Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы абиева г. С., Молдаш ы.Ә., Мауленова б. Т


 тарау. Газбен жабдықтау жүйесін монтаждау



Pdf көрінісі
бет113/131
Дата19.05.2022
өлшемі12,6 Mb.
#143902
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   131
Байланысты:
143. kz 1403000 слесарь сантехник

 
5.2 тарау. Газбен жабдықтау жүйесін монтаждау 
 
5.2.1. Газ желісін монтаждау 
 
Газбен жабдықтау жүйесінің жобасы мыналарды қамтиды: 
газдандырылатын ғимарат, газбен жабдықтаудың таратушы және қалалық 
желілері және басқа да инженерлік желілер көрсетілген учаскенің бас 
жоспары; ғимараттар қабаттарының жоспарлары; диаметрлері, еңістері, 
арматуралары, газ аспаптары көрсетілген газ құбырлары салынған 
аксонометриялық схемалар; жабдықтар мен қондырғылардың ерекшеліктері; 


262
монтаждау сызбалары. Монтаждық сызбалар болмаған кезде оларды 
әзірлеуді жүргізеді. 
Газбен жабдықтау жүйелері мынадай ретпен құрастырылады: тарату 
желісін төсейді, енгізуді орнатады, ішкі газ құбырларын құрастырады және 
газ аспаптарын орнатады. 
Газ құбырларын монтаждауды қауіпсіз жұмыс әдістерін зерделеп
біліктілік комиссиясына емтихан тапсырған арнайы оқытылған 
монтажшылар бригадасы орындайды. Қауіпсіз жұмыс әдістерін білу жыл 
сайын тексеріледі. Дәнекерлеушілер ҚР мемтехқадағалау органдары бекіткен 
шарттарға сәйкес аттестатталуы және газ құбырларын дәнекерлеу құқығына 
арнайы куәлігі болуы тиіс.
Пластмасса құбырларды арнайы білімі бар, арнайы комиссияның 
емтиханын тапсырған жұмысшылар дәнекерлеуі тиіс. 
Газбен жабдықтау жүйелерін монтаждау үшін пайдаланылатын 
материалдардың (құбырлар, фасонды бөліктер, арматура, дәнекерлеу 
сымдары және т.б.) олардың МЕМСТ және ТҚК талаптарына сәйкестігін 
растайтын өндіруші зауыттардың сертификаттары болуы тиіс. Жабдыққа 
паспорт және монтаждау және пайдалану жөніндегі нұсқаулық қоса берілуі 
тиіс. Орнату алдында арматураны тығыздық пен беріктікке сынайды. 
Тарату желісін монтаждау
құрылыс алаңын дайындау кезінде 
орындалады. Трассаны бұзады, траншеяны жыртады, түбін сыртқы кәріз 
желілерін төсеуге ұқсас дайындайды. Топырақтың іздік қабатын алып тастау, 
негізді дайындау, шұңқырларды орнату тікелей құбырларды траншеяға 
түсіру және жабдықты орнату алдында жүргізіледі. 
Желілер тоттануға қарсы оқшаулаумен жабылған жіксіз, дәнекерленген 
тік жікті болат құбырлардан құрастырылады. Монтаждау алдында құбырдың 
ішкі қуысы бітелуден тазартылады және құбырларды секцияларға 
дәнекерлейді, оларды жұмсақ матауыштар (сүлгілер)мен немесе құбырдың 
жабынын зақымданудан сақтайтын басқа да құралдармен траншеяға түсіреді. 
Құбырларды, арматураны және жабдықтарды траншеяға тастауға тыйым 
салынады. 
Құбырды траншея түбіне барлық ұзына бойына жанасатындай, ал 
олардың және қиылысатын құрылыстар мен коммуникациялардың 
арасындағы қашықтық жобамен сәйкес келетін етіп траншеяға салады. 
Құбырлар мен жалғағыш бөліктер дәнекерлеу арқылы қосылады, бұл ретте 
дәнекерлеу сапасы мен тоттануға қарсы оқшаулануы мұқият қадағаланады. 
Фланецті және бұрандалы қосылыстар арматураны, газ және бақылау-өлшеу 
аспаптарын орнату үшін ғана рұқсат етіледі. 
Арматураны орнатқаннан кейін газ құбырын 200...250 мм биіктікте 
жабады, оқшаулағышпен жабатын және беріктігі мен тығыздығына сынақ 
жүргізгеннен кейін себілетін түйісулерді қоспағанда. Газ құбырын сынақтан 
өткізіп тапсырғаннан кейін траншеяны толығымен жабады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет