Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы



Дата07.02.2022
өлшемі37 Kb.
#90596
Байланысты:
Сөж Жамалдин Бақжан мдқб


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы
«Болашақ» жоғары колледжі

сөж
ТАҚЫРЫБЫ: ХАТ – ХАБАРЛАРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ



Орындаған: Жамалдин Бақжан
Тобы: МДҚБ-11г-18
Қабылдаған: Тоқтыбекова Алтын Есиркеповна
Шымкент 2020ж.

ХАТ – ХАБАРЛАРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
Іскерлік хат – кəсіпорынның, ұйымның, мекеменің сыртқы əлеммен негізгі байланыс арналарының бірі. Хат арқылы алдын-ала келіссөздер жүргізіледі, кəсіпорындар арасындағы қарым-қатынастар анықталады, талап-шағымдар айтылады, ұсыныстар жасалады, өзара пайдалы ақпарат алмасу іске асырылады.
Хатты жылдам əрі сауатты дайындау үшін қазіргі кездегі ресми хат-хабар стилін жəне оған қойылатын талаптарды білген жөн. Қызметтік хаттар – бұл іс құжаттарының ең көп тараған түрі. Хат басқа кəсіпорынмен немесе мекемелермен əртүрлі мəселелер бойынша жедел байланысу үшін жасалады. Хат мазмұны жəне мақсаты бойынша ақпараттық, кепілдік, рекламациялық (наразылық), коммерциялық, сұрату-хаттар, шақыру хаттар жəне т.б. болады. Ақпараттық хаттар хабарлау, өтіну, есіне салу, ұсыныс жəне т.б. тұрады. Кепілдік хаттар ақы төлеуге, жеткізу мерзіміне немесе өнім мен қызметтің сапасына кепілдік беру туралы хабарлауға арналған. Рекламациялық (наразылық) хаттарда келісім-шарттың немесе шарттардың талаптарын басқа тараптың (контрагент) бұзуы салдарынан шеккен зиянды өтеу талаптары баяндалады. Рекламация хатқа қоса берілетін акті, анықтама жəне т.б. түріндегі құжаттармен расталуы тиіс. Коммерциялық хаттар келісім-шарттар жасау жəне орындау кезінде жазылады, оларда негізінен тауарлар мен қызметтер туралы ақпарат ұсыну немесе керісінше тауарлар мен қызметтер ұсыну туралы өтініштер жазылады. Сұрату хаттарда контрагенттен қандай да бір фактіні немесе əрекетті түсіндіру сұралады.
Қызметтік хаттарды ресімдеу ережесі
1. Қызметтік хаттар хатқа арналған бланкіде ресімделеді, оның жалпы бланктен айырмашылығы онда кəсіпорынның почталық жəне банктік деректемелері болады.
2. Қызметтік хаттың құрамына мынадай деректемелер кіреді:
- адресат;
- күні;
- құжаттың индексі;
- мəтіннің тақырыбы;
- мəтін;
- қосымшаның бар екендігі туралы белгі (бар болса);
- қолы;
- орындаушының аты-жөні мен телефоны.
3. Хат тек бір нəрсе туралы ғана жасалады, мысалы, бір нəрсе туралы өтіну немесе хабарлау. Бірнеше мəселе - өтініш жəне бір нəрсе туралы хабарлау – қозғалған хаттарды өңдеу қиын, өйткені əр түрлі мəселемен əр түрлі орындаушы айналысады. Сондықтан əрбір мəселе бойынша жеке хат жасаған орынды.
4. Іскерлік хаттың ұсынылатын көлемі – 2 беттен аспағаны жөн (кейбір жағдайларда – 5 бетке дейін).
5. Хат екі данада ресімделеді, хаттың түпнұсқасы мекеменің бланкісінде басылады, ал көшірмесі таза стандартты қағазға басылады. Көшірме данасына бастық қол қоймайды, оны хатшы растайды.
6. Қызметтік хат мекемеге, оның құрылымдық бөлімшесіне, нақты лауазымдық тұлғаға немесе жеке адамға жіберілуі мүмкін. Егер хат мекемеге жіберілсе, онда адресаттағы мекеме атауы атау септігінде жазылып, лауазымды адамның аты-жөнін – барыс септігінде жазылады. ҚР Əділет министрлігі Заң басқармасы немесе ҚР Əділет министрлігі Заң басқармасының бастығы А. Омаровқа Адресат атауынан кейін оның почталық мекен-жайы көрсетілгені жөн: ҚР Əділет министрлігі Заң басқармасының бастығы А. Омаровқа 480035, Астана Кенесары к-сі, 12-үй
7. Егер бір мазмұндағы хат бірнеше адресатқа бағытталған болса, алдымен негізгі алушының мекен-жайы, содан кейін басқалары тізіледі. Бір хатта Адресаттар деректемелері төртеуден аспауы керек. Егер құжат төртеуден көп адресатқа жіберілетін болса, тарату тізімі жасалып, əрбір данада нақты дана жіберілетін бір адресат көрсетіледі.
8. Хаттар мен факстерде құжат түрінің атауы көрсетілмейді. Хаттың тақырыптық бөлігіне мынадай деректемелер ресімделеді: егер жауап хат болса, Күні, Индексі жəне хаттың нөмірі мен күніне сілтеме ресімделеді. Хат мəтінінің тақырыбы барынша қысқа жəне нақты болуы тиіс. Ол əдетте былайша ресімделеді: ....... өзгерістер туралы, ........... құру туралы, ................ өткізу туралы, т.б. мазмұны 4-6 жолдан аспайтын хаттарға тақырыпша ресімделмейді.
9. Хаттың мəтінін екі бөлікке – кіріспе жəне негізгі – бөлген жөн: - кіріспе бөлікте хат жазуға себеп болған нəрсе көрсетіледі, хаттың нөміріне, күніне, құжатқа сілтеме жасалады; - негізгі бөлікте хаттың негізгі мақсаты тұжырымдалады. Мысалы: Кіріспе бөлік: «» Негізгі бөлік: «» Көпшілік қызметтік хаттардың кейбір сөз орамдары бірдей болып келеді, оларды меңгеріп алған соң, əр түрлі хаттарды оңай құрастыруға болады.
10. Қолы деректемесін ресімдеу жалпы талаптарға сəйкес жүргізіледі.
11. Орындаушының фамилиясы мен телефоны деректемесі бланктің беткі немесе екінші жағының төменгі сол жақ шетіне орналастырылады. Əр хаттың өзіндік мақсаты бар, сондықтан ол осындай мақсатқа қол жеткізетін үлгіде жазылуы тиіс. Сыпайылық пен дəлдік іскерлік хат-хабарлардың ажырамас бөлігі болып табылады. Маңызды мемлекеттік қайраткерге жазылған хаттардың мəнері əдеттегідей іскерлік хаттарға қарағанда ресми жəне құрмет білдіру сипатында болғаны жөн. Іскерлік хаттарды дайындау барысында мына жайды есте ұстау керек, хаттар арқылы оларды жазып отырған адам ғана емес, оның артында тұрған ұйым да бағаланады. Нəтижесінде хат адамға немесе ұйымға жақсы бедел əкеледі немесе керісінше болып шығады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет