беріктігі мен
тығыздығы ауамен, ал жоғары қысымды (0,3 - тен 1,2 МПа-ға дейін) -
беріктігі сумен, ал тығыздығы ауамен сыналады.
Төмен қысымды таратушы газ құбырын беріктікке топырақпен
көмілгенге дейін 0,3 МПа сығылған ауамен сынайды. Қосылыстар
тығыздыққа сабынды сумен сулай отырып тексеріледі. Траншеяларды
топырақпен толтырғаннан кейін газ құбыры екінші рет 1 сағат бойы 0,1 МПа
қысыммен тығыздыққа сыналады. Қысым рұқсат етілген шамадан артық
түспеуі керек.
Газбен жабдықтау жүйесін тығыздығы мен беріктігіне сынақтар
жүргізілгеннен кейін қабылдау комиссиясына тапсырады, ол жүйенің жобаға
сәйкестігін тексеру, сынақ актілері негізінде объектіні пайдалануға енгізуге
рұқсат болып табылатын үйдің газ жабдығын қабылдау актісін ресімдейді.
Таратушы газ құбырлары мен Енгізулерге газ берілгеннен кейін ішкі
газ құбырларына газ жіберіледі. Іске қосу алдында газ құбырларының
жарамдылығын, жүйенің жобаға сәйкестігін, газ аспаптарының
жинақтылығын, түтін арналарындағы тартымның болуын, газ колонкасына
судың түсуін, крандардың жарамдылығын (еркін айналу, оларда
шектегіштердің, қатырма кілттердің болуы және т.б.) тексереді.
Крандар жабық болуы тиіс. 4 кПа қысыммен қорытынды тексеруден
кейін кірмені ішкі газ құбырымен жалғайды және ауаны және газ-ауа
қоспасын ығыстыру үшін газ құбырын газбен үрлейді. Газ құбырлары
түсірілімдердегі тығынды крандарды аша отырып, үрленеді.
Желінің газбен толтырылуын және құбырларда ауаның болмауын
газталдауышпен тексереді, ал егер ол жоқ болса, онда сабын суының
ерітіндісіне құбыршектің шетін түсіреді, екінші шетін газды су
жылытқыштың, плитаның енгізулеріне қосады.
Егер сабын көпіршіктері сіріңкенің жалынынан жанбаса, демек таза ауа
шығады. Сабын көпіршіктерінің тарсылдап жануы жарылу қаупі бар газ-ауа
қоспасының болғанын дәлелдейді. Таза газ түскен кезде сабынды
көпіршіктер тыныш, тарсылсыз жанады. Тексеруден кейін құбыршек
ажыратылады, газды су жылытқыштың немесе плитаның еңгізулеріне қосады
және жанарғыларын жағады. Газ іске қосылған кезде темекі шегуге және от
жағуға тыйым салынады. Жүйені үрлеу кезінде газ және газ-ауа қоспасы
шығарылатын үй-жай желдетілуі тиіс, бөгде адамдар одан шығарылады.
Газ аспаптарына газ, түтін арналарындағы тартымын тексергеннен,
асүйді желдетуден кейін беріледі. Аспаптарды газбен үрлеп, жанарғыларды
жандырады және газдың толық жануын бастапқы ауаны беру реттегіштермен
орнатады (жалын тегіс болуы, күйіп кетпеуі және жанарғыдан ажырамауы
тиіс). Газдың шығуы мүмкін жерлерді, крандарды, фитингтерді, бұрандалы
275
және дәнекерленген қосылыстарды жуу арқылы тексереді. Аспаптар мен
құбыржолдардың ақаусыздығына көз жеткізіп, тұрғындарды шақырып,
аспаптың жұмысын түсіндіріп, көрсетеді, газдың жарылу қауіптілігіне
ерекше назар аудара отырып, аспаптарды қауіпсіз пайдалану ережелері
туралы нұсқау береді. Тұрғындар нұсқаулық журналына қол қояды, газ
аспаптарын пайдалану туралы кілттер мен нұсқаулықтарды алады.
Достарыңызбен бөлісу: |