5.1.1. Газбен қамтамасыз ету жүйелері. Газбен қамтамасыз етудің
орталықтандырылған жүйесі
Газ ұңғымадан газ тазарту станцияларына беріледі, онда ол өңделеді
(құрғатылады, зиянды заттардан), содан кейін магистральды газ құбыры
(магистраль) арқылы қалалар мен елді мекендерге беріледі. Өткізу қабілетін
арттыру үшін газ компрессорлық станциялармен құрылатын үлкен қысыммен
(5...7,5 МПа) магистральдар бойымен тасымалданады. Газ қысымын
төмендету үшін магистраль тармақтарында газ тарату станциялары
орнатылады. ГТС-дан газ әртүрлі қысымды (жоғары, орта және төмен) газ
құбырларын, газды реттеу пукттерін, газгольдер станцияларын, байланыс
және телебасқару құралдарын, газ құбырларын тоттанудан электрлік
қорғауыштар, газ шаруашылығын пайдалану құрылыстары мен қызметтерін
қамтитын жүйе бойынша бөлінеді (Сур. 170).
ГП – газ-өндіру орны, ГОС — газ тазарту станциялары, МГ —
магистральдық газ құбыры, КС — компрессорлық станция, ГРС — газ
таратушы станция, ГВ (с)Д — орташа және жоғары қысымды газ құбырлары,
ГНД —-төмен қысымды газ құбырлары, ГРП— газды реттеу пункті
Сурет 170 – Газбен қамтамасыз етудің орталықтандырылған жүйесі
Қалалар мен басқа да елді мекендерді газбен жабдықтау жүйелері үшін
әртүрлі қысымды газ құбырлары тартылады:
төмен
(0,005 МПа - ға дейін) —
тұрғын және қоғамдық ғимараттарда, қоғамдық тамақтандыру
кәсіпорындарында, сондай - ақ қоғамдық және тұрғын үйлерге жапсарлас
салынған жылыту қазандықтары мен тұрмыстық қызмет көрсету
кәсіпорындарында (кір жуатын орындар, шаштараздар);
орташа
(0,005-тен
0,3 МПа-ға дейін) - ғимараттарға жапсарлас салынған ауыл шаруашылығы
және коммуналдық кәсіпорындарда;
жоғары
(1,2 МПа дейін) — өнеркәсіптік
кәсіпорындарда технологиялық қажеттілік болғанда немесе техникалық-
экономикалық негізделген жағдайда.
Қалалар мен елді мекендерді жоспарлау жүйесінде орналасуы бойынша
газ құбырлары сыртқы (көше, орамішілік, кентаралық, орамаралық,
ГП
ГОС МГ КС
ГРС
252
цехаралық) және ішкі (үйішілік, цехішілік) болып бөлінеді. Су құбыры
сияқты газ құбырлары тұйық, сақиналы және аралас болуы мүмкін.
Газ құбырларын орнату үшін болат құбырлар қолданылады. Елді
мекендердің аумағынан тыс жерлерде, сондай-ақ аз қаныққан шағын кенттер
мен ауылдарда инженерлік коммуникациялар ретінде пластмасса құбырлары
қолданылуы мүмкін.
Орташа қысымды газ құбырларының тармақтарында орнатылатын
төмен қысымды газ реттегіш пункттері газ қысымын 0,005 МПа дейін
төмендетеді (Сур. 171 а,б).
а
-
ГРП-ның сыртқы көрінісі
б
-
газ реттеуіш қондырғысы
Сурет 171 – Газ реттеуіш пункті
ГРП былайша жұмыс істейді. Газ желісінен сүзгіге енгізу бойынша
және одан әрі сақтандырғыш-бекіту клапанына түседі, ол енгізуде қысым
шекті мәндерден жоғары немесе төмен көтерілген кезде газдың түсуін
автоматты түрде тоқтатады.
253
1 – термометр, монометрлер: 2 – көрсетуші, 3 – тіркеуші, 4 –
сұйықтықты, 5 – фильтр, 6 – шығынды өлшеу түйіні, 7 – сақтандырғыш--
бекіту клапаны, 8 — қысым реттеуіш, 9 – шығу қысымының импульсті газ
құбыры, 10 – гидравликалық қашыртқы, 11 — айналма газ құбыры (байпас)
Сурет 172 – Газ реттеуіштің сұлбасы
Қысым реттегіші қысымды берілген мәнге дейін төмендетеді, содан
кейін газ есепке алу пункті арқылы өтеді және ГРП-дан құбыр арқылы
шығады. Айналма желісі жабдықты жөндеу кезінде газ беруді қамтамасыз
етеді. Гидрожапқыш реттегіштен кейін желідегі қысымның артуынан
қорғайды.
Орталықтандырылған
сұйытылған
газбен
қамтамасыз
ету
жүйесі
(Сур. 173) резервуарлар, бастиектер, буландырғыш қондырғы, газ құбырлар
және бақылау-таратушы пункттерін қамтиды.
Сурет 173 – Топтық резервуар қондырғысынан сұйытылған газбен
жабдықтау
Резервуарлар арматуралық бастиектер арқылы сұйытылған газды
бұталы базалардан жеткізетін автоцистернадан толтырылады.
254
Жергілікті
(
автономды
)
газбен
қамтамасыз
ету
жүйесі
.
Қазіргі таңда
қаладан тыс орналасқан жеке тұрғын үйлерді сұйытылған газбен қамтамасыз
ету кең қолданыста. (Сур. 174) Газбен жабдықтаудың автономды жүйесінің
маңызды элементтерінің бірі газголдер (сұйытылған газ резервуары) болып
табылады
Сурет 174 – Жеке тұрғын үйлерді сұйытылған газбен қамтамасыз ету
Ғимараттарды
желіден
газбен
жабдықтау
жүйесі
.
Ғимараттарды
желіден газбен қаматамасыз ету тұтынушыларға газбен жабдықтау көзінен
үздіксіз газ беруге арналған.
Тұрғын үйлер жиі төмен қысымды газ
құбырларына қосылады (Сур. 175 а). Олар болмаған немесе қуаты жеткіліксіз
болған жағдайда тұрғын үйлер орташа немесе міндетті түрде газ реттеу
пунктін (ГРП) орнату арқылы жоғары қысымды газ құбырларына қосылуы
мүмкін (Сур. 175 б).
Ғимаратты газбен жабдықтау жүйесі (Сур. 175 қараңыз)
16
-
тармақтардан,
17
- таратқыш газ құбырларынан,
4-
ғимаратқа енгізулерден,
6
-
ішкі газ құбырларынан,
9
- газ аспаптарынан және
5
- бекіту арматурасынан
тұрады. Өнеркәсіптік газ желілерінде үрме құбырлары да көзделеді. Газды
тұтынуды газ есептегіштері есепке алады.
Аулалық желіге газ беру үшін қызмет ететін
16-
тармақтары
газдандырылатын ғимаратқа немесе ғимараттар тобына неғұрлым жақын
нүктедегі көше желісіне қосылады. Тармақтаудың соңында
5
- бекіту
арматурасы (ысырма немесе тығынды кран) орнатылады.
Төмен қысымды
13
- желілерде бекіту арматурасы ретінде
15
- түтік
арқылы сумен толтырылатын гидрожапқыштар қолданылады. Түтіктің
жоғарғы жағы
19
- тығынмен жабылып
14
- шойын қақпағы орнатылған.
255
а
—
төмен қысымды газ құбыры
,
б
—
орташа немесе жоғары қысымды
газ қүбыры; 1— футляр, 2 — шайырланған жіп, 3 — цемент-битумді
тұтастырғы, 4 — енгізу, 5 — бекіту арматурасыу, 6 — таратушы газ құбыры,
, 7 — тіреу (баған), 8 — қабаттарға тарқату құбыры, 9 —газ аспабы, 10 —
қорғауыш қорап, 11-ГРП, 12- орташа (жоғары) қысымды желі, 13- төмен
қысымды желі, 14- шойын қақпағы, 15-ысырма, 16-тармақ, 17-аулалық желі,
18-конденсат жинағыш, 19-тығын, 20-түтік, 21-сейсмикалық бекіту-
сақтандыру клапаны
Сурет 175 – Ғимаратты желіден газбен жабдықтау жүйесі
Достарыңызбен бөлісу: |