Қазақстан Республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi



бет15/40
Дата06.02.2022
өлшемі1,29 Mb.
#32772
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   40
ІІ – семестр


1,2 - тақырып: Студенттерге шығармаларды жоғары кәсіби деңгейде көркем орындау дағдыларын және хор ұжымымен жұмыс істеуге қажетті есту қабілетін дамыту
Жоспар:

  1. Музыкалық қабілет жайлы түсініктеме

  2. Музыкалық қабілеттің түрлері

  3. Музыкалық іс - әрекет ұғымы

Музыкалық мәдениеттің жеке көрсеткіші ретінде музыкалық қабілет пен музыкалық іс-әрекетті қарастыру қажет.
Музыкалық қабілет деп‑ жеке тұлғаның даралық, психологиялық ерекшеліктерін айтамыз.Оған сөз және музыкалық дыбыстарға талдау жасайтын, еңбек және әлеуметтік қарым‑катынас барысында дамитын, эмоцианалдық реакция формасында көрінетін есту қабілетінің сезімталдылығы жатады.
Музыкалық қабілеттердің құрылымы: жалпы және арнайы. Б.М.Теплов музыкалық қабілеттердің негізгі түріне мыналарды жатқызады:
Ладты сезіну‑ алуан түрлі дыбыстар аралық өзара байланысының мазмұнын, мәнін сезіне білу.
Музыканы есту арқылы көз алдына елестету дегеніміз‑ естіген әуенді ой санамызда қорытып,соның нәтижесінде туындаған бейне‑көріністер арқылы толықтырып жаңғырту. Осындай шығармашылық үрдіс музыкалық елестің, ой‑өрісінің, қиялдың одан әрі дамуына негіз болады.
Музыкалық ырғақты сезіну‑ жаңа ырғақ тіркестерін қабылдай білу,іштей сезіне алу және дәлме‑дәл орындай алу қабілеті.
Музыкалық қабілеттің жалпы түріне төмендегі ұғымдар енеді:
Музыканы есте сақтаутәжірибеге тікелей байланысты жүзеге асатын күрделі психологиялық процесс. Бұл қабілет орындаушы, тыңдаушы,композитор мен ұстаз үшін сөзсіз қажет.
Музыканттың психо‑моторлы қабілеті дегеніміз музыкалық шығарманы орындау барысында мазмұндық мағынасын толық дәрежеде жеткізе білу мүмкіндігі.
Неғұрлым студент музыка дыбыстарының дыбысталу ерекшеліктерін, өзіндік нақышын ажырататын болса, соғұрлым ол музыкаға бейім, қабілетті деп айта аламыз.
Іс-әрекет дегеніміз қоғамдағы тәжірибені және жетістіктерді игеруге бағытталған шығармашылық үрдіс.
Адам баласы бүкіл өмірінің барысында сан алуан іс-әрекет түрлерін меңгереді. Нәтижесінде оның бойында қандай да бір психикалық қасиеттер мен жеке тұлғалық нышандар қалыптасады, солардың ішіндегі кейбіреулері басыңқы ролге иемденіп, адамның іс-әрекетінде көрініс табады. Осылайша адамның белгілі іс-әрекетке деген ерекше қызығушылығы мен бейімділігі пайда болады.
Музыка және басқа да іс-әрекет түрлері жеке тұлғаның дамуына әсер етеді және олардың әрқайсыларының өзіне тән ерекшеліктері бар.
Музыкалық іс әрекет дегеніміз- музыкалық өнер арқылы қоршаған ортаны және өз-өзін тану кезінде сан алуан тәсілдер мен құралдарды қолдануды айтамыз. Нәтижесінде музыкалық бағытта және жан-жақты дамиды. Музыканың эмоцияналдық-образдық мазмұнын түсіну арқылы берілген шығарманы терең қабылдайды. Осыған орай орындаушылық және шығармашылық іс-әрекеті жаңа мәнге ие болады. Бұл өзгерістер баланың сыртқы іс-әрекетінде және ішкі жан-дүниесінде көрініс табады.
Музыкалық тәрбие берудің негізгі іс-әрекет түрлері: қабылдау, орындаушылық, шығармашылық, білімділік және тәрбиелік іс-әрекет. Олардың әрқайсыларының өзіндік ерекшелігі бар және олар өз алдына дербес бола отырып, басқаларына үлкен септігін тигізеді. Мысалы, қабылдау жеке дара іс-әрекет болса да, басқаларының негізін құрайды. Ал орындаушылық пен шығармашылық ән айту үрдісінде аса қажет.
Сөйтіп музыкалық іс-әрекеттің әрбір түрі студенттің мәдениетін дамытуға, рухани дүниесін байытуға бағытталады.
Сұрақтары:
1. Музыкалық қабілет жайлы түсініктеме бер.
2. Музыкалық қабілеттің түрлерін ата.
3. Музыкалық іс - әрекет дегеніміз не?
Қолданылған әдебиеттер:

  1. Соколов В.Г. Работа с хором. М., “МузГиз”, 1963.

  2. Струве Г.А. Школьный хор: Книга для учителя. М.,1981.

  3. Стулова Г.П. Теория и практика работы с детским хором. М.,2002.

  4. Тевлина Б.Г. Работа в хоре. Методика, опыт. М., Профиздат, 1977.

  5. Уколова Л.И. Дирижирование. М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2003.

  6. Чесноков П.Г. Хор и управление им. М., 1952.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет