Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы абиева г. С., Молдаш ы.Ә., Мауленова б. Т



Pdf көрінісі
бет84/131
Дата19.05.2022
өлшемі12,6 Mb.
#143902
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   131
Байланысты:
143. kz 1403000 слесарь сантехник

Су есептегішті қосу. 
Су есептегішін пайдалану су шығындарын 
оңтайландыруға мүмкіндік береді. Біріншіден - төлем мөлшер бойынша емес, 
жұмсалған су мөлшері үшін ғана болады. Екіншіден қажетсіз суды 
пайдаланбау әдеті тез дамиды.
Суық және ыстық су есептегішті орнатуды қарастырайық. Алдымен 
басқару компаниясынан есептегіш модельдерінің тізімін алу керек, орнату 
талаптарын білу керек әдетте есептегішпен бірге кері клапандар, қатты 
тазалау сүзгісі, кейде – қысым редукторын орнатады. 
Сурет 144 – Ыстық және суық сумен жабдықтау есептегіштері 


199
Су есептегішті бұрандадан немесе тіректе суды жабатын шар кранынан 
кейін бірден орнатамыз, олар жарамды күйде болуы тиіс. Құбырдың түріне 
немесе қосылуына байланысты негізгі бекіту вентилінен ағады, содан кейін 
суды есептегішке дейін құрастыру қажет. Барлық қажетті бөлшектерді
орнатамыз: сүзгілер, қысым редукторлары, кері клапандар және т.б. Бұдан 
әрі су есептегішті бекітеміз. Ол орнатылғаннан кейін ең бастысы басқарушы 
компанияның қызметкері су есептегішті пломбалап, көрсеткіштерді жазу 
үшін шақыру кажет.
 
3.1.2. Шаруашылық-ауыз су құбырын жүргізу 
 
Су құбыры желілері әр қабаттағы су тарату арматурасына су беретін су 
өткізгіштерден, ғимараттардың қабаттарына суды тарататын тікқұбырлар 
және тікқұбырларға су беретін магистральдардан тұрады. 
Су құбырлары болат мырышталған құбырлардан, сондай-ақ денсаулық 
сақтау министрлігі пайдалануға рұқсат етілген пластмассадан жасалған. 
Шаруашылық-ауыз су құбыры желісіндегі ең жоғарғы жұмыс қысымы 0,6 
МПа-дан аспауы тиіс. 
Енгізу сыртқы желінің құдығынан ғимараттың бірінші күрделі 
қабырғасына, ОЖП-не дейін жүргізіледі. Үздіксіз су беруді талап ететін 
ғимараттардың ішкі су құбыры екі және одан да көп кірмелермен жалғанады. 
Су өлшегіш түйіні ғимараттың ішінде бірінші күрделі қабырғадан кейін 
кірмеде орнатылады (Сур.145), онда су есептегішті және оны ажырату және 
тексеру үшін құрылғыларды құрастырады. Су беруде үзіліс болуы мүмкін 
ғимараттарда қарапайым су өлшегіш түйіні орнатылады. Су беруде үзіліске 
жол бермейтін жүйелерде су өлшегіш түйіні су есептегішті жөндеу кезінде 
және өрт кезінде ғимаратқа су берілетін айналма желімен қосымша 
жабдықталады. Айналма желіде жабық күйде пломбаланған ысырма 
орнатылады. Су есептегішті тексеру үшін бақылау краны орнатылған. 
1 - бетон тұғыр; 2 - кронштейн; 3 - айналма жолдағы ысырма;
4 - шұра (вентиль); 5 - су есептегіш. 
Сурет 145 – Суды өлшеу түйіні 


200
Араластырғыштар
 
ванна бөлмелері мен асханаларда, қол жуғыштарда, 
үйде, себезгі бөлмелерінде және т.б. орнатылады. Тиісті араластырғышты 
таңдағанда, қысым мен судың температурасын реттеу жылдамдығын және
шуылсыз жұмысын ескеру керек. Бұл араластырғышта су құбырынан түсетін 
суық және ыстық су ағындары араластырылады. Бұл су құбырынан келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет