Стратегиялық деңгейде, қозғалысты элементарлық операцияларға бөлу
жолы арқылы жоғары деңгейде істелінген шешімге сəйкес қозғалыс
жобаланады.
«Стратегия» – жалпы мақсатқа жету үшін басшылық ету шеберлігі туралы
ғылым.
Содан кейін, қозғалыстың əр тізбектілігі үшін басқару мақсаттары
қалыптастырылады. Мысалы, дайындаманы қатайту қозғалысы уақыты
бойынша бірнеше қарапайым тізбекті түрде орындалатын операцияларға бөлінуі
мүмкін: дайындаманы шпилькаға отырғызу; гайкабұрғышты алу; барлық
шпилькаларда гайканы кезекпен бұру.
Осы деңгейдің функцияларын орындау кезінде, əдетте компьютер
көмегімен, жоғарғы деңгейден де, БЖ иерархия бойынша төменде орналасқан
деңгейлерінен де жəне ақпараттық-өлшеу жүйесінен (АӨЖ) келген ақпараттар
қолданылады. Кейбір жағдайларда, интеллектуалдық жəне стратегиялық деңгей
функциялары қатар қолданулары мүмкін. Əрбір элементарлық операциялар үшін
аналитикалық үлгілерді алу операцияны қалыптастыру болып табылады. Дəлдік,
тез əсер ету жəне т.б. критерийлерін орындау шарты кезінде жұмыс органы үшін
жылдамдығы, орналасулары туралы кері есеп шешілуі мүмкін. Стратегиялық
деңгей барлық РТЖ қозғалысын басқару командасы түрінде, операцияларды
орындау жоспары туралы ақпаратты береді.
Осы командаларды алғаннан кейін, тактикалық деңгейде РТЖ жұмыс
органының буындардың келісілген қозғалыстарына жəне техникалық
сипаттамасын ескере отырып, əрбір нақты ҚМ сəйкес басқару сигналдарын
қалыптастыруға бөлінеді.
Тактикалық деңгейде БК келесі функцияларды нақты уақыт масштабында
орындайды:
Достарыңызбен бөлісу: