Газ
су
жылытқыштары
әдетте ас үйде орнатылады Жылытқыш
орналасқан үй-жайлар желдету каналымен, сыртқа ашылатын есікпен,
қимасы 0,002 м
2
-ден кем емес ауа тарту тесігімен (қабырғадағы тор, еден мен
есіктің арасындағы саңылау) жабдықталуы тиіс. Жуынатын бөлменің көлемі
269
ағынды су жылытқыштарды орнату кезінде кемінде 7,5 м
3
және
сыйымдылықты жылытқыштарды орнату кезінде - 6 м
3
болуы тиіс (Сур. 183).
Сурет 183 – Газ су жылытқышты орнату сызбасы
Ас үйде сыйымдылықты су жылытқышты орнату кезінде бөлменің
көлемі газ плиталарын орнату үшін қажетті көлемнен 6 м
3
артық болуы
керек. Аспап алдында ені кемінде 1 м өтетін жер және еденді оқшаулау
көзделеді. Ағаштан сыланған қабырғаларға су жылытқышты орнату кезінде
оларды жылу оқшаулағышпен қорғайды: қалыңдығы 3 мм асбест төсемі
бойымен шатыр қаңылтырымен қапталады. Ағынды су жылытқыштарды
қабырғадан 20 мм қашықтықта жанбайтын қабырғаларға бекітеді: жанбайтын
қабырғалар болмаған жағдайда оларды кронштейнге, қабырғадан кемінде 30
мм, ал қабырғаларды қаптаған кезде — кемінде 50 мм қащықтықта орнатуға
жол беріледі. Ағынды су жылытқыштар жуынатын бөлмеде ваннаның осімен
еденнен жанарғылар деңгейіне дейін 800...1000мм, ал ас үйде - 1100 ...1200
мм биіктікте орнатылады (Сур. 184).
Сурет 184 – Газ су жылытқышын орнату кезінде үй-жайлардың
желдетілу талабын орындау.
270
Су
жылыту
(
қайнату
)
газ
қазандықты
орнату жайының жылдам
жанатын қабырғалары өңделіп немесе жылу өткізбейтін жанбайтын
материалмен оқшаулану керек. Қазандықтың қызметінің қауіпсіздігі және
қызмет көрсету ыңғайлылығы үшін қазандық пен жай қабырғалары
арасындағы қашықтық келесідей болу керек:
1000 мм. алдында;
150 мм. артында;
150 мм. оң және сол жақтарында
700 мм. үстінде.
Қазандықты жылыту жүйесімен және газ магистралімен қосылысын
қазандықтың мүмкін ажыратылуына дейін кесулермен жасау керек. Ескі
қазандықтың орнына жылыту қазандығын орнатқанда жылыту жүйесінің
радиаторлары мен құбыржолдарын тот қалдықтары, қаспақ пен тұнбадан
міндетті түрде жуып-шаю керек. Қазандық жабық жайда орналасса, қазандық
жайының қабырғаларында желдету мен жануға жеткілікті ауа мөлшерін
өткізетін екі тесікті (ойық) көздеу керек: ағынды еден жанында, соратын
төбе жанында. Тесіктер көлемі 1 см² қазандықта газбен жұмыс істейтін
барлық жабдықтардың әрбір 225 Вт қуатының есебінде алынады. Газ және су
бекіту арматурасы орнатылатын D
у
15 мм құбырлар бойынша беріледі.
Бөлмелерді жылыту үшін қазандықты пайдаланған кезде D
у
40 мм жоғарғы
және төменгі штуцерлер орнатылады. (Сур. 185).
271
а
-
қазандықтың габариттік және қосылысты өлшемдері,
б
-
түтін
құбырын орнату талаптары
Сурет 185 – Су жылытатын газ қазандығын орнату
Осы қазандықтар суық және жылытылған ауа айырмашылығының
есебінен алынатын табиғи тарту арқылы жұмыс істейді, сондықтан түтін
құбырының құрылымы келесі талаптарға сәйкес болу керек.
Қазандық басшылықты құжаттар талаптарына сәйкес ғимараттар мен
жайларда орнатылу керек:
«Бу және су жылытатын қазандықтарды қауіпсіз пайдалану және
құрылымына қойылатын өндірістік қауіпсіздік талаптары»;
ҚР ҚНжЕ 4.02-08-2003 «Қазандық қондырғылар»;
ҚР ҚН 2.02-14-2002 «Газ тәріздес және сұйық жанармайда жұмыс
істейтін шағын жылыту қазандықтарын технологиялық жобалау нормалары.
Өртке қарсы талаптар»;
ҚР ҚЕ 4.02-16-2005 «Бір пәтерлі тұрғын үйлердің инженерлік
жүйелерін жобалау және құрастыру» және «Газ шаруашылығындағы
қауіпсіздік ережелері».
Қазандықты орналастыру жайы оның қауіпсіз және тұрақты
жұмыс істеуіне қажетті ағынды-сорғылы желдетуге ие болу керек.
Қазандықты орнату жайының көлемі 8 м3 артық болмау керек.
272
Достарыңызбен бөлісу: |