Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы абиева г. С., Молдаш ы.Ә., Мауленова б. Т



Pdf көрінісі
бет116/131
Дата19.05.2022
өлшемі12,6 Mb.
#143902
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   131
Байланысты:
143. kz 1403000 слесарь сантехник

 
5.2.2. Газ аспаптарын монтаждау 
Газ аспаптары қабырғаларды қаптағаннан, бояғаннан кейін және еден 
жабындарын орнату аяқталғаннан кейін зауыттық монтаждау-пайдалану 
нұсқаулықтарына сәйкес жобамен көзделген орындарда орнатылады. 
Аспаптарды монтаждау мынадай ретпен жүргізіледі: аспаптарды көтеріп 
қабаттарға таратады; аспаптарды орнату және бекіту орындарын белгілейді; 
аспаптарды орнатады және оларды газ желісіне қосады; бұрғыш келте 
құбырларды түтін арналарына қосады. 
Газ аспаптарын мамандандырылған буын немесе жұмысшы 
бригадалары көтереді және таратады. Көтеру үшін арнайы контейнерлер 
немесе қармауыштар қолданылады. Аспаптарды орнату және ұстату 
бекітілген жобаның сызбаларымен танысқаннан және оларды заттай 
салыстырғаннан кейін белгіленеді. Жұмысты тездету үшін жылыту және 
санитарлық аспаптарды монтаждау кезінде қолданылатын таңбалау 
шаблондары қолданылады. Бекітпелерді орнату орындарын белгілегеннен 
кейін арнайы звено тесіктерін бұрғылайды және бекітпелерді орнатады. 
Аспаптарды орнатқаннан және оларды монтаждау жағдайына бекіткеннен 
кейін газ желісіне қосады. 


267
Газ аспаптарының жиынтықтылығы тұтастай және жеке бөлшектер 
бойынша тексеріледі. Газ плиталарының жұмыс үстелі, есіктері, тұтқалары, 
жанарғылары, конфоркалық жапсырмасы, табандары, қаңылтыр табалары 
болуы тиіс; газды су жылытқыштардың — автоматиканың барлық 
элементтері бар газ, су тарату блоктары, сақтандырғыш және реттеуші 
құрылғылары, термоклапаны бар жанарғы, тұтандырғыш жанарғы, тартым 
үзгіші, тұтқалары болуы тиіс. 
Газ аспаптары түтін арналарына диаметрі аспаптың келте құбырының 
диаметрінен кем емес шатыр немесе мырышталған болаттан жасалған түтін 
шығаратын құбырлардың көмегімен жалғанады. Құбырларды тұрғын үй-
жайлар арқылы төсеуге тыйым салынады. 0,01 кем емес еңіспен төселетін 
жалғағыш құбырдың тартым үзгіші бар аспаптардан биіктігі 0,5 м тік 
учаскесі және үй-жайдың биіктігі 2,5...2,7м болған кезінде 0,25 м болуы тиіс. 
Тартым үзгіші жоқ аспаптарда тік учаскесінің биіктігі 0,15 м-ге дейін 
төмендетілуі мүмкін. Жаңа ғимараттардағы түтін арнасына дейінгі 
біріктіргіш құбырлардың ұзындығы 3 м-ден, жұмыс істеп тұрғандарында — 6 
м-ден аспауы тиіс. 
Түтін шығаратын құбыр сыланған қабырғалар мен қалқалардан кемінде 
100 мм, ал сыланбаған төбелерге дейін 250 мм-ге дейін орнатылуы тиіс. 
Ілу және бекіту кезінде құбырлар майыспауы тиіс. Құбырлардың 
жанатын қалқалар арқылы өтетін жерлерде кірпіш бөлімдері орнатылады. 
Құбырларды жалғаған кезде жекелеген буындар газ жүрісі бойынша бір-
біріне құбырдың жарты диаметрінен кем емес етіп тығыз енгізілуі тиіс. 
Соңғы буынның аяғында шектеу құрылғысы (гофр, шайба) болуы тиіс. 
Шиберлер жылыту пештерінен және тартым үзгіші жоқ басқа да аспаптардан 
шығатын түтін арналарына орнатылады. Су жылытқыштардан түтін 
шығаратын құбырларда немесе түтін арналарында шиберлер орнатылмайды. 
Шиберлерде диаметрі 12...15 мм тесіктері болады. 
Әрбір газ аспабы жекеленген түтін арнасына қосылады. Қолданыстағы 
үйлерде бір арнаға екі су жылытқышты немесе жылыту пештерін бір бірінен 
500 мм-ден жақын емес орналасқан, жану өнімдерін әр түрлі деңгейлерде 
енгізу шартымен қосуға рұқсат етіледі. 
Аспаптар түтін арналарына мынадай реттілікпен қосылады: құбырлар 
мен бұруларды таңдайды; түтін каналының тесіктеріне жалғағыш шайбаны 
немесе тіреуіш білігі (гофр) бар металл келтеқұбырды орнатады; буындардан 
және бұрулардан жалғағыш құбырларды жинайды; жалғағыш шайба мен 
құбырдың арасын сазды немесе цемент ерітіндісімен бітейді; аспаптарды 
бекітеді және еңістерді тексереді, құбырларды отқа төзімді лакпен жабады. 
Бұл жұмысты екі слесарь буыны орындайды. 
Газ плиталары биіктігі 2,2 м-ден кем емес, көлемі 8, 12, 15 м
3
-ден кем 
емес сәйкесінше екі, үш және төрт жанарғылы плиталарға, сондай - ақ 
желкөздері, фрамугасы немесе сорып алатын желдеткіш арнансы бар ас үй-
жайларында орнатылады. 
Қабырғалары сыланбаған ағаш ас үй-жайларда плиталар орнатылған 
жерлерде сылақ немесе асбест төселген шатыр қаңылтырынан жасалған 


268
жылу оқшаулағыш орнатылады. Оқшаулау плитаның габаритінің әр жағынан 
100 мм және үстінен 800 мм шығып тұруы тиіс. Үстел үстіне қоятын 
плиталар астындағы ағаш негіздер асбест төсемі үстінен шатыр 
қаңылтырымен қапталады. Тақтаның оқшауланбаған бүйір қабырғасынан 
бастап орнатылған жиһаздың ағаш элементтеріне дейінгі қашықтық кемінде 
150 мм болуы тиіс. Плитамен пен ғимараттың қарама-қарсы қабырғасы 
арасында ені 1 м-ден кем емес өту жолы болуы керек. Газ плитасын орнату 
реті төменде көрсетілген. Баллондары бар газ плиталарын орнатқан кезде 
плиталар мен газ баллондарының арасындағы қашықтық 1,5 м-ден кем 
болмауы, жылыту аспаптарына дейін 1 м кем болмауы тиіс (Сур. 182). 
Газ плита орнықты тұруы керек, жұмыс үстелі тірекке нық сүйеніп, 
көлденең болуы деңгеймен тексеріледі. Крандардың тұтқалары еркін 
бұрылып, "жабық" және "ашық" жағдайларында сенімді бекітілуі тиіс. 
Оларды ашу үшін тұтқаны алдын ала басу керек. Жанарғылар мен 
конфоркалар оңай орнатылуы және алынуы тиіс; жанарғылар мен 
конфоркалар центрлерінің ығысуы 10 мм-ден аспауы тиіс, ал 
конфоркалардың қабырғаларының жоғарғы бетінен жанарғылардың 
қақпағына дейінгі қашықтық 10...15мм шегінде болуы тиіс.Тұмшапештің 
есіктері кептелусіз ашылуы, жабылуы және жақтауға тығыз жанасуы керек. 
Газды ажыратуға арналған тығынды кран "ашық — жабық" жағдайын 
көрсететін жаппа кілтпен жабдықталады. 
1-түсіру, 2-тіреу (баған), 3-жеткізу, 4-тығынды кран 
Сурет 182 – Газ плитасын орнату реті (а...г), бағанның бұрышта және 
плитаның артында орналасқан кездегі оның монтаждық жағдайы (д) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет