Интеллектуалдық басқару - жасанды интеллект теориясы, есептеу
техникасының қазіргі заманғы аппараттық жəне программалық құралдары
теориясына негізделген басқару болып түсіндіріледі.
Осы анықтамадан, Мехатроника техникалық жүйелерді құруда жаңа
тəсілді ұсынып отыр, дəлірек айтсақ: энергетикалық жəне информациялық
ағынның бар болуы жəне өзара байланысын ескеру. Анықтамада
синергетикалық сипаттамаға ерекше көңіл аударылады. Синергия (грек сөзі) –
жалпы мақсатқа жетуге бағытталған біріккен əрекет. Мехатроникада
энергетикалық жəне ақпараттық ағындар берілген қозғалысты іске асыруға
бағытталғандығы қарастырылады. Бастапқыда мехатрондық жүйелерді жобалау
синергетикалық тəсілді ескере отырып жобаланады. Мехатрониканың негізгі
объектісі - бір басқарылатын координата бойымен қозғалысты орындайтын
мехатрондық модульдар болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: