Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы абиева г. С., Молдаш ы.Ә., Мауленова б. Т



Pdf көрінісі
бет120/131
Дата19.05.2022
өлшемі12,6 Mb.
#143902
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   131
Байланысты:
143. kz 1403000 слесарь сантехник

6.1 тарау. Жылыту жүйесі 
 
6.1.1. Пайдалану және жөндеу 
 
Ғимараттың барлық үй-жайларында қажетті температураны ұстап 
тұруы тиіс. Жүйенің қалыпты жұмыс істеуі үшін қазандықтар, сорғылар, 
қозғалтқыштар, шатырлардағы және жертөлелердегі магистральдар сияқты 
жүйе элементтерін жиі тексеру, баспалдақ алаңдарында, шатырларда және 
басқа да ауа температурасы төмен орындардағы құбырларды оқшаулау 
жағдайын бақылау қажет. Центрден тепкіш сорғыларды және электр 
қозғалтқыштарды байқау кезінде мойынтіректерде әрдайым май болуын, ал 
белдікті берілісте күн сайын белдіктің жай-күйін тексеріп, сорғылардың 
жұмысы кезінде мойынтіректердің дірілі болмауын қадағалайды. Ақаулар 
анықталған жағдайда оларды дереу жою керек. 
Барлық жылыту жүйесін, оның ішінде бөлме ішіндегі құрылғыларды 
жылына екі рет (көктемде және күзде) тексереді; шатыр және жертөле 
құрылғыларын — ай сайын, қазандықтар мен қазандық жабдықтарын — апта 
сайын тексереді. 
Жылытылатын үй-жайлардағы қолайлы температуралық шарттарды 
тұрмыстық және технологиялық жылу бөлінулерді ескере отырып, сыртқы 
жағдайларға (ауа температурасына, оның ылғалдылығы, желдің 
жылдамдығы, күн радиациясының қарқындылығына) байланысты жылу 
берілуді реттеумен ұстап тұрады. Бұл ретте жылытуға кететін өндірістік емес 
жылу шығындары да азаяды. 
Жылу ағынын реттеу жылу тасығыштардың температурасын (сапалық 
әдіс), оның мөлшерін (сандық әдіс) немесе температурасын және бірден 
санын (сапалық-сандық әдіс) өзгертумен қамтамасыз етіледі. Бумен жылыту 
жүйелерінде негізінен жүйеге немесе жеке жылыту аспаптарына бу беруді 
толық тоқтату арқылы сандық реттеу жүзеге асырылады. Сапалық реттеу 
әдетте ЖЭО-да немесе қазандықта (орталық жылыту) сыртқы ауа 
температурасына байланысты график немесе кестеге сәйкес ыстық жылу 
тасығыштың температурасын өзгерумен жасалады. ОЖП-де және абоненттік 
Енгізулерде жылу берілуді жалпы жеке ғимараттар немесе олардың 
қасбеттері бойынша оларға жарықтың түсуіне (қасбет бойынша реттеу) 
байланысты реттейді. Әдеттегідей, орталық реттеу автоматтандырылған. 
Орталық реттеуден бөлек жылыту аспаптарының Енгізулеріне немесе 
аспаптарда (аспап бөлігін ажырату үшін) орнатылатын кран, вентильдер 
немесе қаптамасы бар конвекторлардағы ауа клапандарының көмегімен 
жергілікті реттеу де қолданылады. 
Жылыту жүйесінің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін әрбір 
жылыту маусымының алдында, сондай-ақ маусым бойы бір-екі рет жылыту 
аспаптарын шаң мен кірден тазарту қажет. Бұдан басқа, бекіткіш-реттеуші 
арматурасын үнемі тексеріп, қажет болғанда, тығыздамаларды толтыру және 
ауыстыру, жеке түйіндерді реттеу немесе жөндеу арқылы оның жұмысқа 
қабілеттілігіне қол жеткізу керек. 


278
Жылыту маусымы аяқталғаннан кейін жүйе жуылады. Шаюдың ең 
тиімді 
тәсілі-гидропневматикалық, 
онымен 
жылу 
құбырларынан, 
арматурадан және жылыту аспаптарынан шламды, коррозия өнімдерін және 
биоорганизмдерді жоюға қол жеткізеді. Бірінші рет жүргізілетін тәсілде 
жүйені пайдалануға қабылдағаннан кейін шаю үш кезеңде жүзеге 
асырылады: қалдырылған шөгінділерді қопсыту үшін әрбір тіреуішті 
төменнен жоғары қарай сығылған ауамен үрлеу; әрбір бағандарды 
гидравликалық шаю; таратушы жылу құбырларын гидравликалық шаю. 
Болашақта бірнеше (беске дейін) бағандарды бірден шаюмен 
шектелуге болады. Келесі топтарды шаю алдында алдыңғы топта щайылған 
бағандарды ажыратады. Топтағы бағандардың саны олардың ластану 
дәрежесімен анықталады. Шайғаннан кейін жылу құбырлары мен жылыту 
аспаптарының коррозиясын болдырмау үшін жылыту жүйесін дереу сумен 
толтырады (мейлінше ауасыздандырылған). 
Жылыту қазандықтары, орталық жылу пункттері, ЖЭО немесе 
аудандық қазандықтардан орталықтандырылған жылумен жабдықтау кезінде 
жылу желілерін пайдалану қызметі ("Жылу желісі") кәсіпорнына жүктеледі. 
Бір немесе бірнеше ғимараттар үшін жылу Енгізулері қосылатын ОЖП-ға 
кірме ысырмалары жүйелерді қызмет көрсету салаларына бөлетін шекаралар 
болып есептеледі. ОЖП, жылыту, желдету, ауа баптау және ыстық сумен 
жабдықтау жүйелерін пайдалану абоненттерге жүктеледі.
Жергілікті қазандықтар Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулысымен бекітілген "Бу қазандықтар мен су жылытатын қазандықтар 
персоналы үшін " типтік нұсқаулыққа сәйкес пайдаланылады. Нұсқаулықта 
персоналға жұмысқа рұқсат беру, ауысымды қабылдау және тапсыру, 
қазандықты жағуға дайындау, қазандықтың жұмысын бақылау, қазандықты 
қалыпты және авариялық тоқтату, қазандық жабдығын пайдалану тәртібі 
көрсетіледі. 
Онда сыртқы температураға және желдің күшіне байланысты ыстық 
және кері магистральдардағы су температурасының графиктері, 
жылытылатын үй-жайлардағы температуралық режим, сондай-ақ жылу 
қуатын реттеу әдістері мен тәсілдері және жылыту жүйесі жабдықтарына 
техникалық қызмет көрсету тәртібі келтіріледі, жиі кездесетін ақаулар мен 
оларды жою тәсілдері көрсетіледі, табиғи апаттар, азаматтық қорғаныс және 
т. б. жағдайларға ұсынымдар (іс-шаралар) беріледі. 
Орталықтандырылған жылу пункттері (ОЖП) персоналына арналған 
нұсқаулықта қазандықтардың жұмысына қатысты мәселелерден басқа 
жоғарыда аталған барлық нұсқаулар мен ұсыныстар келтірілуі тиіс. Бұдан 
басқа, ыстық сумен қамту жүйелері мен жабдықтарын пайдалану ережелері, 
"Жылу желісі" диспетчерімен байланыс тәртібі және құралдары көрсетілуі 
тиіс. 
Жылу құбырлары пайдалану ыңғайлылығы үшін белгілі бір түстерге 
боялады; мысалы, жылу пунктінде немесе қазандықта берілетін жылу 
құбырлары қызыл түске, басқалары — жасыл түске боялады. 


279


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет