Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы абиева г. С., Молдаш ы.Ә., Мауленова б. Т



Pdf көрінісі
бет87/131
Дата19.05.2022
өлшемі12,6 Mb.
#143902
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   131
Байланысты:
143. kz 1403000 слесарь сантехник

3.1.3. Өртке қарсы су құбыры 
 
Өртке қарсы су кұбырлары отты сөндіру үшін немесе оның таралып 
кетуіне жол бермеуге, оқшаулауға арналған. Өртке қарсы су 
кұбырларындағы судың сапасы ішуге жарамсыз болуы мүмкін. Егер ғимарат 
көлемі 2000 м
3
-дан артық болмаса, онда кіші және орта сорғы станциялары 
сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау жүйесінің құрылыс нормалары мен 
қағидалары бойынша карастырылады.
Сонымен қатар өрт сөндіретін су өтімі 10 л/сек-тан төмен болса, үлкен 
сорғы станцияларында суға толтырылған резервуарлар немесе өртке қарсы 
тұрақты су құбыр желілері қарастырылады. Ғимарат көлемі 50 мың текше 
метрге дейін, ал қоршауы I және II дәрежедегі отқа төзімді және өндіріс 
категориясының өрт қауіптілігі Г, Д және Е-ден жоғары болмаған жағдайда 
өртке қарсы сумен жабдыктау жүйесіндегі су өтімі 10 л/сек-ке дейін жетеді. 
Өрт сөндіргіштері бар су құбырлары өртке қарсы және жанғыш 
материалдардан жасалған ғимараттарда пайдаланылады, олар өртті анықтап, 
өрт сөндіру шараларын қабылдауға мүмкіндік беретін адамдардың 


205
қатысуымен болады. Ол тұрмыстық ауыз сумен жабдықтау сияқты 
элементтерден тұрады, бірақ сенімді сумен жабдықтауға және жылдам 
пайдалануға талаптардың жоғарылауына байланысты оның кейбір 
ерекшеліктері бар. Мұндай сумен жабдықтау желілері сақиналы болып 
табылады. Жүйелерді монтаждау үшін кемінде 0,9 МПа жұмыс қысымына 
арналған болат құбырлар мен арматуралар қолданылады. Өрт сөндіру 
крандары әдетте диаметрі 50, 65 мм қолданылады. Ұзындығы 10 және 20 м 
өрт құбыршектері қарасорадан жасалады және олардың беріктігін, 
герметиктілігін арттыру үшін резеңкемен қаптайды. 
Өрттік бағанның бір басында жалғағыш бастиек, ал екінші басында ұш 
болады. Ұштың шығар тесігінің диаметрі (спрыск) - 16, 18 , 19 немесе 22 мм. 
Өрт крандары әйнек есікті шкафтарға орналастырылады (Cур. 151). Өрт 
құбыршегін бұрылмалы сөреге қойылады немесе кронштейнмен бұрылатын 
шарғыға оралады. Шкафтар өрт шұрасының (вентиль) осі еденнен 1,35 м 
биіктікте болатындай етіп орналастырылады. Өндірістік, қосалқы және 
қоғамдық ғимараттардың өрт шкафтарында өрт кранының жанына екі өрт 
сөндіргіш қойылады. Ағындардың есептелген саны үш немесе одан көп 
болса, бір шкафта екі өрт кранын, яғни қосарланған өрт кранын орнатуға 
рұқсат етіледі. Автоматты спринклерлі және дренчерлі жүйелер өрт шығу 
ошақтарын өртке қарсы дабыл белгісін бере отырып, адамның қатысуынсыз 
сөндіреді. Мұндай жүйелер өрт пайда болатын және тез таралуы мүмкін 
бөлмелерге (кітап сақтау орындары, кітапханалар және т.б.) орнатылады. 
1 - тікқұбыр; 2 - шұра (вентиль); 3- өрт құбыршек; 4 - бөшке (шланг); 
5 - жылдам бекітетін гайка 
Сурет 151 – Ішкі өрт краны 


206
Автоматты спринклерлі жүйелер: сыртқы желі, гидропневматикалық 
және арынды бактарын қамтитын субергіштен; енгізу құбырлары, бақылау- 
сигналды клапаны; жеткізу және тарату құбырларын қамтитын спринклерлі 
желісі, спринклерлі сусепкіштерден (спринклер) тұрады. Бақылау-сигналды 
клапаны және құбырлар оның жөндеу кезінде тез ажырататын бөлімін 
құрайды. 
Температура көтерілгенде ашылып, өрт ошақтарын су сеуіп сөндіретін 
спринклерлер жақтау мен розеткалы штуцерден, шыны клапанмен 
жабылатын саңылаулы диафрагмадан тұрады. Клапан саңылауға жеңіл 
балқитын дәнекермен қосылған үш тілімнен (пластина) тұратын жылусезгіш 
құлыппен бекітілген. Өрт туындаған кезде дәнекер жоғары температураның 
әсерінен балқиды, құлып бұзылады, судың қысымы клапанды қағып 
жібереді, су розеткаға ұрылып, шашырап, 12 шаршы метр ауданға себіледі.
Орнатылған барлық спринклерлердің ішінен тек өрт ошағының үстінде 
орналасқан бөлігі ғана ашылады. Оларда су сепкіштер ретінде спринклерге 
ұқсас, бірақ клапансыз және жылусезгіш құлыпсыз құрылғы – дренчерлер 
қолданылады. Қозғаушы құбырда орнатылған спринклермен басқарылатын 
топтық әрекет ету клапанын ашқан кезде тарату құбыры арқылы су 
дренчерлерге беріледі. Өрт туындаған кезде спринклер ашылады, топтық 
клапан ашылып, барлық дренчер арқылы шығатын су өрт ошағына себіледі. 
Қашықтан басқарудың жартылай автоматтандырылған жүйелері адамдар өрт 
немесе оның таралу қаупі туындаған кезде іске қосылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет