96
өткізгіш бөліктеріне жалаң қолмен жанасу қауіпті екенін әрдайым есте
сақтау қажет.
Ток өткізбейтін бөлшектерде кернеудің болмауына ерекше назар
аудара отырып, дәнекерлеу жабдығының жарамдылығын үнемі тексеру
қажет. Жұмыста үзіліс болғанда дәнекерлеу машинасын желіден ажырату
керек. Дәнекерлеу машинасындағы электрлік ауыстырып қосуға арналған
құрылғылар қаптамалармен қорғалуы тиіс.
Дәнекерлеу жұмыстары кезінде дәнекерлеу сымдарын зақымданудан
қорғау керек және бірінші және екінші орамдардың оқшаулағыштарының
жарамдылығын мезгіл-мезгіл тексеру керек.
Жабық
ыдыстардың
(қазандардың,
сыйымдылықтардың,
резервуарлардың) ішінде дәнекерлеу жұмыстарын орындау кезінде ағаш
қалқандар, резеңке кілемшелер, галоштар мен қолғаптар қолданылады. Бұл
жағдайда дәнекерлеу ыдыстан тыс болуы тиіс қол астындағы жүргізіледі.
Кернеуге түскен адамды бірінші кезекте ток өткізгіш бөліктерден
немесе сымдардан оқшаулайды.
Достарыңызбен бөлісу: