Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы абиева г. С., Молдаш ы.Ә., Мауленова б. Т



Pdf көрінісі
бет107/131
Дата19.05.2022
өлшемі12,6 Mb.
#143902
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   131
Байланысты:
143. kz 1403000 слесарь сантехник

 
4.2.6. Кәріз жүйелерін сынау 
Кәріз жүйесін орнатқаннан кейін барлық элементтердің жобамен 
сәйкестігін және жүйені орнатуға қойылатын талаптарға сәйкестігі 
тексеріледі: құбырлардың төселуінің дұрыстығы және оларды бекіту 
беріктігі, көлбеу, көлденең орнатылуының дұрыстығы, құрылғыларының 
сенімділігі, өткізу жолдарының дұрыстығы, тығыздағыштарының сапасы, 
жуу құрылғыларының жұмысы.
Көп қабатты үйлерден фекалды суағарлар шығару құбыры арқылы 
аулалық жерасты канализациялық құбыр желісіне өтеді, мұндағы ғимараттың 
аулалық қасбетіне дейінгі 3,5-5м қашықтықта параллель төселінеді. 
Канализацияның шығару құбыры мен аулалық торапқа бекітетін жерлеріне 
2м-ге дейін байқау тіндерін орнатады. 200мм-ден асатын құбыр диаметрімен 
және тереңдігі 2м-ден асып тұрса, байқау құдығының диаметрі 1,0 болады. 
Шағын аудандар мен тұрғылықты құрылыста канализациялық 
құбырдағы қайтарым қолданады. Бұл ішкі канализациялық желідегі суағарды 
қабылдайды. Бұл жағдайда аулалық канализациялық желінің ұзындығын 
азайту мақсатында және үйдің шеткі жағынан бір ғана шығару құбырын 
қарастырады. 
Квартал ішіндегі канализациялық желілер қызыл сызықтан 1,0м кем 
емес арақашықтықта орналасқан бақылау құдықтары арқылы көшелік 
коллекторға дейін қалалық канализациялық торапқа қосылады. Сыртқы 
бөлігіне қосылым құдыққа дейінгі бір нүктеде ғана іске асуы керек. Бақылау 
құдығымен сыртқы желінің ара қашықтығы 15м-ден кем болмауы керек және 
судың коллектордағы қозғалу жылдамдығы 1м/с көп болмауы тиіс. Құдық 
орнатылмаған жағдайдада қосылуды жүзеге асыруға болады. Жалпы көшенің 
құрылысында және үйлер арасындағы бөлік болмаған кезде аулалық 
канализацияның шығарылымын оның ортасымен қақпадан өту жолынан оң 
сол жағынан 1,8 м –ден кем болмауы тиіс. Желінің жұмысын бақылау және 
тазалауда бақылау құдықтары шығару құбырын біріктіру орындарын, 
бұрылыста, құбырлардың диаметрлері мен иілімдерінің өзгерген тұстарында, 
ара қашықтығы 35мм-ден аспайтын 150мм немесе 50мм диаметрі 200-450мм 
құбырларды орналастырады.
Құдықтар диаметрі 650мм алмастырылатын қақпақтары бар шойын 
люктармен қапталады. Қабырғаларында байланыстыру бұрылысы 90° 


248
бұрышта жасалынып отыруы керек. Себебі үшкір бұрыштарда қарсы 
ағымдар пайда болып, құбырлар жарылып немесе бітелу қаупі болады. 
Желінің бастапқы тереңдігі шығарғыш құбырындағы тіркеске тең 
болады. Үйдің тысындағы шығару құбыры жердің төменгі бөлігіне 0,3м, яғни 
қату тереңдігінен жоғары болмауы керек. Қажет болған жағдайда сыртқы 
тордағы құдықты орнатудың тереңдігі ең аз мөлшерге дейін қысқартыла 
алады – 0,7, бірақ құбырды қатудан және механикалық залалдардан қорғау 
керек. Құбырлардың иілімін, оның тереңдігі аз немесе құбырлар бірдей 
белгіленуімен таңдап алған жөн. Бұл мүмкін емес жағдайда алдына шығыңқы 
құдықтар жасалынады. Белгілерінің әртүрлілігі кезінде 0,300-ден аз ашық 
алдыға шығуын құдықтарды суды ағызу көзі ретінде қолданады. 
Айырмашылық көп болғанда өткізілетін құбырлардың бөлігінен кем емес 
жабық суағарлар қолданады. 
Жүйені сынау кем дегенде 4-5°C температурада бөлме 
температурасында өткізіледі. Пластикалық желімделген құбырлар соңғы 
желімделгеннен кейін 24 сағаттан кешіктірілмей тексеріледі. Сынамас бұрын 
құбырлардың бітеліп қалмағандығы тексеріледі. Санитарлық құрылғылар 
мен жуғыш құрылғылардың жұмысы су төгу арқылы тексеріледі. Жерге 
немесе жер асты арналарына салынған құбырлар бірінші қабаттың еден 
деңгейіне дейін сумен толтырылып тексеріледі. Төбелерде, қабырғалардың 
ойықтарында, едендердің астында, жабық платформаларда төселген 
құбырларды сынау, еденге дейін жүргізіліп, құбырлар құрылымда еденнің 
биіктігіне дейін су құяды. 
Ішкі ағынды сынаулар жүйені сыртқы тексеруден және көрінетін 
ақауларды жойғаннан кейін жүргізіледі. Осыдан кейін, су төгетін кран 
арқылы төсеніш шатырының барлық биіктігіне дейін су құйылады, егер су 
деңгейі 10 минут ішінде төмендемесе жүйе 20 минут ішінде болмаса, жүйе 
ауа өткізбейтін болып саналады. Ағызу торабы тығыздығына ерекше назар 
аударылады, онда ағып кетуге жол берілмейді. Құбырлардың беті дымқыл 
болмауы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет