284
1-сермердің қақпағы, 2- бекіту бұрандасы, 3- сермер, 4-тоқтатқы
тығырық, 5-кран корпусы, 6-сүмбі, 7-қақпақша, 8- резеңке төсем
Сурет 188 – Шұраны жөндеу
Ваннаға арналған араластырғышты тексеру кезінде қосқыштың
жұмысын қосымша тексереді. Ол үшін суды
себезгі торына бірнеше рет
ағызады. Батырманы ауыстырып қосқышты қарау кезінде оның жұмысының
тұрақтылығын тексереді: ол себезгі торынан өздігінен емес, тек вентильдік
бастиектерді жабу кезінде (түйме көтеріледі) құюға ауысуы тиіс.
Ваннаға арналған аластырғышта ағатын жерлерді анықтау үшін, себезгі
торына су береді және корпусқа, торға бекітілетін иілгіш шланг пен қисық
гайкаларды қарайды.
Судың ағатын жерлерін анықтап, арматура
элементтерін жөндеу
жүргізіледі. Жөндеу кезінде арматураның декоративті жабынын
зақымдамайтын және оның сыртқы түрін бұзбайтын құралдарды
пайдаланады: гайкалық, жұмсақ губкалары немесе мыстан, полимерден және
басқа да жұмсақ материалдардан жасалған төсемдері бар құбыр кілттері.
Жөндеу кезінде шұраны
арматураның корпусынан бұрайды. Ол үшін
тіректен тармақталған вентильді жабады. Сағат тіліне қарсы дөңгелек
тұтқаны бұрып, ақаулы шұра бастиегін ашады және судың толық өшірілгенін
тексереді. Егер араластырғыш жабылмаса және су ағып кетсе,
пәтерде бар
басқа араластырғышты ашады, бұл жөнделетін арластырғыш арқылы су
ағынын азайтады
(Сур. 189, 190).
285
Сурет 189 - Араластырғыш бөлшектері
Сурет 190 - Араластырғышты ажырату
Жұмсақ еріншелері бар кілтпен
вентильдін тиегін ұстап, сағат тіліне
қарсы бұрып, оны корпустан босатады. Егер вентиль басы бар тесіктен су
ағатын болса, жөндеу кезінде оны тығынмен жабу немесе қосалқы вентиль
бастиегін бірден орнату керек.
Дөңгелек тұтқа корпусты (жабық бастиектер) жабатын вентильді
бастиектерде алдымен дөңгелек тұтқа алынады,
содан кейін бастиекті
корпустан бұрайды. Бұрандалы бастиекті қарайды және клапанның бекітілу
беріктігін тексереді. Клапан 0,5–1,0 мм аспайтын бойлық люфті болуы және
тесіктен шпинделге түспеуі тиіс, әйтпесе клапанда дірілдеу немесе сыну
пайда болады.
Егер клапанның люфты 0,5-1,0 мм артық болса немесе клапаны түссе,
оны бекіту қажет. Бұл үшін клапан шпиндельден алынады, шпиндельді қатты
бетке қояды және қақпақшаға арналған тесік жағынан балға соққысымен
шпинделдегі тесіктің шеттерін қиыстырады. Содан кейін жеңіл балға
соққылармен қақпақты тесікке салады. Орнатқаннан кейін клапанда еркін
айналу және шағын люфты болуы тиіс. Содан кейін тығыздағыш төсемді
қарайды. Егер ол тозса (қалыңдықтан 30% артық)
немесе қатты
деформацияланса, оны ауыстырады. Ол үшін бұранданы бұрап, ескі төсемді
алып тастайды. Төсем қатты резеңкеден, қалың былғарыдан немесе фибрадан
жасалады. Қатты резеңкеден жасалған төсемдер мамандандырылған
286
кәсіпорындарда қалыптасады. Жұмсақ резеңкеден немесе белгісіз полимерлі
материалдан жасалған төсемді қолдану ұсынылмайды, өйткені жұмсақ
резеңкені пайдалану арматураның жұмысы кезінде дірілге және қатты шуға
әкеледі, ал полимерлердің кейбіреулері суға улы заттарды бөледі. Жаңа
төсемді қақпақшада шайбалы винтпен бекітеді, осылайша төсемнің түсуін
және оның дірілін жояды. Төсемді бекіту үшін болат бұрандаларды
пайдалану ұсынылмайды, өйткені олар тез тоттануға ұшырайды, содан кейін
оларды бұрау мүмкін болмайды (Сур.191).
Достарыңызбен бөлісу: