6.3 тарау. Кәріз және суағарлар
6.3.1. Пайдалану және жөндеу
Ғимаратты пайдалану барысында
ішкі
кәріз
және
суағарлар
барлық
ластануларды тез алып тастауы және ғимараттың үй-жайлары мен құрылыс
конструкцияларына сарқынды сулардың түсуіне жол бермеуі тиіс.
Кәріз жүйелерін пайдаланудың негізгі міндеттері – желінің бітелуі мен
қатып қалуын болдырмау, желі мен жабдықтардың зақымдануын жою.
Желінің
бітелуі
құбырлардағы, гидравликалық жапқыштардағы,
фасонды бөліктердегі және т.б. шөгінділерді анықтау және жою кезіндегі
алдын алу тексерулерімен болдырмайды.
Санитарлық аспаптардың гидравликалық жапқыштарының бітелуі
резеңке поршеньнің көмегімен айдау арқылы жойылады. Бөтелкелі сифоннан
ластануды жою үшін төменгі қақпақты бұрап, жуады. Екі айналмалы
сифондарда төменгі иінде орналасқан тығынды бұрап, лайды тегешке немесе
шелекке ағызады. Осыдан кейін сифонды тазалайды және жуады. Тексеру
сифонын қақпақ алынғаннан кейін люк арқылы тазалайды. Тазалаудан кейін
кәріз газдары үй-жайға кірмеуі үшін тығындарды, қақпақтарды тығыздап
жабады.
Унитаздарды резеңке поршеньдермен, тазалауға арналған тесіктер
арқылы өтетін сыммен тазалайды. Егер осы тәсілмен тазалау мүмкін болмаса,
унитаз ажыратылады және оны шығару жағынан тазалайды. Керамикалық
құралдарды тазалау кезінде құралды зақымдауы мүмкін қалың металл
өзектерді қолдануға болмайды.
Бұрма құбырлар мен бағандар ең жақын орналасқан тазарту немесе
тексеру орындары арқылы сымның, серіппенің, иілгіш біліктің,
"ысқыш"көмегімен тазартылады.
Кең қонышты қосылыстардағы тығыз емес жерлер келесідей
жойылады. Егер шойын құбырлардың кең қонышы цементпен бітелген
болса, онда оны цементтен тазартып, кең қонышта қалған шайырлы жіп
тығыздалады және қажет болған жағдайда ұқсас тығыздағыш материал
қосылады. Соңында, кең қоныш қайтадан цементпен бітеледі. Пластмасс
құбырлардың (резеңке тығыздағыш сақиналары бар) кең қонышты
қосылыстары полиизобутилен сіңген жіппен бітеледі.
Шығулар қарау құдығы арқылы тазалайды.
281
Кәріздің аулалық желісінде жауын-шашын науаларда, тармақтарда,
бұрылыстарда жиналады. Аула желісіндегі бітеулерді жою үшін диаметрі 50
мм болат түтікшені иілген ұшымен қарау құдығына түсіріп аула желісінің
құбырына салады. Содан кейін болат құбыр арқылы аула желісінің құбырына
болат сым енгізіліп, сол арқылы бітеуді ысырады.
Тазалаудың алдында, төмен орналасқан құдықта бітеуші зат құдық
арқылы желінің келесі учаскесіне өтпеуі үшін шығатын құбырдың тесігін
тормен жабады. Бітелуді жойғаннан кейін кәріз желісін болат "ысқышты"
немесе щеткалы сыммен құбыр бойымен итеріп тазалайды. Тазалаудан кейін
құдықтарды сумен жабдықтау желісінен толтыра отырып құбырларды сумен
шаяды.
Кәріз
желісінің
қатуы
сыртқы қабырғалар, терезелер, есіктер жанында
орналасқан құбырларда жылу өшірілгенде немесе құбырларды салқындату
кезінде болуы мүмкін. Құбырлар сумен жабдықтау жүйесіндегі секілді
жылытылады.
Кәріз желісі ғимараттың, топырақтың шөгуінен, соққыдан зақымданған
жағдайда, бөлмені, аумақты ластап, сумен жабдықтау жүйесіне өтуі мүмкін
ағынды сулардың ағып кету орнын мүмкіндігінше тез жою қажет.
Зақымданған құбырлар мен жалғағыш бөліктер ауыстырылады немесе
зақымданған жерге су өткізбейтін бандаждар салынады.
Кәріз
жүйесіндегі
судың
ағып
кетуі
негізінен шаю бактарының түсіру
құрылғылары арқылы өтеді. Түптік клапаны бар бактарда тартымның
деформациясы кезінде ағызып жіберу клапаны ауытқуы бар ершікке
түсіріледі, нәтижесінде судың ағуы пайда болады. Ершікпен жанасатын
ағызып жіберу клапанының беті ұзақ уақыт пайдаланылғанда
деформацияланады, нәтижесінде барлық уақытта су ағып кететін саңылаулар
пайда болады.
Ағып кетуді жою үшін ағызып жіберу клапаны түзетіледі және қажет
болса ауыстырылады. Икемді сифоны бар бактарда судың ағып кетуі
гофрадағы жарықтардың немесе пластмассаның ескіру салдарынан
сифонның пластмасса басының қисаю нәтижесінде пайда болады. Судың
ағып кетуін сифонды ауыстыру арқылы жояды.
Ішкі суағарларды пайдалану кезінде суағарлы шұңқырды жабынға
бекітудің қаттылығы мен герметиктілігі, шұңқырдың қабылдау тесіктерінің
ластануы мен қатып қалуының болмауына; түйіскен қосылыстардың, әсіресе
орнын толтыратын жіктер мен тығыздамалардың герметиктелуіне, құбыр
жолдардың бекітілу сенімділігіне ерекше назар аударылады.
Күзде суық басталар алдында суағарлар жоғарыдан шұңқыр арқылы
ұзын сырыққа бекітілген «ысқышпен» және төменнен тексеру орны арқылы
тазартылады. Бір мезгілде гидрожапқышты жуады. Суағардың қатып
қалуының болдырмау үшін шатырдағы үй-жай аймағында және ғимараттың
сыртқы қабырғасымен шығарылымның қиылысу орнында жылу
оқшаулағыштың жай-күйін тексереді. Қысқы кезеңде ашық шығарылымы
бар үйлерде суағардың гидрожапқышын канализациямен қосатын желісінде
кранды ашады. Жазғы кезеңде кран жабылады.
282
Достарыңызбен бөлісу: |