Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы абиева г. С., Молдаш ы.Ә., Мауленова б. Т



Pdf көрінісі
бет119/131
Дата19.05.2022
өлшемі12,6 Mb.
#143902
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   131
Байланысты:
143. kz 1403000 слесарь сантехник

 
Бақылау сұрақтары 
 
1. Табиғи газдың қасиеттері қандай? 
2.Газбен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесі қандай элементтерден 
тұрады? 
3. Газ қысымының реттегіші қалай жұмыс істейді? 
4. Ғимаратты газбен жабдықтау жүйесі қалай құрылған? 
5. Газ жағуды қандай оттықтарда жүргізеді? 
6. Газ плитасының қандай түрлері бар? 
7. Газды су жылытқыштың жұмысын түсіндіріңіз. 
8. Су жылыту газ қазандығының негізгі техникалық сипаттамасы. 
9. Төмен қысымды газ құбырларын тығыздыққа қалай сынайды? 
10. Сынақты қандай аспаптармен жүргізеді? 
11. Беріктікке сынақтар қалай жүргізіледі? 
12. Газ құбырларының енгізулерін қалай сынайды? 
13. Газ аспаптарына дейін құбыр бойында ауаның болмауын қалай
тексереді? 
14. Газбен жабдықтау жүйесін кім және қалай құрастырады? 
15. Газбен жабдықтаудың жоғары сапасы қалай қамтамасыз етіледі? 
16. Енгізуді қайда салуға болмайды? 
17. Ішкі газ құбырларын монтаждау ерекшелігі неде? 
18. Басқа инженерлік коммуникациялардан газ құбырлары қандай 
қашықтықта салынады? 
19. Бекіту арматурасын қайда орнатады? 
20. Қандай газ құралдарын білесіз? 
21. Газ аспаптары қандай реттілікпен орнатылады? 


276
6 БӨЛІМ. САНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ
ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ 
 
Жалпы ережелер 
 
Пайдалану қызметтерінің негізгі міндеттері — барлық инженерлік 
жүйелердің апатсыз және сенімді жұмысын қамтамасыз ету, тұтынушыларды 
жылумен, сумен, газбен үздіксіз жабдықтау. Пайдалану қызметтерінің 
қызметкерлеріне қолданыстағы жабдықтар мен инженерлік жүйелерді ұдайы 
қадағалау, техникалық байқау, бүкіл шаруашылықты ағымдағы және күрделі 
жөндеу жүктеледі. 
Жылу және ыстық сумен жабдықтаудың барлық жүйелерінің жұмысы 
коммуналдық 
энергетикалық 
бөлімшелердің 
пайдалану 
қызметін 
жоспарлаумен, сонымен қатар ұйымдастырушылық және техникалық іс-
шараларды жүргізумен қамтамасыз етіледі. Ұйымдастыру іс-шаралары 
жүйелерді пайдалану және жөндеу қызметтері құрылымының нормативтік 
құжаттарын әзірлеу болып табылады. Техникалық іс-шаралар жүйелерге 
қызмет көрсетуді және жөндеуді, инженерлік жабдықтардың талап етілетін 
жұмыс режимдерін сақтауды көздейді. 
Техникалық байқау, ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізудің түрлері, 
кезеңділігі, көлемі және тәртібі (жеке жүйелер мен олардың элементтері 
үшін әртүрлі) «Инженерлік жүйелер және жылу пункттерінің жабдықтары
элеваторлық түйіндер, қысымды көтеруге арналған қондырғылар, сорғы 
қондырғыларын жоспарлы-алдын ала жөндеу және баптау туралы 
ережесімен», «техникалық шарттармен», инженерлік жүйелерге жоспарлы-
алдын ала қызмет көрсетуді жүргізу кестелерімен регламенттеледі. 
Санитарлық-техникалық жүйелердің жағдайын техникалық байқау 
процесінде бағалайды және қадағалайды. 
Маусымдық пайдалануға дайындық кезінде сол кезеңге жүйелер 
жұмысының ерекшеліктеріне байланысты баптау-реттеу және жөндеу 
жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыстарды әдетте жылыту кезеңі аяқталғаннан 
кейін бастайды. 
Ағымдағы жөндеулер жүйелерді мезгілінен бұрын тозудан сақтау және 
ұсақ зақымданулар мен ақаулықтарды жою бойынша жұмыстарды жүйелі 
және уақытылы жүргізуден тұрады. Ағымдағы жөндеуге жүйелерге 
техникалық қызмет көрсету (жабдықты реттеу және іске қосу, жүйе 
жабдықтарын пайдалану бойынша тұрғындарға нұсқау беру); байқау 
нәтижесінде анықталған немесе тұрғындардың өтініштері бойынша 
анықталатын кенеттен пайда болған ақауларды жою кіреді. 
Күрделі жөндеу кезінде жүйелердің пайдалану сипаттамалары қалпына 
келтіріледі. Бұл ретте қызмет ету мерзімі өткен құбырлар мен жабдықтарды 
толық ауыстырады. 


277


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет