Осы аймақ барабанға беттік заряд жасайды. Контроллерден басқарылатын
лазер, айналып тұрған айнадан шағылысатын жіңішке жарық сəулені
генерациялайды. Бұл сəуле барабан бетіне түскенде, жанасу нүктелерінде
барабанның беттік зарядтарын өзгертеді. Сонымен, барабанда бояйтын шаң
тартатын нүктелер пайда болады жəне бейне пайда болады. Қағаз, беру
механизмі арқылы принтерге тартылады. Барабанның алдында қағазға
статикалы заряд беріледі. Содан барып қағаз барабан бетімен жанасады жəне
өзіндегі статикалық зарядтың арқасында тонердің кішкентай бөлшектерін өз
бетіне тартады. Тонер қағазда бекітілуі үшін қайтадан зарядталады жəне қағаз
температурасы
0
180
-қа жақын болатын екі роликтің арасынан өткізіледі. Сонда
принтерда басқарылатын электроқозғалтқыштар көмегімен барабан қозғалысы,
бұру айнасының қозғалысы, бекітуші цилиндр жетегі жəне қағазды беру
механизімінің қозғалысы орындалады.
12.4-сурет. Лазерлік принтердің функционалды сұлбасы
Функционалды тағайындалуды орындау үшін қажетті, негізгі жəне
қосымша операциялар мехатрондық модульдер жəне құрылғылар көмегімен
орындалатын офистік банктік техникасының көптеген мысалдарын келтіруге
болады.
Негізгі əдебиет: 1 [87-100].
Достарыңызбен бөлісу: