Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы абиева г. С., Молдаш ы.Ә., Мауленова б. Т



Pdf көрінісі
бет108/131
Дата19.05.2022
өлшемі12,6 Mb.
#143902
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   131
Байланысты:
143. kz 1403000 слесарь сантехник
Дәріс 12
Бақылау сұрақтары 
 
1. Аула кәріз желісін қалай құруға болады? 
2. Ғимараттың кәріз жүйесі қандай ретпен орнатылады? 
3. Кәріздік құбырларды қосу бөлшектері қалай орнатылады? 
4. Сіз санитарлық құрылғыларға қандай көлбеу арқылы қосасыз? 
5. Ағын суларын қабылдағыштар қалай орнатылады? 
6. Сантехникалық сифондар түрлері және қалай бекітілген? 
7. Дренажды шұңқырларды қалай орнатуға болады? 
8. Ағынды сулар қалай тексеріледі? 
9.
Унитаздың түрлері (жуу багының орналасуына байланысты)және 
қалай 
орнатылады? 
10.
Өнеркәсіптік және қоғамдық ғимараттардың кәріз жүйелері қандай? 
11.
Ғимараттардың суағарлар түрлері қандай? 


249
12.
Тұрғын үйлерге арналған суағар шұңқыры 
13.
Аулалық, ішкі кварталдық және алаңішілік кәріз желілері 
14.
Кәріз жүйелерін монтаждау қалай тиімді орындалады? 
15.
Аула желісін монтаждау қалай жүргізіледі? 
16.
Ішкі кәріз желілерін және шығарылымдарды монтаждау
қалай 
жүргізіледі? 
17. Санитарлық аспаптарды монтаждау қалай жүргізіледі? 
18.
Санитарлық құрылғылар еденге немен бекітіледі? 
19.
Ваннаны орнату реті және оны орнату орны қалай анықталады? 
20.
Дәретхананы орнату реті қандай 


250
5 БӨЛІМ. ГАЗБЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 
 
5.1 тарау. Газ шаруашылығы 
 
Газ-адамға тұрмыста және өндірісте қажетті энергия көздерінің бірі. 
Қатты және сұйық отынмен салыстырғанда газдың артықшылығы: жанудың 
толықтығы; газ жабдығының ПӘК-нің жоғарылығы; түтін мен күйенің 
болмауы; құбырлармен алыс қашықтыққа тасымалдау мүмкіндігі; төмен баға. 
Адам үшін пайдалы қасиеттерімен қатар газ жанғыш зат ретінде белгілі 
бір қауіп тудырады. Сонымен қатар онда улы заттар (күкіртсутек, көміртегі 
оксиді) бар. 
Газбен жабдықтау жүйелерін монтаждау және пайдалану кезінде 
газдың мынадай ерекшеліктерін ескеру қажет: үй-жайда оның ағып кетуіне 
және жарылыс қаупі бар концентрациялардың пайда болуына жол бермеу, 
газдың толық жануы мен жану қалдықтарын әкетуді қамтамасыз ету. 
Тұрмыста және өнеркәсіпте газ отыны ретінде табиғи және жасанды 
газдар пайдаланылады. 
Табиғи
 
газдар
газ немесе мұнай кен орындарынан алынады, ол үшін 
ұңғымаларды газ қабатына немесе мұнай қабатының үстінде газдың 
жиналуына дейін бұрғылайды. Газ қабат ішіндегі қысымның әсерінен 
ұңғымадан бетке шығады және өңдеуден кейін тұтынушыға газ аспаптарына 
беріледі. 
Жасанды
 
газдар
қатты және сұйық отынды термиялық өңдеу 
процесінде немесе кейбір өндірістердің қайта өңделген өнімі ретінде (кокс, 
мұнай және т.б. өңдеу кезінде) алынады. 
Магистральдық газ құбырларынан алыс елді мекендерді газбен 
жабдықтау үшін салыстырмалы түрде аз қысым немесе төмен температура 
кезінде сұйық күйге ауысатын, ал қалыпты жағдайларда қайтадан газға 
айналатын көмірсутектердің қоспасы (пропан, пропилен, бутан, бутилен 
және т.б.) – сұйытылған газдар пайдаланылады. Сұйытылған газдар 1..1,6 
МПа қысымдағы арнайы баллондарда сақталады. 
Газдардың жану жылулығы, (МДж/нм
3
) тиісінше келесіні: тұрмыста 
пайдаланылатын табиғи — 33,8...42; жасанды және аралас — 14,6...18,8; 
сұйытылған — 92...117 құрайды. Табиғи газдардың салыстырмалы 
тығыздығы (ауаға қатысты) 0,55...1,09, яғни бұл газдардың көпшілігі ауадан 
жеңіл. 
Сұйылтылған газдар ауадан ауыр, олардың салыстырмалы тығыздығы 
1,55...2,1. Сондықтан сұйытылған газдар бетіне таралады және ең төменгі 
орындарды толтырады. Газ ағып кетуін анықтау үшін оған күшті иісі бар зат 
(одорант) қосылады. 
Тұтынушыларға газ беру орталықтандырылған және жергілікті болып 
бөлінетін газбен жабдықтау жүйелерімен қамтамасыз етіледі. 


251


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет