262
монтаждау сызбалары. Монтаждық сызбалар
болмаған кезде оларды
әзірлеуді жүргізеді.
Газбен жабдықтау жүйелері мынадай ретпен құрастырылады: тарату
желісін төсейді, енгізуді орнатады, ішкі газ құбырларын құрастырады және
газ аспаптарын орнатады.
Газ құбырларын монтаждауды қауіпсіз
жұмыс әдістерін зерделеп,
біліктілік комиссиясына емтихан тапсырған арнайы оқытылған
монтажшылар бригадасы орындайды. Қауіпсіз жұмыс әдістерін білу жыл
сайын тексеріледі. Дәнекерлеушілер ҚР мемтехқадағалау органдары бекіткен
шарттарға сәйкес аттестатталуы және газ құбырларын дәнекерлеу құқығына
арнайы куәлігі болуы тиіс.
Пластмасса құбырларды арнайы білімі бар,
арнайы комиссияның
емтиханын тапсырған жұмысшылар дәнекерлеуі тиіс.
Газбен жабдықтау жүйелерін монтаждау үшін пайдаланылатын
материалдардың (құбырлар, фасонды бөліктер, арматура,
дәнекерлеу
сымдары және т.б.) олардың МЕМСТ және ТҚК талаптарына сәйкестігін
растайтын өндіруші зауыттардың сертификаттары болуы тиіс. Жабдыққа
паспорт және монтаждау және пайдалану жөніндегі нұсқаулық қоса берілуі
тиіс. Орнату алдында арматураны тығыздық пен беріктікке сынайды.
Тарату желісін монтаждау
құрылыс алаңын дайындау кезінде
орындалады. Трассаны бұзады, траншеяны жыртады, түбін
сыртқы кәріз
желілерін төсеуге ұқсас дайындайды. Топырақтың іздік қабатын алып тастау,
негізді дайындау, шұңқырларды орнату тікелей құбырларды траншеяға
түсіру және жабдықты орнату алдында жүргізіледі.
Желілер тоттануға қарсы оқшаулаумен жабылған жіксіз, дәнекерленген
тік жікті болат құбырлардан құрастырылады. Монтаждау алдында құбырдың
ішкі қуысы бітелуден тазартылады және құбырларды секцияларға
дәнекерлейді, оларды жұмсақ матауыштар (сүлгілер)мен
немесе құбырдың
жабынын зақымданудан сақтайтын басқа да құралдармен траншеяға түсіреді.
Құбырларды, арматураны және жабдықтарды траншеяға тастауға тыйым
салынады.
Құбырды траншея түбіне барлық ұзына бойына жанасатындай, ал
олардың және қиылысатын құрылыстар мен коммуникациялардың
арасындағы қашықтық жобамен сәйкес келетін етіп траншеяға салады.
Құбырлар мен жалғағыш бөліктер дәнекерлеу
арқылы қосылады, бұл ретте
дәнекерлеу сапасы мен тоттануға қарсы оқшаулануы мұқият қадағаланады.
Фланецті және бұрандалы қосылыстар арматураны, газ және бақылау-өлшеу
аспаптарын орнату үшін ғана рұқсат етіледі.
Арматураны орнатқаннан кейін газ құбырын 200...250 мм биіктікте
жабады, оқшаулағышпен жабатын және беріктігі мен тығыздығына сынақ
жүргізгеннен кейін себілетін түйісулерді қоспағанда. Газ құбырын сынақтан
өткізіп тапсырғаннан кейін траншеяны толығымен жабады.
Достарыңызбен бөлісу: